Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитеті төрағасының м.а. 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 273 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
«"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Кеден бақылау агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. ....
3. ....
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кеден бақылау
комитеті төрағасының м.а.
2007 жылғы 20 қыркүйектегі
N 273 бұйрығына
қосымша
Қүшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Кеден органдарының кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қолдануы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2299 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 (135) жарияланған.);
2. ....
-----------------------------------
Қазақстан Республикасы Кеден
кодексiнiң
339-бабының 3-тармағын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Кеден органдарының кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қолдануының epeжeci бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 199 бұйрығымен
бекiтiлген
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 339-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және кеден органдарының кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қолдануының тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету:
1) кепiл;
2) банктiң кепiлдемесi;
3) тиесiлi соманы кеден органының депозиттiк шотына енгiзу;
4) сақтандыру шарты түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасын айқындау Кеден кодексiнiң 340-бабына сәйкес жүргiзiледi.
4. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету кеден режимдерiмен орналастырылған тауарларды шығарғанға дейiн не Кеден кодексiнiң 338-бабының 1-тармағында көзделген әрекеттердi жүзеге асырғанға дейiн жүргiзiледi.
6. Тұлға Кеден кодексiне көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң кез-келген түрiн таңдауға құқылы.
7. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қайтаруды кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары жүргiзедi.
8. Кепiл деп оған байланысты кеден органының (кепiл ұстаушының) төлеушi (кепiл берушi) кепiл қамтамасыз ететiн мiндеттеменi кеден заңнамасында белгiленген мерзiмдерде орындамаған жағдайда кепiлдiк мүлiк құнынан төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтарды алуға құқығы болатын кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлi танылады.
9. Кеден кодексiнiң 341-бабының 1-тармағында санамаланған тауарлар мен көлiк құралдарын қоспағанда, үшiншi тұлғалардың мүлiктiк құқығынан еркiн кез-келген тауарлар мен мүлiк кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мақсатындағы кепiлге салынатын зат болуы мүмкiн.
10. Сертификаттауға немесе басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сертификаттың немесе ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiн өткендiгi болуы шартымен тауарлар мен мүлiктiң кепiлi түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
11. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынатын заттың рыноктық құны оны өткiзу бойынша шығыстарды қоса алғанда, төлеу кепiлге салынатын затпен қамтамасыз етiлетiн кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша мiндеттеменiң мөлшерiнен төмен болмауы қажет.
12. Кепiл заты оған меншiк құқығы бойынша не меншiк иесiнiң келiсiмiмен шаруашылық жүргiзуге құқығы бар тұлға кепiл берушi бола алады.
13. Егер кеден органы басқа шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiл заты кепiл берушiде қалады.
Кепiлге салынған зат кепiл берушiде қалдырылған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы:
1) құжаттары бойынша және iс жүзiнде болуын, мөлшерiн, жағдайын және кепiл затын сақтаудың жағдайларын тексеруге;
2) кепiл берушiден кепiл затын сақтау үшiн қажеттi шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.
14. Кепiл заты кепiл берушiде қалдырылған кепiл кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiм қабылдау үшiн кеден органдарының қарауына беруден басқа, сатуға, өзге де иелiктен айыруға, жалға беруге және кепiл затын үшiншi тұлғаның иелiгiне немесе пайдалануға берудiң басқа түрлерiне жол берiлмейдi.
15. Кеден органдарында кепiл затының тиiстi сақталуының жеткiлiктi кепiлдiгi болмаған жағдайлар немесе себептер болған кезде кеден органы кепiл затын өзiнiң иелiгiне беру (бұдан әрi - кепiлзат) қажеттiгi туралы шешiм қабылдайды. Бұндай жағдайда кепiлзат заты құрылтайшысы кеден органы болып табылатын уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.
16. Кепiлзатпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындау мерзiмi Кеден кодексiне сәйкес айқындалған тауарлардың уақытша сақталу мерзiмдерiнен аспауы тиiс.
17. Осы Ереженiң 15-тармағында аталған қоймаларға орналастыру мүмкiндiгi болмаған кезде кепiл заты құлыптаулы, пломбаланған және кеден органының мөрiмен кепiл берушiде қалдырылады. Кепiл заты кепiл берушiнiң иелiгiнде кепiл (бұдан әрi - тұрлаулы кепiл) туралы куәландыратын белгiлер жасаумен қалдырылуы мүмкiн. Тұрлаулы кепiл кезiнде кепiл берушiнiң кепiл затын пайдалануға құқығы жоқ.
18. Мүлiктi кепiлзат ретiнде қалдырған кезде кеден органы кепiлзат затын сақтандыруды жүзеге асырмайды және кепiлзат затынан кiрiстер және кепiл берушi мүддесiндегi өзге де мүлiктiк пайдаларды көздемейдi.
19. Бұл ретте кеден органы:
кепiлзат затын сақтау үшiн қажеттi шараларды қабылдауы;
кепiл берушiнi кепiлзат затының жоғалу, немесе зақымдануы қауiпiнiң туындағаны туралы хабарландыруы;
кепiл берушi мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бескүндiк мерзiмнен кешiктiрмей кепiлзат затын кепiл берушiнiң иелiгiне беру мүмкiндiгi туралы хабардар етуi қажет.
20. Егер, кепiл заты кепiл берушiнiң иелiгiнде қалған жағдайда кепiлге алынған кепiл затын аварияның немесе жеңiлмейтiн күш салдарынан кепiл затының жоғалуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы, өзге мемлекеттiк органдардың iс-қимыл жасауы және олардың кепiл берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтататын актi қабылдауы, не оған бөгет жасайтын, немесе оған жағымды қарайтын, сондай-ақ таратылу немесе дәрменсiз деп танылуы, не өзiнiң дәрменсiздiгi туралы жариялауы жағдайларына өз есебiнен сақтандыруы қажет.
21. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiндегi тауарлар мен мүлiктiң кепiлi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жатады.
22. Қазақстан Республикасының кеден органы мен кепiл берушiнiң өзара қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепiл туралы шарттың негiзiнде құрылады.
23. Кепiл туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және мынадай мәлiметтердi:
1) тараптардың атаулары мен деректемелерiн;
2) кепiл затының атауы мен мөлшерiн;
3) кепiл затының рыноктық құны және кепiл қамтамасыз ететiн мiндеттердiң мөлшерiн;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелердiң орындалу мерзiмiн;
5) кепiл түрiн (ипотека, кепiлзат немесе тұрлаулы кепiл);
6) кепiл затқа қолданылатын шара айналысының негiздемесiн;
7) күшiне ену тәртiбiн (кепiлдi мемлекеттiк тiркеген жағдайда кепiл шартын мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап) қамтуы тиiс.
24. Кеден органының атынан кепiл шартына кеден органының бастығы немесе оның орынындағы адам және бас бухгалтер қол қояды.
25. Кепiл туралы шарттан алынған мәлiметтер осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша жасалған кепiл туралы шарттардың тiзiмдемесiне енгiзiледi. Кепiл туралы шарттар iс қағаздарына тiгiледi және қатаң есептiлiк бланкiлерiн сақтау үшiн көзделген тәртiппен кеден органдарында сақталады.
26. Кеден органдарының алдындағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн кепiлге салынған тауарлар мен көлiк құралдарының одан арғы кепiлiне жол берiлмейдi.
27. Егер кепiлзатпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағаннан кейiн оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде кепiл берушi кеден органына кепiлзат заты ретiнде берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын талап етпесе кеден органы мұндай тауарлар мен көлiк құралдарын жеке тұлға құрған уақытша сақтау қоймасына орналастырады.
28. Төлеушi кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерiн жартылай орындаған жағдайда төлеушi кеден органдарының алдындағы барлық мiндеттемелерiн орындағанға дейiн кепiл алғашқы көлемiнде сақталады.
29. Кеден органдарының алдындағы мiндеттерiн орындау мерзiмi келген сәтте егер, бұл мiндеттер орындалмаған жағдайда, кеден органы сот тәртiбiмен өндiрiп алуды кепiл затына қарату құқығына ие болады.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз
ету мақсатында кеден органдарының уәкiлеттi банк
кепiлдiгiн қолдануы
30. Банк кепiлдiгi деп кепiлгер болып түсетiн екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi - банк) кеден органының алдында төлеушi өзiнiң қамтамасыз етуге банктiк кепiлдеме ұсынылған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тиесiлi кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге мiндеттенетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң түрi танылады.
31. Банктер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi лицензиясының негiзiнде және көрсетiлген операцияларды жүргiзудi реттейтiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып банктiк кепiлдеме (теңгемен де, шетелдiк валютамен де) берудi жүзеге асырады.
32. Кеден органдары шетелдiк валютадағы банктiк кепiлдемелерiн тек банкте шетелдiк валютадағы банктiк операцияларды жүргiзуге арналған лицензия болған кезде ғана қабылдайды.
33. Банк кепілдігін кеден органына төлеуші ұсынады. <*>
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240
бұйрығымен
.
33-1. Кеден органдары төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты негізді күмәндар туындаған жағдайда, кепілдікті берген банктен жазбаша нысандағы растау сұратуы мүмкін. <*>
Ескерту. 33-1-баппен толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240
бұйрығымен
.
34. Банк кепiлдiгi қайтарып алынбайтын болып табылады.
35. <*>
Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240
бұйрығымен
.
36. <*>
Ескерту. 36-бап алынып тасталды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240
бұйрығымен
.
37. <*>
Ескерту. 37-бап алынып тасталды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240
бұйрығымен
.
38. Төлеушiнiң банк кепiлдемесiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемесi орындалмаған жағдайда, кеден органы кепiлдiк мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi банкке - төлеушiнiң мiндеттемелерiн орындау туралы кепiлгерге берiлген кепiлдеме мөлшерiнде талап қоюға құқылы.
39. Төлеушi оны орындау үшiн банктiк кепiлдеме берiлген мiндеттемелердi орындаған жағдайларда кепiлдеме бақылаудан алынады, ал банк-кепiлгердi кеден органы кепiлдеменiң қолданылуының аяқталғандығы туралы хабардар етедi.
40. Кеден органы осы Ереженiң 2-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша банктiк кепiлдемелердiң тiзiмдемесiнде банктiк кепiлдемелердiң есебiн жүргiзедi. Банктiк кепiлдемелер арнаулы iс қағаздарына тiгiледi және қатаң есептiлiк бланкiлерiн сақтау үшiн көзделген тәртiппен кеден органдарында сақталады.
4. Кедендiк төлемдер мен салықтардың кеден органының депозиттiк шотына ақша енгiзу арқылы төленуiн
қамтамасыз етудi қолдану
41. Кеден органының депозиттiк шотына (бұдан әрi - депозиттiк шот) ақша енгiзу деп төлеушi өзi мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, депозиттiк шотқа кедендiк төлемдер мен салықтар сомалары мөлшерiндегі мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн ақша енгiзетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету түрi танылады.
42. Кедендiк төлемдердi және (немесе) салықтарды төленуiн қамтамасыз ету ретiнде ақша енгiзу төлеушi таңдап алған кеден органының депозиттiк шотына енгiзу арқылы жүргiзiледi.
44. Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, кедендiк төлемдердi және (немесе) салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде депозиттiк шотқа ақша енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргiзiледi.
45. Депозиттiк шотқа ақша аудару туралы төлем құжатының "Төлемнiң мақсаты" бағанында: "___ ретiнде "___" _______ N _______ келiсiм-шарт бойынша ______ N ______ шот-фактура бойынша қатысты кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың төленуiн қамтамасыз ету" деп көрсетiлуi тиiс.
46. Егер ақшаны депозиттiк шотқа үшiншi тұлға аударған жағдайда, онда нақ осы бағанда ақшалай қаражаттың қандай тұлғаның мүддесіне енгiзiлетiндiгi қосымша көрсетiлуi тиiс.
47. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде депозиттiк шотқа аударылған ақша депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме iс жүзiнде орындағанға дейiн өзге төлемдер мен салықтар бойынша есепке алынуға жатпайды.
48. Кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сомаларды қайтару оны қамтамасыз ету үшiн ақша депозиттiк шотқа енгiзiлетiн мiндеттеме орындалғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
49. Депозиттiк шотты қамтамасыз ету сомасын iс жүзiнде қайтаруды кеден органы төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша өтiнiш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
50. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары - резидент еместер кедендiк баждардың және (немесе) салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде енгiзген ақшаларының сомасын қайтаруды кеден органы Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша осы тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегiнен тысқары жерлерде де ашылуы мүмкiн шотына жүргiзедi.
51. Кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомаларын қайтару үшiн ақшаларды аудару жөнiндегi банктiк операцияларды жүргiзу аударылған қаражат eceбiнeн жүргiзiледi.
52. Кеден кодексiнде белгiленген мерзiмдерде оны орындау үшiн ақша депозиттiк шотқа енгiзiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда, сондай-ақ төлеушiнiң кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде енгiзген ақшасын қайтаруға арналған өтiнiшi болмаған жағдайда, кедендiк төлемдер мен салықтар депозиттік шоттан он бес күнтiзбелiк күн аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
53. Ол бойынша қамтамасыз ету енгiзiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда, төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қамтамасыз ету сомасы қолданылып жүрген кеден заңнамасына сәйкес бюджеттiң алдағы кедендiк төлемдер мен салықтардың шотына аударылуы мүмкiн.
54. Сақтандыру шарты деп оған сәйкес сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға (сақтандырушы) төлеушi мiндеттеменi орындамаған жағдайда (сақтандыру жағдайы басталған) төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасын (сақтандыру ақысын) төлеуге мiндеттенетiн қамтамасыз ету түрі танылады.
55. Кеден кодексiнiң 345-бабына сәйкес кеден органдары кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бекiтiлген сақтандыру шарттарын қабылдайды.
56. Сақтандыру шартына мынадай мәлiметтер енгiзiлуi тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк деректемелерi;
2) сақтандырылушының (егер ол жеке тұлға болып табылса) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және тұратын жерi немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк деректемелерi (егер ол заңды тұлға болып табылса);
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасының мөлшерi және сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
6) сақтандыру сыйақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
7) шарттың жасалған күнi және қолдану мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынастарының қатысушылары болып табылса, сақтандырылушы және пайда алушы кеден органы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полюсiнiң) нөмiрi, сериясы;
10) шарттың ережелерiне өзгерiстер енгiзу жағдайлары және оның тәртiбi.
57. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда төлеушi мен сақтандырылушы ұйымның арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлеушiнiң сомасы мемлекеттiк бюджетке аударылуға жатады.
58. Сақтандыру шарттарын кеден органы осы Ереженiң 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша жүргiзiлетiн сақтандыру шарттарының тiзiмдемесiне тiркейдi.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 199 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдарының кедендік
төлемдер мен салықтардың
төленуін қамтамасыз етуді
қолдануының ережесіне
1-қосымша
Кепіл туралы жасалған шарттардың тізімдемесі
___________________________________________________________________
р/| Кепіл | Қамтамасыз | Міндетте.| Кепіл |Кепіл| Кепіл | Кепіл
б |беруші.|ету енгізіл.| мені |туралы |түрі |заттары.| затының
N | нің |ген төлеуші.| қамтама. |шартты | | ның | рыноктық
|атауы, | нің атауы | сыз ету |жасаған| | атауы | құны
|мекен- |(жеке тұлға.| сомасы | күн | | мен |
|жайы, | ның аты- | | | |мөлшері |
|СТН-ы | жөні) | | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________
Шарт | Іс |Кепіл | Кепіл | Ескерту
бойынша |жүзінде |затын | затын |
міндет. |орындау |сату |сатқан |
темені |мерзімі |күні |кездегі |
орындау | | |алынған |
мерзімі | | | сома |
____________________________________________
9 10 11 12 13
____________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 199 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдарының кедендік
төлемдер мен салықтардың
төленуін қамтамасыз етуді
қолдануының ережесіне
2-қосымша
Банк кепілдемелерінің тізімдемесі
___________________________________________________________________
р/|Кепілгер| Кепілдеме|Қамтамасыз |Кепіл.|Кепілдеме |Кепілдеменің
б | болып | шарты | ету енгі. | деме | берілген | қолданылу
N |түсетін | жасалған | зілген | сома.| күн және | мерзімі
|банктің | тұлғаның |төлеушінің | сы | нөмірі |
| атауы, | атауы, | атауы, | | |
|тұрған | тұратын | тұратын | | |
| жері | жері |жері және | | |
| | | оның | | |
| | |деректеме. | | |
| | | лері | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Қазақстан | Кепілдеме| Іс |Кепілдеме | Бюджетке | Ескерту
Республикасы | бойынша |жүзінде | бойынша |аударылған |
Ұлттық банкі | міндетте.|орындау | соманы | кепілдеме |
рұқсатының | мені |мерзімі |бюджетке | сомасы |
деректемеле. | орындау | |өндіріп | |
рі (болған | мерзімі | |алу күні | |
жағдайда) | | | | |
___________________________________________________________________
8 9 10 11 12 13
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 199 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдарының кедендік
төлемдер мен салықтардың
төленуін қамтамасыз етуді
қолдануының ережесіне
3-қосымша
Банк шарттарының тізімдемесі
___________________________________________________________________
р/|Сақтанды. |Сақтандыру |Қамтамасыз |Міндет. |Сақтандыру|Сақтан.
б |рушының | шарты |ету енгізіл.| теме. | шарты | дыру
N | атауы, | жасалған |ген төлеуші.| лерді | жасалған |шартының
| тұрған | тұлғаның | нің атауы, |қамтама.| күн және |қолданы.
|жері және | атауы, |тұратын жері|сыз ету | нөмірі | лу
| банктік | тұратын | және оның |сомасы | |мерзімі
|деректе. | жері және | деректеме. | | |
| мелері |оның дерек.| лері | | |
| | темелері | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Міндеттеме. | Сақтандыру | Іс |Сақтандыру| Бюджетке |Ескерту
лерді | шарты |жүзінде | шарты |аударылған |
орындамаған | бойынша |орындау | бойынша |сақтандыру |
жағдайда |міндеттемені|мерзімі | соманы | төлемінің |
төлеуге | орындау | | өндіріп | сомасы |
жататын | мерзімі | |алу күні | |
сақтандыру | | | | |
төлемінің | | | | |
сомасы | | | | |
___________________________________________________________________
8 9 10 11 12 13
___________________________________________________________________