Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7641 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 120 қаулысына
1-қосымша

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары

      Ескерту. Бұйрық 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібі мен талаптарын айқындайды.

2-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібі

      2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мынадай түрлері қоса атқарылады:

      1) брокерлік және (немесе) дилерлік – кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын Ұлттық пошта операторы және банктер үшін трансфер-агенттiк қызметпен;

      2) инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен;

      3) кастодиандық – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;

      4) депозитарлық – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметпен, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен;

      5) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен;

      6) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті – номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен.

3-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару талаптары

      3. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаруға бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда рұқсат беріледі.

      4. Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті лицензияланатын түрін жүзеге асыруға лицензиясын алады.

      5. Орталық депозитарий трансфер-агенттік қызметті қоспағанда, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның лицензиясынсыз кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 120 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2583 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, № 1-4, 905-құжатта жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 396 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3416 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3854 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4612 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4828 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4978 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады