"2003 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге несие беру туралы"

Жаңа

Сарысу аудандық әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 11 сәуірде N 919 тіркелді

      Аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне нақты қаржылық көмек көрсету мақсатында, облыс Әкiмиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы N 19 "2003 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге несие беру туралы" Қаулысының 1-i қосымшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Аталған қаулыға байланысты облыстық бюджеттен бөлiнетiн 3,0 млн. теңге несие қаржы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырған тiзiмi бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне бөлiнiп берiлсiн. (1 қосымша)
       2. Қоса берiлiп отырылған ауыл шаруашылығы жобаларын бюджеттiк несиелеу Ережесi бекiтiлсiн.
       3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi несиелеу жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның Әкiмшiсi болып аудан Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы бекiтiлсiн.
       4. Бюджеттiк несие алушылардың өткiзген құжаттарын қабылдау, сараптау үшiн мынадай құрамда аудандық комиссия құрылсын:
      Жангелдi Жайлауұлы Омаров - аудан Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы.
      Серiк Елемесұлы Тоқаев - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
      Комиссия мүшелерi:
      Қанай Әлiбекұлы Жүзбаев - аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi.        Тайғара Тұяқбаев - аудандық статистика және талдау бөлiмiнiң бастығы
      Мейiрбек Төленұлы Танакөзов - Сарысу ауданы бойынша салық комитетiнiң төрағасы
      Майра Шарапқызы Сушина - халықтық банкiнiң Жаңатас филиалының бастығы
      Жеңiс Рахымбайұлы Сазанбаев - аудандық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
      5. Осы бюджеттiк несиенi қайтару мерзiмi 2003 жылдың 25 қарашасына дейiн деп белгiленсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкiмiнiң орынбасары Жангелдi Жайлауұлы Омаровқа жүктелсiн.

      Сарысу ауданының Әкiмi

Аудан Әкiмиятының 2003 жылғы
25 ақпандағы "2003 жылдың
көктемгi-егiс және егiн жинау
жұмыстарын жүргiзуге несие
беру туралы" N 14 қаулысымен
бекiтiлген        
1 қосымша         

"2003 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзуге несие беру туралы"
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже мен тәртiп (бұдан әрi қарай Ереже) 2003 жылғы 11 ақпандағы облыстық Әкiмияттың қабылдаған Қаулысына сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiн несиелеуге Республикалық бюджеттен бөлiнген 3,0 млн. теңге қаражатын пайдалануын негiзгi Ережелерiн белгiлейдi.
      2. Облыстық бюджеттен берiлетiн қаржы ауыл шаруашылық дақылдарының басымдылықтарын ескере отырып және олардың егiс көлемдерiне қарай, қайтару мерзiмi 2003 жылдың 25 қарашасына дейiнгi шартпен, Жамбыл облысы Әкiмиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы N 19 "2003 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге несие беру туралы" Қаулысына сәйкес, 2003 жылдың көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн, ауданның ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруге ресурстар бөлiнедi.
      3. Үстеме ақысыз (мүдде) берiлетiн несиелiк ресурстар, жер негiзгi өндiрiс көзi болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрiлеуiштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшiн жұмсалуы керек.
      4. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы негiзiнде әрекет етушi аудан Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандық қаржы бөлiмi және шаруашылық құрылымдарының басшылары үш жақты несиелiк келiсiм жасайды.
      Несиелiк келiсiм-шартта несиенiң қандай мақсатқа берiлгенi және несиенi алу мен өтеудiң шарттары мен мiндеттерi, оларды қайтаруды қамтамасыз ету жолдары, үш жақтың құқықтары мен мiндеттерi, несиелiк келiсiм-шарт орындалмаған жағдайда қолданылатын шаралар, даулы мәселелердiң шешiлу тәртiбi.

2. Жобаларды қабылдау және қарау

      5. Несие ресурстарын алуға, несие алушылар тиiстi құжаттарды аудан Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырады. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы несие алуға ұсынылатын ауыл шаруашылығы жобаларын Ереже талаптарына сай жинақтап аудандық комиссияның қарауына ұсынады. Несие алушылардың құжаттарына қойылатын талаптар: техника-экономикалық негiздемесi бар бизнес-жоспар, меншiкке иелiк құқығы туралы мемлекеттiк тiркеу куәлiгi мен қоса құжаттар көшiрмесi, жер беру актiсi мен жарғы және құрылтайшы құжат көшiрмесi, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшiн), кепiлге қойылатын мүлiк тiзбесi, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берiлген бюджеттiк несиеден қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзiне қызмет көрсететiн банктен мерзiмi өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсыруы тиiс. Бұл жерде, бекiтiлген лимит бойынша несие ресурстарын алуға несие алушылар тапсыратын тиiстi құжаттардың кезегiнiң сақталуы қатаң қадағалануы керек.

3. Бюджеттiк несиелердi өтеу және қызмет
көрсету тәртiбi

      6. Бюджеттiк несиелердi өтеу тәртiбi және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген ережесiнiң 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
      1) несиенi алушы несиенi мақсатсыз пайдаланғаны үшiн аудандық бюджет кiрiсiне мақсатсыз пайдаланылған соманы құяды, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылған соманың 10% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      2) несие алушы оның қайтарылу мерзiмiн бұзған жағдайда әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн қарыз сомасының 0,1% мөлшерiнде аудан бюджетiне айыппұл төлейдi.

4. Бюджет несиелерiн есепке алу және бақылау

      7. Бюджет несиелерiн есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, көрсетiлген Ереженi 31 тарауына сай жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады