Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылы 4 қазанда N 918 болып Тіркелген "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қолжат" өткізу пункттері арқылы жеке адамдар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2241. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 401 бұйрығымен.

      --------------Бұйрықтан үзінді----------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

       17. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 4 қазанда N 918 болып тiркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетi төрағасының "Қорғас", "Бақты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" өткiзу пункттерi арылы жеке адамдар өткiзетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 462-П бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 23 сәуiрде N 2241 болып тiркелген)...

_________________________________

      2003 жылдың 2 сәуірінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі И.Н.Тасмағамбетовтың басшылығымен өткен 20-41/005-583 жиналыс Протоколының 6 тармағына сәйкес, сонымен қатар жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы Қытай Халық Республикасының аумағынан әкелетін тауарларға кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылы 4 қазанда N 918 болып тіркелген "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қолжат" өткізу пункттері арқылы жеке адамдар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" 1999 жылғы Кеден жаршысында жарияланған, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86  бұйрығымен  енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө  бұйрығына  мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      1-абзац "Бахты" деген сөзден кейін "Қорғас", "Достық", "Қолжат" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-абзац алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Ансарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Е.Қойшыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына А.К. Ержановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Кедендік бақылау агенттігінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады