Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 24 наурыз - 6 сәуірде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздерден кейін "және/немесе уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
1) тармақшадағы "және оған қосымшалар" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "осы Нұсқаулыққа 2-қосымша" деген сөздер "Почтаның ұлттық операторы үшін - осы Нұсқаулыққа 2-қосымша, банктік емес ұйымдар үшін (Почтаның ұлттық операторын қоспағанда) - осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) меншік капиталға өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулыққа 3-1-қосымша).";
6-тармақта:
2), 3), 4)-тармақшалар алынып тасталсын;
5) тармақшадағы "ағымдағы" деген сөзден кейін ", корреспонденттік" деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банктік емес ұйымдар (Почтаның ұлттық операторын және ломбардтарды қоспағанда) уәкілетті органға:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей N 1 нысанды және N 2 нысанды;
жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді.
Почтаның ұлттық операторы уәкілетті органға:
ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді;
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді;
жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды, қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді.
Ломбардтар уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін:
есепті жылдан кейінгі жылдың он сегізінші қаңтарына дейін мерзімде, N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді;
есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды, қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді.";
9-тармақтағы "Ұлттық Банктің филиалына" деген сөздер және бұдан әрі мәтін бойынша "Ұлттық Банктің филиалы", "Ұлттық Банктің филиалына", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша
N 1 нысан
Бухгалтерлік баланс
_______________________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
Баптардың атауы |Ескерту| Есепті | 200_
| |кезеңнің| жылғы
| | аяғында| 31 жел.
| | |тоқсанда
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Активтер 1
Негізгі құрал-жабдықтар (нетто) 2
Материалдық емес активтер (нетто) 3
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар 4
Берілген қаржылық жалға алу (күмәнді
борыштар бойынша резервтерді шегергенде) 5
Берілген ұзақ мерзімді заемдар (күмәнді
борыштар бойынша резервтерді шегергенде) 6
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (күмәнді
борыштар бойынша резервтерді шегергенде) 7
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар
(күмәнді борыштар бойынша резервтерді
шегергенде) 8
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар
(күмәнді борыштар бойынша резервтерді
шегергенде) 9
Мерзімі ұзартылған салық талабы 10
Басқа активтер 11
Қорлар 12
Салық және басқа міндетті төлемдер
бойынша бюджет алдындағы талап 13
Алдағы кезеңдердің шығыстары 14
Берілген қысқа мерзімді заемдар
(күмәнді борыштар бойынша резервтерді
шегергенде) 15
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
(күмәнді борыштар бойынша резервтерді
шегергенде) 16
"Кері РЕПО" операциясы 17
Саудаға арналған бағалы қағаздар
(күмәнді борыштар бойынша резервтерді
шегергенде) 18
Орналастырылған салымдар (күмәнді борыштар
бойынша резервтерді шегергенде) 19
Ақша 20
Меншік капиталы 21
Жарғылық капитал 22
Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал) 23
Алынған капитал 24
Резервтік капитал 25
Басқа резервтер 26
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын): 27
Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі
(жабылмаған шығын) 28
Есепті кезеңдегі бөлінбеген кіріс
(жабылмаған шығын) 29
Азшылық үлесі 30
Міндеттемелер 31
Ұзақ мерзімді алынған заемдар және
қаржылық жалға алу 32
Тартылған ұзақ мерзімді салымдар 33
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек 34
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 35
Мерзімі ұзартылған салық міндеттемесі 36
Алдағы кезеңдердің кірістері 37
Дивидендтер бойынша акционерлермен есеп
айырысу 38
Салық және басқа міндетті төлемдер
бойынша бюджет алдындағы міндеттеме 39
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 40
Қысқа мерзімді алынған заемдар 41
"РЕПО" операциясы 42
Тартылған қысқа мерзімді салымдар 43
Клиенттердің корреспонденттік және
ағымдағы шоттары 44
Өзге де міндеттемелер 45
Меншік капитал және міндеттемелер жиынтығы 46
___________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша
N 2 нысан
Кірістер және шығыстар туралы есеп
(функциялар бойынша шығыстарды жіктеу)
_________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
|Ескерту|Есепті|Ағымдағы|Өткен |Өткен
Баптардың | |кезең |жылдың |жылдың |жылдың
атауы | |үшін |басынан |осындай|басынан
| | | бергі |есепті |бергі
| | | кезең |кезеңі |осындай
| | | үшін |үшін |кезең
| | |(өспелі | |үшін
| | |жиынтық.| |(өспелі
| | | пен) | |жиынтық.
| | | | | пен)
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
Дайын өнімді (жұмыс,
қызмет көрсету) сатудан
түскен кіріс 1
Сатылған дайын өнімнің
(жұмыс, қызмет көрсету)
өзіндік құны 2
оның ішінде:
Материалдарға шығыстар 3
Еңбекақы және іссапар
шығыстары 4
Амортизациялық аударымдар 5
Жалпы пайда 6
Банк қызметімен байланысты
кірістер 7
Сыйақы алуға байланысты
кірістер 8
оның ішінде:
корреспонденттік және
ағымдағы шоттар бойынша 9
орналастырылған салымдар
бойынша 10
берілген заемдар бойынша 11
берілген қаржылық жалға алу
бойынша 12
бағалы қағаздар бойынша 13
"кері РЕПО" операциялары
бойынша 14
Сыйақы алуға байланысты
басқа да кірістер 15
Сыйақы алуға байланысты емес
кірістер 16
оның ішінде:
Аударым операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 17
Клиринг операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 18
Касса операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 19
Сейф операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 20
Инкассацияны жүзеге асырудан
кірістер 21
Банк қызметімен байланысты
өзге де кірістер 22
Бағалы қағаздар бойынша өзге
де кірістер (шығындар) (нетто) 23
оның ішінде
Бағалы қағаздарды (нетто)
сатып алудан-сатудан түскен
кірістер (шығындар) 24
Саудаға арналған және қолда
бар сатуға арналған бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар) (нетто) 25
Шетел валютасын қайта
бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто) 26
Банк қызметіне байланысты
емес өзге де кірістер 27
Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан кірістер 28
Активтерді сатудан түскен
кірістер 29
Басқа да кірістер 30
Кірістер жиынтығы 31
Дайын өнімді (жұмыс, қызмет
көрсету) сатуға байланысты
шығыстар 32
Операциялық кірістер 33
оның ішінде:
Еңбекақы және іссапар
шығыстары 34
Амортизациялық аударымдар 35
Салық және бюджетке басқа
да міндетті төлемдер бойынша
шығыстар (корпоративтік
табыс салығынан басқа) 36
Банк қызметімен байланысты
шығыстар 37
Сыйақы алуға байланысты
шығыстар 38
оның ішінде:
тартылған салымдар бойынша 39
алынған заемдар бойынша 40
алынған қаржылық жалға алу
бойынша 41
бағалы қағаздар бойынша 42
"РЕПО" операциялары бойынша 43
Сыйақы алуға байланысты
басқа да шығыстар 44
Сыйақы алуға байланысты
емес шығыстар 45
оның ішінде:
Аударым операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 46
Клиринг операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 47
Касса операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 48
Сейф операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 49
Инкассацияны жүзеге
асырудан шығыстар 50
Басқа да шығыстар 51
Шығыстар жиынтығы 52
Резервтерге (провизияларға)
аударылғанға дейінгі таза
кіріс (шығын) 53
Ықтимал шығындарға арналған
резервтерге (провизияларға)
шығыстар резервтерді
(провизияларды) қалпына
келтіру 54
Резервтерге (провизияларға)
аударылғаннан кейінгі таза
кіріс (шығын) 55
Көзделмеген кірістер
(шығындар) 56
Корпоративтік табыс салығын
төлегенге дейінгі таза
кіріс (шығын) жиынтығы 57
Корпоративтік табыс салығы 58
Салықтарды төлегеннен кейінгі
таза кіріс (шығын) 59
Азшылықтың үлесі 60
Кезең ішіндегі таза кіріс
(шығын) 61
___________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
мынадай редакциядағы 2-1-қосымшамен толықтырылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 2-1-қосымша
N 2 нысан
Кірістер және шығыстар туралы есеп
(сипаты бойынша шығыстарды жіктеу)
_________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
|Ескерту|Есепті|Ағымдағы|Өткен |Өткен
Баптардың | |кезең |жылдың |жылдың |жылдың
атауы | | үшін |басынан |осындай|басынан
| | | бергі |есепті |бергі
| | | кезең |кезеңі |осындай
| | | үшін |үшін |кезең
| | |(өспелі | |үшін
| | |жиынтық.| |(өспелі
| | | пен) | |жиынтық.
| | | | | пен)
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
Сыйақы алуға байланысты
кірістер: 1
оның ішінде:
корреспонденттік және
ағымдағы шоттар бойынша 2
орналастырылған салымдар
бойынша 3
берілген заемдар бойынша 4
берілген қаржылық жалға
алу бойынша 5
бағалы қағаздар бойынша 6
"кері РЕПО" операциялары
бойынша 7
Сыйақы алуға байланысты
басқа да кірістер 8
Сыйақы алуға байланысты
емес кірістер: 9
оның ішінде:
Аударым операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 10
Клиринг операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 11
Касса операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 12
Сейф операцияларын жүзеге
асырудан кірістер 13
Инкассацияны жүзеге асырудан
кірістер 14
Сыйақы алуға байланысты
емес басқа да кірістер 15
Бағалы қағаздар бойынша
өзге де кірістер (шығындар)
(нетто) 16
оның ішінде:
Бағалы қағаздарды сатып
алудан-сатудан түскен
кірістер (шығындар) (нетто) 17
Саудаға арналған және қолда
бар сатуға арналған бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар) (нетто) 18
Шетел валютасын қайта
бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто) 19
Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан кірістер 20
Активтерді сатудан түскен
кірістер 21
Басқа да кірістер 22
Кірістер жиынтығы 23
Сыйақы алуға байланысты
шығыстар 24
оның ішінде:
тартылған салымдар бойынша 25
алынған заемдар бойынша 26
алынған қаржылық жалға алу
бойынша 27
бағалы қағаздар бойынша 28
"РЕПО" операциялары бойынша 29
Сыйақы төлеуге байланысты
басқа да шығыстар 30
Сыйақы алуға байланысты емес
шығыстар: 31
оның ішінде:
Аударым операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 32
Клиринг операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 33
Касса операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 34
Сейф операцияларын жүзеге
асырудан шығыстар 35
Инкассацияны жүзеге асырудан
шығыстар 36
Операциялық шығыстар 37
оның ішінде:
Еңбекақы және іссапар
шығыстары 38
Амортизациялық аударымдар 39
Материалдарға арналған
шығыстар 40
Салық және бюджетке басқа
да міндетті төлемдер бойынша
шығыстар (корпоративтік
табыс салығынан басқа) 41
Активтерді сатудан немесе
өтеусіз беруден шығыстар 42
Басқа да шығыстар 43
Шығыстар жиынтығы 44
Резервтерге (провизияларға)
аударғанға дейінгі таза
кіріс (шығын) 45
Ықтимал шығындарға арналған
резервтерге (провизияларға)
шығыстар резервтерді
(провизияларды) қалпына
келтіру 46
Резервтерге (провизияларға)
аударғаннан кейінгі таза
кіріс (шығын) 47
Көзделмеген кірістер
(шығындар) 48
Корпоративтік табыс салығын
төлегенге дейінгі таза кіріс
(шығын) жиынтығы 49
Корпоративтік табыс салығы 50
Салықтарды төлегеннен
кейінгі таза кіріс (шығын) 51
Азшылықтың үлесі 52
Кезең ішіндегі таза кіріс
(шығын) 53
____________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша
N 3 нысан
Ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)
_________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
____________________________________________________________________
|Ескерту |Ағымдағы | Өткен
Баптардың атауы | | жылдың | жылдың
| | басынан | басынан
| | бергі | бергі
| | кезең | осындай
| | үшін | кезең
| | (өспелі | үшін
| | жиынтық.| (өспелі
| | пен) | жиынтық.
| | | пен)
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
Операциялық қызметпен байланысты
ақшалай түсімдер және төлемдер 1
Салық салуға дейінгі кіріс (шығын) 2
Ақшалай емес операциялық баптарға
түзетулер: 3
оның ішінде:
Амортизациялық аударымдар және тозу 4
Ықтимал шығынға арналған резервтер
(провизиялар) бойынша шығыстар 5
Шетел валютасымен операциялар бойынша
жұмсалмаған кірістер және шығыстар 6
Алуға сыйақы түрінде есептелген кірістер 7
Сыйақы төлеуге шығыстар 8
Ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер 9
Операциялық активтерді және міндет.
темелерді өзгерткенге дейінгі
операциялық кіріс (шығын) 10
Операциялық активтерде (көбею) азаю 11
Берілген ұзақ мерзімді заемдардың
(көбеюі) азаюы 12
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің
(көбеюі) азаюы 13
Алдағы кезеңдердегі шығыстардың
(көбеюі) азаюы 14
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің
(көбеюі) азаюы 15
Берілген қысқа мерзімді заемдардың
(көбеюі) азаюы 16
"Кері РЕПО" операцияларының (көбеюі)
азаюы 17
Саудаға арналған және қолда бар
сатуға арналған бағалы қағаздардың
(көбеюі) азаюы 18
Өтеу мерзімі үш айдан астам мерзімге
орналастырылған салымдардың
(көбеюі) азаюы 19
Басқа да активтердің (көбеюі) азаюы 20
Операциялық міндеттемелердің көбеюі
(азаюы) 21
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің
көбеюі (азаюы) 22
Өтеу мерзімі үш айдан астам тартылған
салымдардың көбеюі (азаюы) 23
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектің
көбеюі (азаюы) 24
"РЕПО" операцияларының көбеюі (азаюы) 25
Алдағы кезеңдердегі кірістердің көбеюі
(азаюы) 26
Басқа да міндеттемелердің көбеюі (азаюы) 27
Операциялық қызметтен түскен ақшаның
көбеюі (азаюы) 28
Төленген корпоративтік табыс салығы 29
Салық салудан кейінгі операциялық
қызметтен түскен ақшаның көбею (азаю)
жиынтығы 30
Инвестициялық қызметпен байланысты
ақшалай түсімдер және төлемдер 31
Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы
қағаздарды сатып алу (сату) 32
Негізгі құрал-жабдықтарды, материалдық
емес активтерді сатып алу 33
Негізгі құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтерді сату 34
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар 35
Басқа да түсімдер және төлемдер 36
Инвестициялық қызметтен түскен
ақшаның көбею (азаю) жиынтығы 37
Қаржылық қызметке байланысты ақшалай
түсімдер және төлемдер 38
Акциялар шығару 39
Акцияларды және қатысу үлесін алу 40
Алынған заемдар 41
Дивидендтер төлеу 42
Басқа да түсімдер және төлемдер 43
Қаржылық қызметтен түскен ақшаның
көбею (азаю) жиынтығы 44
Есепті кезеңдегі ақшаның көбею (азаю)
жиынтығы 45
Кезең басындағы ақша қалдығы 46
Кезең соңындағы ақша қалдығы 47
____________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
мынадай редакциядағы 3-1 қосымшамен толықтырылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 3-1-қосымша
N 3 нысан
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп
_________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы]
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
____________________________________________________________________
|Жарғы.|Сыйлық. |Алын.|Резерв.|Басқа|Бөлін. |Жиын.
|лық |ақылар |ған | тік |ре. |беген |тығы
|капи. |(қосымша|капи.|капи. |зерв.|кіріс |
|тал |төленген|тал |тал |тер |(жабыл.|
| |капитал)| | | |маған |
| | | | | |кіріс) |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
____________________________________________________________________
Есепті кезеңнің
басындағы сальдо
Есеп саясатындағы
өзгерістер және
өткен кезеңдердегі
негізгі қателерді
түзету
Есепті кезеңнің
басында қайта
есептелген сальдо
Есепті кезеңде
қосымша шығарылған
(сатып алынған)
меншік акциялар
Дивидендтер
Негізгі құрал-жаб.
дықты қайта бағалау
Сатуға арналған
қолда бар бағалы
қағаздардың құнын
өзгерту
Есепті кезеңде
бөлінбеген кіріс
(орны жабылмаған
шығын)
Ішкі аударымдар
Резервтік капитал.
ды қалыптастыру
негізгі құрал-жаб.
дықтың жинақталған
қайта бағалауының
амортизациясы
Өзге операциялар
Есепті кезеңнің
аяғындағы сальдо
____________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 4-қосымша
Берілген заемдар және қаржы лизингі туралы есеп
___________________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
____________________________________________________________________
Заемдар | Символ |Есепті күнгі
| |заем қалдығы
____________________________________________________________________ 1 | 2 | 3
____________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға заемдар: 100
Заңды тұлғаларға заемдар: 200
Ауылшаруашылық мақсаттарына 210
Өндірістік мақсаттарға 220
Құрылысқа 230
Жылжымайтын мүлікті сатып алуға 240
Қызмет көрсету саласын дамытуға 250
Өзге де заемдар 260
Жеке тұлғаларға заемдар: 300
Ауылшаруашылық мақсаттарына 310
Тұтыну мақсаттарына 320
Тұрғын үй сатып алуға 330
Құрылысқа 340
Қызмет көрсету саласын дамытуға 350
Өзге де заемдар 360
____________________________________________________________________
Кепіл түрі бойынша заемдар:
____________________________________________________________________
Ломбардтық, оның ішінде: 410
зергерлік бұйымдар 411
аудио, бейне және тұрмыстық техника 412
автокөлік 413
басқа жылжымалы мүлік 414
Жылжымайтын мүлік 420
Кепілдіктер және кепілдемелер 430
Басқа да қамтамасыз ету 440
Бланктік 450
Заемдар жиынтығы 400
____________________________________________________________________
Олардың ішінде:
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген заемдар:
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаларға 510
Жеке кәсіпкерлерге 520
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген
заемдар жиынтығы, оның ішінде: 500
Ауылшаруашылық мақсаттарына 501
Өндірістік мақсаттарға 502
Құрылысқа 503
Жылжымайтын мүлікті сатып алуға 504
Қызмет көрсету саласын дамытуға 505
Өзге де заемдар 506
____________________________________________________________________
Қаржы лизингі
____________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға 610
Заңды тұлғаларға 620
Жеке кәсіпкерлерге 630
Қаржы лизингі жиынтығы 600
____________________________________________________________________
Анықтамалық: Заемдар бойынша сыйақының
орташа есептелген ставкасы (процентпен)
____________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға заемдар 700
Заңды тұлғаларға заемдар 800
Жеке тұлғаларға заемдар 900
____________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны";
8-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 8-қосымша
Салымдар және ағымдағы, корреспонденттік шоттар туралы есеп
_________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның толық атауы)
200____ жылғы "___" __________________
(мың теңгемен)
____________________________________________________________________
Салымдардың түрі | Жеке | Заңды
|тұлғалар|тұлғалар
____________________________________________________________________
Ағымдағы, корреспонденттік |Барлығы, оның ішінде|
шоттар |шетел валютасымен |
Талап ету салымдары |Барлығы, оның ішінде|
|шетел валютасымен |
Шартты салымдар |Барлығы, оның ішінде|
|шетел валютасымен |
Мерзімді салымдар |Барлығы, оның ішінде|
|шетел валютасымен |
Оның ішінде
1 айға дейін бастапқы өтеу |Барлығы, оның ішінде|
мерзімімен |шетел валютасымен |
1 айдан 3 айға дейін |Барлығы, оның ішінде|
бастапқы өтеу мерзімімен |шетел валютасымен |
3 айдан 1 жылға дейін |Барлығы, оның ішінде|
бастапқы өтеу мерзімімен |шетел валютасымен |
1 жылдан астам 5 жылға |Барлығы, оның ішінде|
дейін бастапқы өтеу |шетел валютасымен |
мерзімімен
5 жылдан астам бастапқы |Барлығы, оның ішінде|
өтеу мерзімімен |шетел валютасымен |
Басқа да салымдар |Барлығы, оның ішінде|
|шетел валютасымен |
Жиынтығы |Барлығы, оның ішінде|
|шетел валютасымен |
____________________________________________________________________
Анықтамалық: Салымдар бойынша сыйақының орташа есептелген
ставкасы (процентпен) теңгемен шетел валютасымен
____________________________________________________________________
Ағымдағы, корреспонденттік шоттар | |
Талап ету салымдары | |
Шартты салымдар | |
Мерзімді салымдар | |
____________________________________________________________________
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
орындаушы: __________________
телефон:__________________
Мөр орны".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерді және ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы