Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру туралы ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Тіркеу N 2514. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 355 (V043351) қаулысымен.

     "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
     1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру туралы ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
     1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 440 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 1044 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 31 қаңтар - 13 ақпанда жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын есептеу және есеп беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және осы мәселе бойынша бұрын қабылданған кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 1527 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 4-17 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
     3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
     5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарына арналған     
пруденциалдық нормативтер және
пруденциалдық нормативтердің  
орындалуы жөнінде есеп беру  
туралы ережені бекіту жөнінде"
2003 жылғы 21 тамыздағы   
N 310 қаулысымен бекітілген   

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған
пруденциалдық нормативтер және пруденциалдық
нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру
туралы ереже

     Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жасалды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынудың нысаны мен мерзімін және пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында осы Ережеде пруденциалдық нормативтердің мынадай түрлері белгіленген:
     1) төлем қабілеттілігінің нормативтері;
     2) қаржылық тұрақтылық нормативтері.

     2. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері олардың өтімділігін ескере отырып оның қабылданған міндеттемелер мен активтер арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауы болып табылады.

     3. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштеріне:
     1) жарғылық және меншік капиталдың ең төменгі мөлшері;
     2) активтердің құны және оның диверцификациялану дәрежесі;
     3) сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелердің мөлшері;
     4) төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері;
     5) сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі міндеттемелер көлемдерінің арақатынасы;
     6) көрсетілетін сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельділігі (пайдалылығы);
     7) іске асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігі.

     4. Осы Ереженің 3-тармағының 1), 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің нормативтік мәні және әдістемесі сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2-тарау. Төлем қабілеттілігінің нормативтері

     5. Төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігінің мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
     1) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі, ол мына формула бойынша өтімділігі жоғары активтердің сақтандыру резервтеріне қатысы ретінде есептеледі:

                               ВА
                 Нва = > ------------------,
                               СР
     мұндағы:
     Нва - өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі;
     ВА - осы Ереженің 6-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген өтімділігі жоғары активтердің құны;
     СР - сақтандыру ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы.
     Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс;
     2) сақтандыру ұйымының мына формула бойынша оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтер құнының жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жеке капиталының ең төменгі мөлшеріне қатысы ретінде есептелген меншік капиталының жеткіліктілік нормативі:

                             А - СР - О
                 Нк = > ------------------,
                                 Мск
     мұндағы:
     Нк - сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі;
     А - сақтандыру ұйымының осы Ереженің 6-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген барлық активтерінің құны;
     СР - сақтандыру ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы;
     О - сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін қоспағандағы міндеттемелері;
     Мск - жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген меншік капиталының ең төменгі мөлшері.
     Сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс.

3-тарау. Сақтандыру ұйымы активтерінің құны

     6. Төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру ұйымының активтері құнының есебіне:
     1) ақша:
     кассадағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     жолдағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     ағымдағы шоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     картшоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдар (депозиттер):
     талап ету бойынша салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     мерзімді салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     3) осы Ереженің 11-тармағының 3)-9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     4) материалдық емес активтер:
     бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескере отырып баланстық құнының көлемінде;
     5) күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып қайта сақтандырушылардан алынатын сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары:
     шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің жүз проценті көлемінде;
     90 күнге дейінгі мерзімге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің елу проценті көлемінде.

     7. Осы Ереженің 6-тармағына сай сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде ескерілетін активтердің құнын есептеу кезінде мыналар ескерілмейді:
     1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектелген активтер (кепілге ұсыну, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және басқалары);
     2) еншілес, бағынышты және бірге бақыланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзге аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі;
     3) сақтандыру ұйымының активтері сомасының 10%-нен асатын сақтандыру ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуге инвестициялар сомасы;
     4) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілмеген активтер.

     8. Сақтандыру ұйымы активтерін есепке алу және қайта бағалау қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және сақтандыру ұйымының есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.

     9. Құны шетел валютасында көрсетілген активтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаланады.

4-тарау. Активтерді диверсификациялау дәрежесі

     10. Активтерді диверсификациялау активтерді әр түрлі инвестициялау объектілеріне бөлу болып табылады.

     11. Сақтандыру ұйымы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өз активтерінің бір бөлігін мынадай өтімділігі жоғары активтерге орналастырады:
     1) кассадағы ақша;
     2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енген, немесе шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Іnvestors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) ұзақ мерзімді рейтингі бар еншілес банктер - резиденттер, бас банктер - резидент еместер болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (депозиттер) (оның ішінде шетел валютасында);
     3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған);
     4) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған сауда ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларын қоспағанда);
     5) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енгізілген ипотекалық облигациялар;
     6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
     7) шет мемлекеттердің "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Іnvestors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес дербес рейтингі бар бағалы қағаздары;
     8) Қазақстан Республикасының эмитенттері - резидент еместерінің шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Іnvestors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
     9) тізбесі осы Ереженің 14-тармағында анықталған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары.

     12. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы активтерді диверсификациялаудың мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
     1) сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының осы Ереженің 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияларының жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымы активтері сомасының жиырма процентінен кем болмауы тиіс;
     2) сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салымдарына (депозиттеріне) және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің осы Ереженің 11-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестицияларының мөлшері Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескергенде мынадай мәндерден аспауы тиіс:
     Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейдегі банкінің салымдарына (депозитіне) (оның ішінде шетел валютасында) - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он проценті;
     Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейдегі банкінің және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын осы банктің банк тобына кіретін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына;
     осы тармақшаның үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда Қазақстан Республикасының бір эмитентінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес проценті;
     осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген ипотекалық облигацияларды қоспағанда ипотекалық облигацияларға - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он проценті;
     "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он проценті;
     3) сақтандыру ұйымының осы Ереженің 11-тармағының 7)-9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарға инвестицияларының жиынтық мөлшері Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып - сақтандыру ұйымының активтері сомасының отыз проценті.

     13. Сақтандыру ұйымының активтері сомасының бір процентінен асатын кассадағы ақша қалдығы сомасы осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасына сай өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін есептеу кезінде есептелмейді.

     14. Сақтандыру ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздарға орналастыруға құқылы:
     1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
     2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
     3) Америка аралық даму банкі;
     4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
     5) Азия даму банкі;
     6) Африка даму банкі;
     7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The Іnternatіonal Fіnance Corporatіon);
     8) Ислам даму банкі;
     9) Еуропа инвестициялық банкі.

5-тарау. Пруденциалдық нормативтердің орындалуы
жөнінде есеп және пруденциалдық нормативтерді есептеуге
арналған қосымша мәліметтерді ұсыну нысаны мен мерзімі

     15. Сақтандыру ұйымы ай сайын, бірақ есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органға пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепті (бұдан әрі - есеп) және осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - қосымша мәліметтер) ұсынады.
     Есеп және қосымша мәліметтер қағазда және электронды тасымалдаушыда ұсынылады.

     16. Есеп және қосымша мәліметтер мың теңгеде жасалады. Бес жүз теңгеден төмен сома есеп пен қосымша мәліметтерде нольге дейін, ал бес жүз теңге және одан астам сома - мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     17. Есеп және қосымша мәліметтер екі данада жасалып, сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және сақтандыру ұйымының мөрімен бекітіледі. Мұндайда есеп пен қосымша мәліметтердің бір данасы уәкілетті мемлекеттік органға беріледі, екінші данасы сақтандыру ұйымында сақталады.

     18. Уәкілетті мемлекеттік орган түзетулері мен өшірілген жері бар есеп пен қосымша мәліметтерді қабылдамайды және қайтарады.

     19. Есепке және/немесе қосымша мәліметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымы есеп пен қосымша мәліметтер ұсынылған күннен бастап үш күндік мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі себептерін түсіндіре отырып есепке және/немесе қосымша мәліметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы жазбаша өтініш береді.

     20. Есеп пен қосымша мәліметтерді уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе есеп пен қосымша мәліметтерде шынайы емес мәліметтер ұсыну, сондай-ақ сақтандыру ұйымының осы Ережеде белгіленген талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауапкершілікті жүктейді.

6-тарау. Қорытынды ережелер

     21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)  
ұйымдарына арналған      
пруденциалдық нормативтер және
пруденциалдық нормативтердің  
орындалуы жөнінде есеп беру  
туралы ережеге 1 қосымша    

______________________________________________
(Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша
пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есебі

                                                      (мың теңге)
__________________________________________________________________
  N   |        Көрсеткіштің атауы          | Баланс|Ескері.|Есеп.
      |                                    |бойынша|летін  |теу
      |                                    |сомасы |көлем  |сомасы
__________________________________________________________________
  1                    2                        3      4      5
__________________________________________________________________
1.     Ақша - барлығы (1.1. - 1.4 жолдардың
      сомасы), оның іш.:                            100%
1.1.   100 % баланстық құннан түскен
      кассадағы ақша                                100%
1.2.   100 % баланстық құннан түскен жолдағы
      ақша                                          100%
1.3.   Ағымдағы шоттардағы ақша - 100%
      баланстық құн көлемінде                       100%
1.4.   100 % баланстық құн көлеміндегі
      картшоттағы ақша                              100%
2.     Бағалы қағаздары "А" санаты бойынша
      немесе резидент-еншілес банктер
      болып табылатын "А" ("Standard &
      Poor's" және "Fіtch" рейтинг
      агенттіктерінің жіктелімі бойынша)
      немесе "А3" ("Moody,s Іnveіtors
      Servіce" рейтинг агенттіктерінің
      жіктеуі бойынша) - барлығы (2.1. -
      2.2.жолдарының сомасы) cанаттарынан
      төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі
      бар сауда-саттықты ұйымдастырушының
      ресми тізіміне енгізілген резидент
      емес-еншілес банктерде бар Қазақстан
      Республикасының екінші деңгейдегі
      банктерінің салымдары (депозиттері)
      (оның ішінде шетел валютасындағы),
      оның ішінде:                                  100%
2.1.   Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі шоттардағы (негізгі
      борыш пен есептелген сыйақы сомасын
      ескере отырып) сомалардан 100%
      көлемінде түскен талап ету бойынша
      салымдар                                      100%
2.2.   Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі шоттардағы (негізгі
      борыш пен есептелген сыйақы сомасын
      ескере отырып) сомалардан 100%
      көлемінде түскен мерзімді салымдар            100%
3.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген сыйақы
      сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен Қазақстан
      Республикасының мемлекеттік бағалы
      қағаздары (оның ішінде басқа
      мемлекеттердің заңдарына сәйкес
      айналысқа ақша шығарған)                      100%
4.     Қазақстан Республикасының эмитенттері
      Қазақстан Республикасы мен басқа
      мемлекеттердің заңдарына сәйкес
      шығарған ("Қазақстан Даму Банкі"
      ЖАҚ-ның ипотекалық облигациялары мен
      облигацияларынан басқасы), күмәнді
      борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген сыйақы
      сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен айырықша жоғары
      санат бойынша сауда-саттық
      ұйымдастырушының ресми тізіміне
      енген мемлекеттік емес эмиссиялық
      бағалы қағаздары                              100%
5.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген
      сыйақы сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен айырықша жоғары
      санат бойынша сауда-саттық
      ұйымдастырушының ресми тізіміне
      енген Қазақстан Республикасы
      эмитенттерінің ипотекалық
      облигациялары                                 100%
6.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген
      сыйақы сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен "Қазақстан Даму
      Банкі" ЖАҚ-ның облигациялары                  100%
7.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген
      сыйақы сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен дербес рейтингі
      "А" санатынан төмен емес
      ("Standard & Poor's" және "Fіtch"
      рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
      бойынша) немесе "А3"-дан ("Moody's
      Іnveіtors Servісe" рейтинг
      агенттігінің жіктеуі бойынша)
      төмен емес шет мемлекеттердің
      бағалы қағаздары                              100%
8.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген
      сыйақы сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен дербес рейтингі
      "А"-дан ("Standard & Poor's" және
      "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің
      жіктеуі бойынша) немесе "А3"-дан
      ("Moody's Іnveіtors Servісe"
      рейтинг агенттігінің жіктеуі
      бойынша) төмен емес Қазақстан
      Республикасының резидент емес -
      эмитенттерінің мемлекеттік емес
      бағалы қағаздары                              100%
9.     Күмәнды борыштар бойынша резервті
      шегергендегі баланстық құннан
      (негізгі борыш пен есептелген сыйақы
      сомасын ескере отырып) 100%
      көлемінде түскен халықаралық
      қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары          100%
10.    ЖА - өтімділігі жоғары активтер
      жиынтығы (жолдар сомасы 1.1.,2.,3.,
      4.,5.,6.,7.,8.,9.)
      Баланс бойынша активтер сомасының
      1%-нен асатын 5 бағанның 1.1 жолының
      сомасы ескерілмейді                     Х     100%
11.    Бағдарламалық қамтамасыз ету
      (5-бағанда жинақталған амортизациясы
      ескерілген балансқа арналған
      активтердің 10%-тен аспайтын сомасы
      ескеріледі)                                   100%
12.    Қайта сақтандырушылардан алынатын
      сомалар бойынша, сақтанушылардан
      (қайта сақтанушылардан) және
      делдалдардан алынатын сақтандыру
      сыйлықақылары бойынша күмәнды
      борыштар жөніндегі резервті
      шегергендегі шарт талаптарындағы
      сомалар бойынша мерзімі өтпеген
      берешек                                       100%
13.    Қайта сақтандырушыдан алынатын
      сомалар бойынша, сақтанушылардан
      (қайта сақтанушылардан) және
      делдалдардан алынатын сақтандыру
      сыйлықақылары бойынша күмәнды
      борыштар жөніндегі резервті
      шегергендегі шарт талаптарындағы
      сомалар бойынша 90 күндік мерзімге
      мерзімі өткен берешек                         50%
14.    А - сапасы мен өтімділігі бойынша
      жіктелуі ескерілген активтер
      жиынтығы (жолдар сомасы 1.,2.,3.,
      4.,5.,6.,7.,8.,9.,11.,12.,13.)          Х     Х
15.    СР - сақтандыру резервтері                    Х     Х
16.    Жла нормативі - өтімділігі жоғары
      активтердің жеткіліктілік нормативі
      (10 жол/15 жол)                         Х     Нва=>1
17.    Сақтандыру резервтерін қоспаған
      кездегі міндеттемелер                         Х     Х
18.    Уәкілетті мемлекеттік органның
      нормативтік құқықтық актілері
      бойынша белгіленген меншік
      капиталының барынша төменгі мөлшері           Х     Х
19.    Нк нормативі - меншік капиталының
      жеткіліктілік нормативі
      (14 жол - 15 жол 17)/ жол 18)) жол      Х     Нк=>1
20.    Баланс бойынша активтер сомасы                Х     Х
___________________________________________________________________

Активтерді диверсификациялау нормативтерінің есебі

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
N  |            Көрсеткіш атауы            | Баланс  | Баланс
  |                                       | бойынша | бойынша
  |                                       | сомасы  | активтер
  |                                       |         | сомасынан
  |                                       |         | %-пен
___________________________________________________________________
1                    2                         3           4
___________________________________________________________________
1.  Баланс бойынша активтер сомасының
   20 %-нен кем емес, оның ішінде басқа
   мемлекеттердің заңдарына (НД1) сәйкес
   ақшаны айналысқа шығарған Қазақстан
   Республикасының мемлекеттік бағалы
   қағаздарындағы инвестициялардың
   сомалық мөлшері
2.  Баланс бойынша активтер сомасы
   10 %-тен аспаса екінші деңгейдегі банк
   болып табылмайтын (НД5) Қазақстан
   Республикасының екінші деңгейдегі
   банктерінің ипотекалық облигациялары
   мен Қазақстан Республикасының екінші
   деңгейдегі банкінің банк тобына
   кіретін Қазақстан Республикасының
   эмитенттерін қоспағандағы айрықша
   жоғары санат бойынша сауда-саттық
   ұйымдастырушыларының ресми тізіміне
   енгізілген Қазақстан Республикасы
   эмитенттерінің ипотекалық
   облигациялардағы инвестициясының
   сомалық мөлшері
3.  Баланс бойынша активтер сомасының
   10%-нен жоғары емес - "Қазақстан
   Даму Банкі" акционерлік қоғамының
   облигацияларындағы (НД6)
   инвестицияның сомалық мөлшері
4.  "А"-дан ("Standard & Poor's" және
   "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің
   жіктеуі бойынша) немесе "А3"-дан
   ("Moody's Іnveіtors Servісe"
   рейтинг агенттігінің жіктеуі
   бойынша) төмен емес дербес рейтингі
   бар шет мемлекеттердің бағалы
   қағаздарындағы инвестициялардың
   сомалық мөлшері, "А"-дан ("Standard
   & Poor's" және "Fіtch" рейтинг
   агенттіктерінің жіктеу бойынша)
   немесе "А3"-дан ("Moody's Іnveіtors
   Servісe" рейтинг агенттігінің
   жіктеуі бойынша) төмен емес шетел
   валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі
   бар, баланс бойынша активтер
   сомасының 30%-нен аспайтын
   халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
   қағаздары бар Қазақстан
   Республикасының эмитенттер-резидент
   еместерінің мемлекеттік емес бағалы
   қағаздары
___________________________________________________________________

Бағалы қағаздары айрықша жоғары санат бойынша немесе
еншілес банк-резидент болып табылатын банктер бойынша
сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне
енген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір
банкінің (оның ішінде шетел валютасымен) салымдарындағы
(депозиттеріндегі), "А"-дан ("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе
"А3"-дан ("Moody's Іnveіtors Servісe" рейтингтік
агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді
рейтингі бар - (НД-2) - баланс бойынша активтер
сомасының 10%-нен аспайтын еншілес банктердегі
инвестициялар мөлшерінің есебі

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
 N   |            Банк атауы           |Банктің |Баланс |Баланс
     |                                 |санаты/ |бойынша|бойынша
     |                                 |рейтингі|сомасы |активтер
     |                                 |        |       |сомасынан
     |                                 |        |       |%-пен
___________________________________________________________________
 1                   2                     3        4       5
___________________________________________________________________
1.
1.1.  Талап ету бойынша салымдар            Х                Х
1.2.  Мерзімді салымдар                     Х                Х
2.
2.1.  Талап ету бойынша салымдар            Х                Х
2.2.  Мерзімді салымдар                     Х                Х
3.
3.1.  Талап ету бойынша салымдар            Х                Х
3.2.  Мерзімді салымдар                     Х                Х
4.
4.1.  Талап ету бойынша салымдар            Х                Х
4.2.  Мерзімді салымдар                     Х                Х
5.
5.1.  Талап ету бойынша салымдар            Х                Х
5.2.  Мерзімді салымдар                     Х                Х

     Барлығы ( 1., 2., 3., 4., 5. және
     басқа жол сомасы)                     Х                Х
___________________________________________________________________

Баланс бойынша активтердің 10%-нен аспайтын
айрықша жоғары санат бойынша (НД3) сауда-саттық
ұйымдастырушының ресми тізіміне енген, Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып
табылмайтын, осы банктің банктер тобына кіретін
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір
банкінің және Қазақстан Республикасы эмитентінің
бағалы қағаздардағы инвестициясының мөлшерінің
есебі

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
 N    |            Эмитент атауы        |Эмитент |Баланс |Баланс
      |                                 |санаты  |бойынша|бойынша
      |                                 |        |сомасы |активтер
      |                                 |        |       |сомасынан
      |                                 |        |       |%-пен
___________________________________________________________________
 1                   2                     3        4       5
___________________________________________________________________
1.     Банк тобының атауы                   Х
1.1.   Банктің атауы                                         Х
1.1.1. Акциялар                             Х                Х
1.1.2. Облигациялар                         Х                Х
1.2.   Эмитент атауы                                         Х
1.2.1. Акциялар                             Х                Х
1.1.3. Облигациялар                         Х                Х
1.3.   Эмитент атауы                                         Х
1.3.1. Акциялар                             Х                Х
1.3.2. Облигациялар                         Х                Х

2.     Банк тобының атауы                   Х
2.1.   Банктің атауы                                         Х
2.1.1. Акциялар                             Х                Х
2.1.2  Облигациялар                         Х                Х
2.2.   Эмитент атауы                                         Х
2.2.1. Акциялар                             Х                Х
2.2.2. Облигациялар                         Х                Х
2.3.   Эмитент атауы                                         Х
2.3.1. Акциялар                             Х                Х
2.3.2. Облигациялар                         Х                Х
                                                            X
      Барлығы ( 1., 2., 3., 4., 5.
      және басқа жол сомасы)               Х                Х
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес (Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктер тобына
кіретін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктері мен эмитенттерінің бағалы қағаздарын,
ипотекалық облигацияларын, "Қазақстан Даму Банкі"
ЖАҚ-ның облигацияларын қоспағанда) шығарылған,
баланс бойынша активтердің 5%-нен аспайтын айрықша
жоғары санаты бойынша (НД4) сауда-саттық
ұйымдастырушының ресми тізіміне енген Қазақстан
Республикасының бір эмитентінің мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздардағы инвестициясы
мөлшерінің есебі

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
 N    |            Эмитент атауы        |Эмитент |Баланс |Баланс
      |                                 |санаты  |бойынша|бойынша
      |                                 |        |сомасы |активтер
      |                                 |        |       |сомасынан
      |                                 |        |       |%-пен
___________________________________________________________________
 1                   2                     3        4       5
___________________________________________________________________
1.
1.1.   Акциялар                             Х                Х
1.2.   Облигациялар                         Х                Х
2.
2.1.   Акциялар                             Х                Х
2.2.   Облигациялар                         Х                Х
3.
3.1.   Акциялар                             Х                Х
3.2.   Облигациялар                         Х                Х
      Барлығы ( 1., 2., 3., 4., 5.
      және басқа жол сомасы)               Х                Х
___________________________________________________________________

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы _________________
                                          
     ___________  ____________
     (Аты-жөні)     (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
     ұйымының бас бухгалтері      ________________________
     ___________  ____________
     (Аты-жөні)     (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мөрінің орны

Сақтандыру (қайта сақтандыру)  
ұйымдарына арналған      
пруденциалдық нормативтер және
пруденциалдық нормативтердің  
орындалуы жөнінде есеп беру  
туралы ережеге 2 қосымша    

_______________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

200 __ жылғы ________ ____ жағдай бойынша
пруденциалдық нормативтер есебі үшін қосымша мәліметтері

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
Белгі N |            Көрсеткіштің атауы            | Баланс
       |                                          | бойынша
       |                                          | сомасы
___________________________________________________________________
  1                       2                             3
___________________________________________________________________
8001     Бағдарламалық қамтамасыз ету - материалдық
        емес активтер
8002     Басқа да материалдық емес активтер
8003     Шарт талаптарына сай қайта
        сақтандырушылардан алынатын сомалар
        бойынша, күмәнді борыш резервін шегере
        отырып сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан)
        және делдалдан алынатын сақтандыру
        сыйлықақылары сомалары бойынша мерзімі
        өтпеген берешек
8004     Күмәнды борыш резервін шегере отырып,
        сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) және
        делдалдан алынатын сақтандыру сыйлықақылары
        сомалары бойынша, қайта сақтандырушылардан
        алынатын сомалар бойынша 90 күн мерзімге
        ұзартылған берешек
8005     Күмәнды борыш резервін шегергендегі басқа
        дебиторлық берешек
___________________________________________________________________

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшысы ___________
     ____________  ___________
      (Аты-жөні)     (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері________
     ____________  ___________
      (Аты-жөні)     (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
     мөрінің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады