Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 19.09.2017 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңын және Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi "Алматы облысы әкiмдiгi резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы" N 19 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Н. Әбдiқадыровқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi |
Кербұлақ ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 30 мамыр N 9 қаулысымен бекiтiлген |
Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын бөлу және пайдалану ретiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде төмендегiдей түсiнiктер пайдаланылады:
аудан әкiмиятының(бұдан әрi - әкiмият) резервi дегенiмiз тиiстi қаржы жылына аудандық бюджетте ескерiлген және әкiмият қаулысы бойынша бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарды қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражат;
жоспарланбаған шығыстар ағымды қаржы жылына аудандық бюджеттi қалыптастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiн болмаған және үстiмiздегi қаржы жылында сөзсiз қаржыландыруды қажет ететiн шығыстар;
әкiмияттың және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеуге арналған әкiмият резервiнiң құрамындағы қаржы - аудан әкiмияты резервiнiң құрамында ескерiлген және соттардың шешiмiмен әкiмияттың немесе жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаржы;
әкiмият резервiнiң қаражатын алушы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi.
2. Әкiмият резервiнiң қаржысы есебiнен қаржыландырылатын, бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарға келесi шаралар жатады:
1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, соның iшiнде:
- төтенше жағдайлардың туындауынан зардап шегушiлерге материалдық көмек көрсету;
- зардап шеккендер үшiн уақытша қоныстану және тамақтану пункттерiн ашу және ұстау;
- апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқару техникалық құралдарымен, жабдықтарымен және құрал-жабдықтарымен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету;
2) соттардың шешiмдерi бойынша әкiмияттың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу.
Әкiмият резервiнiң қаржысы басқа шығыстарды қаржыландыруға жолданбайды.
2. Аудан әкiмияты резервiнен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртiбi
3. Әкiмият резервiнiң қаржысын бөлу осы мақсаттарға тиiстi қаржы жылында аудандық бюджеттiң шығыстары мен кредит бөлу құрамында бекiтiлген мөлшерi шегiнде, әкiмияттың алушы, бөлiнген қаржы көлемi және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ қайтару негiзiнде қаржы бөлiнсе оларды беру және қайтару мерзiмдерi көрсетiлген қаулысының негiзiнде заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу жолымен аудандық қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
4. Әкiмият резервiнiң қаржысы қатаң түрде мақсатты ұсталады және осы Ережелерде, сондай-ақ аудан әкiмиятының резервi қаржы бөлу туралы қаулысында ескерiлмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
5. Әкiмият резервiнен қаржы бөлу туралы қаулыны дайындаған кезде төмендегi шарттар ескерiледi:
1) ағымдағы қаржы жылында аудандық бюджетте қаржының болмауы;
2) әкiмият резервiнiң қаржысына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылы туындады және оған деген қажеттiлiк алушының, еткен мiндеттемелерiмен байланысты емес, бұл шарт соттардың шешiмдерi бойынша әкiмияттың және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу жағдайларынан басқасында.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн қаржы бөлу
6. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кезде әкiмият резервiнiң қаржысын бөлу туралы қолдау хатты аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы қарайды.
7. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, негiзгi материалдар мен олардың тiзбесiн тапсыру тәртiбiн белгiлейдi.
8. Аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда бұл шараға қаржы бөлу туралы әкiмият қаулысының жобасын аудан әкiмiне енгiзедi.
4. Сот шешiмдерi бойынша аудан әкiмиятының және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн жабу үшiн қаржы бөлу
9. Сот шешiмi бойынша аудан әкiмиятының және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының мiндеттемелерiн жабуы соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда әкiмият резервiнiң қаржысы есебiнен қамтамасыз етiледi.
10. Әкiмияттың мiндеттемелерiн жабу үшiн әкiмият резервiнен қаржы бөлу туралы аудан әкiмияты қаулыларының жобасын заңда белгiленген тәртiппен аудандық қаржы бөлiмi әзiрлейдi.
11. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарының мiндеттемелерiн жабу үшiн әкiмият резервiнен қаржы бөлу туралы аудан әкiмдiгi қаулыларының жобасын заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдары әзiрлейдi.
5. Бақылау жасау және есеп беру
12. Әкiмият резервiнен қаражат алушылар бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы, аудандық қаржы бөлiмi белгiлеген тәртiпте және мерзiмдерде, орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құндары туралы есеп ұсынуы тиiс.
13. Аудандық қаржы бөлiмi ай сайын аудан әкiмияты мен облыстық қаржы басқармасына әкiмият резервiнiң пайдаланылуы мен қалдықтары туралы ақпарат ұсынады.
14. Әкiмият резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте оны алушыға жүктеледi.
15. Әкiмият резервiнен қаржыларының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Аудан әкiмi | |
аппаратының басшысы |