Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ, өзгерту енгізілді - 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына сәйкес, теңiз портының қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн ұсынудың бiрыңғай тәртiбi мен талаптарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ, 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Төраға |
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасының
Көлік және Коммуникациялар
министрі
2003 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
2003 жылғы 2 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы
2003 жылғы 3 қазан
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне
(бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициентiн бекіту
Ережесі
Ескерту: Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген", "белгілеуге", "белгілеудің", "белгіленіп отырған" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітуге", "бекітудің", "бекітіліп отырған" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ Бұйрығымен.
Ескерту: Ереженің тақырыбында және барлық мәтін бойынша "күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
1. Жалпы ереже
1. Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ, 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрықтарымен .2. Осы Ереже теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту тәртiбi мен талаптарын анықтайды.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді;мәтін бойынша "және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі", "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", ", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі", "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің," деген сөздер алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
уақытша төмендету коэффициентi - теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) мөлшерiне уәкiлеттi орган белгiлеген шама;
өтеу кестесi - клиенттiң теңiз портына мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн, клиенттiң және теңiз портының бiрiншi басшысының қолымен куәландырылған өтеу кестесi;
мәлімделген көлем - клиенттің немесе теңіз портының уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған мәлімдемесінде көрсетілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланып отырған көлемі;
клиент - теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
құзыреттi орган - өз құзыретi шегінде сауда мақсатында теңiзде жүзу аясындағы қызметтi үйлестiру және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
клиенттiң мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегi - төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес клиенттiң теңiз порты алдындағы мерзiмiнде орындалмаған қаржылық мiндеттемелердiң, ақшалай қарыздардың сомасы;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңдарына сәйкес қолданылады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрықтарымен. 2. Уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекітудің принциптерi
4. Уақытша төмендету коэффициентi бұл шараның экономикалық тиiмдiлiгiн есептеу және оның мемлекет, теңiз порты және клиент үшiн мақсаттылығы негiзiнде белгiленедi.
Уақытша төмендету коэффициентiн бекітудің экономикалық тиiмдiлiгi реттеліп көрсетiлетiн жұмыстар мен қызметтер көлемiнiң, теңіз портының қолданысқа енгізілмеген немесе толық қолданысқа енгізілмеген қуаттылықтарын пайдалану мүмкіндігімен, теңiз портының және клиенттiң алатын табыстары көлемiнiң ұлғаюымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiмен және мемлекеттiк бюджетке түсетiн табыстың көбеюiмен белгiленедi.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.5. Алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
6. Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу клиенттiң теңiз портының алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) несиелiк берешегi болмаған жағдайда немесе өтеу кестесiне сәйкес несиелiк берешегiн өтеген жағдайда жүргiзiледi.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен .7. Уақытша төмендету коэффициентiн пайдаланып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен кезде теңiз портының алатын табыстары тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетумен байланысты шығындарды жабуға тиiс.
Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.8. Уақытша төмендету коэффициентi айдың бiрiншi күнiнен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын белгiлi бiр уақытқа қолданысқа енгiзiледi.
3. Уақытша төмендету коэффициентiн
белгiлеу тәртiбi
9. Клиент немесе теңiз порты (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай талаптарды сақтап өтiнiм мен Ереженiң 1-қосымшасына сай негiздеушi құжаттарды ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн белгiлейдi:
әрбiр бетке клиенттiң бiрiншi басшысы, ал қаржылық құжаттарға клиенттiң бас бухгалтерi және қол қояды. Бұл жағдайда көшiрмелiк қолдың күшi жоқ. Бiрiншi басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың растығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк артады;
алдыңғы жылғы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекітудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуден күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.
10. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуге өтiнiм түскен күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде өтiнiмдi қабылдау туралы не қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етуi тиiс.
11. Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартады.
Мұндай бас тарту жағдайында өтiнiм берушi уәкiлеттi органға бiр айдан кейiн ғана өтiнiммен жүгiнуге құқылы.
12. Уәкiлеттi органның өтiнiмдi қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алғаннан кейiн өтiнiм берушi 5 жұмыс күн iшiнде осы өтiнiмдi қарау үшiн Құзыреттi органға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне хабарламаны қоса тiркей отырып жiбередi. Клиент жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк органдардан басқа, өтiнiмдi теңiз портына қорытынды ұсыну үшiн жолдайды.
Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi теңiз порты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн заңнамада белгiлеген тәртiппен жауапкершiлiк артады.
13. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган клиенттен, теңiз портынан және құзыреттi органнан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Сонымен бiрге, өтiнiмдi қарау мерзiмi сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатылады, бiрақ 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
14. Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты өтiнiм берушiден өтiнiм алған күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітудің мақсаттылығы мен ұсынылған деңгейiнiң негiздемесi не оны бекітудің мақсатсыздық негiздемесi көрсетiлетiн қорытынды ұсынады. Көрсетiлген ұйымдар қорытындыларды бекітілген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiмдi уәкiлеттi органда өтiнiмдi қарау мерзiмiн тоқтату тиiстi қорытындылар алғанға дейiн, бiрақ 5 жұмыс күнiнен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты қорытындыларды, сондай-ақ сұратылған қосымша ақпаратты бекітілген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган жазбаша хабарлама арқылы уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден бас тартуға не уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу туралы экономикалық тиiмдiлiктi бағалау негiзiнде дербес шешiм қабылдауға құқылы.
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiм берушiге, құзыреттi органға және клиентке жiберiлетiн тиiстi дәлелденген қорытынды шығарады.
Уәкiлеттi орган клиенттiң бастамасы, не мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша қосымша ақпарат алған кезде өтiнiмдi қарау мерзiмiн 5 жұмыс күнiнен аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.
15. Уәкiлеттi орган өтiнiм берушi ұсынған негiздеушi құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты ұсынған қорытындыларының негiзiнде өтiнiм қарауға қабылданған сәттен бастап 30 күннiң iшiнде шешiм қабылдайды. Осы Ереженiң 13 және 14-тармақтарында көзделген жағдайларда шешiм қабылдау мерзiмi тоқтатыла тұрады не көрсетiлген тармақтарға сәйкес ұзартылады.
16. Уәкiлеттi орган құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты өкiлдерiнiң, клиенттiң және тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен кеңес өткiзуге құқылы.
17. Өткiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу туралы не оларды белгiлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы шешiм уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығы түрiнде қабылданады.
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы бұйрық клиентке, теңiз портына және құзыреттi органға бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кем дегенде 10 күнтiзбелiк күн бұрын жiберiледi.
18. Теңiз порты тоқсан сайын уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес әрбiр клиент бойынша уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданумен нақты көрсетiлген реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ, 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.4. Уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану тәртiбi
19. Теңiз порты уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген, теңiз порты мен клиент арасында жасалған шарт (шартқа толықтыру) негiзiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданады.
Осы шарт (шартқа толықтыру) уақытша төмендету коэффициентiнiң қолдану мерзiмiн және клиенттiң теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың мәлiмделген көлемiн тиiстi уақыт кезеңiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн пайдаланбай реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеуге байланысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiгiн көздейдi.
Клиентпен теңiз портының арасындағы шарт (шартқа толықтыру) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртiпте осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген бұйрықтың күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалуға тиiс.
Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен. 5. Уақытша төмендету коэффициентiн алып
тастау тәртiбi
20. Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысы бекітілген мерзiм өткеннен кейiн, сондай-ақ уәкiлеттi орган теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) жаңа тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бекiткен сәттен бастап тоқтатылады.
Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен .21. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентiн уәкiлеттi орган бекітілген мерзiм өткенге дейiн немесе мынадай жағдайлардың бiреуi болғанда алып тастауы мүмкiн:
1) мемлекет, теңiз порты үшiн уақытша төмендету коэффициентiн бұдан әрi қолданудың экономикалық тиiмсiздiгi;
2) клиенттiң теңiз портына мерзiмi өтiп кеткен берешегi пайда болған немесе өтеу кестесiн орындамаған жағдайда;
3) осы Ереженiң 5-тармағында бекітілген критерийлерге сәйкес келмеуi.
Бұл жағдайда уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды тоқтату уәкiлеттi органмен келiсiледi.
22. Осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген жағдайлар пайда болған кезде теңiз порты бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға кешiктiрмей ұсынуы тиіс.
23. Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Салық комитетi, теңiз порты және клиент уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
Уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
24. Уәкiлеттi орган бекітілген мерзiм аяқталғанға дейiн уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiм қабылдаған кезде құзыреттi органнан, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Салық комитетiнен, теңiз портынан қорытынды, сондай-ақ клиенттен түсiнiктеме сұрауға құқылы.
25. Ұсынылған қорытындыларды ескерiп, уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау бойынша негiздеушi құжаттарға, құжаттарды алған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде сараптама жүргізеді.
Көрсетiлген ұйымдар және мемлекеттiк органдар қорытындыларды сұраған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган бар қорытындыларды ескерiп, 10 жұмыс күннiң iшiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау бойынша негiздеушi құжаттарға сараптама жүргiзедi.
26. Жүргiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган бұйрық түрiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiм қабылдайды және бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 10 күннен кешiктiрмей құзыреттi орган мен теңiз портына хабарлама жолдайды.
Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысын тоқтату туралы ақпаратты теңiз порты уәкiлеттi органның бұйрығы қолданысқа енгiзiлген күнге дейiн 7 күнтiзбелiк күн бұрын клиенттiң назарына жеткiзуге тиiс.
27. Уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкiлеттi орган уәждемелi қорытынды шығарады және осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жiбередi.
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесiне 1-қосымша |
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.
Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту үшiн
клиент немесе теңiз порты ұсынатын құжаттар мен
ақпараттар тiзiмi
1. Жүктiң атауы, уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейi және оны бекіту мерзiмi көрсетiлген өтiнiм (еркiн түрде).
2. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлға), жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға).
3. Уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейiнiң есебiн қоса, бекітудің мақсаттылығы (экономикалық және техникалық аспектiлерi) туралы анықтама-негiздеме.
4. Сұралып отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз, өткен жылдың және алдағы аяқталған төрт тоқсанның тоқсандарға бөлумен ұқсас кезеңiмен салыстырғандағы салық мiндеттерiнiң (салық түрлерiнiң бөлiгiнде) өсу (сақталу) динамикасы туралы анықтама-негiздеме.
5. Алдағы кезеңдегi теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің нақты көлемi. Бұлай болғанда теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің нақты көлемi заттай және құндық көрсеткiште көрсетiлуi қажет.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.6. Уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз мәлiмделген кезеңге арналған теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланған көлемi. Бұлай болғанда теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланған көлемi заттай және құндық көрсеткiште көрсетiлуi қажет.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.7. Қаржылық есептiлiк (бухгалтерлiк баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындысы туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, қаржылық есепке түсiндiрме жазба) және алдыңғы кезеңдегi (төрт аяқталған тоқсандағы және өткен жылдағы) қаржылық-шаруашылық қызмет талдауы.
8. Егер өтiнiм берушi теңiз порты болған жағдайда - теңiз портының сұралып отырған кезеңде уақытша төмендету коэффициентiн қолданумен және қолданусыз реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табыстары, шығыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
Егер өтiнiм берушi клиент болған жағдайда - сұралып отырған кезеңде айларға бөлумен уақытша төмендету коэффициентiн қолданумен және қолданусыз теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырудан түскен табыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.9. Ағымдағы айдың бiрiншi күнiне клиентпен теңiз портының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi. Несиелiк берешегi бар болған жағдайда - клиенттiң теңiз портының алдындағы мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн өтеу кестесi.
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесiне 2-қосымша |
Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 78-НҚ , 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.
Теңiз портының уақытша төмендету коэффициентiн қолдану кезiнде тоқсан сайын ұсынатын ақпараттар тiзiмi
1. Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне клиенттермен жасасқан шарттар туралы ақпарат.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.2. Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбiр клиент бойынша нақты орындалған көлемi.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.3. Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту нәтижесiнде теңiз портының әрбiр клиент бойынша теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен қосымша табыстарының немесе шығындарының көлемi.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.04.03 N 104-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.