Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 45 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4612 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-бап) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген) және Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы  кәсіби қызмет түрлерін біріктіру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген) енгізілген толықтыру мен өзгерістерімен мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:
      3) тармақшада ", кастодиандық қызметпен" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшада ", инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары жүзеге асыратын брокерлік және/немесе дилерлік қызмет айрықша болып табылады және де бағалы қағаздар рыногындағы басқа кәсіби қызмет түрлерімен қоса атқарылмайды.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін
қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Нәжімеденова Ә.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының
орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады