Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2583. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  қаулы етеді :

     1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің мынадай түрлерін қоса атқаруға рұқсат етіледі деп айқындалсын:
     1) брокерлік және/немесе дилерлік - кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ Ұлттық почта және банктердің операторы үшін трансфер-агенттік қызметпен;
     2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі - трансфер-агенттік қызметпен;
     3) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;
     4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жинақтаушы зейнетақы қорлары дербес жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ брокерлік және/немесе дилерлік қызметпен клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз;
     5) кастодиандық - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;
     6) депозитарлық - бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметпен.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 396 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 278 , 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 45 , 2007.06.25. N  174 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен .

      1-1.  Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.09.24.  N 238 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 133  қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 мамырда N 2302 тіркелген, 2003 жылғы маусымда "Вестник Национального Банка Казахстана" журналының N 11 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

     4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ сауда-саттық ұйымдастырушыға, орталық депозитарийге, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады