Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мүлiктердi есептен шығару төртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысының әкімиятының 2003 жылғы 25 қыркүйегіндегі N 135 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қарашада 1127 нөмерімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.04.12 № 125 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы "Мемлекеттiк мүлiкті басқару және жекешелендiрудiң»тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" № 118 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мүлiктердi есептен шығарудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған нұсқау бекiтiлсiн.
       2. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мүлiктердi есептен шығаруға бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып "Жамбыл облысының коммуналдық меншiк департаментi" мемлекеттiк мекемесi белгiленсiн.
       3. Осы қаулы облыстың әдiлет басқармасында тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
      
      Облыс Әкiмi                                С.Үмбетов

Жамбыл облысы әкiмиятының
2003 жылғы 25 қыркүйектегi
"Коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорындар мен коммуналдық
мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп
берiлген мүлiктердi есептен
шығару тәртiбi туралы
нұсқауды бекiту туралы" N 135
қаулысымен бекiтiлдi

Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мүлiктердi есептен шығару тәртiбi туралы
НҰСҚАУ

1. Жалпы ереже

      1. Осы нұсқау коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар (әрi қарай - мемлекеттiк кәсiпорындар) мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге (әрi қарай - мемлекеттiк мекемелер) бекiтiлiп берiлген қару-жарақ, әскери техника, қорғаныс нысандары және Қазақстан Республикасының»Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарында пайдаланылмайтын өзге де әскери мүлiктерден басқа табиғи және моральдық тозуы, табиғи опат пен апат салдарынан жарамсыз болған мүлiктердi есептен шығару тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Нұсқау мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi құрал-жабдығына (активтерiне) жататын мүлiктер бойынша жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер мүлiктерiн есептен шығарудың қажеттi құжаттарын ресiмдеу осы Нұсқаудың 7-тармағында белгiленген талаптарды ескере отырып, осы Нұсқаудың 4-тармағына сәйкес құрылған Комиссияның қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Комиссия мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен құрылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорында құрылатын Комиссияның құрамына:
      мемлекеттiк кәсiпорынның бас инженерi немесе басшының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның»орынбасары;
      мүлiктi сақтау жауапкершiлiгi жүктелген тұлғалар мiндеттi түрде енгiзiледi.
      Мемлекеттiк мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына:
      мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штаттық кесте бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүктелген тұлға);
      мүлiктi сақтау жауапкершiлiгi жүктелген тұлғалар мiндеттi түрде енгiзiледi.
      Мүлiктiң жекелеген түрлерiн есептен шығару кезiнде Комиссияның құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.

2. Мүлiктi есептен шығару тәртiбi

      5. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер балансынан табиғи және моральдық тозуы салдарынан, олардың белгiленген қызмет мерзiмi аяқталуынан кейiн, табиғи опаттар мен апаттар нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толық жоғалтқан мүлiк оны қалпына келтiру экономикалық тиiмсiз немесе мүмкiн болмаған жағдайда есептен шығарылады.
      6. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер мүлкiн есептен шығару:
      100 пайыз тозған жағдайда - "Жамбыл облысының коммуналдық меншiк департаментi" мемлекеттiк мекемесiмен (әрi қарай - коммуналдық меншiк департаментi) және мемлекеттiк басқару органымен келiсiмге орай мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмi бойынша;
      50 пайыздан астам тозған және/немесе баланстық құны 1000-еселiк ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспаған жағдайда, мемлекеттiк басқару органның келiсiмiмен және коммуналдық меншiк департаментiнiң жазбаша рұқсатымен;
      50 пайыздан кем тозған және/немесе баланстық құны 1000-еселiк ең»төменгi есептiк көрсеткiштен асқан жағдайда, мемлекеттiк басқару органының»келiсiмiмен және коммуналдық меншiк департаментi мен облыс әкiмиятының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Мүлiк жарамды болған жағдайда коммуналдық меншiк департаментiне комиссияның қорытындысы бойынша есептен шығарылатын мүлiктi кредиторлық қарызды жабу есебiнен аукционсыз өткізуге рұқсат етiледi.
      7. Комиссия есептен шығаруға жататын мүлiктердi тiкелей қараудан өткiзедi, мұнда техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлiк есептiң мәлiметiн пайдаланады және оның қалпына келтiруге және одан әрi пайдалануға жарамсыздығын белгiлейдi, осы Нұсқаудың»5-тармағымен белгiленген есептен шығарудың»себебiн айқындайды, есептен шығарылатын мүлiктiң»жекелеген бөлiктерi мен бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды, олардың»бағасын шығарады, олардың мерзiмiнен бұрын пайдаланудан шығып қалуына кiнәлi тұлғаларды анықтайды және актi жасайды. Комиссияның қызметiне арнайы бiлiм қажет болған жағдайда оның құрамына тиiстi мамандарды (сарапшыларды) енгiзедi.
      Актi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi бөлшектеуге және бөлуге жол берiлмейдi.
      Мүлiктi жоюдан соң алынған барлық қосалқы бөлшектер, бөлiктер, тораптар, материалдар мен басқа да материалдық құндылықтар (әрi Қарай - материалдар) үш топқа жатқызылады:
      Бiрiншi топ - бұл тiкелей өз орны бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды материалдар, олар пайдалану мүмкiндiгi бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттарында кiрiске алынуы тиiс.
      Екiншi топ - бұл тiкелей өз орны бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамайтындар, олар екiншi қайтара шикiзат есебiнде (қара, түстi және бағалы материалдар сынықтары, ескi-құсқылар, отындық ағаштар және т.б.) кiрiске алынады.
      Үшiншi топ - бұл одан әрi пайдалану үшiн жарамсыз материалдар. Бұл топтағы материалдар жоюға жатады, ол туралы актi жасалынады.
      8. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн осы Нұсқаудың 5-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан есептен шығару белгiленген үлгiдегi актiлермен (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444 үлгiлерi) 3 данада ресiмделедi.
      9. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлiктерiн есептен шығару жөнiндегi Комиссияның 3 данада жасаған актiлерi осы нұсқаудың 6-тармағына сәйкес коммуналдық меншiк департаментiне келiсiлуi үшiн мынадай құжаттар тiзбесiмен жолданады:
      1) комиссия хаттамасымен;
      2) апат болған жағдайда - тиiстi лауазым иесi жасаған және бекiткен оқиға актiсiнiң көшiрмесiмен.
      10. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышына "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, басшының қолы қойылады, коммуналдық меншiк департаментiнiң мөрiмен бекiтiледi.
      Актiнiң, комиссия хаттамасының 1 данасы (оқиға актiсiнiң көшiрмесi) коммуналдық меншiк департаментiнде қалады, ал өзге екеуi мемлекеттiк кәсiпорынға немесе мемлекеттiк мекемеге және мемлекеттiк басқару органына жолданады.
      11. Келiспеген жағдайда мүлiктi есептен шығарудан бас тарту негiзделген құжаттар пакетi мемлекеттiк кәсiпорынға немесе мемлекеттiк мекемеге керi қайтарылады.

3. Қорытынды ереже

      12. Мүлiктi есептен шығарудың»қолданыстағы тәртiбi бұзылған жағдайда оған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      13. Осы нұсқауда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады