Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2397. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51 және 58-баптарына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 28-баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы).

     2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

     3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін күшіне енгізіледі.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
1-қосымша          

Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

     Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) берудің, беруден бас тартудың, қолдануды тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртібі мен шарттарын белгілейді.

1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар

     1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
     1) өтінуші - лицензия алуға үміткер заңды тұлға;
     2) инвестициялық саясат - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің перспективалық жоспары бар құжат;
     3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламенті - өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын ішкі құжаты;
     4) қор - жинақтаушы зейнетақы қоры.

2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру шарттары

     2. Өтінушіге:
     1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, құрылтайшыларға (акционерлерге), басқару органдарына, атқарушы органдарға және басқарушы қызметкерлерге қойылатын талаптарды сақталған;
     2) жарғылық капиталдың, меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері және қорлардың қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - лицензиар) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оларды қалыптастырудың тәртібі сақталған;
     3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламенті, инвестициялық саясат және есеп саясаты болған;
     4) штатта осы Ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар үшінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленген қызметкерлер болған;
     5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бөлек үй-жай болған;
     6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құрал-жабдық, ұйымдық техника және коммуникациялық жабдық болған кезде лицензия беріледі.

     3. Қордың ұйымдық құрылымында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияны жүзеге асыратын бөлек құрылымдық бөлімше (бөлек құрылымдық бөлімшелер) бар болған жағдайда қорға лицензия беріледі.
     Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қордың басқа бөлімшелерінің функцияларын, сондай-ақ оларға басқа бөлімшелердегі лауазымдарды қоса атқаруға жол берілмейді.

     4. Өтінушінің мынадай қызметкерлері бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар үшінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленуі тиіс:
     1) қор болып табылмайтын өтінуші үшін: атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, филиалдың басшысы және бас бухгалтері;
     2) қор болып табылатын өтінуші үшін: атқарушы органның басшысы және оның өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру мәселесіне жетекшілік жасайтын орынбасары, бас бухгалтер, қор филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері (филиал зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды орындаған жағдайда);
     3) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
     4) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі, оның ішінде:
     басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында ұсыныстар даярлау үшін ақпарат жинау, талдау;
     басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында ұсыныстар даярлау;
     басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
     басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің және меншікті активтерінің ішкі аудитін жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындау жүктелетін қызметкерлері.

3. Лицензия беру және беруден бас тарту тәртібі

     5. Өтінуші лицензия алу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
     1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
     2) лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат.

     6. Өтінуші осы Ереженің 5-тармағында белгіленген құжаттардан басқа оның осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестілігін растайтын құжаттарды, оның ішінде:
     1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
     2) статистикалық карточканың көшірмесін;
     3) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
     4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын филиалдардың тізімін (осындайлар болған жағдайда);
     5) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген қызметкерлердің еңбек кітапшаларының көшірмелерін (еңбек кітапшалары болмаған жағдайда - өтінушінің қызметкерлермен жасаған жеке еңбек шарттарының көшірмелерін не оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін);
     6) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтерді;
     7) жеке құрамын, азаматтығын, жұмыс орнын және атқарып отырған лауазымдарын көрсете отырып өтінушінің органдары туралы мәліметтерді (директорлар кеңесінің және басқарманың Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын мүшелері үшін (өтінушінің басшы қызметкерлерін қоспағанда) - қаржы рыногындағы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы куәландырылатын құжаттарды қосымша);
     8) жарғылық капиталдың төленгендігін растайтын төлем құжаттарды;
     9) өтінушінің атқарушы органының бірінші басшысы, оның бас бухгалтері қол қойған және мөрмен расталған соңғы аяқталған жылдың (егер өтінуші бір жылдан астам бұрын құрылған болса) және лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы қаржылық есепті (бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп);
     10) соңғы аяқталған жылдың және лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы қаржылық есептің шынайылығын растайтын аудиторлық есепті (бұл ретте аудитор растаған қаржылық есепке аудитор қол қоюы және оның мөрімен расталуы тиіс) не оның нотариат растаған көшірмесін;
     11) лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы жағдай бойынша меншікті капиталдың есебін;
     12) өтінушінің басқару органы бекіткен, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалған инвестициялық саясатты екі данамен;
     13) өтінушінің басқару органы бекіткен, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жасалған зейнетақыны инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентін;
     14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған есеп саясатын екі данамен ұсынады.

     7. Өтінушінің құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер мынадай құжаттарды ұсынумен расталады:
     1) заңды тұлға болып табылатын құрылтайшы (акционер) үшін:
     осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнамаларды;
     мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелерін;
     барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
     құрылтайшының (акционердің) бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойған, мөрімен расталған соңғы аяқталған жылдың және өтінушінің акцияларын төлеу үшін құрылтайшы (акционер) ақша енгізер алдындағы тоқсан соңындағы қаржылық есепті (бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп);
     акционерлік қоғамдар үшін - лицензия беруге өтініш беру сәтіне дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмелер;
     2) жеке тұлға болып табылатын құрылтайшы (акционер) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнаманы ұсынады.

     8. Қор лицензия алу үшін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу кезінде не ол көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезеңінде бұрын ұсынған құжаттарды ұсынбайды.

     9. Лицензиар лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.

     10. Лицензиар Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарына сәйкес өтінуші ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

     11. Лицензия беру туралы шешім лицензиардың жоғары органының қаулысымен ресімделеді.

     12. Лицензия өтінушінің бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның орынбасарына беріледі.
     Лицензия берген кезінде өтінушіге зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет регламентінің, инвестициялық саясаттың және есеп саясатының лицензиардың белгісі қойылған бір данасы қайтарылады.

     13. Мынадай негіздердің бірі бойынша:
     1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде өтінуші жатқызылған субъектілердің санаттары үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салынса;
     2) өтінуші осы Ережелерге сәйкес талап етілген барлық құжаттарды ұсынбаса;
     3) лицензиялық алым енгізілмесе;
     4) өтінушіге қатысты соттың оған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шешімі болса лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

     14. Лицензия беруден бар тартылған кезде лицензиар өтінушіге осы Ереженің 9-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
     15. Лицензия алған заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) негізінде осы Ережеге сәйкес лицензия берілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күн ішінде ұсынады.

4. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу

     16. Лицензиар мынадай негіздердің бірі бойынша:
     1) негізінде лицензия берілген құжаттардағы мәліметтердің шынайы еместігі анықталса;
     2) лицензиат зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентін бұзса;
     3) лицензиат Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің тәртібін реттейтін заңдарын бұзса;
     4) қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрса лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

     17. Лицензиар лицензияны қолдануды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

     18. Лицензиардың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімінде оны қолдануды тоқтата тұрудың себептері және мерзімі көрсетіледі.

     19. Лицензиар лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың жалпы мерзімінің алты айдан аспау шартымен оны қолдануды тоқтата тұру мерзімін ұзарта алады.

     20. Лицензияны қолдануды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін лицензиат тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін лицензияны қолдануды тоқтата тұру үшін негіз болған, ол жасаған заң бұзушылықтардың жойылғандығы расталатын құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қолдануды жаңарту туралы өтінішпен лицензиарға жүгінеді.

     21. Лицензиар лицензияны қолдануды жаңарту туралы өтінішті қарайды және өтініш алынған күннен бастап бір ай ішінде тиісті шешім қабылдайды.
     Егер лицензиардың шешімінде лицензияны қолдануды жаңартудың өзге күні белгіленбесе, лицензиардың шешімі лицензиатқа жіберілген күннен бастап лицензияны қолдану жаңартылған болып саналады.

     22. Лицензиар мынадай негіздердің кез келгені бойынша:
     1) лицензиат лицензияны қолдануды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоймаса;
     2) соттың лицензиатқа зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шешімі болса;
     3) лицензиат лицензия алу кезінде қасақана жалған мәліметтер ұсынса лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

     23. Лицензиардың лицензияны қайтарып алу туралы шешімінде оны қайтарып алудың себептері көрсетіледі.

     24. Егер лицензиардың шешімінде лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың не лицензияны қайтары алудың өзге күні белгіленбесе, лицензиар тиісті шешімді лицензиаттың атқарушы органына жіберген күннен бастап лицензияны қолдану тоқтата тұрылған немесе лицензия қайтарылып алынған болып саналады.

     25. Лицензия қайтарылып алған жағдайда ол бұл туралы ресми хабарланған күннен бастап он күн ішінде лицензиарға қайтарылады.

5. Қорытынды ережелер

     26. Лицензиардың лицензия беруден бас тарту, лицензияны қолдануды тоқтата тұру және оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

     27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
1-қосымша          

Инвестициялық саясат

     Инвестициялық саясат ағымдағы күнтізбелік жылға (айлар және тоқсандар бойынша) және алдағы үш жылға (жылдар бойынша) жасалады және оған мыналар кіреді:
     1) өтінушінің атауы;
     2) қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаты және рыноктың өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бағдарланған сегменті;
     3) өтінушінің экономиканы және рыноктарды талдау және олардың даму үрдістері негізінде әзірленген инвестициялық саясатының толық сипаты;
     4) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы бәсекелестік жай-күйін талдау негізінде жасалған маркетинг саясатының толық сипаты (маркетинг әдістерінің және жарнамалардың сипатын қоса отырып);
     5) өтінушінің маркетинг саясаты негізінде жасалған өтінушінің маркетингке және жарнамаға арналған қысқа мерзімді бюджеті, сондай-ақ өтінушінің маркетингке және жарнамаға арналған орта мерзімді бюджетінің жобасы;
     6) өтінушінің технологиялық саясатының сипаты;
     7) өтінушінің маркетинг саясаты негізінде жасалған өтінушінің бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарын сатып алуға және жетілдіруге арналған қысқа мерзімді бюджеті, сондай-ақ өтінушінің бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарын сатып алуға және жетілдіруге арналған орта мерзімді бюджетінің жобасы;
     8) өтінуші инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы активтері көлемінің жоспары (болжам);
     9) өтінушінің жоспарланған (болжалған) ақша ағымдары (оптимистік, пессимистік және салықтар мен резервтік капиталға аударылған ақшаны есепке ала отырып өзге ықтимал нұсқалары);
     10) өтінуші кірістерінің жоспары (болжамы) (кіріс көздерін көрсете отырып);
     11) өтінуші шығыстарының жоспары (болжамы) (шығыс мақсаттарын көрсете отырып);
     12) шығынсыздық шегін талдау;
     13) тәуекелдерді бағалау, оның ішінде қаржы құралдары бойынша кірістіліктің төмендеуі тәуекелдерін, қаржы құралдарын сату кезіндегі баға тәуекелдерін, үшінші тұлғалар көрсеткен қызмет үшін ақы төлеу кезіндегі баға тәуекелдері, қаржы құралдары эмитенттерінің төлем қабілеттіліктерінің тәуекелдерін, инфляциялық тәуекелдерді, валюталық тәуекелдерді, бәсеке тәуекелдерін, өтінушінің техникалық және операциялық қателерінің тәуекелдерін және басқа да ықтимал тәуекелдерді.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
2-қосымша          

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын
талаптар

     1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентіне мыналар кіреді:
     1) өтінушінің атауы;
     2) өтінушінің ұйымдық құрылымы және қызметкерлердің аты-жөнін көрсете отырып оның штаттық кестесі;
     3) ішкі аудитті жүзеге асыратын ұйымдық құрылым туралы ереже;
     4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар туралы ереже, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің өтінушінің қызметкерлерінің негізгі функциялары, құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері бар лауазымдық нұсқаулықтары;
     5) мыналар:
     зейнетақы активтеріне және меншік активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;
     зейнетақы активтерінің және меншік активтердің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
     деректердің тұтастығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді ішкі бақылау тәртібі енгізілген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі;
     6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті реттейтін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетін өзге де ережелер.
     2. Зейнетақы активтеріне және меншік активтерге қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстар (бұдан әрі - ұсыныстар) негізінде қабылданады.
     3. Зейнетақы активтеріне және меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібінде:
     1) ұсыныстар беруге арналған ақпаратты жинау және өңдеу тәртібі:
     2) ұсыныстар беруге уәкілетті тұлғалардың тізбесі (ұсыныстар беруге уәкілетті алқалы органның атауы);
     3) мыналарды:
     меншікті активтер мен зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін;
     инвестициялауды жүзеге асыру болжалатын қаржы құралдарының болуын, айналысын және кірістілігін;
     инвестициялауды жүзеге асыру болжалатын қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді;
     лицензиардың нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларының сақталуын;
     ұсыныстар беру үшін маңызды өзге де факторларды талдау көзделетін ұсыныстар беруге арналған ақпаратты талдау тәртібі;
     4) ұсыныстарды және олардың негізінде қабылданған инвестициялық шешімдерді бірыңғай тіркеу журналында тіркеу тәртібі;
     5) инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалардың тізбесі (инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы органның атауы);
     6) алқалы органның инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі болуы тиіс.
     4. Ұсыныста:
     1) ұсыныс берілген күн және нөмірі;
     2) ұсыныс беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаты);
     3) ұсыныс беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
     4) инвестициялық шешімнің ұсынылған нұсқалары;
     5) ұсыныс берген тұлғалардың қолдары болуы тиіс.
     5. Инвестициялық шешімде:
     1) инвестициялық шешім қабылданған күн және нөмірі;
     2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсыныс берілген күн және нөмірі;
     3) жасалуға тиісті мәміленің түрі;
     4) мәміле жасалуы тиісті болатын қаржы құралының идентификаторы;
     5) жасалуға тиісті мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемнің, бағаның және соманың диапозоны);
     6) мәміле жасау мерзімі;
     7) мәміле жасау болжалған рыноктың түрін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
     8) көмегі арқылы мәміле жасау болжалған делдалдың (брокердің) атауы (егер мұндай бар болса);
     9) зейнетақы активтерінің есебінен мәміле жасау болжалған қордың атауы;
     10) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдары болуы тиіс.
     6. Зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасау және олардың жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібінде:
     1) көмегі арқылы зейнетақы активтерінің не меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасау жобаланған делдалмен (брокермен) (егер мұндай бар болса) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
     2) зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі;
     3) зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
     4) кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртібі;
     5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың және кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеруді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру тәртібі және кезеңділігі;
     6) ішкі аудитті және құжат айналымын жүргізу тәртібі болуы тиіс.
     7. Зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыру үшін:
     мәміле жасау үшін тапсырыстарды есепке алу журналы;
     жасалған және жасалмаған мәмілелерді есепке алу журналы;
     депозиттік шарттарды есепке алу журналы;
     кастодиан-банктің бұйрықтарды тіркеу журналы;
     кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеру актілерін тіркеу журналы толтырылады.
     8. Деректердің тұтастығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді ішкі бақылау тәртібінде:
     1) құпиялылық санатына жатқызылған ақпараттың тізбесі;
     2) құпия ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
     3) атқаратын тұлғаларына құпия ақпаратқа рұқсат берілген лауазымдарды көрсете отырып құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
     4) деректердің электрондық массивтерін сақтауды қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
3-қосымша          

ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ
(заңды тұлға үшін)

___________________________________________________________________
                (өтінушінің толық атауы)
1. Құрылтайшы (акционер) __________________________________________
___________________________________________________________________
                         (толық атауы)
2. Орналасқан жері ________________________________________________
___________________________________________________________________
                  (почта индексі, мекен-жайы)
3. Байланыс деректемелері _________________________________________
___________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почтаның адресі)

4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ____________
___________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)

5. Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі _____________
6. Берілген рейтинг және рейтинг агенттігі (Қазақстан
Республикасының резидент еместері үшін) ___________________________

7. Қызмет түрі ____________________________________________________
___________________________________________________________________
                    (қызметтің негізгі түрлері)
8. Өтінушінің капиталындағы үлес _________________________________,
оның ішінде төленгені: ___________________________________________

9. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу туралы
мәліметтер:________________________________________________________
                  (толық атауы және тіркеліп орналасқан жері)

___________________________________________________________________
                    (қызметтің негізгі түрлері)
___________________________________________________________________
                    (жарғылық капиталдағы үлес)

10. Өтінуші құрылтайшыларының (акционерлерінің) акционерлері/
қатысушылары туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
Атауы/|   Тіркеліп    |  Жарғылық  |Қызметтің |      Қазақстан
аты-  |  орналасқан   |капиталдағы |   түрі   |    Республикасы
жөні  |  жері/тұр.    |   үлесі    |          |       резидент
     | ғылықты жері  |            |          |     еместерінің
     |  (Қазақстан   |            |          |   бағалы қағаздарын
     |  Республика.  |            |          |    нақтылы ұстау
     |    сының      |            |          |      (Қазақстан
     |  резиденті/   |            |          |    Республикасының
     |резидент емесі)|            |          |  резиденттері үшін)
___________________________________________________________________
 1          2               3           4               5
___________________________________________________________________

     11. Өтінуші құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
                (аты-жөні, туған күні және жылы)

Білімі ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
4-қосымша          

ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ
(жеке тұлға үшін)

___________________________________________________________________
                    (өтінушінің толық атауы)
1. Құрылтайшы (акционер) __________________________________________
                                       (аты-жөні)
2. Туған күні және жылы ___________________________________________
3. Азаматтығы _____________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
5. Тұратын жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________
                    (почта индексі, мекен-жайы)
6. Байланыс деректемелері _________________________________________
___________________________________________________________________
          (телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі)
7. Білімі _________________________________________________________
              (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
8. Жұмыс орны (мекен-жайын көрсете отырып), лауазымы ______________
___________________________________________________________________
9. Өтінушінің капиталындағы үлес _________________________________,
оның ішінде төленгені: ___________________________________________

10. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу (тікелей
немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы) туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
            (толық атауы және тіркеліп орналасқан жері)
___________________________________________________________________
                    (қызметтің негізгі түрлері)
___________________________________________________________________
                    (жарғылық капиталдағы үлес)

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару    
жөніндегі қызметті     
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы"        
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 177 қаулысына       
2-қосымша           

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінің тізбесі

     1) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" 1997 жылғы 3 қазандағы N 156а қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 404 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     3) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің ішкі регламентіне қойылатын талаптар" туралы нұсқаулығын бекіту туралы" 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 54 қаулысы және көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулық (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1129 тіркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 5 жарияланған);
     4) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1074 тіркелген, 2000 жылғы наурызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 3 жарияланған);
     5) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 702 қаулысы және көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулық (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1312 тіркелген, 2000 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған);
     6) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1515 тіркелген, 2001 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады