Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшін қолдану ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2307. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

       Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "агенттіктің" деген сөз "комитеттің" деген сөзбен ауыстырылды;
     "Кедендік бақылау" деген сөздердің алдында "Қаржы министрлігінің" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексiнiң 424-бабына сәйкес ақпараттық жүйелердiң және ақпараттық технологиялардың кеден операцияларын жасау кезiнде пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн, бұйырамын: Қараңыз.K100296
      1. Қоса берiлiп отырған Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетінің баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Е.Мәмбеталинге жүктеледi.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төрағаның міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау комитеті  
төрағасының 2003 жылғы    
22 мамырдағы N 227 бұйрығымен 
бекітілген          

  Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және
оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi

       Ескерту: Мәтін бойынша "Агенттік", "Агенттіктің", "Агенттігімен", "Агенттікте" деген сөздер тиісті "Комитет", "Комитеттің", "Комитетімен", "Комитетте" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 424-бабына сәйкес әзiрленген және ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолданудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.Қараңыз.K100296 

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
      1) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегі бағдарламалық өнiм - ақпараттарды электронды өңдеуге арналған ақпараттық технология, ақпараттық жүйе, не ақпараттық жүйенiң құрамдас бөлігі;
      2) бағдарламалық өнiмнiң инсталляциялық пакетi - бағдарламалық өнiмдi орнату, баптау және жiберу үшiн қажеттi барлық құрамдас бөліктерді қамтитын магниттiк немесе оптикалық тасығыштардағы файлдардың жиынтығы.

  2. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдерге тексеру жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар

      3. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдерге (бұдан әрi - бағдарламалық өнiм) Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгi нысанасына тексеру жүргізу мақсатында, өтiнiш беруші Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау Комитетіне (бұдан әрi - Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша ресiмделген жазбаша өтiнiш;
      2) бағдарламалық өнiмнiң инсталляциялық пакетi және оның нұсқаулығы;
      3) әзiрленген бағдарламалық өнiм арқылы кеден құжаттарын толтыру ережесiне сәйкес толтырылған кеден құжаттарының электронды көшiрмелерi;
      4) жабдықтарға, операциялық жүйеге, бағдарламалық өнiмнiң деректер қорын басқару жүйесiне қойылатын талаптардың сипаттамасы;
      5) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнімдi пайдаланушының нұсқамасы;
      6) мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi - заңды тұлғалар үшiн, және жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi - жеке тұлғалар үшiн;
      7) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдi әзiрлеуге арналған лицензиялық бағдарламалық құралдарды пайдаланғандығы туралы құжаттамалық растау.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

  3. Бағдарламалық өнiмдердi қолданудың
шарттары мен тәртiбi

      4. Бағдарламалық өнiмдер Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес болуы шартымен қолдануға жатады.

      5. Комитетке келiп түскен құжаттар 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдердiң есебiн жүргiзу журналына (бұдан әрi - Журнал) енгiзiледi.

      6. Комитет Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен бастап 1 айлық мерзiмде бағдарламалық өнiмнiң Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.

      7. Бағдарламалық өнiм мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес белгiленген кеден құжаттарын толтырудың пiшiндiк-логикалық бақылауын қамтамасыз ету;
      2) бағдарламалық өнiмдегі нормативтiк-анықтамалық ақпарат Комитеттің Web-сайтында орналастырылған электронды анықтамалықтардан жаңғыртылуы тиiс.
      Электронды анықтамалықтардың тiзбесi мен пiшiндерін Комитет айқындайды және Комитеттің Web-сайтында орналастырылады;
      3) бағдарламалық өнiм қалыптастыратын кеден құжаттарын электронды көшiрмелерi Комитеттiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген пiшiндерге сәйкес келуi тиiс.

      8. Бағдарламалық өнiм Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтiнiш берушi белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы хабардар етіледi, ол туралы Журналға жазба жүргiзiледi. Хаттың бiрiншi данасы өтiнiш берушiге жолданады, екiншiсi - Комитетте қалады.

      9. Бағдарламалық өнiм Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Комитет Өтiнiш берушiнi Ереженiң 6-тармағында белгiленген мерзiмде жазбаша хабардар етедi.

