Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 136 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2323. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 386 қаулысымен.

  ----------Қаулыдан үзінді------------

     Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 136 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2323 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 11 басылымдарында 2003 жылғы 19 мамырда - 1 маусымда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

     Төраға

-------------------------------------

     "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  54-бабының 1-тармағына сәйкес және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң жай-күйiн жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп берушiлiк қағидаларын бекiту туралы" 1999 жылғы 14 қазандағы N 455  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 939 тiркелген, 1999 жылғы қарашада "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 11) күшi жойылды деп танылсын.
     3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, кастодиан-банктерге, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
     5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан он төрт күн өткеннен кейiн күшіне енедi.

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық   
Банкi Басқармасының "Жинақтаушы   
зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң 
күнделiктi электрондық         
есеп беру ережесiн бекiту туралы"   
2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 136     
қаулысымен бекiтiлген         

  Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң
күнделiктi электрондық есеп беру
ережесi

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  54-бабының  1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң жай-күйiн жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң (бұдан әрi - кастодиан банк) зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есеп беру тәртiбiн белгiлейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
     1) есеп беру - үлгi нысандардан тұратын, кастодиан-банктiң зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есебi.
     2) меншiктi бағдарламалық қамтамасыз ету - үлгi нысандарды толтыру дұрыстығын тексеру жөнiнде кастодиан-банк әзiрлеген компьютерлiк бағдарлама.
     3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету - кастодиан-банкке уәкiлеттi орган беретiн, үлгi нысандарды толтыру жөнiндегi анықтамалық және компьютерлiк бағдарлама.
     4) анықтамалық - үлгi нысандарды толтыру кезiнде кастодиан-банк пайдаланатын электрондық деректер базасы.
     5) үлгi нысандар - кастодиан-банктiң тiзбесi мен осы Ереженiң қосымшасында белгiленген зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есебi.
     6) уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

     2. Уәкiлеттi орган кастодиан-банктi:
     1) электрондық почтаның есеп берiлуi тиiс адрестерiмен;
     2) барлық кастодиан-банктер үшiн бiрыңғай, үлгi нысандарды толтыру және есеп берудi жөнелту кезiнде пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен және тиiстi техникалық құжаттамамен;
     3) үлгі нысандарды толтыру жөніндегi әдiстемелiк ұсыныстармен қамтамасыз етедi.

     3. Уәкiлетті орган кастодиан-банкпен алынған есептегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

2-тарау. Yлгi нысандарды толтыру және
есептi беру (жөнелту) тәртiбi

     4. Кастодиан-банк өткен жұмыс күнгi есептi уәкiлетті органға келесi жұмыс күнi, Алматы уақыты бойынша 15.00 сағаттан кешiктiрмей электрондық почтамен бередi.

     5. Кастодиан-банк анықтамалыққа қол жеткiзу және есептi беру үшiн уәкiлеттi органнан кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы қол қойған және кастодиан-банк мөрiнiң таңбасымен расталған жазбаша өтiнiшi бойынша кез келген уақытта өзгеруi мүмкiн пайдаланушының атын (пайдаланушылардың аттарын) және паролін (паролдерiн) алуы тиiс.

     6. Кастодиан-банктер үлгi нысандарды уәкiлеттi орган қалыптастырған және кастодиан-банкке электрондық почтамен берiлген, жаңартылған анықтамалықтан алынған мәлiметтерге сәйкес толтырады.

     7. Анықтамалық жаңартылғаннан кейiн кастодиан-банк үлгi нысандарды уәкiлетті органнан алынған нұсқаулар мен әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес толтырады.

     8. Үлгi нысандар әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке толтырылады. Зейнетақы активтерiнiң әрбiр жеке қозғалысы үлгi нысанның жеке жолында көрсетілуi тиiс.

     9. Yлгi нысандарды толтыру аяқталғаннан кейiн кастодиан-банк оларды меншiктi бағдарламалық қамтамасыз етудi және/немесе арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып тексередi. Үлгi нысандарды тексеру аяқталғаннан кейiн кастодиан-банк есептi уәкiлеттi органға бередi.

     10. Ерекше жағдайларда, есептi электрондық почтамен беру мүмкiн болмаған кезде толтырылған үлгi нысандар уәкiлеттi органға қағазға басылып берiледi. Бұл ретте толтырылған әрбiр жеке үлгі нысанға кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қол қоюы және мөрiнiң таңбасымен расталуы тиiс. Толтырылған үлгі нысандар қағазға басылып берiлген кезде кастодиан-банк олардың кейiннен электрондық почтамен берiлуiн қамтамасыз етедi.

     11. Егер есеп уәкiлеттi органға берiлгеннен кейiн үлгi нысандарда қателер анықталған жағдайда, кастодиан-банк үш күн iшiнде бiрiнші басшы қол қойған жазбаша түсiнiктi уәкiлеттi органға және түзетiлген есептi уәкiлеттi органға бередi.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

     12. Кастодиан-банктер осы Ережеде белгiленген талаптарды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары     
кастодиан-банктерiнiң күнделiктi 
электрондық есеп беру ережесiне  
қосымша             

Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банкiнiң
күнделiктi электрондық есеп беру үлгі нысандарының
тiзбесi және мазмұны

"АҚША БАЛАНСЫ"
RC001 үлгi нысаны

     1. Валюта коды (анықтамалыққа сәйкес).
     2. Шот үлгiсiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     3. Күн басындағы ақша қалдығы.
     4. Күн соңындағы ақша қалдығы.

"АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ"
RC002 үлгi нысаны

     1. Валюта коды (анықтамалыққа сәйкес).
     2. Шот үлгiсiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     3. Төлем түрiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     4. Төлем сомасы.

"САЛЫМДАР ПОРТФЕЛІ"
RC003 үлгi нысаны

     1. Банктiк салым шарттың коды (банк өзi қалыптастырады).
     2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     3. Салымдардың күн соңындағы саны.
     4. Салымның сомасы.
     5. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
     6. Салым валютасының салым төлемiнiң валютасына қатысты бағамы.
     7. Салымға ақша нақты түскен күн.
     8. Салымда қалған ақшаның сомасы (осы жол салым бойынша ақша iшiнара қайтарылған жағдайда толтырылады).
     9. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
     10. Салым түрінiң өзгерiстерiн ескере отырып салым бойынша сыйақы ставкасы.
     11. Салым төлемi валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     12. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     13. Салым валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     14. Банктiк салым шартының нөмiрi.
     15. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi.
     16. Салым бойынша есептелген сыйақы.
     17. Салымның теңгемен көрсетiлген ағымдағы құны.

"САЛЫМ ПОРТФЕЛI БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫС"
RC004 үлгi нысаны

     1. Банктiк салым шарттың коды (банк өзi қалыптастырады).
     2. Салымның сомасы.
     3. Операция үлгісiнiң анықтамалыққа сәйкес коды (салымға орналастыру; салымды қайтару).
     4. Салымдар санының өзгерiсi.
     5. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
     6. Банктiк салым шарты жасалған күн.
     7. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
     8. Салым бойынша ақшаның мерзiмiнен бұрын iшiнара қайтарылған сома.
     9. Салымға аударылған ақша сомасы.
     10. Салым бойынша қайтарылған ақша сомасы және/немесе салым бойынша түскен сыйақы сомасы.
     11. Салым бойынша сыйақының ставкасы (осы жол сыйақының ставкасы өзгерген кезде толтырылады).
     12. Салымның валютасы өзгерген жағдайдағы айырбастау бағамы.
     13. Салымның бастапқы валютасының коды, ол өзгерген жағдайда (анықтамалыққа сәйкес).
     14. Салымның түпкiлiктi валютасының коды, ол өзгерген жағдайда (анықтамалыққа сәйкес).
     15. Салым бойынша төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     16. Салым валютасының коды (анықтамалық).
     17. Салымға зейнетақы активтерi орналастырылған банктiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     18. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi.

"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ"
RC005 үлгi нысаны

     1. Бағалы қағаздың коды (анықтамалыққа сәйкес ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi (ISIN)).
     2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     3. "Репо" мәмiлесiнiң коды.
     4. Бағалы қағаздардың күн соңындағы саны. Бiр үлгiдегі, бiрдей сатып алу шарттары бар бағалы қағаздар (бiр тектi сападағы, көптеген бағалы қағаздарды басқаларынан (оның iшiнде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгiлерiнен де) бiржақты ажыратуға мүмкiндiк беретiн сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жиынтығы) үшiн; санмен көрсетiлмейтiн халықаралық облигациялар үшiн - сандық өзгеру бiрлiгi ретiнде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетiлген шетел валютасының бipeуi қолданылады).
     5. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған күн.
     6. Инвестициялық шоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
     7. Бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорының "депо" шотына есепке алған күн.
     8. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бастапқы тану кезінде бағалы қағаздар нақты шығындары бойынша есепке алынады). Бағалы қағаздардың осы күнгі құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды.
     9. "Керi репо" операциясын жабу бағасы ("керi репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетiлген баға).
     10. Бағалы қағаздар сатушының купондық кiрiсiнiң есептелген сомасы.
     11. Шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып "керi репо" мәмiлесiнiң жабылған күнi.
     12. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегі мәмiле валютасының бағамы.
     13. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздар бойынша "керi репо" мәмiлесiнiң жабылардағы өтiнiлген бағамы.
     14. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     15. Мәмiле жасаған брокердiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     16. "Керi репо" мәмiлесi бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде белгiленген кiрiстiлiк ставкасы.
     17. Бағалы қағаз бойынша есептелген жиынтық сыйақы.
     18. Теңгедегi бағалы қағаз бойынша ағымдағы жиынтық күн.

"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛIНДЕГI
ҚОЗҒАЛЫС" RC006 үлгi нұсқасы

     1. Бағалы қағаздың коды (анықтамалыққа сәйкес ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi (ISIN)).
     2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
     3. "Репо" мәмiлесiнiң коды.
     4. Бағалы қағаздардың күн соңындағы саны. Бiр үлгiдегi, бiрдей сатып алу шарттары бар бағалы қағаздар (бip тектi сападағы, көптеген бағалы қағаздарды басқаларынан (оның iшiнде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгiлерiнен де) бiржақты ажыратуға мүмкiндiк беретiн сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жиынтығы) үшiн; санмен көрсетiлмейтiн халықаралық облигациялар үшiн - сандық өзгеру бiрлiгi ретiнде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетiлген шетел валютасының бiреуi қолданылады).
     5. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған күн.
     6. Инвестициялық шоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
     7. Бағалы қағаздарды сатқан кезде инвестициялық шотқа ақша түскен күн ("керi репо" мәмiлелерi үшiн - жабылған күн).
     8. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бастапқы тану кезiнде бағалы қағаздар нақты шығындары бойынша есепке алынады). Бағалы қағаздардың осы күнгi құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды.
     9. Бағалы қағаздарды сатудың нақты бағасы (бағалы қағаздардың осы күнгi құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды).
     10. Бағалы қағаздарды сатушының купондық кiрiсiнiң бағалы қағаздарды сатып алу кезiндегi есептелген сомасы.
     11. Бағалы қағаздарды сатушының купондық кiрісiнiң есептелген сомасы.
     12. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегi мәмiле валютасының бағамы (мәмiле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалған жағдайда).
     13. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сату жөнiндегi мәміле валютасының бағамы (мәмiле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалған жағдайда).
     14. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     15. Бағалы қағаздарды сату кезiндегi төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
     16. Мәмiле жасаған брокердiң коды (анықтамалыққа сәйкес).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады