"Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2572. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460  қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіпте  мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С.Бектұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрлігінің
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 732 бұйрығымен бекітілген 

Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Нұсқаулық ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізуді (бұдан әрі - Аттестаттау) нақтылайды.

      2. Аттестаттау ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің бағыттарын ескере отырып, ғылыми ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша жүзеге асырылады.

      3. Аттестаттау мемлекеттік және/немесе ресми тілде өткізіледі.
      4. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер толық талдауға ұшырайды:
      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері;
      2) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету;
      3) әкімшілік-басқару қызметкерлері қызметінің нәтижелері;
      4) ғылыми кадрларды, кадрлар әлеуетін дайындау жөніндегі жұмыс жағдайы және ғылыми, инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау.

      5. Ғылыми ұйымдар бес жылда бір реттен кем емес аттестатталынады.
      Жаңа құрылынған ғылыми ұйымдарды бірінші аттестаттау құрылған күнінен бір жылдан кейін өткізіледі.

      6. Комиссиялардың ғылыми ұйымдар құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша Уәкілетті мемлекеттік орган оларды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      7. Ғылыми ұйымдарды қайта ұйымдастыру кезінде аттестаттау нәтижелері жаңадан құрылған ғылыми ұйымдарға таратылады, егер ол бұрын аттестаттаудан өткен болса және таратылған ғылыми ұйымның құқықты иеленушісі болып табылса.

2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

      8. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін келесі күнтізбелік жылға арналған аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

       9. Бекітілген кестеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мынадай негізде енгізуге болады:
      1) аттестаттау мерзімін ауыстырудың қажеттілігі туралы дәлелді қорытындылары келтірілген ғылыми ұйымдардың жазбаша өтініштері;
      2) жаңа заңды тұлғалардың құрылуымен бірге ғылыми ұйымдардың қайта ұйымдастырылуы;
      3) уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан тиісті шешімдерді қабылдауды талап ететін басқа да объективті жағдайлардың туындауы.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

       10. Аттестаттаудың бекітілген кестесіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енген жағдайда ғылыми ұйымдар бұл туралы бір айлық мерзімде хабардар болуы тиіс.

      11.  Ғылыми ұйымдарды аттестаттау үшін уәкілетті мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады (бұдан әрі - Комиссиялар).
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

      12. Комиссия қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес әрбір ғылыми ұйымдар үшін 15 күннен аспайтын мерзімде аттестаттауды жүргізеді.

      13. Комиссияның құрамы ғылыми ұйымдарды аттестаттау басталғанға дейін бір айлық мерзімнен кешікпей уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

       14. Комиссиялардың құрамы:
      1) Уәкілетті мемлекеттік органның;
      2) қарамағында ғылыми ұйымдары бар мемлекеттік органдардың және олардың құзыретіндегі мүдделі мемлекеттік органдардың;
      3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ғылыми ұйымдардың;
      4) халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды аттестациядан өткізген кезде шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

      15. Аттестаттауға жататын ғылыми ұйымдар аттестаттау кестесіне сәйкес аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей 4-тармақта көрсетілген көрсеткіштерді бейнелейтін құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

       16. Комиссия төрағасы жұмыстың бірінші күні Комиссия мүшелерінің алдына ғылыми ұйымдарды аттестаттау рәсімдері жөніндегі міндеттерді қояды және олардың арасындағы ғылыми ұйымдар қызметінің бағыттарын кешенді зерделеу жөніндегі тапсырмаларды бөліп береді.

      17. Комиссия өз қызметінде ғылыми ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      Комиссияның мүшелері Комиссияның төрағасын аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы хабардар етеді және анықталған кемшіліктер мен тиісті нормативтік құқтық актілердің ережелерін бұзушылықтарды көрсете отырып және оларды жою мен тұжырымдары жөніндегі ұсынымдарымен бірге ғылыми ұйымдардың көрсеткіштерін нақты талдай отырып, анықтамаларды тапсырады.

3. Аттестаттаудың қорытындысын шығару

      18. Комиссияның төрағасы барлық бөлімшілердің тексерісінің нәтижелерін қорытындылайды және аттестаттаудың қорытындылары туралы Комиссия қорытындысын дайындайды (бұдан әрі - Қорытынды), ол мынандай бөлімдерді енгізуі тиіс:
      1) ғылыми ұйымдардың жалпы мінездемесі;
      2) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржылық қызметтердің нәтижелеріне талдау;
      3) әкімшілік-басқару персоналының қызметі;
      4) материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау;
      5) ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлердің кадрлық әлеуетін және аттестаттау нәтижелерін талдау;
      6) ғылыми кадрларды дайындау жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдау;
      7) халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйін талдау;
      8) тиісті ғылыми бағыттағы ғылыми мамандықтар бойынша аттестаттау ("Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми педагогикалық қызметкерлерге атақ беру жөнінде мамандықтар Номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 15 қазандағы 752 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комитетінің жіктеуішіне сәйкес);
      9) ескертпелер мен кемшіліктер;
      10) шешімдер мен ұсыныстар.

      19. Қорытындыға комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
      Комиссия мүшелерінің, пікірлері Комиссия тұжырымымен сәйкес келмейтін болса жазбаша нысанда баяндайды, және оны қорытындыға қоса береді.
      Егер Комиссия дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      20. Комиссия төрағасы ғылыми ұйымдарды аттестаттау нәтижесі туралы ғылыми ұйымның жетекшісіне хабардар етеді және қорытындының екінші данасы  ғылыми ұйымның жетекшісінің қолымен расталынады, оған тапсырылады.

      21. Комиссия қорытындысы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік органның қайта қарауына жатпайды.

      22. Қорытындыға қоса беріледі:
      1) ғылыми ұйымның қызметінің негізгі көрсеткіштері;
      2) ғылыми бөлімшелердiң құрылымы;
      3) ғылыми ұйымның басшылық құрамы туралы мәлімет;
      4) ғылыми әлеуеттің санды және сапалы сипаттамасы;
      5) ғылыми ұйым Жарғысының көшірмесі.

      23. Комиссияның ғылыми ұйымдардың құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган оларды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, шешім шығарғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

      24. Ғылыми ұйымның жекелеген құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша ғылыми ұйымдар аттестатталмаған кезде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін 6 айға дейін мерзім беріледі.

      25. Көрсетілген мерзімде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоймаған кезде уәкілетті мемлекеттік орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшылары алдына олардың одан әрі қызметінің орынсыздығы туралы мәселе қояды.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.25 N 447 бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады