Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2011.12.13 N 462 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" N 1408 қаулысына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сарқан ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі" бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Т. Бекішовке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 16 қыркүйек
N 114 қаулысымен бекітілген
Сарқан ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың
Ережесі
Осы Ереже Сарқан ауданы әкімиятының резерві қаражатының бөлінуі және пайдалану ретін белгілейді.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады:
Сарқан аудан әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудандық әкімияттың қаулысы бойынша бөлінетін қаражат.
Көлденең шығыстар ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар.
Аудандық әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудандық әкімият резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудандық әкімияттың немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін қаражат.
Аудандық әкімияттың қаражатын алушы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері немесе аудандық әкімият:
1) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою;
2) Сот шешімдері бойынша аудандық әкімияттың, жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу;
2. Аудандық әкімияттың резервінің қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға жұмсалмауға тиіс.
2. Аудандық әкімияттың резервінің қаражатын бөлудің және
пайдаланудың тәртібі
3. Аудандық әкімияттың резервінің қаражатын бөлуді аудандық әкімияттың қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендіру мен шығыстары құрамында осы қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Аудандық әкімияттың резервінің қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Ережеде және резервтен қаражат бөлу туралы аудандық әкімияттың қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Әкімият резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысы дайындаған кезде мынандай шарттар ескертіледі:
1) Аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
2) Сот шешімдері бойынша әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
6. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін оны бөлу жөніндегі қаулысының әкімияттың арнайы резервінен төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы әкімияттың тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін жойылады.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
қаражат бөлу
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қарайды.
Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың ауданаралық немесе аудандық ауқымы болуы керек.
8. Негіздемелік материалды берудің тәртібі және олардың тізбесі аудан әкімінің өкімімен айқындалады.
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі ауылдық басқарма белгіленген тәртіппен әкімият жобасында төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы енгізеді.
10. Ауылдық және объектілік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қалалық, аудандық жергілікті атқарушы органдардың резервтік қаражаты есебінен және меншіктік нысанына қарамастан, мекемелер қаражатынан қаржыландырылуы керек.
4. Сот шешімдері бойынша аудандық әкімияттың және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
11. Сот шешімдері бойынша аудандық әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, әкімият резервінің қаражаты есебін қамтамасыз етіледі.
12. Аудандық әкімияттың міндеттемелерін өтеуге әкімият резервісінен қаражат бөлу туралы жобасын аудандық қаржы басқармасы заңдармен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
13. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге аудандық әкімият резервінен қаражат бөлу туралы әкімияттың қаулысының жобасын жергілікті атқарушы органның өзі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.
5. Бақылау және есептілік
14. Аудандық әкімияттың резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бақылау басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беру керек.
15. Аудандық қаржы басқармасы ай сайын аудан әкіміне әкімияттың резерв қаражатының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат ұсынады.
16. Аудандық әкімияттың резервісінен бөлінетін қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
17. Аудандық әкімияттың резервісінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Аудан әкімі