      10. Бағдарламалық өнiмдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда, Комитет Өтiнiш берушiнi бағдарламалық өнiмдерге қойылатын талаптардың өзгергендiгi туралы жазбаша хабардар етедi және белгiленген талаптарға сәйкестiгі туралы хаттың қолданысын Өтініш берушi бағдарламалық өнiмнiң жаңартылған нұсқасын ұсынғанға дейiн тоқтата тұрады.

      11. Комитет Өтiнiш берушi бағдарламалық өнiмнiң жаңартылған нұсқасын хаттың қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап 2 айдың iшiнде ұсынбаған жағдайда, белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы хатты қайтарып алуға құқылы.

      11-1. Бағдарламалық өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы хатты қайта шақырту кедендік ресімдеу орындарында Өтінім берушінің бағдарламалық өнімі арқылы қалыптастырылған кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қабылдап алудан бас тартуға әкеледі.
       Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

      11-2. Өтінім берушіге бағдарламалық өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы хат күшінің құқықтарын қайта жаңғырту туралы хабарламаны жіберу оны қайта шақырту себептері жойылғаннан кейін жүзеге асырылады және Комитет оны Өтінім беруші бағдарламалық өнімді енгізілген өзгерістермен ұсынған сәтінен бастап бір ай ішінде береді.
       Ескерту: 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

      11-3. Комитет Өтінім берушіге бағдарламалық өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы хатты қайта шақыртуды үш реттен жоғары жіберсе, Комитет бағдарламалық өнімнің Комитетте қайта тіркеу құқығынсыз бағдарламалық өнімнің кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.
       Ескерту: 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

         12. Бағдарламалық өнiмнiң Ереженiң 7-тармағында жазылған талаптарға қатысы жоқ нұсқасы өзгерген жағдайда, Өтiнiш берушi Комитеттi бағдарламалық өнiмге енгiзiлген өзгерiстердiң сипаты туралы жазбаша хабардар етедi.

  4. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн
қалыптастыруға арналған растауды 
алу үшiн қажеттi құжаттар

      13. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған Комитеттiң растауын алу мақсатында кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруды тiкелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушы заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруға ниет білдіретін жеке адамдар, не Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгiленген нысан бойынша ресiмделген өтiнiш (3-қосымша);
      2) әдiлет органдары берген заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгендiгі туралы куәлiктiң немесе жеке тұлға үшiн жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) тек қана осы Ереженің талаптарына сәйкес тексеруден өткен бағдарламалық өнімдерді пайдаланатын адамдар кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарға сәйкес келетiн бағдарламалық өнiмдi сатып алуға және пайдалануға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
       Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 шілдедегі N 357   бұйрығымен ,   Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339 (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен , 2007.05.10. N   122 (бірінші ресми жарияланған күнінен   кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)  бұйрығымен .

       13-1. Өзінің қызметін кеден брокері ретінде жүзеге асыру құқығына үміткер заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 400, 401-баптарымен тізімі анықталған құжаттармен бірге кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келетін бағдарламалық өнімді сатып алуға және/немесе пайдалануға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкестігіне жазбаша растама ұсынады
      Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР   Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007.05.10. N  122 (бірінші ресми жарияланған күнінен   кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)  бұйрығымен .

  5. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн
қолданудың шарттары мен тәртiбi

      14. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерi кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiне Комитеттiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуы шартымен қолдануға жатады.

      15. Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар алынған жағдайда, Комитет олардың есебiн белгiленген нысан бойынша (4-қосымша) ресiмделетiн Өтiнiштердiң есебiн жүргiзу журналында (бұдан әрi - Журнал) жүзеге асырады.

      16. Белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Комитет өтiнiш берушi тұлғаны жазбаша хабардар етедi.

      17. Хатта, кейіннен өтініш беруші тұлға кеден құжатының әрбір қалыптасқан электронды көшiрмесiн белгiлi бiр ашық жерiне енгiзетiн, Журналға енгiзiлетiн берiлген код көрсетiледi.

      18. Хат өтiнiш берушi тұлғаға өтiнiш түскен күннен бастап бір апталық мерзiмде, ал кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына үміткер заңды тұлғаға лицензиямен бірге жолданады.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз), 2007.05.10. N  122 (бірінші ресми жарияланған күнінен   кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)  бұйрығымен .

      19. Комитеттiң хатын оған тұлға Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру кезiндегi бағдарламалық өнiмде пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпараттардың анықтамалықтарын жаңартуды жүргiзедi.

      20. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға берiлген коды көрсетiле отырып ұсынылған хат, кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, басқа сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзетiн тауарларға арналған кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру үшiн пайдаланылмайды.

      21. Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Комитет өтiнiш берушiнi Ереженiң 18-тармағында белгiленген мерзiмде хабардар етедi.

      22. Берiлген коды көрсетiлген Комитеттiң хатын Комитет мынадай:
      1) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiнде деректердiң сенiмсiз көрсетілгендiгi анықталған;
      2) Ереженiң 20-тармағында белгiленген талаптар бұзылған;
      3) кеден брокерiнiң лицензиясы қайтарылып алынған;
      4) Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
      5) бағдарламалық өнімді әзірлеушімен бағдарламалық өнімді жаңарту, не келісімді жаңарту бойынша шаралар орындалмаған;
      6) әзірлеуші бағдарламалық өнімнің осы Ереженің 7-тармағында бекітілген талаптарға сәйкес келуін тексеруден өткен соң бір апталық мерзім ішінде бағдарламалық өнімді жаңартуды жүргізбеген жағдайларда қайтарып ала алады.
       Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

      22-1. Көрсетілген берілген коды бар хатты қайта шақырту кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қабылдаудан бас тартуға әкеп соқтырады.
       Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

      22-2. Өтінім берушіге көрсетілген берілген коды бар хаттың күшін жаңғырту туралы хабарламаны жіберуді Комитет оны қайта шақырту себептері жойылғаннан кейін Өтінім беруші қайта шақырту себептерін жою фактілері көрсетілген хатты алған сәттен бастап екі апталық мерзімде жүргізіледі.
       Ескерту: 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

      22-3. Көрсетілген берілген коды бар хатты шақыртуды жіберудің саны үш реттен жоғары болса, Комитет берілген кодты шақырту туралы шешім қабылдайды.
       Ескерту: 22-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз).

      23. Құжаттарда Ереженiң 13-тармағында белгiленген мәлiметтер өзгерген жағдайда, өтiнiш берушi Комитеттi жүргiзiлген өзгерiстер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазбаша хабардар етедi.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007.05.10. N  122 (бірінші ресми жарияланған күнінен   кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)  бұйрығымен .

      24. Берiлген код көрсетiлген Комитет хатының мерзiмi шектелмейдi.

  6. Қорытынды ережелер

      25. Комитет Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн бағдарламалық өнiмдер туралы ақпараттарды, сондай-ақ бағдарламалық өнiмге қойылатын талаптардың өзгергендiгi туралы ақпараттарды Комитеттiң Web-сайтында орналастырады.

                                       Қазақстан Республикасының 
                                       Кедендiк бақылау Комитетi
                                             төрағасының
                                        2003 жылғы 22 мамырдағы
                                      N 227 бұйрығымен бекiтiлген
                                         Ақпараттық жүйелердi,
                                       ақпараттық технологияларды
                                       және оларды қамтамасыз ету
                                       құралдарын кеден мақсаттары
                                          үшiн қолдану ережесiне
                                                 1-қосымша

                             Өтініш

      _________________________________________________________
    (өтiнiш берушi заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы
      _________________________________________________________
       ОКПО коды, СТН, заңды және нақты мекен-жайы, мемлекеттiк
      _________________________________________________________
        тiркелгендігі туралы куәлiгiнiң нөмiрi немесе өтініш
      _________________________________________________________
        берушi жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты, тұратын
      _________________________________________________________
      мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi)
кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi
бағдарламалық өнiмге белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру
жүргізуді сұраймын:
      _________________________________________________________
          (кеден құжаттарының түрлерiн көрсету, болжалды
      _________________________________________________________
                электронды көшiрмелердi қалыптастыру)

      Заңды тұлғаның
      немесе жеке тұлғаның
      басшысының
      Т.А.Ә.                 __________________
                                   қолы                  мөр

                                        Қазақстан Республикасының   
                                        Кедендiк бақылау Комитетi  
                                              төрағасының           
                                         2003 жылғы 22 мамырдағы   
                                       N 227 бұйрығымен бекiтiлген  
                                          Ақпараттық жүйелердi,   
                                        ақпараттық технологияларды  
                                        және оларды қамтамасыз ету  
                                        құралдарын кеден мақсаттары 
                                           үшiн қолдану ережесiне
                                                 2-қосымша

   Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру           жөніндегі бағдарламалық өнімдердің есебін жүргізу
                             Журналы

------------------------------------------------------------------
N! Өтініш  !Өтініштің  !Бағдар.!Бағдар.!Кеден   !Бағдарла.   !Ес.
!берушінің!берілген   !ламалық!ламалық!құжатта.!малық өнім. !керту
! атауы   !(тіркелген)!өнімнің!өнім   !ры элек.!нің нөмірі  !
!         !   күні    !атауы  !нұсқа. !тронды  !және тір.   !
!         !           !       !сының  !көшірме.!келген күні,!
!         !           !       !нөмірі !лерінің !бас тартыл. !
!         !           !       !       !түрлері !ған жағдай. !
!         !           !       !       !        !да - бас    !
!         !           !       !       !        !тарту туралы!
!         !           !       !       !        !хаттың N    !
!         !           !       !       !        !және күні   !
------------------------------------------------------------------
1!     2   !     3     !   4   !   5   !    6   !     7      !  8
------------------------------------------------------------------

                                          Ақпараттық жүйелерді,
                                       ақпараттық технологияларды
                                       және оларды қамтамасыз ету
                                       құралдарын кеден мақсаттары
                                          үшін қолдану ережесіне
                                                 3-қосымша

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

                             ӨТІНІШ

Толық заңды тұлға
немесе жеке адам атауы ____________________________________________

Қысқартылған заңды тұлға
немесе жеке адам атауы ____________________________________________

КҰЖЖ __________________________ СТТН ______________________________

Заңды мекен-жайы __________________________________________________

Іс жүзіндегі мекен-жайы ___________________________________________

Байланыс телефондары _______________ E-maіl________________________

Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға
арналған растау беруді сұраймын
___________________________________________________________________
  (олардың электронды көшірмелерін қалыптастыру көзделген кедендік
                   құжаттардың түрі көрсетілсін)

____________________________________________________________ арқылы
       (бағдарламалық өнімнің атауы көрсетілсін)

___________________________________________________________________
    (кеден брокері лицензиясын алуға немесе өз пайдасы үшіндігі
                            көрсетілсін)

Заңды тұлға басшысының аты-жөні _____________________
                                        Қолы                 Мөр
Жеке адам аты-жөні __________________________________
                                        Қолы

                                         Қазақстан Республикасының
                                         Кедендiк бақылау Комитетi
                                               төрағасының
                                          2003 жылғы 22 мамырдағы
                                        N 227 бұйрығымен бекiтiлген
                                           Ақпараттық жүйелердi,
                                         ақпараттық технологияларды
                                          және оларды қамтамасыз ету
                                         құралдарын кеден мақсаттары
                                            үшiн қолдану ережесiне
                                                 4-қосымша          

  Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға                арналған өтініштердің есебін жүргізу
                             Журналы

------------------------------------------------------------------
N! Өтініш  !Өтініштің  !Бағдарламаның, !Бағдарламалық    !Ескерту
!берушінің!берілген   !лицензияның    !өнімнің нөмірі   !
! атауы   !(тіркелген)!болуы - кеден  !және тіркелген   !
!         !   күні    !брокері үшін   !күні, бас тартыл.!
!         !           !               !ған жағдайда -   !
!         !           !               !бас тарту туралы !
!         !           !               !хаттың N және    !
!         !           !               !күні             !
------------------------------------------------------------------
 
  ------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады