"Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 447 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5820 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2572 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 37-42, 882-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқаулықта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін келесі күнтізбелік жылға арналған аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады."
      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      111523 және 25-тармақтардағы "Министрлікке", "Министрлік" деген сөздер тиісінше "уәкілетті мемлекеттік органға", "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1323-тармақтардағы: "Министрдің" деген сөз "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   А. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады