Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 24 қазан N 421. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2072. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 430 (V032646) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру  мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  4-бабы, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  31-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 4) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар осы Қаулының 2-6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес шығаратын Қазақстан депозитарлық қолхаттары туынды бағалы қағаздар деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
      2) шығарылған акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының жоғары санатты ресми тізіміне енгізілген;
      3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелері бар резиденті-заңды тұлғаның Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығаруға құқылы екендігі белгіленсін.
      3. Шетелдік эмитенттің немесе ол шығарған, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың "В"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch Rating Ltd" халықаралық рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-ден ("Moody's Investors Service" халықаралық рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы болуы тиіс.
      4. Эмиссиялық бағалы қағаздарына Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылатын шетелдік эмитент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы оффшорлық аймақ тізбесіне енгізген аумақта тіркелген немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөніндегі міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған заңды тұлға не осындай заңды тұлғаның аффилиирленген ұйымы болып табылмауы тиіс.
      5. Қазақстан депозитарлық қолхаттары шетелдік эмитент шығарған Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі (қамтамасыз ету) болып табылатын бағалы қағаздар арқылы көрсетіле отырып құнға ие болады.
      6. Қазақстан депозитарлық қолхаттары:
      1) құжатсыздандырылған нысанда шығарылады;
      2) олардың орналасуы және айналысы ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылады;
      3) Қазақстан депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.
      7. Ұсынылып отырған Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізілсін.
      9. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамына, "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Ә.Ғ.Сәйденовке  жүктелсін.

      Ұттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
"Қазақстан депозитарлық   
қолхаттарын туынды бағалы  
қағаздар деп тану және   
Қазақстан депозитарлық   
қолхаттарының шығарылымын  
мемлекеттік тіркеу     
ережесін бекіту туралы"  
2002 жылғы 24 қазандағы  
N 421 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан депозитарлық қолхаттарының
шығарылымын мемлекеттік тіркеу
ережесі

      Осы Ереже " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.

      1. Эмитент Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға:
      1) өзінің толық атауын және орналасқан жерін және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірін және күнін көрсете отырып Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) осы Ереженің 1-қосымшасындағы нысан бойынша жасалған Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымының проспектісін;
      3) эмитенттің Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы шешімін;
      4) бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитенті тіркелген елдің, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмиссиясы тіркелген елдің Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активін, оның туындыларын шетелдің қор биржаларына жіберу жөнінде қандай да болмасын шектеулердің жоқ екендігі туралы ресми құжаттарды;
      5) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым арасында жасалған Қазақстан депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алу және растау шартының көшірмесін;
      6) эмитенттің бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым ашқан есепшотында Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің бар екендігін және оны Қазақстан депозитарлық қолхаттар айналысының барлық кезеңінде оқшаулауды расталатын құжаттарды;
      7) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитентін заңды тұлға ретінде(қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      8) тіркеліп енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитенті жарғысының көшірмесін;
      9) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын тіркеген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның келісуі (бекітуі) туралы белгісі қойылған, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмиссиясының тіркелгендігі куәландырылатын құжаттың (осындай бар болса) көшірмесін қоса бере отырып Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмиссиясы проспектісінің көшірмесін (немесе оның орнын ауыстыратын);
      10) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің соңғы үш жылдағы, қаржы есептерінің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған қаржы есебінің көшірмесін;
      11) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитентінің соңғы қаржы жылындағы, халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жасалған қаржы есебінің шынайылығы расталатын аудиторлық есептің көшірмесін;
      12) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің, оның  эмитентінің және Қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің "Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулысының 2-6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестілігі расталатын құжаттарды;
      13) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ресми тізімге енгізу туралы қорытындысын ұсынады.
      Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынған құжаттардың көшірмесі эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және оның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс.

      2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында ұсынылған құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды.

      3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және осы Ереженің 2-қосымшасындағы нысан бойынша жасалған мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді;
      2) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы проспектісінің оны тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын эмитентке қайтарады.

      4. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне жазбаша түрде шығарылымды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тарту жібереді.

      5. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитенті қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестілігін тексеруді жүзеге асырады.

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Қазақстан депозитарлық  
қолхаттарының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу   
ережесінің       
1-қосымшасы      

Қазақстан депозитарлық қолхаттары
шығарылымының проспектісі

      1. Проспектінің сыртқы парағында:
      1) құжаттың атауы: "Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісі";
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес эмитенттің толық атауы;
      3) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі және санаты, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің толық атауы;
      4) проспектіні бекіткен эмитент органының атауы бар проспектіні бекіту туралы жазба, бекітілген күн, уәкілетті тұлғалардың қолдары және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мөрінің таңбасы;
      5) Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымын уәкілетті органның мемлекеттік тіркегендігі туралы жазба;
      6) "Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған Қазақстан депозитарлық қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшін жауап бермейді. Уәкілетті орган Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестілігін ғана қарады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауап береді және онда берілген барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және Қазақстан депозитарлық қолхаттарына, олардың базалық активіне не Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттеріне және базалық активіне қатысты жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды" деген жазба;
      7) Қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитенттінің лауазымды тұлғалары және уәкілетті өкілдері және оның проспектіні жасауға жауапты консультанттары туралы мәліметтер болуы керек.

      2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті туралы ақпарат:
      1) эмитенттің жарғысына сәйкес оның толық және қысқаша атауы;
      2) эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің күні және нөмірі;
      3) эмитенттің почталық (оның ішінде электрондық) мекен-жайы және оның лауазымды тұлғаларының байланыс телефондары;
      4) салық төлеушінің банктік деректемелері және тіркеу нөмірі.

      3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитенті туралы ақпарат:
      1) эмитент орналасқан ел, ұйымдық-құқықтық нысаны;
      2) оған қатысты қолданылатын және ол қолданатын заңдар, оның ішінде ол шығарған барлық бағалы қағаздардың айналыс шарты бойынша;
      3) барлық тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлімет;
      4) дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген акционерлер туралы мәлімет;
      5) негізгі қызмет түрлерін сипаттау және қаржы-шаруашылық қызметтің соңғы үш жылдағы нәтижелерін талдау.

      4. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы туралы ақпарат:
      1) шығарылымның Қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;
      2) шығарылымның бір Қазақстан депозитарлық қолхатына келетін бағалы қағаз саны;
      3) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын бастапқы орналастыру кезіндегі орналастыру бағасы, оны белгілеудің тәртібі;
      4) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының айналыс мерзімдері;
      5) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары, осы құқықтарды іске асыру тәртібін нақты сипаттау;
      6) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың базалық активінің эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында олардың дауыс беру мүмкіндігі және тәртібі;
      7) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға базалық актив бойынша дивидендтер немесе сыйақылар төлеу тәртібі;
      8) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын олардың базалық активіне айырбастау немесе Қазақстан депозитарлық қолхаттарын сатып алу тәртібі, шарттары және мерзімдері;
      9) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларына Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығарудың, орналастырудың және айналысының шарттарына және олардың ұстаушыларының құқықтарын жүзеге асыруға қатысты ақпарат беру және ұсыну тәртібі;
      10) Қазақстан депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыратын ұйым туралы мәлімет.

      5. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі туралы ақпарат:
      1) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі құрайтын бағалы қағаздардың түрі, үлгісі, санаты, бірегейлендіру нөмірі туралы мәлімет;
      2) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің айналыс мерзімдері;
      3) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емесі - ұйым туралы мәлімет;
      4) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі ұстаушыларының құқықтары;
      5) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және аударудың тәртібі;
      6) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитентінің олар шығарған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді немесе сыйақыларды уақтылы төлемеу жағдайлары және осындай жағдайларда эмитент қандай шараларды қолданғаны туралы мәлімет;
      7) листингтің санатын көрсете отырып Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің листингі жүргізілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы;
      8) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы шешім қабылданған күнге Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің рыноктық бағасы.

      6. Төтенше жағдайлар басталған жағдайда Қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың инвестицияларының сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.

      7. Андеррайтердің (эмиссиялық синдикаттың қатысушыларының), маркет-мейкерлердің, брокердің атауы, орналасқан жері, телефондары немесе Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қызметкерлерінің Қазақстан депозитарлық қолхаттарын сатып алу үшін инвесторлар өтініш жасай алатын телефондары және аты-жөндері.

      Эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдары:

      бірінші басшы      (аты-жөні)  (қолы)

      бас бухгалтер      (аты-жөні)  (қолы)

Қазақстан депозитарлық  
қолхаттарының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу   
ережесінің       
2-қосымшасы      

Қазақстан депозитарлық қолхаттарының
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (тіркеген органның атауы, тіркеу нөмірі және күні) (қайта) тіркеген (заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және орналасқан жері) Қазақстан депозитарлық қолхаттарының (реттік нөмірі) шығарылымын (тіркеген органның атауы және (бар болса) мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні) тіркеген (заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  базалық актитві эмитентінің атауы және орналасқан жері) бағалы қағаздарына мемлекеттік тіркеуді жүргізді.
      Шығарылым ______________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілген (санмен және жазумен) Қазақстан депозитарлық қолхаттарына бөлінген.
      Бір Қазақстан депозитарлық қолхатқа (санмен және жазумен) дана (Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің атауы) келеді.
      Шығарылым Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне (эмиссияның нөмірі) нөмірмен енгізілді.

      Уәкілетті органның
      лауазымды тұлғасы         (аты-жөні)  (қолы)

      Мөр орны

      Орындаушы: _______________, телефон _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады