Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспары туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 32 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 7 қарашада N 2096 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 17 шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі одан арғы іс-шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165  Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903  Қаулысының 4 тармағын орындау мақсатында облыс әкімі шешім етті:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспары бекітілсін. (1 қосымша).
      2. Аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың жетекшілері басшылары (келісім бойынша) Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспарын орындау негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарын орындау негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі аналитикалық ақпараттарды есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-сіне дейін тоқсан сайын облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ұсынсын. <*> 
      Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі  N 20 шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсін. <*> 
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі  N 20 шешімімен.

       Облыс әкімі

1-қосымша
Облыс әкімінің "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар
жоспары туралы" 2003 жылғы қыркүйектегі
N 32 шешімімен бекітілген

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі  N 20 шешімімен.

Ақмола облысы әкімінің Қазақстан Республикасы үкіметінің бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі іс-шараларының жоспары

Р/с№N

Іс-шаралар 

Аяқталу
нысаны

Орындауға
жауаптылар

Жүзеге
асыру
(орындау)

1. Аймақтық саясат

1.1. Аймақтық даму

1.1.1.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі аймақтық даму
Стратегиясын дайындауға қатысу

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныс

Облыстың мүдделі департаменттері мен басқармалары

2005 жыл

2. Индустриалды-инновациялық саясат

2.1.

Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру 

Облыс әкімдігіне есеп беру

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2004-2006 жылдар

2.1. Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі

2.1.1.

2006-2016 жылдарға арналған энергожинағы бойынша Бағдарламаны дайындауға қатысу(I кезең - 2006-2008
жылдар)

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті басқа департаменттермен бірлесе

2005 жылдың 
IV тоқсаны

2.2. Құрылыс

2.2.1.

Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын  жүзеге асыру 

Облыс әкімдігіне есеп беру 

Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

2.2.2.

Ақмола облысында 2005-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары өнеркәсібін, бұйымдар мен
конструкцияларды дамытудың
Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

2.2.3.

2005-2007 жылдары барлық қаржыландыру көздері бойынша 341,1 шаршы метр тұрғын үй енгізу

Облыс әкімдігіне есеп беру

Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

әр айдың 
20-жұлдызында

2.3. Шағын және орта бизнес

2.3.1.

Кәсіпкерлермен бақылау-
қадағалау, тіркеу және басқа да мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра отырып "Дөңгелек үстелдер"» өткізу

Облыс әкімдігіне есеп беру

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті,облыстық,
аудандық және қалалық әкімдіктер

Жарты жылда 1 рет

2.3.2.

Жыл сайын облыстық бюджетте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуге қаражат қарастыру

Мәслихаттың шешімі

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті

2004-2006 жылдар

2.3.3.

Кәсіпкерлік қызметті ретке келтіретін заңнамалық және
нормативтік-құқықтық кесімдердің жинағын шығару


Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті

Жылына 1 
рет 

2.3.4.

Кәсіби білім беру мекемесінің базасында және еңбек рыногының талабына сәйкес жұмыссыздарды кәсіби дайындықтан өткізу,  әсіресе ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарына, шағын бизнес саласына мамандар дайындау және қайта дайындау

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Білім департаменті, еңбекпен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2004-2006 жылдар 

2.3.5.

Ақмола облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың Бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, аудандар
мен қалалар әкімдері

2003-2005 жылдар

3. Аграрлық саясат

3.1.

Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған Азық-түлік бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері

2003-2005 жылдар

3.2.

Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған Селолық аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру 

Облыс әкімдігіне есеп беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері

2004-2006 жылдар

3.3.

2006-2007 жылдарға арналған ауыл
шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі Бағдарламаны дайындау 

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Жер қатынастары басқармасы, аудандар әкімдері

2005 жылдың
IV тоқсаны

3.4.

Элитті тұқым шаруашылығын және асыл тұқымдандыруды дамыту

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар
әкімдері

Жыл сайын I тоқсанда

3.5.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы техникаларымен неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін лизингілік құралдардың көлемін көбейту

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар
әкімдері, аудандар әкімдері

Жыл сайын
I тоқсанда

3.6.

Селолық несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие бөлуді қамтамасыз ету

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар
әкімдері

Жыл сайын I тоқсанда

3.7.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін селолық округтер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау жөніндегі дайындау пункттерін ашу

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2004-2006 жылдар

4. Инфрақұрылымдық саясат

4.1.

Ақмола облысында 2005-2007 жылдарға арналған жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, құрылысы,  және дамыту бойынша Бағдарламадағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

5. Сауда саясаты

5.1. Сыртқы сауда

5.1.1.

Жақын және алыс шет елдермен тауар айналымы
көлемін ұлғайту 

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Кедендік бақылау департаменті (келісім бойынша), кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, 
экономика
және бюджеттік жоспарлау департаменті

2005-2006 жылдар

6. Әлеуметтік саясат

6.1. Білім беру

6.1.1.

2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысының білім беру нысандары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және толық жөндеуден өткізу жөнінде Бағдарламадағы іс-шараларды жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Білім беру департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

6.1.2.

Ақмола облысының 2006-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасын дайындау

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Білім беру департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005 жылдың
IV тоқсаны

6.1.3.

Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету

Білім беру департаментінің бұйрықтары 

Білім беру департаменті,аудандық және қалалық білім бөлімдері

2006 жыл

                6.2. Денсаулық сақтау 

6.2.1.

2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысының денсаулық сақтауды реформалайтын және дамытатын Бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Денсаулық сақтау департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

6.2.2.

Селолық учаскелік ауруханаларды, дәрігерлік амбулаторийлерді, фельдшерлік пункттерді қалпына келтіруді жалғастыру

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Денсаулық сақтау департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

6.2.3.

Балалар және жасөспірімдерге арналып республикалық бюджеттен бөлінген,  анемия, асқазан-кең ішек жолдары,
пневмония,  бронхит және көк жөтел сырқаттарымен диспансерлік есепте тұрғандарды амбулаторлық емделу жағдайында тегін дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, мына сырқаттарымен диспансерлік есепте тұрған азаматтардың амбулаторлық емделу кезінде жеңілдіктер пайдалануына дәрі-дәрмек құралдарын  алуға:  артериалды гипертензия, жүрек тамырлары сырқаты, өкпенің созылмалы сырқаттары, пневмония

Облыс әкімдігіне есеп беру

Денсаулық сақтау департаменті

2005 жылдың желтоқсанынан бастап тоқсан сайын

6.3. Еңбекпен қамту және еңбек

6.3.1.

Квота бойынша шет елдік жұмыс күшін тартуға
ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Жыл сайын
I тоқсанда 

6.3.2.

Жұмысшыларды және мамандарды дайындауды ретке келтіру мақсатында еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс құрылымындағы өзгерістерді  талдау және жұмыс күшін айырбастау мақсатында аумақтың еңбек рыногының жағдайына талдау жасау

Облыс әкімдігіне ақпарат беру 

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті,аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

6.3.3.

Облыстың кәсіпорындарында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша Ереже
дайындау (жастар санаты үшін мақсатты топтар қатарынан)

Облыс әкімдігіне есеп беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Жыл сайын
I тоқсанда 

6.3.4.

Селолық жерлерде қоғамдық жұмыстарды жандандыру, экономикалық тиімділік, аумақтық ерекшелік көріністерін ескере отырып
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

6.4. Халықты әлеуметтік қорғау

6.4.1.

Облыстық кедейшілікті азайту Бағдарламасы шеңберінде тұрмыс жағдайы төмен
азаматтардың санының азаюын қамтамасыз ету: 2003 жыл - 35501 адамға дейін,
кедейлік пайызы-4,7-ге дейін; 2004 жыл - 28401 адам, кедейлік пайызы-3,8-ге дейін; 2005 жыл-22721
адам,кедейлік пайызы - 3-ке дейін.

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2003-2005 жылдар

6.4.2.

Мемлекеттік мекемелерде мүгедек балаларды оқыту мәселесін қарастыру, КТЛ, КТМ және оларды еңбекке орналастыру

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

Жыл сайын
III тоқсанда 

6.4.3.

Бюджет және осыған қарастырылған қаражаттар есебінен тұрмысы төмен
жұмыссыз отбасыларға шағын несие бөлу мәселесін
қарастыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

6.4.4.

2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді қалпына келтіру аумақтық Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

2003-2005 жылдар

6.4.5.

Жұмысшы орнын құру мониторингін жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Ай сайын

6.5. Мәдениет

6.5.1.

Селолық клубтарды және кітапханаларды қалпына келтіру, облыстық филармонияның ғимаратын толық жөндеуден өткізу

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Мәдениет басқармасы

2003-2006 жылдар

6.5.2

Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин атындағы мұражайды жөндеу 

Облыс әкімдігіне есеп беру

Мәдениет басқармасы

2004-2005 жылдар

6.5.3.

Мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдау (көлік, қойылымдық костюмдер, музыкалық инструменттер,құрал-жабдықтар)

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Мәдениет басқармасы, аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

6.5.4.

2005-2007 жылдарға арналған "Мәдени мұра"» аумақтық Бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Мәдениет басқармасы, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

6.5.5.

2006-2008 жылдарға арналған жастар саясаты аумақтық Бағдарламасын дайындау 

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Ішкі саясат департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005 жылдың 
IV тоқсаны

6.5.6.

Ақмола  облысында 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Тілдерді дамыту басқармасы,аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2006 жылдар

6.6. Спорт және туризм

6.6.1

2006-2008 жылдарға арналған Ақмола облысында дене тәрбиесі және спортты дамытудың Бағдарламасын дайындау

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005 жылдың         IV тоқсаны

6.6.2.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына үшінші халық спорты ойындарына қатысу 

Басқарма бойынша бұйрық

Дене тәрбиесі және спорт басқармасы

2006 жылдың 
І тоқсаны 

6.6.3.

Жыл сайын облыстық кешенді спартакиадалар-
дың өткізілуін қамтамасыз ету- қысқы, жазғы, ұлттық, халықтық спорт түрлерінен және мүгедектердің

әкімдік қаулысы

Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2006 жылдар 

6.6.4.

2006-2008 жылдарға арналған Ақмола облысында туристік саланы дамытудың Бағдарламасын дайындау  

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті 

2005 жылдың
IV тоқсаны

6.6.5.

2007 жылы Қазақстанның Параолимпиадалық ойындарына қатысу 

Басқарма бойынша бұйрық

Дене тәрбиесі және спорт басқармасы

2006 жылдың 
IV тоқсаны

6.7. Демография және көші-қон

6.7.1.

Оралман-репатрианттарды қабылдауға және орналастыруға қолайлы жағдай жасау

Ақпарат

Көші-қон бойынша комитеттің басқармасы (келісім бойынша), аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

7. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану

7.1.

2005-2007 жылдарға арналған "Қоршаған ортаны қорғау"» аумақтық Бағдарламасын дайындау

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы 

Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2005 жыл

7.2

2005-2007 жылдарға арналған "Қоршаған ортаны қорғау"» аумақтық бағдарламасының іс-шаралар
жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

7.3.

2004-2006 жылдарға арналған облыстың тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің "Сапалы су"» аумақтық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2004-2006 жылдар

7.4.

Селолық елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту, облыс тұрғындарының 90%-ын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету 

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2005-2006 жылдар

7.5.

2006-2008 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың Бағдарламасын дайындау

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсыныс

Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, Щучье
ауданының әкімі

2005 жылдың    
IV тоқсаны

8. Қаржылық және салықтық-бюджеттік саясат

8.1. Салық саясаты

8.1.1.

Акциздерді тартып алуды жетілдіру бойынша жұмыстар
жүргізу және Акцизді өнімдердің заңсыз айналымымен күресті күшейту 

Облыс әкіміне ақпарат

Салық комитеті (келісім бойынша), аудандар мен
қалалар әкімдері

2003-2006 жылдар

8.1.2.

Салықтық әкімшіліктендіру процессін
автоматизациялауды жалғастыру

Енгізу және пайдалану

Салық комитеті (келісім бойынша)

2003-2006 жылдар

8.2. Бюджеттік саясат

8.2.1.

Орта жедел мерзімге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта жедел жоспарын дайындауды жыл сайын қамтамасыз ету

Облыстық мәслихаттың шешімі

Облыстық департаменттер мен басқармалар, аудандар мен қалалар
әкімдері

Жыл сайын
III тоқсанда 

8.2.2.

Мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіруге қатысу

Құқықтық кесімдердің жобаларына ұсыныстар мен ескертулер

Қаржы департаменті

2003-2006 жылдар

8.2.3.

2005 және 2007 жылдары республикалық бюджетте қарастырылған қосымша қаржы
есебінен нақтыланған қызметтік жалақы базасының негізінде мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақыларын ұлғайту жүргізілсін 

Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ақпарат

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, аудандар
мен қалалар
әкімдері

2006 жылдың желтоқсаны

8.3. Инвестициялық саясат

8.3.1.

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың мониторингін жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру 

Қаржы департаменті,экономика
және бюджеттік жоспарлау департаменті, аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар

9. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес

9.1.

2005-2007 жылдарға арналған тұрғындармен құқықтық түсініктеме 
жұмыстары, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу бойынша аумақтық Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзегеасыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Облыс әкімі
аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр қызметі бөлімі, аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

9.2.

Ішкі істер органдары полициясы учаскелік инспекторлардың рөлін арттыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау

Облыс әкімдігіне ақпарат беру

Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2006 жылдар- маусым, желтоқсан

9.3. 

2005-2007 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен
күрестің аумақтық Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), аудандар мен қалалар
әкімдері

2005-2007 жылдар

9.4.

Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің аумақтық Бағдарламасын дайындауға қатысу

Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігіне ұсыныс

Ішкі істер департаменті (келісім бойынша)

2005 жылдың    IV тоқсаны

9.5.

2003-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

Облыс әкімдігіне есеп беру

Ақмола облысындағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР агенттігінің аумақтық басқармасы (келісім бойынша), аудандар мен қалалар
әкімдері

2003-2005 жылдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады