Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007.12.14 N 462 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің технологиясын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар) бойынша аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері) және кедендерінің бастықтары осы бұйрықты барлық құрылымдық бөлімшелерге жеткізсін және оның лайықты дәрежеде орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік
ресімдеу жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 3 қыркүйектегі
N 416 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) кеден органдары лауазымды адамдарының (бұдан әрі - лауазымды адамдар) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерінің жүйелілігін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (бұдан әрі - Кеден кодексі), кеден ісі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық кесімдерде, сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
3. Кедендік ресімдеу бойынша кедендік операциялар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің кедендік ресімдеу жөніндегі әрекеттерді жасауға уәкілетті тиісті бөлімшелері (бұдан әрі - тиісті бөлімшелер) олар орналасқан орындарда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерімен белгіленген өзге де орындарда жүзеге асырылады.
4. Тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кедендік режиммен негізгі кедендік ресімдеу және орналастыруға алдын ала операциялар алғы шарт жасайды.
Алдын ала операциялар жүргізудің тәртібі Кеден кодексінің бесінші бөлімінде айқындалған.
2. Кедендік ресімдеу жүргізудің тәртібі
5. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режиммен орналастыру бойынша іс-әрекеттер негізгі кедендік ресімдеу болып табылады.
6. Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу:
1) кедендік декларацияларды, кедендік төлемдер мен салықтарды қабылдау, тіркеу және есебін жүргізу, сондай-ақ белгілі бір кедендік режиммен орналастырудың дұрыстығын, тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау, тауарларды бірдейлендіру мақсаттары үшін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын бақылау кезеңдерін қамтиды.
Бірінші кезеңде:
алдын ала операциялардың жасалу тәртібінің сақталуын тексеруді қоса алғанда, жүк кедендік декларация (бұдан әрі - ЖКД) мен оның электрондық көшірмесін (бұдан әрі - ЖКД ЭК) қабылдау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;
декларанттың ЖКД берудің белгіленген мерзімдерін сақтауын тексеру.
Кеден органының бастығы декларанттың дәлелді өтініші бойынша ЖКД берудің мерзімін ұзарта алады, мұндай ұзарту кедендік ресімдеу жүргізілген кеден органында әкелінген тауарларға кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖКД берудің мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтаудың мерзімін бұзуға әкелмеуі тиіс;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жеке шотында кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін ақша қаражатының болуын тексеру;
кеден мақсаттары үшін қажетті Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті түрде ұсынылуға жататын ЖКД-ны, құжаттарды және мәліметтерді, құжаттардың екі данадағы тізімдемесін, сондай-ақ ЖКД ЭК-ны қабылдау.
Бұл ретте, декларант егер, құжат тауарларды шығару туралы шешімді қабылдау үшін міндетті болып табылса кеден органына ЖКД тексеру мерзімінің ішінде тиісті құжатты ұсыну туралы міндеттемені бере отырып мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін;
ЖКД мен оның ЭК мәлімделген кедендік режимге сәйкес қолданылып жүрген толтыру ережесіне сәйкестігін жалпы тексеру, сондай-ақ ЖКД ЭК-ның қағаз тасымалдағышқа сәйкестігін салыстыру;
төлем құжатының кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған деректемелерін толтыруды қоса алғанда, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің дұрыстығын, төлеушінің жеке шотынан жүргізілген төлемін көрсету арқылы төлеуші банкінің көшірмесінің болуын, сондай-ақ төлем құжаттарында көрсетілген кедендік төлемдердің түрлері бойынша сомалардың төлеуге жататын сомаларға сәйкестігін бақылау және кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуінің есебін жүзеге асыратын тиісті бөлімшелерге мәліметтерді беру;
ЖКД-ның 7 "Анықтама нөмірі" бағанына Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 болып тіркелген Тауарларды декларациялаудың ережесіне сәйкес жасалатын тіркеу нөмірін қою жолымен ЖКД тіркеу журналына (1-қосымша) тіркеу нөмірін жазу арқылы ЖКД тіркеу. Осы анықтама нөмірі ЖКД-ның ЭК-де беріледі;
Кеден кодексінің 384-бабымен көзделген жағдайларда лауазымды адам ЖКД тіркеуден бас тартуға құқылы, бұл ретте ЖКД-ны қабылдауға және тіркеуге жауапты адам, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 221 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда N 2297 болып тіркелген Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың және жүк кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту парағының тізімдемесін ресімдеудің ережесінде белгіленген тәртіппен ЖКД-ны тіркеуден бас тарту парағын ресімдеуге міндетті;
ЖКД-ны құжаттардың тізімдемесіне тіркеу кезінде лауазымды адам:
ЖКД-ны кедендік ресімдеуге қабылдау күнін растайтын ЖКД-ның тіркеу нөмірін қояды;
лауазымды адамның тегі, лауазымы көрсетіледі;
"Декларация қабылданды" деген жазбаны жазады, ЖКД-ны қабылдау күні мен уақытын көрсетеді;
барлық қойылған жазбалар мен белгілер лауазымды адамның жеке нөмірлік мөрімен расталады;
расталғаннан кейін құжаттар тізімдемесінің бірінші данасы декларантқа қайтарылады, екінші данасы - ұсынылған ЖКД мен құжаттарға қоса тігіледі;
ЖКД-ны және оның ЭК тексергеннен кейін кезеңдік құжаттамалық бақылауды жүзеге асырған лауазымды адам ЖКД-ның бірінші данасындағы белгілерден басқа құжаттардың тізімдемесінің сыртқы жағына тиісті кезеңде "Тексерілді. Ескертпелер жоқ" деген жазба түріндегі тексерудің нәтижелері туралы белгілерді қояды не Кеден кодексінің 385-бабында көзделген тәртіпте қателерді түзету қажеттігін көрсетеді;
тауарларды бірегейлендіру мақсаттары үшін ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бақылау;
ЖКД-дағы тауарларды белгіленген талаптарға сәйкес сипаттаудың дұрыстығын, осы сипаттаудың кедендік ресімдеуге ұсынылған тауардың сипаттамасына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ тауар туралы сандық деректерді (орындардың санын, салмағы және т.б.) тексеру;
тарифтік емес реттеу шараларын сақтау мақсатында ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бақылау;
тарифтік реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
тауарлардың тиісті кедендік режиммен орналастырылуы шарттарының сақталуын бақылау (кедендік құнды белгілеуді қоспағанда);
валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кедендік құн, кедендік төлемдер мен мәліметтер туралы мәліметтерді қоспағанда, ЖКД-да басқа кедендік мақсаттар үшін мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бақылау;
кедендік құн туралы құжаттар мен мәліметтерді және валюталық бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін кедендік ЖКД мен оларға қоса берілетін құжаттарды жинау;
олар бойынша кедендік ресімдеу аяқталмаған ЖКД-лардың есебін жүргізу жүргізіледі.
Лауазымды адамдар ЖКД негізгі парағының 7, Д және С бағандарын және қосымша парақтардың тиісті бағандарын толтырады.
Лауазымды адам бірінші кезеңде декларанттың ЖКД-ның бағандарына және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 болып тіркелген Тауарларды декларациялаудың ережесіне сәйкес ЖКД ЭК-нің тиісті жолдарына мәліметтерді енгізуінің дұрыстығын тексеруге жауап береді:
1, 2, 3, 5, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 15а, 17, 17а, 18, 19, 21, 24, 25, 26, 29, 31, 32, 33, 37, 39, 40, 41, 44, 49, 50, 51, 53, 54.
Барлық қажетті мәліметтерді тексеру аяқталғаннан кейін лауазымды адам "1" санындағы ЖКД-ның бірінші парағының сыртқы жағына "Тексерілді" деген жазбаны жазады, күнін, тексеру аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлік мөрін қояды және ЖКД-ны келесі кезеңге береді.
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес тауардың кодын және шыққан елін айқындаудың, валюталық бақылаудың, дұрыстығын бақылау, кедендік құнды бақылау, кедендік төлемдерді бақылау кезеңі.
Екінші кезеңде:
тауарды СЭҚ ТН-ға сәйкес жіктеу мақсатында ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бақылау;
тиісті бөлімшелердің құзыретіне жатқызылатын жағдайларда тауардың СЭҚ ТН-ге сәйкес кодын айқындаудың дұрыстығын тексеру;
тауардың шыққан елін айқындау және тиісті тарифтік жеңілдіктер мен преференциялар беру үшін ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бақылау;
тиісті бөлімшелердің құзыретіне жатқызылатын жағдайларда тауардың шыққан тегін растайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру және осыған байланысты тарифтік жеңілдіктер мен преференциялар беру;
валюталық бақылау мақсаттары үшін қажетті барлық құжаттардың (соның ішінде кедендік құн декларациясы мен мәмілелер төлқұжаты) болуын тексеру;
сыртқы сауда шарттары мен олардың негізінде кедендік ресімдеу жүргізілетін өзге де құжаттар шарттарының валюталық заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру;
ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылған құжаттардағы ақпараттарға сәйкестігін тексеру;
декларанттың тауарға кедендік құнын айқындау әдісін таңдауының дұрыстығын тексеру;
тауарлардың кедендік құнын кедендік құнды айқындаудың таңдап алынған әдісіне және оны растайтын құжаттарға сәйкес мәлімдеудің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ өзі мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын растау үшін декларант ұсынған құжаттарды кедендік құнды барлық құрайтындарды растау үшін олардың дұрыстығы мен жеткіліктілігі (толықтығы) тұрғысында талдау;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерімен кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын тиісті бөлімшелердің құзыретіне жататын жағдайларда кедендік ресімдеу барысында кедендік құн мен кедендік төлемдерді түзету және ЖКД ЭК мен кедендік құнның декларацияларына тиісті өзгерістер енгізу;
кедендік төлемдерді төлеуге жауапты тұлғада кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі берешектердің, бұрын жүргізілген жеткізулер бойынша кедендік төлемдерді кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді пайдаланғандығы үшін пайыздардың, кедендік ережелерді бұзушылықтар жасалған жағдайда айыппұлдар сомаларының, кедендік төлемдер төлеуді кешіктіргені үшін өсімақылардың бар жоқтығын тексеру жүргізіледі.
ЖКД беру мерзімдері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 247 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда N 2351 болып тіркелген Кеден төлемдерін, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кеден төлемдерін, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке есептеудің, қайтарудың ережесіне сәйкес кедендік төлемдерді төлеудің мерзімін өткізіп алғандығы үшін өсімдер есептелінеді;
ЖКД мен оның ЭК толтырудың дұрыстығын, онда мәлімделген кедендік төлемдерді есептеуге ықпал ететін мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
мәлімделген тарифтік және салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың, кедендік төлемдерді бақылау мен есепке алуды жүзеге асыратын кеден органының мамандандырылған бөлімшесінің тиісті растаулары болған жағдайда, мәлімделген жеңілдіктерді айқындайтын не кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеудің ерекше тәртібін белгілейтін құжаттардың негізділігін бақылау және кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерге қатысты мәліметтерді мамандандырылған бөлімшелерге беру;
мәлімделген кедендік режимнің кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі шарттарының сақталуын бақылау не олардың төленуін қамтамасыз ету;
төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын есептеудің дұрыстығын тексеру;
кедендік төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілгендігі туралы тиісті шешімнің бар-жоқтығын, сондай-ақ кедендік төлемдерді бақылау мен есепке алуды жүзеге асыратын кеден органының мамандандырылған бөлімшесінде белгіленген тәртіппен тіркелген кедендік төлемдерді төлеудің қамтамасыз етілгендігін растайтын құжаттың бар-жоқтығын тексеру жүргізіледі.
Лауазымды адамдар 43, А (тек қосымша парақтардың) бағандарын, ЖКД негізгі парағының Д мен С бағандарын және қосымша парақтардың тиісті бағандарын толтырады:
Лауазымды адам екінші кезеңде декларанттың ЖКД-ның бағандарына және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 болып тіркелген Тауарларды декларациялаудың ережесіне сәйкес ЖКД ЭК-нің тиісті жолдарына мәліметтерді енгізуінің дұрыстығын тексеруге жауап береді:
9, 12, 16, 20, 22, 23, 24, 28, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 38, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 48, А, В.
Тексеру аяқталғаннан кейін лауазымды адам "2" санындағы ЖКД-ның бірінші парағының сыртқы жағына "Тексерілді" деген жазбаны жазады, күнін, тексеру аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлік мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге береді.
3) шығару кезеңі.
Үшінші кезеңде:
кедендік ресімдеудің алдыңғы кезеңдерінің өткендігін тексеру;
Кедендік ресімдеудің кез келген кезеңінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам кедендік декларацияның сыртқы жағына тексерудің нәтижелері, тексеру аяқталған уақыт туралы белгіні қоймаған, қолымен және жеке нөмірлік мөрінің мөртаңбасымен бекітпеген жағдайда, ЖКД тексеруді аяқтау мақсатында тиісті белгілерді қою үшін кедендік ресімдеу кезеңдерінің бірінде бақылауды жүзеге асырған жауапты адамға қайтарылады;
тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірегейлендіру, мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзғаны туралы ақпарат болған жағдайда осындай ақпаратты тексеру мақсатында кедендік тексеріс (бұдан әрі - тексеріс) Кеден кодексімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады;
Тексерістің қажеттілігі туралы шешім кедендік ресімдеудің алдыңғы кезеңдерінде қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда тиісті лауазымды адам ЖКД-ның сыртқы жағына мұндай шешімнің қысқаша негіздемесін көрсете отырып "Тексеріспен..." деген жазбаны жазады және бұл туралы тексеріске тапсырма беретін, шығару үшін жауапты лауазымды адамды хабардар етеді;
Тексеріс нәтижелері нысаны "Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, тексеріс, үй-жайларды және аумақтарды және біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігіне арналған қорытындыларды тексеру актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағаның міндетін атқарушысының 2003 жылғы 21 мамырдағы N 226 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда N 2319 болып тіркелген тексеріс актісіне тіркеледі;
Тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - ТЖБАЖ) желілерін пайдалана отырып кедендік бақылау жүргізу.
Тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам декларантқа ЖКД-да мәлімделген барлық автокөлік құралдары ТЖБАЖ желісіне енуі кезінде кедендік бақылау аймағынан жүруі қажеттігі туралы хабарлайды.
Бұл ретте тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД-ның екінші данасын техникалық инспекциялауды жүргізу үшін "ТС - SCAN FMG" контейнерлік сканерлеу жүйесін пайдалана отырып тауарларды сканерлеуді жүзеге асырады.
Автокөлік құралдары ТЖБАЖ желісінен өтуі кезінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД-ның 35-бағанында мәлімделген мәліметтердің автокөлік құралдарының іс жүзіндегі салмағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
ТЖБАЖ желісінен өткеннен кейін автокөлік құралдары техникалық инспекциялауды жүргізу үшін мамандандырылған ғимаратқа орналастырылады.
Тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам автокөлік құралдарына техникалық инспекциялауды жүргізеді.
Автокөлік құралдарын техникалық инспекциялау аяқталғаннан кейін тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, сканерлеу нәтижесінде алынған түсірімге "Техникалық инспекциялау жүргізілді" деген жазбаны жазады және қолтаңбамен және жеке нөмерлік мөрмен расталатын: "Тексерілді" немесе "Тексерусіз" деген қорытындыны береді.
Тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам көрсетілген түсірімді ЖКД-ның екінші данасына тігеді және ЖКД-ны тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру жүргізудің қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға береді.
Декларацияланбаған тауарлар, автомашинаның тауарларды тасымалдауға арналмаған жабық бөліктері мен қуыстарында орналастырылған бөгде заттар, тауарлар, кедендік заңнаманы басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ кедендік заңнаманы бұзушылық туралы ақпарат болған жағдайда, тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам техникалық инспекциялаудың нәтижелерін қоса бере отырып тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру жүргізу қажеттілігі туралы тиісті бөлімшенің бастығына, не оның орнындағы адамға жазбаша баяндайды.
Егер тауарларды шығаруды жүзеге асыратын адам тауарлар мен автокөлік құралдарына кедендік тексерудің жүргізілгендігі туралы шешім қабылдаса, тауарлардың жеткізілуі мен транзитін бақылау бөлімінің (бұдан әрі - ТЖТББ) лауазымды адамы кедендік ілесіп алып жүру арқылы автокөлік құралдарын уақытша сақтау орындарына жеткізеді және орналастырады.
Қысқаша декларацияларды қабылдауды және тіркеуді, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтау орындарында болуын бақылауды ТЖТББ лауазымды адамы жүзеге асырады.
Тауарлар мен автокөлік құралдарына кедендік тексеруді жүргізу кезінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүргізген техникалық инспекциялау нәтижелерін, сондай-ақ ТЖБАЖ деректерін пайдаланады.
Бөгде заттарға техникалық инспекциялау жүргізу кезінде анықтау фактілері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік тексеру жүргізілместен шығарылуға жатады.
Бұл ретте тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД-ның негізгі парағының С бағанына: "Тексерусіз" деген жазбаны жазады, күнін көрсетеді, қолтаңбасымен және жеке нөмерлік мөрімен растайды. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеуді аяқтау, кедендік бірдейлендірудің электронды құралдарын басу үшін кедендік тексеру жүргізілместен шығаруға қол жеткізген тауарлар мен автокөлік құралдары шығуы кезінде кедендік бақылау аймағына орналастыруға жатады. <*>
"3" санындағы ЖКД-ның бірінші парағының сыртқы жағына тауарды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам тексерістің нәтижелерін, тексерістің нәтижелері тіркелген екі данада ресімделетін тексеріс актісінің нөмірін және күнін көрсете отырып "Тексеріс жүргізілді..." деген жазбаны жасайды;
кедендік ресімдеу мақсатында сынамалар мен үлгілерді іріктеу;
кедендік ресімдеу мақсатында сынамалар мен үлгілерді іріктеуге қатысу;
тауарлар мен көлік құралдарын шығару туралы не оларды шығарудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылдау жолымен кедендік ресімдеуді аяқтау;
Лауазымды адамдар ЖКД негізгі парағының Д және С бағандарын және қосымша парақтардың тиісті бағандарын толтырады;
Лауазымды адам үшінші кезеңде декларанттың ЖКД-ның бағандарына және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 болып тіркелген Тауарларды декларациялаудың ережесіне сәйкес ЖКД ЭК-нің тиісті жолдарына мәліметтерді енгізуінің дұрыстығын тексеруге жауап береді:
6, 18, 19, 21, 25, 26, 30, 31, 35, 38.
Шығару туралы шешімді тиісті бөлімшенің бастығы не оған уәкілетті лауазымды адам қабылдайды және ЖКД-да, сондай-ақ көлік құжатында көлік құжатының оң жақ жоғарғы бұрышына ЖКД-ның нөмірін көрсете отырып "Шығаруға рұқсат етіледі" деген мөртаңбаны қою арқылы расталады. Мөртаңба мен нөмір шығару туралы шешім қабылдаған лауазымды адамның жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады;
Тауарлар мен көлік құралдарын шығару Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады;
Кедендік ресімдеудің кез келген сатысында тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамда тауардың сипаттамасына, оның сапалық көрсеткіштеріне қатысты күдік туындаған кезде, сондай-ақ халықтың өмірі мен денсаулығына қатер, қоршаған табиғи ортаға қауіп төнген жағдайда, лауазымды адам тиісті бөлімшенің бастығына не оның орнындағы адамға кедендік сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ауызша нысанда баяндайды немесе жазбаша дәлелді ұсыныс жасайды;
Тиісті бөлімшенің бастығы кедендік сараптама жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде, лауазымды адам кедендік декларацияның бірінші парағының сыртқы жағына "Кедендік сараптама жүргізумен" деген жазба жасайды;
Кедендік сараптама жүргізу қажеттілігі туралы шешімді тиісті бөлімшенің бастығы не оның орнындағы адам кеден зертханасына, кедендік сараптамалар мен зерттеулер қызметіне зерттеуге тиісті жолдама (2-қосымша) ресімдеу түрінде қабылдайды;
Кеден зертханасына, кедендік сараптамалар мен зерттеулер қызметіне зерттеуге арналған жолдама Сараптамаға жолдамалардың есебін жүргізу журналында (3-қосымша) тіркеледі.
Кедендік сараптама жүргізуге арналған сынамалар мен үлгілерді іріктеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 205 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда N 2296 болып тіркелген Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің тәртібімен белгіленген;
Тиісті бөлімшенің лауазымды адамы тауарларды сынамалары мен үлгілерін алуы кезінде қатысуға міндетті.
Егер лауазымды адам ЖКД-да немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін, техникалық құжаттамаларын зерттеу қажеттігі немесе сараптама жүргізу туралы шешім қабылдаса, тауарларды шығару кедендік сараптаманың нәтижелерін алғанға дейін декларант кедендік сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін болатын кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүргізіледі;
Тауарларды шығару тек кеден органдары тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдерді ұсынбауы белгілерін анықтаған жағдайда ғана жүргізілмейді.
Ескерту. 6-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261 бұйрығымен .
7. Алдыңғы кезеңдердегі кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға ықпал ететін мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттігіне негіздемелер болған жағдайда, ЖКД құжаттардың пакетімен бірге мәліметтерді қосымша тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті кезеңге берілуі мүмкін.
3. Қорытынды ережелер
8. Кедендік бақылау кезеңдерінің бірінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, лауазымды адам кеден органының мамандандырылған бөлімшесіне мұндай жолсыздықтар туралы ақпарат береді.
9. Кедендік ресімдеу кезеңдерінде техникалық сипаты бар қателер (қателіктер, грамматикалық және лексикалық қателер және т.б.) анықталған жағдайда, бөлімшенің оларды тапқан лауазымды адамы оларды санамалай отырып ілеспе жазба жасайды. Кедендік ресімдеудің келесі кезеңдерінде анықталған техникалық сипаттағы қателер де осы ілеспе жазбаға енгізіледі. Осы жазбаның негізінде декларанттың бөлімшенің лауазымды адамының қатысуымен оларды өзінің қолымен және мөрімен растай отырып бұл қателерді түзетуге құқығы бар.
Тиісті өзгерістерді бөлімшенің лауазымды адамы ЖКД-ның ЭК-сіне енгізеді.
Барлық өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңнамасында белгіленген шаралар қолданылады.
10. Тауарды шығармау туралы шешімді тек тиісті бөлімшенің шығару үшін жауапты лауазымды адамы не оған уәкілетті тұлға ғана қабылдай алады. Тауарды шығармау туралы шешім қабылданған жағдайда кедендік декларация мен көліктік құжаттарға "Шығаруға тыйым салынады" деген мөртаңба қойылады. Көліктік құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында ЖКД-ның нөмірі көрсетіледі. Мөртаңба мен нөмір лауазымды адамның жеке нөмірлік мөрімен расталады.
Мұндай ЖКД және оған қоса берілетін құжаттар белгіленген тәртіппен арнайы мұрағатқа беріледі (декларантқа қайтарылуға жататын декларацияның данасын қоспағанда).
Уақытша сақтаудың шекті мерзімі аяқталғанға дейін тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға тауарлар мен көлік құралдарын басқа кедендік режиммен орналастыра алады, ал тауарды әкету кезінде (тауардың Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілуі міндетті болып табылатын жағдайларды қоспағанда) кедендік құқық бұзушылық болмаған жағдайда - тауарға өзінің қалауы бойынша иелік жасайды.
11. Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша ЖКД-да мәлімделген мәліметтер өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Кеден органы ЖКД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге және толықтыруға рұқсатты декларант өтінішті ЖКД-ны тексеру аяқталғанға немесе тауарларды тексеріс басталғанға дейінгі сәтте берген жағдайда жол береді. Көрсетілген түзетулер ЖКД ЭК-да да жүргізіледі.
ЖКД-ны өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу аясын кеңейте немесе азайта алмайды, кеден органы қабылдаған ЖКД және ЖКД ЭК көрсетілгендерден басқа тауарлар туралы мәліметтерді қамтымайды.
12. ЖКД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру үшін декларант өзгертуге және/немесе толықтыруға жататын мәліметтерді, ЖКД-ның көрсетілген мәліметтері бар бағандарын, сондай-ақ мұндай өзгертулер мен толықтырулардың себептерін көрсете отырып еркін нысанда жасалған жазбаша өтінішпен кеден органына жүгінуі қажет.
ЖКД-да көрсетілген мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру туралы шешімді осы Нұсқаулықтың 11-тармағының ережелерін ескере отырып тиісті бөлімшенің бастығы қабылдайды.
Мұндай өзгерістерді және/немесе толықтыруларды декларанттың өкілі тиісті бөлімше лауазымды адамының қатысуымен өзгертуге және/немесе толықтыруға жататын мәліметтерді сызып тастау және ЖКД-ны толтырудың тәртібіне сәйкес жаңа мәліметтер енгізу жолымен енгізеді.
ЖКД-ға барлық өзгерістер немесе толықтырулар декларант өкілінің қолымен және декларанттың мөрімен расталады.
Декларанттың ЖКД-дағы мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру туралы өтініші ЖКД-ға қоса беріледі және кейін кеден органында қалатын ЖКД-ның данасымен бірге тігіледі.
Тиісті өзгерістер және/немесе толықтырулар ЖКД ЭК енгізіледі.
ЖКД-ға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін бөлімше лауазымды адамының кедендік ресімдеудің мерзімдерінен өткендігі туралы жазбалары күшін жоғалтады. Одан арғы кедендік ресімдеу осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес жүргізіледі.
ЖКД-ға ЖКД-дағы негізгі деректерді өзгертпейтін, кедендік ресімдеу кезінде кеден органдарының шешім қабылдауына әсер етпейтін үш өзгеріс және/немесе толықтыру енгізілуі мүмкін.
13. Кеден органы қабылдаған ЖКД кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін қайтарылып алынуы мүмкін. Мұндай өтінішті декларант қайтарылып алынатын ЖКД-ның нөмірі мен күнін және қайтарып алудың себептерін көрсете отырып еркін нысанда жазады.
ЖКД-ны қайтарып алу мүмкіндігі туралы шешімді тиісті бөлімшенің бастығы қабылдайды.
ЖКД қайтарып алу кезінде кеден органы тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану жағдайларын қоспағанда, қайтарып алуға рұқсат берген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын жаңа ЖКД берудің мерзімін белгілейді. ЖКД-ны қайтарып алу кедендік баждар мен салықтарды төлеудің мерзімдерін ұзартпайды.
Бұл ретте қайтарылып алынған ЖКД осы Нұсқаулықтың 15-тармағында белгіленген тәртіппен күшін жояды.
14. Қайтарылып алынған ЖКД тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары әкету мақсатында берілген жағдайларда ЖКД Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан іс жүзінде тысқары әкеткенге дейін қайтарылып алынады. Бұл тауарларға жаңа ЖКД беру мерзімі белгіленбейді.
Бұл ретте қайтарылып алынған ЖКД осы Нұсқаулықтың 15-тармағында белгіленген тәртіппен күшін жояды.
15. ЖКД-ның күшін жою тиісті бөлімше бастығының жазбаша шешімінің негізінде оның жиынтығына кіретін барлық парақтарды сызып тастау және "Күші жойылды" деген жазбаны жасау жолымен жүргізіледі. Мұндай ЖКД және оған қоса берілетін құжаттар (оның ішінде олардың негізінде күші жойылған құжаттар) кеден органының арнайы мұрағатында қалады.
Кеден мөртаңбалары, мөрлері және жазбалары бар көліктік құжаттардың көрсетілген кедендік бірегейлендіру құралдарын сызып тастау жолымен күші жойылады.
ЖКД-ның күші жойылғандығы туралы кеден органының мамандандырылған бөлімшелері, сондай-ақ қызмет аймағында тауар өткізуші тұлға тіркелген Қазақстан Республикасының салық қызметі органы хабардар етіледі.
Күші жойылған ЖКД-лардың, сондай-ақ шығарылуына тыйым салынған тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген декларациялардың нөмірлері басқа кедендік декларацияларға берілуі мүмкін емес.
16. Тиісінше кеден органының ЖКД ЭК деректер базасында ЖКД-ның мынадай электронды көшірмелерінің күшін жою жүргізіледі:
қайтарылып алынған ЖКД;
шығарылуына тыйым салынған ЖКД;
күші жойылған ЖКД.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 3 қыркүйектегі
N 416 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдары
лауазымды адамдарының
Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік
ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
_____________________________ЖКД-ны тіркеу
(кеден органының немесе оның кедендік ресімдеуді
жүргізетін құрылымдық бөлімшесінің коды)
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
N|Күні|Декларант| Мәлім. |Жөнел.|Алушы|Таза|ЖКД-ны |ЖКД-ны |Ескер.
| |ұйымының |делген |туші | |сал.| тір. | тірке.| ту
| | атауы; |кедендік| | |мағы| кеген | ген |
| |Уәкілетті|режимнің| | |(кг)| адам. | лауа. |
| |тұлғаның | коды | | | | ның | зымды |
| | Т.А.Ә. | | | | | Т.А.Ә.,| адам. |
| | | | | | |лауазымы| ның |
| | | | | | | | қолы |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 3 қыркүйектегі
N 416 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдары
лауазымды адамдарының
Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік
ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
КЕДЕНДІК САРАПТАМАҒА ЖОЛДАМА
N ______ "____"__________ 200_ ж.
N ________________ ЖКД бойынша кедендік ресімдеуді жүргізу мақсатында _______________________________________________ кедендік сараптама жүргізу үшін жолдаймыз:
1. Зерттеу объектілерінің сипаттамасы _______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Зерттеу міндеттері _______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Ұсынылған материалдар (тауарға ілеспе құжаттар; тауарлардың сынамалары, үлгілері, олардың мөлшері) ________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Бастық ___________ ________________
(Кеден органының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
Жолдамамен таныстым:
Декларант (күні) ___________ ________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 3 қыркүйектегі
N 416 бұйрығымен бекітілген
Кеден органдары
лауазымды адамдарының
Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік
ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
САРАПТАМАҒА АРНАЛҒАН ЖОЛДАМАЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
Жолдама.|Импортердың/|Сарап. | ЖКД|Жолдау| ОКЗ |Қорытындыны
ның N |экспортердың| тама | N | күні | қорытынды. | алған күні
(0000) | атауы |мақсаты| | | сының |
| | | | |(сараптаманың)|
| | | | | нөмірі |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
____________________________________________________________________