Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес облыс әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 32 "Ақмола облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары туралы" шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2-тармақта:
"облыстық басқармалар мен ведомстволардың жетекшілері" сөзі "облыстық департаменттер мен басқармалардың жетекшілері" деген сөздерімен ауыстырылсын;
"облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына" сөзі "облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне" сөздерімен ауыстырылсын;
3-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсін.";
2. Ақмола облысының әкімінің "Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 32 "2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 18 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспары туралы" шешімінің күші жойылсын.
Облыс әкімі
Ақмола облысы әкімінің
2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 20
шешіміне 1-қосымша
1-қосымша
Ақмола облысы әкімінің
2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 32
шешіміне 1-қосымша
Ақмола облысы әкімінің Қазақстан Республикасы үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының жоспары
Р/с N |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Жүзеге асыру (орындау) |
1. Аймақтық саясат |
||||
1.1. Аймақтық даму |
||||
1.1.1. |
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму Стратегиясын дайындауға қатысу |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныс |
Облыстың мүдделі департаменттері мен басқармалары |
2005 жыл |
2. Индустриалды-инновациялық саясат |
||||
2.1. |
Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2004-2006 жылдар |
2.1. Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі |
||||
2.1.1. |
2006-2016 жылдарға арналған энергожинағы бойынша Бағдарламаны дайындауға қатысу (I кезең - 2006-2008 жылдар) |
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті басқа департаменттермен бірлесе |
2005 жылдың IV тоқсаны |
2.2. Құрылыс |
||||
2.2.1. |
Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
2.2.2. |
Ақмола облысында 2005-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары өнеркәсібін, бұйымдар мен конструкцияларды дамытудың Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
2.2.3. |
2005-2007 жылдары барлық қаржыландыру көздері бойынша 341,1 шаршы метр тұрғын үй енгізу |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
әр айдың 20-жұлдызында |
2.3. Шағын және орта бизнес |
||||
2.3.1. |
Кәсіпкерлермен бақылау-қадағалау, тіркеу және басқа да мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра отырып "Дөңгелек үстелдер" өткізу |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті,облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктер |
Жарты жылда 1 рет |
2.3.2. |
Жыл сайын облыстық бюджетте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуге қаражат қарастыру |
Мәслихаттың шешімі |
Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті |
2004-2006 жылдар |
2.3.3. |
Кәсіпкерлік қызметті ретке келтіретін заңнамалық және нормативтік-құқықтық кесімдердің жинағын шығару |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті |
Жылына 1 рет |
|
2.3.4. |
Кәсіби білім беру мекемесінің базасында және еңбек рыногының талабына сәйкес жұмыссыздарды кәсіби дайындықтан өткізу, әсіресе ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарына, шағын бизнес саласына мамандар дайындау және қайта дайындау |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Білім департаменті, еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2004-2006 жылдар |
2.3.5. |
Ақмола облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2005 жылдар |
3. Аграрлық саясат |
||||
3.1. |
Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған Азық-түлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері |
2003-2005 жылдар |
3.2. |
Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған Селолық аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері
|
2004-2006 жылдар |
3.3. |
2006-2007 жылдарға арналған ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі Бағдарламаны дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Жер қатынастары басқармасы, аудандар әкімдері |
2005 жылдың IV тоқсаны |
3.4. |
Элитті тұқым шаруашылығын және асыл тұқымдандыруды дамыту |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері |
Жыл сайын I тоқсанда |
3.5. |
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы техникаларымен неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін лизингілік құралдардың көлемін көбейту |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері, аудандар әкімдері |
Жыл сайын I тоқсанда |
3.6. |
Селолық несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие бөлуді қамтамасыз ету |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері |
Жыл сайын I тоқсанда |
3.7. |
Қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін селолық округтер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау жөніндегі дайындау пункттерін ашу |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2004-2006 жылдар |
4. Инфрақұрылымдық саясат |
||||
4.1. |
Ақмола облысында 2005-2007 жылдарға арналған жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, құрылысы, және дамыту бойынша Бағдарламадағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
5. Сауда саясаты |
||||
5.1. Сыртқы сауда |
||||
5.1.1. |
Жақын және алыс шет елдермен тауар айналымы көлемін ұлғайту |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Кедендік бақылау департаменті (келісім бойынша), кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті |
2005-2006 жылдар |
6. Әлеуметтік саясат |
||||
6.1. Білім беру |
||||
6.1.1. |
2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысының білім беру нысандары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және толық жөндеуден өткізу жөнінде Бағдарламадағы іс-шараларды жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Білім беру департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
6.1.2. |
Ақмола облысының 2006-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасын дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Білім беру департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005 жылдың IV тоқсаны |
6.1.3. |
Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету |
Білім беру департаментінің бұйрықтары |
Білім беру департаменті,аудандық және қалалық білім бөлімдері |
2006 жыл |
6.2. Денсаулық сақтау |
||||
6.2.1. |
2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысының денсаулық сақтауды реформалайтын және дамытатын Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Денсаулық сақтау департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
6.2.2. |
Селолық учаскелік ауруханаларды, дәрігерлік амбулаторийлерді, фельдшерлік пункттерді қалпына келтіруді жалғастыру |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Денсаулық сақтау департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
6.2.3. |
Балалар және жасөспірімдерге арналып республикалық бюджеттен бөлінген, анемия, асқазан-кең ішек жолдары, пневмония, бронхит және көк жөтел сырқаттарымен диспансерлік есепте тұрғандарды амбулаторлық емделу жағдайында тегін дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, мына сырқаттарымен диспансерлік есепте тұрған азаматтардың амбулаторлық емделу кезінде жеңілдіктер пайдалануына дәрі-дәрмек құралдарын алуға: артериалды гипертензия, жүрек тамырлары сырқаты, өкпенің созылмалы сырқаттары, пневмония |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Денсаулық сақтау департаменті |
2005 жылдың желтоқсанынан бастап тоқсан сайын |
6.3. Еңбекпен қамту және еңбек |
||||
6.3.1. |
Квота бойынша шет елдік жұмыс күшін тартуға ұсыныс енгізу |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті |
Жыл сайын I тоқсанда |
6.3.2. |
Жұмысшыларды және мамандарды дайындауды ретке келтіру мақсатында еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс құрылымындағы өзгерістерді талдау және жұмыс күшін айырбастау мақсатында аумақтың еңбек рыногының жағдайына талдау жасау |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті,аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
6.3.3. |
Облыстың кәсіпорындарында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша Ереже дайындау (жастар санаты үшін мақсатты топтар қатарынан) |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті |
Жыл сайын |
6.3.4. |
Селолық жерлерде қоғамдық жұмыстарды жандандыру, экономикалық тиімділік, аумақтық ерекшелік көріністерін ескере отырып қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
6.4. Халықты әлеуметтік қорғау |
||||
6.4.1. |
Облыстық кедейшілікті азайту Бағдарламасы шеңберінде тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың санының азаюын қамтамасыз ету: 2003 жыл - 35501 адамға дейін, кедейлік пайызы-4,7-ге дейін; 2004 жыл - 28401 адам, кедейлік пайызы-3,8-ге дейін; 2005 жыл-22721 адам,кедейлік пайызы - 3-ке дейін |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2005 жылдар |
6.4.2. |
Мемлекеттік мекемелерде мүгедек балаларды оқыту мәселесін қарастыру, КТЛ, КТМ және оларды еңбекке орналастыру |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
Жыл сайын III тоқсанда |
6.4.3. |
Бюджет және осыған қарастырылған қаражаттар есебінен тұрмысы төмен жұмыссыз отбасыларға шағын несие бөлу мәселесін қарастыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
6.4.4. |
2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді қалпына келтіру аумақтық Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті |
2003-2005 жылдар |
6.4.5. |
Жұмысшы орнын құру мониторингін жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті |
Ай сайын |
6.5. Мәдениет |
||||
6.5.1. |
Селолық клубтарды және кітапханаларды қалпына келтіру, облыстық филармонияның ғимаратын толық жөндеуден өткізу |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Мәдениет басқармасы |
2003-2006 жылдар |
6.5.2 |
Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин атындағы мұражайды жөндеу |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Мәдениет басқармасы |
2004-2005 жылдар |
6.5.3. |
Мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдау (көлік, қойылымдық костюмдер, музыкалық инструменттер,құрал-жабдықтар) |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Мәдениет басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
6.5.4. |
2005-2007 жылдарға арналған "Мәдени мұра" аумақтық Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Мәдениет басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
6.5.5. |
2006-2008 жылдарға арналған жастар саясаты аумақтық Бағдарламасын дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Ішкі саясат департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005 жылдың |
6.5.6. |
Ақмола облысында 2005-2006 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Тілдерді дамыту басқармасы,аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2006 жылдар |
6.6. Спорт және туризм |
||||
6.6.1 |
2006-2008 жылдарға арналған Ақмола облысында дене тәрбиесі және спортты дамытудың Бағдарламасын дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005 жылдың IV тоқсаны |
6.6.2. |
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына үшінші халық спорты ойындарына қатысу |
Басқарма бойынша бұйрық |
Дене тәрбиесі және спорт басқармасы |
2006 жылдың І тоқсаны |
6.6.3. |
Жыл сайын облыстық кешенді спартакиадалардың өткізілуін қамтамасыз ету- қысқы, жазғы, ұлттық, халықтық спорт түрлерінен және мүгедектердің |
әкімдік қаулысы |
Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2006 жылдар |
6.6.4. |
2006-2008 жылдарға арналған Ақмола облысында туристік саланы дамытудың Бағдарламасын дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаменті |
2005 жылдың IV тоқсаны |
6.6.5. |
2007 жылы Қазақстанның Параолимпиадалық ойындарына қатысу |
Басқарма бойынша бұйрық |
Дене тәрбиесі және спорт басқармасы |
2006 жылдың IV тоқсаны |
6.7. Демография және көші-қон |
||||
6.7.1. |
Оралман-репатрианттарды қабылдауға және орналастыруға қолайлы жағдай жасау |
Ақпарат |
Көші-қон бойынша комитеттің басқармасы (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
7. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану |
||||
7.1. |
2005-2007 жылдарға арналған "Қоршаған ортаны қорғау" аумақтық Бағдарламасын дайындау |
Облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін Бағдарлама жобасы |
Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005 жыл |
7.2. |
2005-2007 жылдарға арналған "Қоршаған ортаны қорғау" аумақтық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
7.3. |
2004-2006 жылдарға арналған облыстың тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің "Сапалы су" аумақтық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2004-2006 жылдар |
7.4. |
Селолық елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту, облыс тұрғындарының 90%-ын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, сәулет, қалақұрылыс және құрылыс департаменті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2006 жылдар |
7.5. |
2006-2008 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың Бағдарламасын дайындау |
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсыныс |
Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды ретке келтіру департаменті, Щучье ауданының әкімі |
2005 жылдың IV тоқсаны |
8. Қаржылық және салықтық-бюджеттік саясат |
||||
8.1. Салық саясаты |
||||
8.1.1.
|
Акциздерді тартып алуды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу және Акцизді өнімдердің заңсыз айналымымен күресті күшейту |
Облыс әкіміне ақпарат
|
Салық комитеті (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдері
|
2003-2006 жылдар
|
8.1.2. |
Салықтық әкімшіліктендіру процессін автоматизациялауды жалғастыру |
Енгізу және пайдалану |
Салық комитеті (келісім бойынша) |
2003-2006 жылдар |
8.2. Бюджеттік саясат |
||||
8.2.1. |
Орта жедел мерзімге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта жедел жоспарын дайындауды жыл сайын қамтамасыз ету |
Облыстық мәслихаттың шешімі |
Облыстық департаменттер мен басқармалар, аудандар мен қалалар әкімдері |
Жыл сайын |
8.2.2. |
Мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіруге қатысу |
Құқықтық кесімдердің жобаларына ұсыныстар мен ескертулер |
Қаржы департаменті |
2003-2006 жылдар |
8.2.3. |
2005 және 2007 жылдары республикалық бюджетте қарастырылған қосымша қаржы есебінен нақтыланған қызметтік жалақы базасының негізінде мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақыларын ұлғайту жүргізілсін |
Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ақпарат |
Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2006 жылдың желтоқсаны |
8.3. Инвестициялық саясат |
||||
8.3.1. |
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың мониторингін жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Қаржы департаменті,экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар |
9. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес |
||||
9.1. |
2005-2007 жылдарға арналған тұрғындармен құқықтық түсініктеме жұмыстары, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу бойынша аумақтық Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзегеасыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр қызметі бөлімі, аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
9.2. |
Ішкі істер органдары полициясы учаскелік инспекторлардың рөлін арттыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау |
Облыс әкімдігіне ақпарат беру |
Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2006 жылдар- маусым, желтоқсан |
9.3. |
2005-2007 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрестің аумақтық Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдері |
2005-2007 жылдар |
9.4. |
Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің аумақтық Бағдарламасын дайындауға қатысу |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ұсыныс |
Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) |
2005 жылдың IV тоқсаны |
9.5. |
2003-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру |
Облыс әкімдігіне есеп беру |
Ақмола облысындағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР агенттігінің аумақтық басқармасы (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдері |
2003-2005 жылдар |