Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібінің регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2429. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 28.09.2012 № 287 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының  
Білім және ғылым министрі  
2003 жылғы 15 шілдеде   
келісілді         
 
  Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі 
2003 жылғы 11 шілдеде  
келісілді         

      Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарына , "Мектептен тыс ұйымдардың қызметі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысына сәйкес және "Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың тәртібі туралы регламент бекітілсін.
      2. Спорт басқармасы (Ю.П.Гуськов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Туризм және спорт жөніндегі  
агенттігі Төрағасының     
2003 жылғы 15 шілдедегі   
N 06-2-2/214 бұйрығымен   
бекітілген          

Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың тәртібі туралы регламент 1. Ұйымдық-әдістемелік нұсқаулар

      1. Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібі туралы регламенті Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарының , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мектептен тыс ұйымдардың қызметі ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының негізінде әзірленді.

      2. Спорт мектептері өз қызметінде мынадай міндеттерді шешуі қажет:
      - балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетілуіне бағытталған дене шынықтыру - сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
      - оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізу, жалпы білім беретін мектептерде БЖСМ-да жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты жәрдем көрсету, спорт мектептерінің, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмысындағы сабақтастықты дамытуға ықпал етуі;
      - оларды балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорттық бейімдегі мектеп-интернаттардағы және спорт шеберлігі мектептеріндегі мамандандырылған сабақтарға тарту үшін жүйелі оқыту процесінде қабілетті балалар мен жасөспірімдер табуы;
      - гигиена және алғашқы медициналық жәрдем саласында, сондай-ақ теориялық негізді игеру және өз жағдайын бағалаудың қарапайым тәсілдерін игеруде оқушылардың қажетті білім алуын қамтамасыз етуі;
      - мамандандырылған мектептерде, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінде және жоғары спорт шеберлігі мектептерінде спорт резервін даярлауды және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді қамтамасыз етуі қажет.

      3. Осы міндеттерді шешуде спорт мектептерінің басшылары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамы спорт мектептерінің күнделікті қызметінде мыналарға:
      - жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасау, спортпен шұғылданушыларға қалаған спорт түріне деген қызығушылықты оятуға;
      - тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, спорттық әдеп, жинақылық, тәртіп, өз ұжымына сүйіспеншілік пен берілгендік дағдыларын сақтауды жас спортшылардың бойына дарытуға;
      - оқу-жаттығу үдерісін жіті ұйымдастыру, шұғылданушылардың спорттық шеберлігін және жігерлілік қасиеттерін жетілдірудің маңызды шарты ретінде ғылым мен алдыңғы қатарлы практиканың деректерін қолдануға;
      - спорт жарыстарын жүйелі өткізу және өз ұжымындағы, қаладағы, облыстағы және т.б. жарыстарға шұғылданушыларды белсенді қатыстыруға;
      - шұғылданушыларға таңдаған спорт түрі бойынша сабақ сапасының және өнімділігінің маңызды факторы ретінде қажетті теориялық білімді игертуге ерекше назар аударуы қажет.

      4. Спорт мектептері спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терістеу айғақтары және денсаулығында ауытқушылығы жоқ балалар мен жасөспірімдердің оқуға түсуі және оқуы үшін тең жағдайлар, ал жоғары жетістіктер спортында келешегі бар адамдар үшін олардың спорттық жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.

      5. Спорттық жаттығу үдерісі кезінде шұғылданушылар мынадай көпжылдық дайындық кезеңдерінен өтеді:
___________________________________________________________________
  Дайындық кезеңдері  |Дайындық кезеңі |   Спорт мектептері
                      |     (жыл)      |
___________________________________________________________________
                                       |   БЖСМ,     МБЖСМ,  ЖСШМ,
                                       |Спорт клубы  ОРМБЖМ   ОДО
___________________________________________________________________
Спорттық-сауықтыру       Барлық кезең         х        *
Алғашқы даярлық          1-3 жыл              +        х
Оқу-жаттығу              4-5 жыл              +        +
Спорттық жетілдіру       3-4 жыл              х        +      +
Жоғары спорт шеберлігі   3 және одан          х        +      +
                         да көп жыл
___________________________________________________________________

      Шартты белгілер:       х - құрылтайшының шешімі бойынша
                             + - негізгі қызметі
                             * - мамандандырылмаған бөлімшелерде

      Ескерту: спорттық - сауықтыру даярлау кезеңінде денсаулықты нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15-ке дейінгі балалармен және жасөспірімдермен сабақтар өтеді.
      Алғашқы даярлау кезеңінде осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортта дарынды балаларды және жасөспірімдерді оқу-жаттығу топтарына іріктеу мақсатында спортпен шұғылданғысы келетін балалармен сабақтар өтеді.
      Оқу-жаттығу дайындық кезеңінде таңдаған спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардың ішінен топтар жасақталады.
      Спорттық жетілдіру кезеңінде елдің жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында бақылау нормативтерін орындаған және оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен спортшылардың арасынан топтар жасақталады.
      Жоғары спорт шеберлігі кезеңінде спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен спортшылар арасынан топтар жасақталады.

      6. Көп жылғы спорттық даярлау кезеңіндегі спорт мектептерінің қызметін бағалаудың өлшемі:
      1) Спорттық-сауықтыру
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
      шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің серпіні;
      гигиена және өзін-өзі бақылау негіздерін игеру деңгейі.
      2) Алғашқы даярлық
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы;
      шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің өсу серпіні;
      спорт түрлерінің техникасын, гигиена және өзін-өзі бақылау дағдыларын игеру деңгейі.
      3) Оқу-жаттығу
      шұғылданушылардың денсаулық жағдайы, физикалық жетілу деңгейі;
      шұғылданушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты даярлық деңгейінің серпіні;
      спорт түрлері бойынша бағдарламаларда көзделген жаттығу жүктемелерінің көлемін игеру;
      бағдарламаның теориялық бөлімін игеру.
      4) Спорттық жетілдіру
      шұғылданушылардың дене жетілуі мен функциональдық жай-күйінің деңгейі;
      спортшыны даярлаудың жеке жоспарында көзделген жаттығу мен жарыс жүктемелері көлемін орындауы;
      спорттық-техникалық көрсеткіштердің серпіні;
      республикалық жарыстардағы көрсеткіштері.
      5) Жоғары спорт шеберлігі
      Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткіштердің тұрақтылығы;
      Қазақстан Республикасы құрама командасының сапына даярланған спортшылар саны;
      Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия, Олимпиада ойындарында жоғары орындарды иеленген спортшылар саны.

      7. Осы ережеде анықталған қызметтерден басқа, спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық негізгі жарыстарға, республика құрама командаларын қалыптастыру мен даярлау, республика құрама командасына таяу арада резерв, спорттың ойын түрлері бойынша шеберлер командасын даярлау басты міндеті болып табылатын республикалық және облыстық (Алматы мен Астана қалаларында қалалық) спорт мектептері болады.
      Ведомстволық бағыныстылығына, тағылымдамашыларға және республика құрама командасының мүшелігіне (негізгі, жастар, жасөспірімдер құрамы) қарамастан, республикалық және облыстық спорт мектептерінің құрылымында тұрақты әрі өзгермелі спортшы-оқушылар құрамы болады.

2. Спорт мектептері мен олимпиадалық даярлау
орталықтарын жинақтау және олардың қызметі

      8. Спорт мектептері жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушыларынан, жұмыс істейтін жастардан және әскери қызметшілерден жинақталады.
      Олимпиадалық даярлау орталықтарында, олимпиадалық резерв даярлау орталығында шұғылданушылардың шектелімі халықаралық спорт ареналарында жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстан Республикасының жетекші спортшыларынан жинақталады.

      9. Спорт мектептерінің алғашқы даярлау топтарына қабылдауға арналған балалар мен жасөспірімдердің жасы
___________________________________________________________________
Жасы   |   Спорт түрлері
(жыл)  |
___________________________________________________________________
6-8        Спорттық гимнастика (қыздар), көркем гимнастика,
           мәнерлеп сырғанау
___________________________________________________________________
7-9        Акробатика, су шаңғысы, спорттық гимнастика (ұлдар),
           үстел теннисі, жүзу, суға секіру, керме серіппеде
           секіру, үйлесімді жүзу, теннис, ушу, фристайл, шахмат,
           дойбы
___________________________________________________________________
8-10       Бадминтон, баскетбол, қалашық спорты, спорттық
           бағдарлау, футбол, спорттық туризм
___________________________________________________________________
9-11       Бейсбол, биатлон, су добы, волейбол, қол добы, коньки
           спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы,
           желкен спорты, шаңғымен тақтай серіппеден секіру, регби,
           көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей,
           шорт-трек, ұлттық ат спорты түрлері, саят
___________________________________________________________________
10-12      Сомдалу, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес,
           кір тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде
           есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим
           күресі, самбо, шаңғы спорты, шыңға өрмелеу, қазіргі
           көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр
           атлетика, семсерлесу, ат спорты
___________________________________________________________________
11-13      Садақ ату
___________________________________________________________________
12-14      Стенд ату
___________________________________________________________________
13-14      Ауыр атлетика (қыздар)
___________________________________________________________________

      Ескерту: спорт мектептері қажет болған жағдайда, құрылтайшының және дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша спорт түрлерінің жіктемесіне енген ұлттық спорт және өзге спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау тобын аша алады.

      10. Алғашқы даярлау тобында шұғылданушыларға қойылған емтихандарын орындамаған жалпы білім беретін мектептердің жасы 6-дан 15-ке дейінгі оқушыларынан спорттық-сауықтыру топтары құрылады.
      Алғашқы даярлау топтары спортпен шұғылдануға ниетті жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан жинақталады.
      Оқу-жаттығу топтары алғашқы спорттық даярлықтан өткен, жалпы физикалық және арнайы даярлықтың нормативтік қабылдау талаптарын орындаған спортта дарынды балалар мен жасөспірімдерден жинақталады.
      Спорттық жетілдіру топтары Қазақстан құрама командасының үміткерлерінен немесе оның резервтік құрамының тиісті емтихандарынан және даярлықтың бұрынғы кезеңінен өткен оқушылардан жинақталады.

      11. Келесі оқу жылына оқушыларды ауыстыру сабақ өтілінің, олардың жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша ауыстыру емтихандарын орындауының негізінде жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен жүргізіледі. Осы талаптарды орындамаған оқушылар келесі оқу жылына көшірілмейді. Жоғары спорт шеберлігі тобындағы оқушылардан басқа, мұндай спортшылар спорт мектебінің педагогикалық кеңесінің шешімімен даярлау кезеңінде кемінде бір рет оқу жылында қайтадан оқуды жалғастыра алады. Егер осы топтар үшін белгіленген нормативтер мен талаптарды жыл сайын бекіткен жағдайда, олар спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған оқушылардың жасына шек қойылмайды.
      Ескерту: келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген, бірақ өткен оқу жылында бағдарламалық талаптарды орындаған жекелеген оқушыларға дәрігердің жеке шешімімен және педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын өте алады.

      12. Оқушылар саны, оқу топтарының құрамы және спорт мектебіндегі оқу сағаттарының жылдық есебін жыл сайын 1 қыркүйекте БЖСМ, ОРМБЖМ, ал жоғары спорт шеберлігі мектептері мен олимпиадалық даярлау орталықтарында 1 қаңтарда құрылтайшылар бекітеді. Жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы аяқталған кезде, БЖСМ мен ОРМБЖМ топтарының сандық құрамының 50%-ін құрайды.

      13. Спорт мектептерінің алғашқы даярлау топтарына оқушыларды қабылдау оқуға түсушінің ата-анасының, жалпы білім беретін мектеп басшылығының келісімімен тұрғылықты жері бойынша балалар дәрігерінің немесе жалпы білім беретін мектептің дәрігерінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Алғашқы даярлау топтарына қабылдау спорт мектебінің 25 қыркүйекке дейінгі бұйрығымен жүргізіледі. Оқушы топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы оны бір ай мерзім ішінде жасақтауға міндетті.

      14. Кейінгі оқу жылында оқушыларды топтарға қабылдау дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысы негізінде, осы топтарға көзделген және құрылтайшы бекіткен жаттықтырушылар кеңесінің ұсынысы және бақылау нормативтерін орындаудың нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
      Қабылдау емтихандарын тапсырмаған оқушылар мектептің оқу-жаттығу топтарына алынбайды.

      15. Оқушыларды қабылдау және оларды шығару спорт мектебі директорының бұйрығымен рәсімделеді.
      16. Спорттың ойын түрлерінен спорт шеберлігін көтеруге бағытталған спорт мектептерінің оқушылары спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, спорт колледждерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің топ құрамына кірмейді, бірақ сол спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып саналады және соның командасына алынады. Топтарды жабдықтағанға дейін оған алдыңғы оқу жылынан алынған оқушылар қабылдануы мүмкін. Оқу-жаттығу жұмысының режимі және осы топты толықтыру оқытудың әрбір кезеңі аяқталғанға дейін сақталады.
      ЖСШМ, СДБМИ, спорт колледждерінің спорттың ойын түрлері бойынша шеберлер командасы, спорт шеберлігін көтеру үшін спорт мектептеріне жіберілген жекелеген оқушылар және оқу топтары жарыстардың өту кезеңінің ішінде (1, 2, 4 жыл) номенклатурадағы басшы қызметкерлер мен мамандардың алған өтемақысы сақтала отырып, осы мектептің төрт жылдық кезеңі ішінде өтемақы төлеу топтары сақталады.
      Оқу-жаттығу топтарында оқытудың барлық кезеңінен өткен және СДБМИ-ге, спорт колледждеріне, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне спорттық жетілдіруге жіберілген спорт мектептерінің "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағын орындаған оқушылар екі ұйымға да (олимпиадалық кезең бойында) бірдей есептеледі.

3. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      17. БЖСМ-да оқу жылы 1 қыркүйектен, ал жоғары спорт шеберлігі мен олимпиадалық даярлау орталығында 1 қаңтардан басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген оқу-жаттығу сабақтарында тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына қатысуды қоса отырып, жарыстарда, спорттық-сауықтыру лагерьлерінде және оқушылардың демалысы кезінде олардың жан-жақты тынығуы үшін жеке жоспар бойынша тікелей жүргізіледі.
      Ереженің негізінде әрбір спорт мектебі мен олимпиадалық даярлау орталығы өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлерді ескере отырып, өзінің қызметінің бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасы БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО-ның педагогикалық ұжымы әзірлейді және құрылтайшылар бекітеді.

      18. Спорт мектептері, спорт клубтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резерв дайындау орталықтары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген командалар мен оқушыларды дайындау үшін оқу-жаттығу жұмысына арналған қаржы бөлудің шегінде ұзақтығы 18 күнге дейін облыстық және ұзақтығы 24 күнге дейін республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалудың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге құқылы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жылына 150 күнге дейін, жоғары спорт шеберлігі мектептері мен спорт клубтарында, олимпиадалық даярлау орталықтары мен олимпиадалық резерв дайындау орталықтарында 250 күнге дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге құқылы.

      19. Спорт мектептері (БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ және ЖШСМ) жұмысының негізгі нысандары мыналар:
      оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);
      оқу-жаттығу жиындарына арналған оқу-жаттығу сабақтары;
      спорт жарыстарына қатысу;
      спорттық-сауықтыру лагерьлеріндегі оқу-жаттығу үдерісі;
      медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
      теориялық сабақтар;
      оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік практикасы;
      оқу кинофильмдерін, киноқайталауларды, кинограммаларды, бейне бағдарламаларды, спорт жарыстарын көру және талдауды;
      перспективалық жоспар құру және бір жылдық жұмысқа талдау жасау;
      Олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиада резервін даярлау орталықтарында оқу-жаттығу сабақтары жаттықтырушы-оқытушының әзірлеген дайындықтың жеке жоспары бойынша өтеді.
      Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы көлемінде қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өтіледі. Оқушылар құрамы бар болған жағдайда, белгіленген сандағы топтарға арналған сабақтар демалыс кезінде де жалғаса беретін болады.
      Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау тобындағы бір сабақтың ұзақтығы кемінде аптасына төрт рет сабақ өту кезінде екі-үш академиялық сағаттан аспауы керек; аптасына жүктемесі 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда аптасына 4 академиялық сағатқа, ал күніне екі рет жаттығу сабағы кезінде үш академиялық сағатқа дейін болуы керек. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында төрт академиялық сағаттан болады.
      Қазіргі көпсайыстан сабақтарға қаражат бөлуді ескере отырып, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтілуі қажет, спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлонда 2 есеге көбейту, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, оқу бағдарламасына енбейтін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы 1,5 есе көбейтіледі.
      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту жұмысқа топпен бірге негізгі жаттықтырушы-оқытушыны және спорттың ұқсас түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды жұмысқа бірден алған жағдайда жүргізіледі.

      20. Оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру және оқу-жаттығу топтарында сабақ өткізу үшін осы топтарға арнап бекітілген оқу-жаттығу жұмысы оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегінде, спорт түрлерінен негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, қосымша екінші жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа шақырылады.

      21. Спорттық және көркем гимнастика, акробатика, үйлесімді жүзу, конькиде мәнерлеп сырғанау бөлімшелерінде оқу-жаттығу сабақтарының жалпы санының 70%-не дейін музыкалық сүйемелдеумен жүргізілуі мүмкін. Суға секіруде, батутада секіруде, фристайлда сүйемелдеушілердің мөлшерлемелері оқу жоспары бойынша хореографияға бөлінген жалпы сағат саны есебінде көзделеді.

      22. Жыл бойғы жаттығулары мен оқушылардың демалысы кезінде белсенді тынығуды қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерьлері ұйымдастырылатын болады.

      23. Директор бекіткен жоспар бойынша спорт мектебі оқушылармен идеялық-тәрбиелік жұмыс ұйымдастырады және жүргізеді. Спорт мектебіндегі тәрбие жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына, Отанды сүюге және ұжым алдындағы жауапкершілікті дамытуға ықпал ететін болады және оқушылардың жасы мен жеке ерекшелігін, спорт шеберлігі деңгейін ескеріп, жүзеге асырылады.

4. Спорт мектептерін жинақтау, оқу топтарын толықтыру тәртібі, оқу-жаттығу жұмысының режімі

___________________________________________________________________
                 | Оқу  |Топтардағы  |   Оқу топтарын толтыру
                 | жылы |оқу-жаттығу |   Спорт түрі бойынша топтар
                 |      | жұмысының  |
                 |      |  режімі    |
                 |      | аптасына   |
                 |      |   сағ.     |
___________________________________________________________________
                                     |      1  |  2  |  3  |  4
___________________________________________________________________
       1         |  2   |     3      |      4  |  5  |  6  |  7
___________________________________________________________________
1. Спортшы-оқушыларды спорт мектептерінің дайындық кезеңдеріне әзірлеу
___________________________________________________________________
Жоғары спорт    Барлық
шеберлігі       кезеңде    32 (36)         3     6     4     2

Спорттық        1 жыл      24              5     6     6     3
жетілдіру       2 жыл      26              4     6     5     3
                2 жылдан   28              4     6     5     3
                жоғары

Оқу-жаттығу     1 жыл      12              8    12    10     5
                2 жыл      14              8    12    10     4
                3 жыл      18              6    12     8     4
                3 жылдан   20              6    12     8     3
                жоғары

Алғашқы даярлау 1 жылдан    8             14    18    14     8
                жоғары     10             12    16    12     6  

Спорттық        Кезең
сауықтыру       бойы        6             16    20    18    12
___________________________________________________________________
2. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарында шұғылданушыларды даярлау
___________________________________________________________________
Спорт           Кезең 
секциялары      бойы        6            16     20    18    12

Дене шынық.
тыру-сауықтыру
(спорт
түрлеріне       Кезең
қарамастан)     бойы        6            20     20    20    20
___________________________________________________________________

      Ескерту: спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушының мөлшерлемесі аптасына 24 сағат көлемінде бекітіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз мектебіндегі спорт түрі бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған мөлшерлемелердің есебінен ақы төлеу арқылы спорт мектебінің директорына, оқу бөлімінің меңгерушісіне (директордың орынбасарына), аға нұсқаушы-әдіскерге және нұсқаушы-әдіскерге күніне (аптасына 12 сағат) 2 сағат сабақ өткізуге рұқсат етіледі;
      Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтар саны 4 адамға толығады;
      Оқу топтарының құрамында (ЖСШТ) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құраманың мүшесі бар болған жағдайда, спорт түрі бойынша осы топтың аптасына сағат саны 36-ға дейін артуы мүмкін;
      спорт секцияларында және дене шынықтыру-сауықтыру топтарында оқу оқытушылық жұмыстың нақты режимі шұғылданушылардың көрсетілген шектеліміне арналған оқу бағдарламасына сәйкес белгіленеді;
      жекелеген жағдайда спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңіне арналған оқу топтарының сандық құрамы спорт мектебі басшылығының шешімі және жаттықтырушылар кеңесінің қорытындысы бойынша 1-2 адамға көбейіп, бекітіледі;
      1-топқа: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, ат спорты, жеңіл атлетика көпсайысы, сырықпен секіру, батутада секіру, шаңғымен серіппе тақтайдан секіру, шана спорты, үйлесімді жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тікұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлері жатады;
      2-топқа спорттың командалық ойын түрлері жатады, көкпар;
      3-топқа спорттың қалған түрлерінің бәрі жатады;
      4-топқа ұлттық ат спорты түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу) қыран құстармен аң аулау-саят, аударыспақ, сайыс, теңге алу жатады;
      1-топқа енген спорт түрлерінде негізгі жаттықтырушыдан басқа ұқсас спорт түрлерінің бапкерлері, сондай-ақ хореографтар, сүйемелдеушілер жұмысқа шақырылады. Олардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып, белгіленеді және негізгі жаттықтырушыға белгіленген нормативтен 50%-ке артық болмауы қажет;
      кезекті оқу жылы мен даярлау кезеңіне ауысу емтихандарын тапсырмаған (оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру, жоғары спорт шеберлігі) спортшы-оқушыларды қабылдау жарыстағы көрсеткіштері жақсарған жағдайда және жалпы, арнайы және техникалық даярлау сынақтарынан өткенде және дайындық кезеңі бойынша олардың спорт шеберлігінің ауысу емтихандарын орындаған жағдайда жүргізіледі;
      спорт мектептерінде спортшы-оқушылардың шеберлік деңгейіне мынадай талаптар қойылады;
      өткен жылы спорттың командалық түрлерінде спорт шеберлігінен кандидат разряды талаптарын орындаған және сол разрядты бекіткен, ал қалған спорт түрлерінде "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан кем емес спорт атағы бар жоғары спорт атағының талаптарын орындаған спортшы-оқушылар жоғары спорт шеберлігі кезеңіне алынады;
      спорттық жетілдіру кезеңіне спорт түрлері бойынша бағдарламаның нормативтік талаптарын орындаған және алдыңғы жылы спорттың командалық ойын түрлерінен 18 жастан асқан спортшылар үшін коньки спорты мен жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разрядты, ал қалған спорт түрлерінде "Спорт шеберлігінен үміткер" талаптарын орындаған спортшы-оқушылар қабылданады;
      оқу-жаттығу процесінде алғашқы даярлау кезеңінде бір оқу жылын аяқтаған спортшы-оқушылар қабылданады.

      24. Спорт мектептерінің, спорт клубтарының, олимпиадалық даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
      алғашқы даярлау топтарындағы оқу топтарының тұрақтылығы БЖСМ бағдарламаларын игеру деңгейі, жалпы дене дайындығы, оқу-жаттығу топтарына конкурс бойынша түскен шұғылданушылардың саны ескеріле отырып;
      оқу-жаттығу топтарында топ құрамының тұрақтылығы ескеріле отырып, жалпы және арнаулы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындаған, жарыстарда нәтижелерге жеткен түлектерінің арасынан қоғамдық нұсқаушылар мен спорт жөніндегі төрешілерді дайындауына;
      спорттық жетілдіру топтарында шұғылданушылардың бағдарламалық талаптарды, соның ішінде спорттық даярлау бойынша ел құрама командаларына даярланған үміткерлер саны, республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне;
      жоғары спорт шеберлігі топтарында елдің құрама командаларына (негізгі және резервтік құрам) даярланған үміткерлердің санын ескере отырып, олардың республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткен нәтижелеріне байланысты бағаланады.

      25. Спортшыларды даярлауда қол жеткен табыстарына және оқушыларды СДБМИ, ЖШСМ, ОРМБЖМ-ге жібергені үшін жаттықтырушы-оқытушылар белгіленген тәртіппен біліктілік санаттарына, құрметті атақтарға, грамотаға және басқа да ынталандыру шараларына ұсынылады.

      26. БЖСМ, ОРМБЖМ, ЖШСМ және МБЖСМ-да педагогикалық кеңес құрылады, оның құрамында: директор (кеңестің төрағасы), оқу бөлімінің меңгерушісі (төрағаның орынбасары), аға нұсқаушы-әдіскер, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, білім, кәсіптік білім, дене шынықтыру органдарының, кәсіподақ және басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері болады.
      Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Ол өзінің отырысында оқу-жаттығу, идеялық-тәрбиелік, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстарды, дәрігерлік бақылауды тыңдап, талқылайды және солар бойынша шешімдер қабылдайды.

      27. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда мектеп директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады. Бұл ретте екі қосымша жұмыс істеуші бір жаттықтырушы-оқытушы штаты болып есептеледі. Аға жаттықтырушы-оқытушылар бөлімшеге түгелдей басшылық жасау үшін де, оқу кезеңдері, жасөспірімдер мен қыздардың құрамы бойынша да тағайындалады.

      28. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, онда спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, спорт жөнінен жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемелері, ашық жаттығу сабақтарын өткізу, соңынан оларды талқылау және тәжірибе алмасу жөніндегі хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.

      29. Бүкіл спорт мектептерінің толық немесе мектептің спорт түрінен бөлімшесінің жұмыс нәтижелері бойынша олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша мамандандырылған мектеп (бөлімше) МБЖСМ мәртебесі және олимпиадалық спорт түрлері бойынша (ОРМБЖМ) мамандандырылған мектеп мәртебесі берілуі мүмкін.
      МБЖСМ-ға егер осы спорт мектебінде кемінде 2/3 бөлімшенің мамандандырылған, олимпиадалық резервтің мамандандырылған атағы болған жағдайда олимпиадалық резерв мәртебесі беріледі.
      БЖСМ-да "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағын иеленген спортшыларды даярлау немесе Қазақстан Республикасының чемпиондарын, немесе біріншіліктерге, Азия, әлем чемпионаттарына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысушыларды тікелей даярлау спорт мектебіне мамандандырылған мәртебе берудің шарты болып табылады.
      Осы спорт түрі бойынша спорттық жетілдірудің кемінде екі тобын жасақтау үшін адам құрамы жеткілікті болған жағдайда спорт мектебінің бөлімшесіне спорт түрінен мамандандырылған мәртебесі берілуі мүмкін.
      Мамандандырылған мектептер (МБЖСМ, МОРБСМ, бөлімшелер) ашу мен осы мектептер (бөлімшелер) үшін көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарын ендіру құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және оны дене шынықтыру мен спорт саласындағы республикалық уәкілетті орган бекітеді.
      Төрт жыл өткеннен кейін МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлімшелер белгіленген тәртіппен қайта бекітіледі.
      МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлімшелер, спорт түрлерінен олимпиадалық резервтің мамандандырылған бөлімшелері жұмыс көрсеткіштерін төмендеткен жағдайда, құрылтайшының шешімімен және дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша БЖСМ-ға көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарына көшірілуі мүмкін.
      БЖСМ және спорттан бөлімшелер жұмыстарын жақсартқан жағдайда, жалпы негізде мамандандырылған номенклатураға көшірілуі мүмкін.

      30. Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау тобынан, оқу-жаттығу топтарынан және спорттық жетілдіру топтарынан құрылады. Спорттық жетілдіру топтары топтардың жеке тізімі бекітілген жағдайда дене шынықтыру мен спорт саласындағы облыстық уәкілетті органның келісімі бойынша спорттық жетілдіру топтарынан құрылтайшының шешімі бойынша жасақталады.
      Мамандандырылған спорт мектептерінде оқу-жаттығу топтарының жұмысы жоғары дәрежеге жеткен жағдайда жоғары спорт шеберлігі топтары ашылатын болады.
      Жоғары спорт шеберлігі тобының топ құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық уәкілетті органның келісімі бойынша құрылтайшының шешімімен ашылады.

5. Дәрігерлік бақылау

      31. Алғашқы даярлау тобындағы қабылданушылар аймақтық амбулаторлық-емханалық ұйымдардың берген денсаулығы жайындағы анықтаманы БЖСМ-ға тапсырады.
      Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқу-жаттығу топтарында шұғылданушыларға дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері бақылау жүргізеді. Спорт мектебінің дәрігері спорт мектебіндегі оқу-жаттығу процесі мен жарыстарды қамтамасыз етуді, жаттығу жүктемелеріне және үдемелілік көлеміне бақылауды жүзеге асырады, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын жасайды және бекітеді. Әрбір оқушыға белгіленген үлгідегі дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектептің медицина кабинетінде немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде (аумақтық емхананың дәрігерлік бақылау кабинетінде) сақталады.

6. Мектептің құжаттамасы

      32. Спорт мектептерінің мынадай құжаттамалары:
      өткен жылғы жұмысқа талдау, ұйымдық, оқу, спорттық-бұқаралық, тәрбиелік, әдістемелік, қаржы-шаруашылық жұмысын, біліктілікті арттыру, медициналық қамтамасыз ету, ата-аналармен, жалпы білім беретін мектептермен және кәсіптік-техникалық училищелермен жұмыс, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бөлімдерін қосқанда құрылтайшы бекіткен мектептің жылдық жұмыс және айлық жоспарлары;
      жарыстардың қабылдау, бақылау және шығару нормативтері мен олардың жалпы және арнаулы физикалық, техникалық даярлау және сынақтан өту кестесінің хаттамалары;
      спорттық жетілдіру мен жоғары спорт шеберлігі топтарының әрбір оқушысына арналған жеке жоспарлары;
      1-қосымшаға сәйкес БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ның картасы, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ғы спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың жеке карталары;
      оқу-жаттығуларының кестесі;
      спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жұмысының (бірыңғай) есеп журналы;
      мектеп оқушыларының жасы, оқу жылы басталардағы спорттық дайындығының оқу өтілі көрсетіліп, бұйрықпен бекітілген бөлімшелер мен оқу топтары бойынша мектеп оқушыларының тізімі;
      құрылтайшы бекіткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының кестелік тізімі;
      педагогикалық және жаттықтырушылар кеңесінің хаттамалары;
      кіру және шығу құжаттарының папкілері;
      мектеп оқушыларының жеке іс қағаздары, бұйрық кітаптары, еңбек кітапшалары, сенім хаттары мен басқа да құжаттарды беру;
      5 фк үлгісі бойынша есептердің көшірмелері болуы керек.
      Ескерту: Аға жаттықтырушы-оқытушының және жаттықтырушы-оқытушының саны олардың оқу жүктемесі мен бағдарлама бойынша өткізетін оқу сағаттарына және жалақы қорына байланысты болады. Бұл ретте егер оның басшылығымен кемінде үш жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істесе, онда аға жаттықтырушы-оқытушы лауазымын ұстауға болады.
      Егер оның басшылығымен кемінде үш нұсқаушы-әдіскер жұмыс істесе, онда аға нұсқаушы-әдіскер лауазымы тек қана мамандандырылған мектептерде болады.
      Табель бойынша көзделсе және жүк, жеңіл, арнаулы автокөлік немесе автобус болған жағдайда жүргізушілерді ұстауға болады.
      Үйлерде, ғимараттарда қызмет етуші жұмысшылардың саны және кіші қызмет көрсетушілер (дәнекерлеуші-сантехник, электрик, үй сыпырушы, есік алдын сыпырушы, вахтер, гардеробшы, күзетші, кезекші, химиялық жолмен тазалаушы аппаратшы (хлоршы), компьютерлерге қызмет көрсету жөніндегі техник, механик, зертханашы және басқалар) жергілікті атқарушы органдар бекіткен нормаға сәйкес болады.

      40. Жаттықтырушы-оқытушылардың, әкімшіліктің оқу-жаттығу үдерісін қамтамасыз ету, спорт мүкәммалдары мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі қызметшілердің, жұмысшылардың штатын спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарының санаттарын ескере отырып, белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекітеді.

      41. Жұмыс ерекшелігін ескере отырып және оның оқу-жаттығу процесін тиімді қамтамасыз етуі үшін БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО, ОРДО және спорт клубтарының спорт мектептеріне бөлінген қаражаты шегінде арнаулы автокөліктері (қайықтарды, қару-жарақты, спорттық шаналарды, боб-шаналарды, аттарды алып жүруге арналған арнайы машиналар, велосипедшілерге, спорттық жүріс желаяқтарына ілесіп отыратын арнайы машиналар) болады.

      42. Спорт мектептері, олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиадалық резерв даярлау орталықтары үшін спортшының бірыңғай спорт киімі, эмблемасы, белгісі мен оқушы билеті белгіленеді.

Қазақстан Республикасының 
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі Төрағасының   
2003 жылғы 15 шілдедегі  
N 06-2-2/214 бұйрығына   
N 1-қосымша      

БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ КАРТАСЫ

Мекен-жайы ____________________________ жабдықтар __________________
Спорт түрі ____________________________ ашылған жылы _______________

I. Жинақтау

____________________________________________________________________
    Даярлау     |Оқу |      Оқу топтары мен оқушылардың саны
   кезеңдері    |жылы|_____________________________________________
                |    |  200__ж.  |  200__ж.  | 200__ж.   |200__ж.
                |    |_____________________________________________
                |    |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы |Топ |Оқушы
____________________________________________________________________
Алғашқы даярлау    1
                   2

Оқу-жаттығу        1
                   2
                   3
                   4
                   5

Спорттық жетілдіру 1
                   2
                   3

Жоғары спорт      Барлық
шеберлігі         кезең

БАРЛЫҒЫ
____________________________________________________________________

II. Шұғылданушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)

____________________________________________________________________
Оқушының|        ЖСШК       |         СШ        |       СШК
  жасы  |                   |                   |
____________________________________________________________________
        |200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_|200_ 200_ 200_ 200_
____________________________________________________________________
22 және
одан
жоғары
____________________________________________________________________
21

20

19

18 және
т.б.
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_____________________________
Оқушының|      1 с.р.
  жасы  |
_____________________________
         200_ 200_ 200_ 200_
_____________________________
22 және
одан
жоғары
_____________________________
21

20

19

18 және
т.б.
_____________________________

III. Спорт резервін даярлау

____________________________________________________________________
Ұлттық құрама   | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
командалар     |           |           |            |
____________________________________________________________________
Негізгі құрам

Жастар құрамы

Жасөспірімдер
құрамы
____________________________________________________________________

IV. Жаңадан даярланды

____________________________________________________________________
  Біліктілігі    | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
____________________________________________________________________
ЖДСШ

СШ
____________________________________________________________________

V. Жарыстарға қатысқан оқушылар саны

____________________________________________________________________
    Құрамы   |Иеленген |      Халықаралық    |   Республикалық
             |  орны   |____________________________________________
             |         |200_|200_|200_|200_ | 200_| 200_| 200_|200_
____________________________________________________________________
Ересектер     10-ғы 1-3
                орын

Жасөспірімдер 10-ғы 1-3
                орын

Жастар        10-ғы 1-3
                орын
____________________________________________________________________
 
  таблицаның жалғасы
___________________________________
    Құрамы   |     Облыстық
             |_____________________
             | 200_ 200_ 200_ 200_
___________________________________
Ересектер

Жасөспірімдер

Жастар
___________________________________

VI. Жүлделі жеке және командалық орындар

____________________________________________________________________
  Жарыс деңгейі | 200__ж.   |  200__ж.  |   200__ж.  |   200__ж.
____________________________________________________________________
Халықаралық

Республикалық

Облыстық
____________________________________________________________________

      Директор_________________
      Оқу бөлімінің меңгерушісі___________________
      Аға жаттықтырушы_____________

Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы

БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ ____________________ бөлімдер __________________
                        Керек-жарағы                  спорт түрі
___________________________________________________________________.
                      Тегі, аты, әкесінің аты
Туған жылы ____________ білімі _______________ бітірді_____________
Педагогтік жұмыс өтілі______жыл соның ішінде осы мектепте _____ жылы
                                            қай жылдан бастап
Спорттық атағы __________________ Құрметті атағы __________________

Біліктілігін арттыру

____________________________________________________________________
Жыл |    ДШИ атауы,  |  Қайта даярлаудың ұзақтығы  |  N  құжат
     | қайта даярлау  |                             |   берілді
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі

____________________________________________________________________
Жыл | N бұйрықпен санат беру  | Жыл  | N бұйрықпен қайта санат беру
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешілері-ресми халықаралық жарыстарға қатысушылар

____________________________________________________________________
Жыл | Спортшының |Туған | Жарыстардың  | Бағдарламаның | Иеленген
     |   Т.А.Ә.   |жылы  |   атауы      |     түрі      |   орны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Жұмыс көрсеткіштері

____________________________________________________________________
    Көрсеткіштері       |                Оқу жылдары
                        |___________________________________________
                        |200_|200_|200_|200_ | 200_| 200_| 200_|200_
____________________________________________________________________
Тариф бойынша апталық
жүктемесі

Оқу топтарының және
онда шұғылданушылардың
саны

Алғашқы даярлық  1 жылға
                 2 жылға

Оқу-жаттығу      1 жылға
                 2 жылға
                 3 жылға
                 4 жылға
                 5 жылға

Спорттық жетілдіру
                 1 жылға
                 2 жылға
                 3 жылға

Жоғары спорт
шеберлігі       (кезең бойы)

Құрама           негізгі
командаларға     жастар
даярланды:     жасөспірімдер

Жарыстардың     халықаралық
жүлдегерлері
(адам):         республикалық

Спорттық         - ОЖТ-ға
шеберлікті         СЖТ-ға
арттыруға          ЖСШ-ға
берілді
даярлау    шеберлер командаларына
кезеңдеріне:        МОРБЖМ
                    СДБМИ
                    ЖСШМ

МОРБЖМ              - ДШИ-ға
оқушылары             ДШТ-ға
арасынан          пед.жоғары
оқуға         оқу орындарының
түсті:        д/т факультетіне
___________________________________________________________________

      Оқу жөніндегі меңгеруші ______________________________
                                қолы және толтырған күні
      Директор ____________________________________
                     қолы және толтырған күні

СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

Т.А.Ә.______________ Туған жылы, айы, күні_______ Спорт түрі ______

Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _______________
Спорт мектебі _______________________
Спорт  қоғамы _________________________ Қала ______________________
___________________________________________________________________
     Топтар     |Оқу|Тек.|                                    |Дәрі.
                |жы.|се. |           Дене жетілуі             |гер.
                |лы |ріл.|                                    |дің
                |   |ген |                                    |қоры.
                |   |күні|___________________________________ |тын.
                |   |    |бойы|сал.|таба.|сау.|өкпе.|ең  |ең  |дысы
                |   |    |    |мағы|нының|сақ.|нің  |көп |көп |
                |   |    |    |    |ұзын.|тар.|өмір.|от. |от. |
                |   |    |    |    |дығы |ды  |лік  |те. |те. |
                |   |    |    |    |     |жұму|кө.  |гін |гін |
                |   |    |    |    |     |күші|лемі |пай.|пай.|
                |   |    |    |    |     |    |     |да. |да. |
                |   |    |    |    |     |    |     |лану|лану|
                |   |    |    |    |     |    |     | мл/|мл/ |
                |   |    |    |    |     |    |     |мин |мин |
                |   |    |    |    |     |    |     |    | кг |
___________________________________________________________________
БЖСМ-ға қабыл.
данған кездегі
бастапқы
мәліметтер

Алғашқы
даярлық          12

Оқу-жаттығу       1
                  2
                  3
                  4
                  5

Спорттық
жетілдіру         1
                  2
                  3

Жоғары спорт
шеберлігі       Кезең
                бойы
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
   Топтар      |Оқу|                                         |Арнайы
               |жы.|         Жалпы дене дайындығы            | даяр.
               |лы |                                         | лық
               |   |                                         |
               |   |                                         |
               |   |________________________________________________
               |   | 30 |жү.|жү.|3 х |орнын.|Тар.|Доп.|Абала.|
               |   |мге |гі.|гі.|10 м|  да  |тылу| ты |қовша |
               |   | жү.| ру|ру |ай. |тұрып |    |оты.| жоға.|
               |   |гіру| 6 |10 |нал.| ұзын.|    |рып | рыға |
               |   |    |мин|сек| ма | дыққа|    |лақ.|секіру|
               |   |    |   |   | жү.|секіру|    |тыру|      |
               |   |    |   |   |гіру|      |    |    |      |
____________________________________________________________________
Бастапқы
мәліметтер

Алғашқы даярлық  12

Оқу-жаттығу       1
                  2
                  3
                  4
                  5

Спорттық
жетілдіру         1
                  2
                  3

Жоғары спорт    Кезең
шеберлігі       бойы
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_____________________________________________________
   Топтар      | Үздік спорттық Бәсекелестік жаттығу
               |  көрсеткіш      қызметі
______________________________________________________
               |                Жарыс. | Сөре |Жаттығу
               |                 тар   | саны |күнде.
               |                саны   |      |рінің
               |                       |      | саны
______________________________________________________
Бастапқы
мәліметтер

Алғашқы даярлық

Оқу-жаттығу

Спорттық
жетілдіру

Жоғары спорт
шеберлігі
______________________________________

      Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:

      ОЖТ-ға   __________________
      СЖТ-ға   __________________
      ЖСШТ-ға  __________________
      бітіру   __________________

                  Жаттықтырушы ____________________
                  Аға жаттықтырушы _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады