Аудан әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы

Жаңа

Алматы облыстық Жамбыл ауданы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы N 20 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 4 маусымда N 1179 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңын iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың Ережесiн бекiту туралы" N 1408 Қаулысына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М. Әбсәметовке жүктелсiн.

      3. Аудан әкiмiнiң 2002 жылғы 18 маусымдағы "Аудан әкiмi резервiнiң қаражатын пайдаланудың Ережесiн бекiту туралы" N 6-472 шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмиятының
2003 жылғы 19 мамыр
N 20 қаулысымен
бекiтiлген

Аудан әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың
ТӘРТIБI

      Осы Тәртiп аудан әкiмияты резервiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың ретiн белгiлейдi.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Тәртiпте келесi түсiнiктер пайдаланылады:

      Аудан әкiмияты /ары Қарай әкiмияттың/ резервi тиiстi қаржы жылына, аудандық бюджетте көзделген және бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыcтарды қаржыландыру үшiн аудан әкiмиятының қаулысымен бөлiнетiн қаражат:
      Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджеттi белгiлеу кезiнде күнi бұрын жоспарлау мүмкiн емес және ағымдағы қаржы жылына кейiнге қалдырмай қаржыландыруды талап ететiн шығыстар;
      Әкiмияттың және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн әкiмият резервiнiң құрамында көзделетiн қаражат - әкiмият резервi құрамында көзделген және сот шешiмдерi бойынша әкiмнiң немесе жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерiне бөлiнетiн қаражат.

      2. Әкiмияттың резерв қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатады:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар:
      - төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесiнде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      - зардап шеккендер үшiн уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      - төтенше жағдайлардың нәтижесiнде бұзылған объектiлердi қалпына келтiру;
      - шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
      - төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету.
      Сот шешiмдерi бойынша әкiмнiң жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу;
      Әкiмият резервiнiң қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.

2. Аудан әкiмияты резервiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбi

      1. Әкiмияттың резервiнен қаражат бөлудi әкiмияттың шешiмi негiзiнде, заңдармен белгiленген тәртiп бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудандық бюджеттi несиелендiрумен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекiтiлген мөлшерлер шегiнде аудандық қаржы бөлiмi жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттың көлемi мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негiзде бөлiнген жағдайда, оларды берудiң шарттары мен қайтарудың мерзiмдерi көрсетiледi.

      2. Әкiмияттың резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртiпте және резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкiмиятының қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.

      3. Әкiмият резервiнен қаражат бөлу туралы әкiмият қаулыларын дайындаған кезде мынадай шарттар ескертiледi:
      1) Аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      2) Сот шешiмдерi бойынша әкiмнiң және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу жағдайларын қоспағанда, әкiмияттың резервi қаражатына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттiлiгi алушының, бұрынғы мiндеттемелерiмен байланысты болмауы.

      4. Әкiмият резервiнен қаражат бөлу туралы әкiмият қаулысы негiзiнде жыл аяқталғанға дейiн күшiн жояды.

3.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, әкiмияттың резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштердi аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия қарайды.
      Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аудандық ауқымы болуы керек.

      2. Негiздемелiк материалды берудiң тәртiбi мен олардың тiзбесiн аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия айқындайды.

      3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттiлiгi туындағанда төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия белгiленген тәртiппен әкiмиятқа төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы жобасын енгiзедi.

      4. Аудандық және объектiлiк көлемдегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, аудандық жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаты есебiнен және меншiктiк нысанына қарамастан, мекемелер қаражатынан қаржыландырылуы керек.

4. Сот шешiмдерi бойынша аудан әкiмiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге
Қаржы бөлу

      1. Сот шешiмдерi бойынша аудан әкiмiнiң және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда әкiмияттың резерв қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.

      2. Аудан әкiмiнiң мiндеттемелерiн өтеуге әкiмият резервiнен қаражат бөлу туралы әкiм қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлiмi заңдармен белгiленген тәртiп бойынша дайындайды.

      3. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеуге аудан әкiмияты резервiнен қаражат бөлу туралы әкiмият қаулысының шешiмiнiң жобасын жергiлiктi атқарушы органның өзi заңдармен белгiленген тәртiппен дайындайды.

5. Бақылау және есептiлiк

      1. Аудан әкiмияты резервiнен бөлiнген қаражатты алушылар аудандық қаржы бақылау бөлiмi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп беруi керек.

      2. Аудандық қаржы бөлiмi ай сайын аудан әкiмиятына әкiмияттың резервi қаражатының пайдаланылуы және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары туралы ақпарат бередi.

      3. Аудан әкiмиятының резервiнен бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны үшiн алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.

      4. Аудан әкiмиятының резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      Аудан әкiмi
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады