Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 746 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2493. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен

Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысынан
Үзінді:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2493 тіркелген.
      ...
______________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығына  сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 746 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 26 сәуір - 9 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1290 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына N 1 қосымшаға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381  қаулысымен  бекітілген өзгерісімен және толықтыруымен және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1425 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына N 1 қосымшаға толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14  қаулысымен  бекітілген толықтыруымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы";
      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігіне жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады