Ескерту: Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 326/40-ІІІ шешімінен
Үзінді:
Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 12 тамыздағы N 253/49-ІІ "Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 287 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2003 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
______________________________________________________________
Астана қаласының әкімдігі ұсынған Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны қарап, Қазақстан Республикасы
Конституциясының
86-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II
Заңының
6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Астана қаласы мәслихатының "2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы туралы" шешімі жобасына
келiсу парағы
Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкiмi
Астана қаласы "Алматы" ауданының әкiмi
Астана қаласының прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi Астана қаласы бойынша департаментiнiң бастығы
Астана қаласы Iшкi iстер бас басқармасының бастығы
Астана қаласы
Қаржы департаментiнiң бастығы
Астана қаласы бойынша Әдiлет басқармасының бастығы
Астана қаласы бойынша Кеден басқармасының бастығы
Астана қаласы бойынша Салық комитетiнiң төрағасы
Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы
департаментiнiң бастығы
Астана қаласы бойынша Ақпарат және қоғамдық келiсiм
басқармасының бастығы
Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау комитетiнiң Астана
қаласы бойынша басқармасының бастығы
Тәртiптiк кеңес
Сәулет және қала құрылысы департаментiнiң директоры
Тұрғын үй департаментiнiң директоры
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы
Iшкi саясат департаментiнiң директоры
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет
iстерi жөнiндегi агенттiгi басқармасының бастығы
Базарлардағы сауданы ұйымдастыру және бiр жолғы талондарды
беру жөнiндегi басқарманың бастығы
Коммуналдық меншiк басқармасының бастығы
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бастығы
Сыртқы жарнама және қаланы безендiру басқармасының бастығы
Астана қаласының жер ресурстарын басқару комитетiнiң төрағасы
Астана қаласының Әскери комиссары
"Жылжымайтын мүлiк" РМК директоры
АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ КҮРЕСТIҢ 2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ҚАЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаны атауы
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған
қалалық бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу
негiздемесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 5 қаңтардағы "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы туралы"
Жарлығы
,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
19 мамырдағы "Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы"
қаулысы
.
Бағдарламаны
үйлестiрушi Астана қаласы әкiмi аппаратының
мемлекеттiк-құқық бөлiмi
Бағдарламаның»негiзгi
әзiрлеушiлерi Астана қаласы әкiмi аппаратының
мемлекеттiк-құқық бөлiмi, Астана қаласының
Тәртiптiк кеңесi, Астана қаласының
прокуратурасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Астана қаласы бойынша департаментi, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша
басқармасы, Астана қаласының Iшкi iстер бас
басқармасы, Астана қаласының Әдiлет
басқармасы, Астана қаласының Қаржы
департаментi, Астана қаласы бойынша Қаржы
полициясы департаментi, Астана қаласы бойынша
Кеден басқармасы, Астана қаласының Әскери
комиссариаты, Ақпарат және қоғамдық келiсiм
басқармасы (және Бағдарламаны iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес т.б.)
Бағдарламаның iске
асырылу мерзiмi 2003-2005 жылдар
Бағдарламаны
қаржыландыру көздерi Жергiлiктi бюджет қаражаттары, Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн
басқа да көздер
1.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы"
қаулысын
iске асыруға бағытталған.
2. Осы Бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалпы мемлекеттiк саясаттың бiр бөлiгi болып табылады. Астана мәртебесi Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мiндеттердi шешкен жағдайда ерекше жауапкершiлiк алады.
Сыбайлас жемқорлықтың залалы мен жағымсыз салдарлары көп салалы: материалдық және қаржы ресурстарын тиiмсiз шығындаудан басқа демократиялық құндылықтардың беделiн түсiредi, халықтың мемлекеттiк аппаратқа сенiмсiздiгiн өсiредi.
Қазiргi уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiк органдармен және азаматтық қауымдастық институттарымен тығыз қарым-қатынас жасап, кешендi негiзде жүзеге асырылуы тиiс екендiгi анық. Iс-әрекет нақты мақсаттары белгiленген ұзақ мерзiмдi бағдарламаларда бiрiктiрiлген.
2. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламада белгiленген мынадай негiзгi қағидаттарды сақтай отырып, ұйымдастырушылық iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi және орындауды болжайды:
пәрмендiлiк және нәтижелiлiк;
iске асырушылық (орындаушылық);
атаулы сипаты;
сабақтастығы;
тұрақтылығы;
жиынтығы;
жүйелiлiгi.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң
жағдайын талдау
3. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған қалалық бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мақсатқа сай мемлекеттiк саясат аталмыш проблеманы орнынан қозғалтқандай болды.
Құқық қорғау органдарының, арнайы қызметтiң ескерту және алдын алу шараларын күшейту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi жүргiзу үшiн мүмкiндiк туғызады. Сыбайлас жемқорлықты төменгi деңгейге дейiн төмендету.
Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтiк салдарларға жетелейтiн қауiптi салдарлардың бiрi болып табылатын сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанда өсу серпiнi төмен.
Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтатын болсақ, статистикалық серпiн бар, тұрақты емес.
Мысалы: 2002 жылы қалада 59, ал 2001 жылы - 38 жемқорлық қылмыс тiркелген, сонымен жемқорлық қылмыс 2002 жылы 55 пайызды құрады, ол 2001 жылмен салыстырғанда 21 қылмысқа артық.
2003 жылдың 6 айы iшiнде статистикалық мәлiметтердi зерделеу 2003 жылдың аталған кезеңiнде жасалған жемқорлық қылмыс санының төмендегенi байқалады. Сонымен 2003 жылдың 6 айы iшiнде 32 қылмыс, ал 2002 жылдың осындай кезеңi iшiнде - 36 қылмыс тiркелген.
Бұл қалада жасалған жемқорлық қылмыс санының тұрақты өскенiн немесе кемiгендiгiн бiлдiредi.
Анықталған жемқорлық қылмыстар санының өсуi және кемуi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүргiзетiн құқық қорғау органдары мен басқа да органдардың жұмыстарының белсендеуi мен әлсiреуiне байланысты болуы мүмкiн. Осы органдардың қызметiнiң белсендеуi тiркелетiн қылмыстар санының өсуiне әсер етедi, ол статистикалық мәлiметтерде терiс бейнеленедi. Бiрақ, тiркелген қылмыстар санының артуы жемқорлық қылмыстарды анықтау жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстар тиiмдiлiгiнiң артқандығын бiлдiредi. Аталған органдардың енжарлығы анықталған және тiркелген қылмыстар санының төмендеуiне әсер етедi.
Ресми статистиканы талқылаған жағдайда жасырын (анықталмаған жемқорлық қылмыстар туралы) фактiлер туралы ұмытпаған жөн.
4. Жемқорлық қылмыстың алдын алу мәселелерiн қарай келе, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын түсiндiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың жұмыстарын күшейтудi атап өту керек. Мемлекеттiк аумақтық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерi өзiнiң қызметкерлерi мен мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк және жеке ұйымдардың қатысы бар қоғамдық бiрлестiктер ұжымдарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi туралы дәрiстер мен әңгiмелесулер жүргiзедi.
Көптеген мемлекеттiк қызметкерлер осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану Ережесiн бекiту туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының "Жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiн, N 1-К нысанындағы жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды тiркеудiң статистикалық карточкасын тіркеудi жүргiзудiң және пайдаланудың бiрыңғай тәртiбi туралы Нұсқаманы бекiту және iске енгiзу туралы" Бұйрығы тәрiздi нормативтiк құқықтық актiлердi бiлмейдi және таныспаған. Қызметi рұқсат берудi жүзеге асырумен байланысты мемлекеттiк қызметкерлердiң этиканы бұзу тенденциялары бұрынғыдай сақталуда. Тұрғындарға қызмет көрсететiн коммуналдық кәсiпорындар қызметiне тұрғындар тарапынан келiспеушiлiктер туындайды. Тұрғындарға дөрекi қызмет көрсету жергiлiктi атқарушы өкiметке жағымсыз қарым-қатынас тудырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтiк этикасын сақтау мәселелерi жөнiндегi Комиссия мәжiлiсiнiң 2003 жылғы 23 мамырдағы хаттамасына сәйкес Алматы және Астана қалалары мен облыстар әкiмдiктерiнiң жұмыстары жеткiлiксiз деп танылды.
Комиссия Алматы және Астана қалалары мен облыстар әкiмдерiне ұсынды:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын қайта қарап, оларды мәслихат сессиясында бекiтсiн;
аймақтық бағдарламалармен қарастырылған iс-шараларды орындау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органдардың жұмысына бақылау деңгейiн арттырсын;
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiкпен бiрлесе отырып, тәртiптiк кеңестер қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етсiн;
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты арттыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтiк этикасын сақтау мәселелерi жөнiндегi Комиссия мәжiлiсiнiң аталған хаттамасына әзiрленген шолуға сәйкес аймақтық бағдарламалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудiң 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасының идеясын толық қамтымаған.
7. Сонымен, мемлекеттiк қызмет саласындағы жемқорлықты ескерту жөнiндегi шаралар кешенiнде бағдарламамен қарастырылған мына маңызды мәселелер қарастырылмаған:
жекелеген лицензиялық, рұқсат беру және тiркеу тәртiптерiн ықшамдау;
мемлекеттiк активтердi бөлу саласындағы заңнама нормаларының сақталуын күшейту;
мемлекеттiк тапсырыстарды және сатып алуларды, жекешелендiру жөнiндегi сауданы орналастыру жөнiнде конкурс өткiзу тәсiлiн жетiлдiру.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
8. Бағдарламаның басты мақсаттары:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бiрыңғай тиiмдi мемлекеттiк саясат жүргiзу;
жемқорлық деңгейiн, оның барлық өмiр тiршiлiгi саласында пайда болуын төмендету;
қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенiмiн бекiту;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты тереңдету.
9. Мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай басымдылық мiндеттердi шешу жоспарланып отыр:
құзыреттiлiгi аясында жемқорлық тудыратын жағдайларды жою үшiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудiң құқықтық базасын жетiлдiру;
мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз араласуын қысқарту;
мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын рұқсат беру тәртiптерiн ықшамдау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын бекiту;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауда және iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, үкiметтiк емес ұйымдардың ролiн арттыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа халықтың қатысуын қамтамасыз ету;
халықаралық ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiмен алмасуды арттыру.
5. Бағдарламаны iске асырудың
негiзгi бағыттары мен механизмдерi
10. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
1) экономикалық үдерiстердi реттеу саласын қамтитын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң қажеттi құралдарын қарастыратын жергiлiктi атқарушы органның және қала әкiмiнiң актiлерiн әзiрлеу және қабылдау;
2) мемлекеттiк органдардың жемқорлықтың пайда болуын шектеуге бағытталған ұйымдастырушылық және тәжiрибелiк шаралардың ведомствоаралық жоспарларын әзiрлеу;
3) бюджеттiк тәртiптi бекiту, мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту. Коммуналдық активтердiң (акционерлiк қоғамдардағы, жылжымайтын мүлiктегi мемлекеттiк үлестер және т.б.) тиiмдi пайдалануына бақылауды күшейту;
4) құқық қорғау органдарын (қолданыстағы заңнама аясында) материалдық-техникалық бекiту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның iске асырылу барысы туралы азаматтарды тұрақты ақпараттандыру. Құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын күшейту;
6) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесi бойынша шетелдiк мемлекеттiк құрылымдардың жұмыс тәжiрибесiмен алмасу.
6. Бағдарламаны iске асыру механизмi
11. Барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған қалалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi. Жоспар бойынша нақты шаралар, орындалу мерзiмдерi, жауапты құрылымдар, қаржыландыру көздерi анықталады. Жоспар тармақтарын iске асыру кезiнде үйлестiру және өзара қарым-қатынас жасау үшiн негiзгi атқарушылар мен қосарлас атқарушылар белгiлеген мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен жұмыс топтары құрылады.
12. Iс-шаралардың орындалуына кедергi келтiретiн себептер туындаған кезде атқарушылар үйлестiрушiлердiң келiсiмi бойынша Астана қаласының әкiмдiгiне оларды iске асыру мерзiмдерiн өзгерту немесе қала мәслихатының тиiстi сессиясында одан әрi қарау үшiн орындалуын тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi.
13. Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Астана қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқық бөлiмi жүзеге асырады.
7. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
14. Бағдарламаның қаржылық шығындарды қажет ететiн iс-шараларын iске асыру жергiлiктi бюджет қаражаты және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қарастырылған.
8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
15. Күтiлетiн нәтиже:
мемлекеттiк басқару органдарына қала тұрғындарының сенiмiн бекiту;
жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзген экономикалық саясаттың мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк материалдық және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;
қала тұрғындарына құқықтық қызмет көрсету сапасын арттыру;
жоғары құқықтық деңгейi бар елорда ретiнде астананың деңгейiн көтеру;
мемлекеттiк аппарат пен кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi қызметкерлерiнiң арасында жемқорлықтың пайда болуына кедергiлер келтiру;
құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың жемқорлықтарын төмендету;
әлеуметтiк қауырттылықты төмендету, әлеуметтiк және саяси тұрақтылықты бекiту.
2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________
Р/с | Iс-шаралар |Аяқталу нысаны| Орындалуына |Орындалу
N | | | жауаптылар | мерзімі
___________________________________________________________________
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жағдайын талдау
___________________________________________________________________
1.1. Әлеуметтiк сауалнама. Сауалдама Iшкi саясат 2003
лар әзiрлеп, оларға қорытындысы департаменті, жылдың
мемлекеттiк органдар, жөнiндегi Ақпарат және 4-
мемлекеттiк коммунал. есеп қоғамдық - тоқ.
дық кәсiпорындар, ше. келісім саны
телдiк, отандық ком. басқармасы, 2005
мерциялық және коммер. Қазақстан жылдың
циялық емес құрылымдар Республикасының 3-
арасында басқа мемле. Мемлекеттік тоқсаны
кеттiк органдардағы қызмет
жемқорлық деңгейi және істері
жемқорлық тудыратын жөніндегі
фактiлер туралы агенттігінің
сауалнама жүргізу басқармасы.
___________________________________________________________________
2. Құқық қорғау органдарын бекіту
___________________________________________________________________
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа Іс-шаралар IIББ, ҰҚКД, 2003
қарсы күрестiң тиiм. жоспары ҚПД, жылдың
дiлiгiн арттыру мақса. Прокуратура, 3-
тында құқық қорғау Қазақстан тоқсаны
органдары iс-шаралар. Республикасының
дың ведомствоаралық Мемлекеттiк
жоспарын әзiрлеп, қызмет iстерi
iске асырсын. жөніндегі
агенттiгiнiң
басқармасы,
қала әкiмi
аппаратының
мемлекеттiк-
құқық бөлімі.
2.2. Сыбайлас жемқорлықты Ведомстволық Мемлекеттік 2003
жоюға бағытталған iс- бұйрықтар органдар жылдың
шаралардың ведомство. 3-
лық жоспарын әзiрлеу. тоқсаны
2.3. Қаланың IIББ материал. Әкiмдiкке IIББ, Қаржы Жыл
дық-техникалық ақпарат департаменті. сайын
базасын нығайту бюджетті
қалып.
тастыр.
ған
жағдайда
___________________________________________________________________
3. Мемлекеттiк қызмет саласындағы жемқорлықты ескерту
___________________________________________________________________
3.1. Заңнамаға қайшы келтi. Әкімдікке Мемлекеттік 2003
ретiн басқару шешiмде. ақпарат органдар жылдың
рiн және актiлерiн тамызы
қабылдауды жою
мақсатында заңды қыз.
меттердi бекiту жө.
нiндегi шараларды
қабылдау
3.2. Жемқорлық құқық бұзу. Әкімдікке Прокуратура, Тұрақты
шылық нәтижесiнде жа. ақпарат ІІББ, ҚПД,
салған мәмiлелердiң Қаржылық
және актiлер мен iс- бақылау
әрекеттердiң күшiн комитетінің
жою жөнiндегi iс-шара. басқармасы
ларды әзiрлеп, жүзеге және
асырсын. Әділет
басқармасы,
ҰҚКД
3.3. Лицензиялау тәртiбiн Мемлекеттік Қала әкімі 2003
одан әрi оңтайландыру органдардың аппаратының жылдың
мақсатында жергiлiктi тізімі мемлекеттік- қазаны
деңгейдегi лицензиялық құқық
қызметтi жүзеге бөлімі,
асыратын мемлекеттiк Ішкі саясат
органдардың тiзiмiн департаменті.
әзiрлесiн.
3.4. Лицензиялау тәртiбiн Әкімдікке Әзірленген 2003
оңтайландыру жөнiнде ақпарат тізімге жылдың
шаралар қабылдау. сәйкес желтоқ.
мемлекеттік саны
органдар
(3.3-тармақ).
3.5. Бюджеттiк қаражаттар. Әкімдікке Қаржылық Тұрақты
дың мақсатты шығында. ақпарат бақылау
луына бақылауды комитетінің
күшейту. басқармасы,
Прокуратура,
ІІББ, ҚПД,
ҰҚКД,
Қаржы
департаменті.
3.6. Ұсынылған декларация. Әкiмдiкке Салық Тұрақты
ның толықтығын және ақпарат комитеті,
дұрыстығын тексерудi ҚПД,
жүзеге асырсын. Прокуратура,
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
қызмет істері
жөніндегі
агенттігінің
басқармасы.
3.7. Лауазымды тұлғалардың Әкiмдiкке Прокуратура, Тұрақты
шағын кәсiпкерлiк ақпарат ІІББ, ҚПД,
субъектiлерiнiң ҰҚКД, КБ.
қызметiне заңсыз
кедергi жасауын жою
жөнiнде қосымша шара.
лар әзiрлеу.
3.8. Рұқсат құжаттарын алу Әкiмдiкке Сәулет және Жыл
тәртібін кеміту және ақпарат қала құрылы. сайын
азаматтардың өтініш. сы; Тұрғын маусым,
терін қарау мерзім. үй; Коммунал. желтоқ.
дерін азайту жөнінде дық шаруа. сан
шаралар қабылдау. шылық, Денсау.
лық сақтау;
Еңбек, халық.
ты жұмыспен
қамту және
әлеуметтiк
қорғау
департамент.
терi; Әдiлет;
базарлардағы
сауданы
ұйымдастыру
және бiр жолғы
талондарды
беру;
Коммуналдық
меншiк;
Көлiк және
байланыс;
Мемлекеттiк
санитарлық-
эпидемиология.
лық қадағалау;
Ақпарат және
қоғамдық
келiсiм;
қаланың Сыртқы
жарнама және
безендiру;
Статистика;
Мемлекеттiк
өртке қарсы
қызмет
басқармалары;
"Жылжымайтын
мүлiк жөнiн.
дегi орталық"
РМК, "Пәтер
бюросы" МКК.
3.9. "Мемлекеттік сатып Әкiмдiкке Мемлекеттiк Тұрақты
алулар туралы" ақпарат органдар
Қазақстан Республикасы мен кәсiп.
Заңының сақталуын орындар,
бақылауды күшейтсін. мемлекеттiк
үлесi бар
акционерлiк
қоғамдар
3.10. Астана қаласы әкiмi Мемлекеттік Астана Қаңтар,
аппаратында (бюджет- сатып қаласы жыл
қаржы мониторингi алулардың бюджеттік сайын
және мемлекеттiк жылдық бағдарлама.
сатып алулар және жоспары ларының
мемлекеттiк-құқық әкімгерлері.
бөлiмдерiне)
мемлекеттiк сатып
алулардың жылдық
жоспарын ұсыну.
3.11. Тәртiптiк кеңес Әкімдікке Тәртіптік 2003
қызметiнiң тиiмдi. ақпарат кеңес, жылдың
лiгiн арттыратын Қазақстан тамызы
шараларды әзiрлеп, Республикасы
енгiзу. Мемлекеттік
қызмет істері
жөніндегі
агенттігінің
басқармасы,
Астана қаласы
әкімі
аппаратының
Мемлекеттік
құқық бөлімі
3.12. Мемлекеттiк акция Әкімдікке Коммуналдық Тоқсан
пакеттерiне диви. ақпарат меншік сайын
денттердiң уақытылы басқармасы,
аударылуына бақылау. "Коммуналдық
ды күшейту. меншік қоры"
МКК.
3.13. Коммуналдық меншік Әкімдікке Коммуналдық Тоқсан
объектілерін ақпарат меншік сайын
пайдаланғаны үшін басқармасы,
жалдау ақысының Тұрғын үй
уақытылы төленуіне департаменті.
бақылауды күшейту
3.14. Мемлекеттiк меншiк. Әкiмдiкке Жер ресурста. Тоқсан
тегi жер ресурстарын ақпарат рын басқару сайын
пайдаланғаны үшiн жөніндегі
жалдау ақысының комитеті,
уақытылы төленуiне Қалалық жер
бақылауды күшейту. инспекциясы.
Жалдау мерзiмi
аяқталғаннан кейiн
жер учаскелерiн
босатпаған жағдайда
сот органдарына
шағымдану өтiнiште.
рiнiң уақытылы
берiлуiн қамтамасыз
ету.
3.15. Мемлекеттік мүддеге Әкiмдiкке Мемлекеттік Жыл
шек қойған жағдайда ақпарат органдар. сайын
сот органдарына шілде,
шағымдану өтініште. қараша
рін уақытылы беру.
___________________________________________________________________
4. "Жасырын экономикаға" - жемқорлық көзіне қарсы әрекет
___________________________________________________________________
4.1. Қаржы-банк және Әкiмдiкке Прокуратура, Жыл
несие саласындағы ақпарат ҚПД, IIББ, сайын
жемқорлық фактiле. Салық 3-
рiн анықтау және комитетi. тоқсан
жол бермеу жөнiндегi
жедел-iздестiру
жұмыстарын күшейту,
ақшалай қаражаттардың
және тауарлық-мате.
риалдық құндылық
тардың орналасуына
бақылауды күшейту.
4.2. Шетел инвестиция. Әкiмдiкке ҚПД, IIББ, Тұрақты
ларын, мемлекеттiк ақпарат ҰҚКД,
займдар мен несиелер Салық
дiң, сондай-ақ мемле. комитетi,
кеттiк кепiлдiкке Қаржылық
мемлекеттiк займдар. бақылау
дың мақсатсыз пайда. басқармасы,
ланылу фактiлерiн Прокуратура,
анықтау; Қазақстан
Банктiк құрылымдарда Республикасы
криминалдық ақшалар Табиғи моно.
алу фактiлерiн полияларды
анықтау; реттеу,
Мемлекеттiк меншiк бәсекелес.
объектiлерiн шетелдiк тікті қорғау
және отандық заңды жөніндегі
тұлғалардың басқа. агенттігінің
руына тапсыру Астана
заңдылықтары; қаласы
Экономикалық контра. бойынша
банда және шикiзат департаменті.
ресурстарын ұрлау
фактiлерiн анықтау;
Мемлекеттiк тұлғалар.
дың мемлекеттiк рет.
теуде табиғи монопо.
лиялар саласындағы
жекелеген ұйымдар
мен шетелдiк ком.
паниялардың мүд.
делерiн лоббилендiру
фактiлерiн анықтау;
Жемқорлықпен айналы.
сатын лауазымды
тұлғаларға байланысты
ұйымдасқан қылмыстық
топ қызметiнiң жолын
кесу бағыттары
бойынша келiсілген
ведомствоаралық және
жедел-алдын алу iс-
шараларын жүргiзу.
___________________________________________________________________
5. Мемлекеттiк жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау
___________________________________________________________________
5.1. Қала тұрғындарын Әкiмдiкке IIББ, Тұрақты
пайда болған жемқор. ақпарат Прокуратура,
лыққа терiс көзқа. ҰҚКД, КБ, ҚПД,
расын қалыптастыру Ақпарат және
үшiн БАҚ белсендi қоғамдық
тарту. келiсiм бас.
қармасы, қала
әкiмiнiң
баспасөз
қызметi,
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттiк
қызмет
iстерi жөнін.
дегi агенттi.
гiнiң басқар.
масы, Әдiлет
басқармасы,
Тәртiптiк
кеңес.
5.2. Қоғамдық ұйымдардың, Әкiмдiкке IIББ, Тоқсан
БАҚ қатысуымен сыбай. ақпарат Прокуратура, сайын
лас жемқорлыққа ҰҚКД, КБ, ҚПД,
қарсы күрес тақыры. Қазақстан
бында "дөңгелек Республикасы
үстел" мәжiлiсiн Мемлекеттiк
өткiзу. қызмет iстерi
жөніндегi
агенттiгiнiң
басқармасы,
Әдiлет
басқармасы,
Тәртiптiк
кеңес, Астана
қаласы әкiмi
аппаратының
мемлекеттiк-
құқық бөлiмi.
5.3. Сыбайлас жемқорлық Әкiмдiкке ҚПД, IIББ, Тұрақты
қылмыстарына қарсы ақпарат Прокуратура,
күреске бағытталған ҰҚКД, Салық
оңтайлы тәжiрибенi комитетi,
БАҚ-да жариялап Ақпарат және
тұру. қоғамдық
келiсiм
басқармасы,
қала әкiмiнiң
баспасөз
қызметi,
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттiк
қызмет iстерi
жөнiндегi
агенттігінің
басқармасы,
Әділет
басқармасы,
Тәртіптік
кеңес,
Ақпарат және
қоғамдық
келісім
басқармасы,
қала
әкімінің
баспасөз
қызметі.
5.4. Қалалық БАҚ сыбайлас Әкiмдiкке Ақпарат және
жемқорлыққа қарсы ақпарат қоғамдық
күрес жөнiндегi келісім
мемлекеттiк орган. басқармасы,
дардың қызметi ІІББ, ҰҚКД,
туралы материал. ҚПД,
дармен, баспасөзде, Прокуратура,
теле- және радио Салық
бағдарламаларда комитеті,
жариялау үшiн Қазақстан
мәлiметтермен қамта. Республикасы
масыз етуге жәрдем Мемлекеттік
көрсету. қызмет
істері
жөніндегі
агенттiгiнiң
басқармасы,
Әдiлет
басқармасы,
Тәртiптiк
кеңес,
Астана
қаласы
әкімі
аппаратының
мемлекеттік-
құқық
басқармасы.
___________________________________________________________________
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
халықаралық ынтымақтастықты дамыту
___________________________________________________________________
6.1. Халықаралық шарттар Әкiмдiкке ҰҚКД, Тұрақты
аясында халықаралық ақпарат Прокуратура,
ұйымдармен және IIББ, ҚПД,
басқа елдердiң құқық Әдiлет
қорғау органдарымен, басқармасы,
бiрiншi кезекте ТМД Қазақстан
елдерiмен және Республикасы
Қазақстанмен шека. Мемлекеттiк
ралас мемлекет. қызмет істері
термен сыбайлас жөнiндегi
жемқорлыққа қарсы агенттiгiнiң
күресудiң құқықтық басқармасы,
мәселелерi жөнiндегi Астана
ынтымақтастықты қаласы әкімі
жүзеге асыру. аппаратының
мемлекеттік-
құқық бөлімі.
6.2. Қазақстандық маман. Әкімдікке ҰҚКД, Тұрақты
дардың сыбайлас ақпарат Прокуратура,
жемқорлыққа қарсы ІІББ, ҚПД,
күрес бағдарламасы Әділет
айтарлықтай іске басқармасы,
асқан елдерден Қаржылық
тәжірибе алуын бақылау
ұйымдастыру. комитеті.
___________________________________________________________________