Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 746 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк баcқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2667. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен

Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысынан
Үзінді:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткені үшін ақы алу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2667 тіркелген.
      ...
___________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығына  сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 746 тiркелген, 1999 жылғы 26 сәуiр - 9 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1290 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381  қаулысымен  бекiтiлген өзгерiс пен толықтырумен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1425 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14  қаулысымен  бекiтiлген толықтырумен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2493 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен  бекiтiлген өзгерiстермен қоса) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiнiң:

      9-тармағындағы "есептеу жұмысы бөлiмшесiне" деген сөздер "қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Ұлттық Банктiң қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың тоғызынан кешiктiрмей Ұлттық Банк филиалдарының кассалық қызмет көрсету туралы есептерiнiң негiзiнде Ереженiң 4-қосымшасына сай нысан бойынша банктер бөлiгiнде есептер жиынтығын (бұдан әрi - Банктер бойынша жиынтық) жасайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Ұлттық Банктiң Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi:
      1) онынан кешiктiрмей Банктер бойынша жиынтықтың негiзiнде банктер бөлiгiнде белгiленген тарифтер бойынша кассалық қызмет көрсету бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеу есебiн, банкке ақы төлеу үшiн шот-фактура дайындап, жiбередi;
      2) есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей Ұлттық Банктiң төлем жүйесi бөлiмшесiне банктiк шот шартында белгiленген мерзiмде кассалық қызмет көрсету бойынша қызметке ақы төлемеген банктердiң тiзiмiн (бұдан әрi - Банктердiң тiзiмi) тиiстi шот-фактураларды қоса бере отырып жiбередi.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Ұлттық Банктiң төлем жүйесi бөлiмшесi қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесiнен Банктердiң тiзiмiн алғаннан кейiн корреспонденттiк шоттың шартында көрсетiлген талаптарға сәйкес банктердiң корреспонденттiк шоттарынан тиiстi шот-фактурада көрсетiлген мөлшерде ақша алады (есептен шығарады).";

      13-тармақ алынып тасталсын;
      1, 2 және 3-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi филиалдарының     
екiншi деңгейдегi банктерге     
және банк операцияларының      
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға кассалық қызмет      
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
1-қосымша             

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi_____________________________
                                            (филиалдың атауы)
филиалының_______________________ _________________________________
            (банктiң атауы)          (кiрiс құжатының атауы)
қолма-қол ақша қабылдап алғаны туралы 200_ жылғы____ _______N______

Анықтама

___________________________________________________________________
N   |       Номиналы, теңге     |              Кiрiс
    |                           |__________________________________
р/с |                           | саны           |    сомасы, теңге
____|___________________________|________________|_________________
  1          2                       3                   4
___________________________________________________________________
1.   Жарамды банкноттар
     100
     200
     500
     1000
     2000
     5000
     10000
___________________________________________________________________
2.   Тозығы жеткен
     банкноттар
     1
     3
     5
     10
     20
     50
     100
     200
     500
     1000
     2000
     5000
     10000
___________________________________________________________________
     Банкноттардың
     жиынтығы:
___________________________________________________________________
3.   Монеталар
     1
     5
     10
     20
     50
     100
___________________________________________________________________
     Монеталардың
     жиынтығы:
___________________________________________________________________
Қолма-қол ақша тапсырған
банк қызметкерi            ______________ _________________________
                              (қолы)           (фамилиясы)
Қолма-қол ақшаны қабылдаған
касса қызметкерi           ______________ _________________________
                              (қолы)           (фамилиясы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi филиалдарының екiншi   
деңгейдегi банктерге және    
банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын    
ұйымдарға кассалық қызмет    
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
2-қосымша        

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ______________________
                                               (филиалдың атауы)
филиалының___________________  ____________________________________
            (банктiң атауы)        (шығыс құжатының атауы)
қолма-қол ақша бергенi туралы 200_ жылғы___ _______________N_______

Анықтама

__________________________________________________________________
Номиналы, теңге    |                   Шығыс
                   |______________________________________________
                   |      саны          | сомасы, теңге
___________________|____________________|_________________________
      1                   2                    3
__________________________________________________________________
Банкноттар
100
200
500
1000
2000
5000
10000
__________________________________________________________________
Банкноттардың жиынтығы:
__________________________________________________________________
Монеталар
1
5
10
20
50
100
__________________________________________________________________
Монеталардың жиынтығы:
__________________________________________________________________
Қолма-қол ақша алуға арналған Өтiнiмде
көрсетiлген сома, теңге
__________________________________________________________________

Касса меңгерушiсi      _______________  _____________________
                         (қолы)             (фамилиясы)
Филиал директоры       _______________  _____________________
                         (қолы)             (фамилиясы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi филиалдарының екiншi   
деңгейдегi банктерге және   
банк операцияларының жекелеген 
түрлерiн жүзеге асыратын    
ұйымдарға кассалық қызмет   
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
3-қосымша           

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң______________________
                                              (филиалдың атауы)
филиалының 200_ жылғы "_"________________банктерге кассалық қызмет
көрсетуi туралы

Есебi

____________________________________________________________________
N  |Банк   |Бас  |   Банкноттар              |  Монеталар  
р/с|филиа. |банк.|                           |             
   |лының  |тің  |                           |              
   |атауы  |коды |_________________________  |______________________
   |       |     | Кіріс,        |Шығыс,     | Кіріс,  | Шығыс,
   |       |     | теңге         |теңге      | теңге   | теңге
   |       |     |               |           |         |
   |       |     |______________ |__________ |_________|
   |       |     |1-  |2000-|тоз.|1-  |2000- |         |
   |       |     |1000|10000|ған |1000|10000 |         |
___|_______|_____|___ |_____|____|___ |______|_________|____________
1     2      3     4   5     6    7    8       9         10
____________________________________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...

   Жиынтығы
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы

_________________________________________ 
N   |Кассалық қызмет көрсетудің жиынтығы
p/c |____________________________________ 
    |Кіріс    |Шығыс
    |(4 жол + |(7жол +
    |5 жол    |8 жол +
    |+ 6 жол +| +10 жол)
    |9 жол)   |
____|_________|__________________________ 
1      11         12
_________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...

    Жиынтығы
________________________________________ 

      Касса меңгерушісі  ____________ ______________________
                         (қолы)         (фамилиясы)
      Филиал директоры   ____________ ______________________
                          (қолы)         (фамилиясы)          
                                                                 ".

      мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi филиалдарының екiншi 
деңгейдегi банктерге    
және банк операцияларының  
жекелеген түрлерiн жүзеге  
асыратын ұйымдарға кассалық 
қызмет көрсеткенi үшiн ақы 
алу ережесiне       
4-қосымша        

Банктер бөлiгiнде кассалық қызмет 
көрсету туралы есептер жинағы

___________________________________________________________________
N p/c| Банктің | Банктiң атауы |Кiрiс бойынша |Шығыс    |  Жиынтығы
     | кoды    |               |  тариф       |бойынша  |
     |         |               |              |тариф    |
_____|_________|_______________|______________|_________|__________
  1      2             3              4             5         6
___________________________________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...
Жиынтығы
___________________________________________________________________

      Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу
      бөлiмшесiнiң басшысы            __________ _________________
                                        (қолы)      (фамилиясы)
      Орындаушы                       ________   _________________
                                        (қолы)     (фамилиясы)   
                                                                 ".

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгiне жiберсiн.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады