2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы

Жаңа

Т.Рысқұлов ауданы әкімиятының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 28 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 1039 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-ші тармағының 4, 5 тармақшалары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 70 қаулысына және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 31 қаңтардағы екінші шақырылған XVII сессиясының "2003 жылғы облыстық бюджет туралы және 2001 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы" N 17-4 шешімі (мемлекеттік тіркеуден 2003 жылы 10 ақпанда өткен, тіркеу N№837) мен облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы "2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы" N 19 қаулысына (мемлекеттік тіркеуден 2003 жылы 12 ақпанда өткен, тіркеу N№839) сәйкес, сондай-ақ 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылық машиналары мен оларға қосалқы бөлшектер сатып алу үшін облыстық бюджеттен аудандық бюджетке аударылған қаржы есебінен ауданның ауыл шаруашылық басқармасына 15,0 млн.теңге бөлінсін.

      2. Несие алушылардың өткізген құжаттарын сараптап, оны алушылардың тізімін анықтау мақсатында комиссия құрылып, оның құрамы (1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.

      3. 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің ережесі (2 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.

      4. Жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылық машиналары мен оларға қосалқы бөлшектер сатып алуға бірдей мүмкіншілік туғызу қамтамасыз етілетін болсын.

      5. Кент, ауыл аймағы әкімдері мен ауданның ауыл шаруашылық басқармасына алынған несиенің аудан бюджетіне өз уақытысында қайтарылуын қамтамасыз ету табысталсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Қосаловқа жүктелсін.

      Т. Рысқұлов
      ауданының әкімі

      2003 жылғы 26 маусымдағы
      N 28 аудан әкімиятының
      "2003 жылдың көктемгі-егіс
      және егін жинау жұмыстарын
      жүргізуге несие беру туралы"
      қаулысымен бекітілген
      1 қосымша

Несие алушылардың өткізген құжаттарын сараптап, оны алушылардың тізімін анықтау жөніндегі комиссия құрамы:

Қосалов Шардарбек - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Шүкеев Мұратхан   - аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
                    комиссия төрағасының орынбасары;
Ибраев Советқали  - аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас
                    хатшысы;

      Комиссия мүшелері:

Базарқұлов Әбіш    - аудандық мәслихаттың тексеру Комиссиясының
                     төрағасы (келісім бойынша);
Таңбаев Бейсенбай  - аудандық шаруа қожалықтары қауымдастығының
                     төрағасы;
Ауталипов Қайырбек - аудандық аумақтық басқармасының техникалық
                     инспекторы (келісім бойынша);
Шаданов Қайрат     - Жамбыл облысы бойынша "Жылжымайтын мүлік
                     жөніндегі орталық" кәсіпорнының аудандық
                     филиалының бастығы (келісім бойынша).

2003 жылғы 26 маусымдағы
      N 28 аудан әкімиятының
      "2003 жылдың көктемгі-егіс
      және егін жинау жұмыстарын
      жүргізуге несие беру туралы"
      қаулысымен бекітілген
      2 қосымша

2003 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелендірудің
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ережелер көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін, 2003 жылға республикалық бюджеттен бөлінетін несиелік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егіс алқаптарының көлемдеріне қарай, қайтару мерзімі 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі шартпен, Республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтарындағы "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 70 қаулысына сәйкес, 2003 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несиелік ресурстар бөлінеді.
      3. Үстеме ақысыз (мүдде) берілетін несиелік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін төлеуге жұмсалуы керек.
      4. Несие беру туралы аудан әкімиятының қаулысына сәйкес аудан қаржы бөлімі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелеу үшін бөлінген қаражатты аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына бөледі.
      5. Несие алуға талаптанушылардың құжаттарын қарап, кепілдік дүние мүліктерінің сәйкестігін анықтап несие бөлетін, аудан әкімінің орынбасары төрағалық етуші аудандық комиссия құрылады. Комиссия құрамына аудандық аумақтық техника инспекторы, жылжымайтын мүлік тіркеу мекемесінің маманы кіргізіледі. Комиссия мүшелері кепілдікке қойылған дүние-мүліктің жағдайын, құжаттарын, кепілдік бағасын жете зерттейді.
      6. Жанар-жағар маймен, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуші техникалар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылық техникаларын жалға немесе сатып алуға пайдаланатын несие ресурстарын алуға бірдей мүмкіндік туғызуды қамтамасыз ету үшін әр бір ауыл аймаққа лимит беріледі.
      2003 жылдың 5 наурызына дейін ауыл аймақтарға бөлінген лимит игерілмеген жағдайда пайдаланбаған несие қаражаты жалпы негізде қайта бөлінеді.
      7. Ауыл аймақ әкімдері ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен несие алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың құжаттарын дайындауға көмек көрсетеді, өз аймағына бөлінген лимит бойынша бөлінген қаржыны игеру мақсатымен несие алуға талаптанушы шаруашылықтардың құжаттарын аудандық комиссияға ұсыныс жасайды.
      8. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері дайындаған құжаттарына сәйкес, несие бөлу кезінде жаздық дәнді дақылдар, мақсары, соя дақылдарын егетін шаруашылықтарға басымдылық беріледі.
      9. Ауыл аймақ әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасы несиенің айтарымын қамтамасыз етеді.
      10. Несие ресурстарын алуға несие алушылар төмендегі құжаттарды аудандық ауыл шаруашылық басқармаларына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жары және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдық балансы (заңды тұлғалар үшін), кепілге қойылатын мүлік тізбесі және құжаттары, салық органдарының бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік несиеден қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар, статистикалық есеп карточкасының көшірмесі және себілген дәнді дақылдар көлемі туралы анықтама тапсырылуы тиіс. Бұл жерде, бекітілген лимит бойынша тиісті несие ресурстарын алуға несие алушылар тапсырылатын тиісті құжаттардың кезегінің сақталуы қатаң қадағалануы керек.
      11. Несиені алушы несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін аудандық бюджет кірісіне мақсатсыз пайдаланылған соманы құяды, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылған соманың 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл сома одан кейін облыстық бюджетке қайтарылады.
      12. Несие алушы оның қайтарылу мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қарыз сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде аудан бюджетіне айыппұл төлейді.
      13. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің" 31 тарауына сай жүзеге асырылады.

      КЕЛІСІЛДІ:

     Аудандық мәслихаттың
     тексеру комиссиясының
     төрағасы

     Аудандық аумақтық
     басқармасының техникалық
     инспекторы

     Жамбыл облысы бойынша
     "Жылжымайтын мүлік
     жөніндегі орталық"
     кәсіпорнының аудандық
     филиалының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады