Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2598 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 (157) нөмірінде жарияланған "Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3522 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 (225) нөмірінде жарияланған), "Теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 104-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5221 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 81 (1481), "Ресми газеттің" 2008 жылғы 14 маусымдағы N 24 (390) нөмірінде жарияланған):
кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";
"Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2599 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52(157) нөмірінде жарияланған), "Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту және алып тастау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3521 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 (225) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде:
"Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2003 жылғы 20 маусымдағы", "11-тармақтың 2) тармақшасы" деген сөздер тиісінше "2007 жылғы 12 қазандағы N 943", "21-тармақтың 6) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уақытша төмендету коэффициенті – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
сегізінші абзац "Қазақстан Республикасы" сөздерінен кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Алдабергенов |
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
_______________ С. Ахметов
2009 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б.Жәмішев
2009 жылғы 24 ақпан
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Б. Сұлтанов
2009 жылғы 24 ақпан