Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2478 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 1 қарашада № 44 (148) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларына:
4-тармақтың 6) тармақшасындағы «шағын мектептер» деген сөздерден кейін «(ауылдық мектеп)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бейімделген ғимараттарға ауылдық мектептерді орналастыру кезінде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы білім беретін ұйымның түріне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша осы санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкес айқындалады.»;
30-тармақта бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Медициналық пунктінің толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлмемен жабдықталады, жарақтандыру және жабдық, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттамасының тізбесін жүргізу осы санитарлық ережелерге сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келіседі.
Бейімделген ауылдық мектептердің медициналық кабинетінде орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмаған жағдайда су құйып қолданатын қол жуғыштар (сорғымен су жинайтын бак) орнатылады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауылдық мектепте асхана болмаған жағдайда шикізат дайындауға, тамақ әзірлеуге және дайын өнімді таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемінде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады.
Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзірлеу ағындылығы есепке алына отырып жүзеге асырылады.»;
41-тармақта «Шағын комплектілі мектептерде» деген сөздерден кейін «(ауылдық мектептерде)» деген сөздермен толықтырылсын;
74-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауылдық мектептерде орталықтанған (орталықтанбаған) сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда арнайы автокөлікпен тасымалданатын ауыз суды тасымалдау ұйымдастырылады.»;
82-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Екі немесе одан да көп ауысымда жұмыс істейтін ауылдық мектептерде бесінші және соңғы сынып оқушыларын, сондай-ақ терең білім беретін сыныптардағы оқушыларды екінші ауысымда оқыту ұйымдастырылады.»;
93-тармақ мынадай мазмұндағы абзацымен толықтырылсын:
«Ауылдық мектептерде меншікті спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру бойынша сабақтар ойын бөлмесінде, гимнастика залында, рекреацияларда немесе мектептің дәлізінде ұйымдастырылады, мектепке жақын орналасқан спорт құрылыстары пайдаланылады.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ Ж.Қ. Түймебаев
2010 жылғы 22 маусым
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің
төрағасы ______________ С.К. Нокин
2010 жылғы 29 маусым