2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы

Жаңа

Талас аудандық әкімиятының 2003 жылдың 8 мамырдағы N 38 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 6 маусымда 982 нөмерімен тіркелді

      2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы, 2003 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы, N 70 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 4, 5 тармақшаларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін ауданға бюджет есебінен бөлінген 3 млн. теңге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінсін.

      2. 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      3. Бюджеттік жоба бағдарламасының әкімгері және несие қаржының қайтарымына жауаптылар болып аудан әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы және аудандық қаржы бөлімі бекітілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Балтабай Бекежановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

2003 жылғы 8 мамырдағы N 38
Талас ауданы әкімиятының "2003 жылдың
көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге несие беру туралы" қаулысымен
бекітілген

  2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы өнімін
өндірушілерін несиелендірудің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін, 2003 жылға республикалық бюджеттен бөлінетін несиелік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Өндірілген ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және оларды егіс көлемдеріне қарай, қайтару мерзімі 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі шартпен, республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтарындағы N№70 "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несиелік ресурстар бөлінеді.

      3. Үстеме ақысыз /мүдде/ берілетін несиелік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағар май материалдары тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін жұмсалу керек.

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы және аудан әкімінің қаржы басқармасы және несие алушы тауар өндірушілер үш жақты несиелік келісім жасайды, соған сәйкес жанар-жағармай материалдарын, тұқым тыңайтқыш, гербицид тұқым дәрілеуіштер ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуға несиелік ресурстар ретінде пайдаланатын бюджет қаражатының уақытылы және толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

2. Құжаттарды тапсыру тәртібі

      5. Несие ресурстарын алуға несие алушылар төмендегі құжаттарды аудандық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы /заңды тұлғалар үшін/, кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі біткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсыруы тиіс.
      Бұл жерде, бекітілген лимит бойынша тиісті несие ресурстарын алуға несие алушылар тапсырылатын тиісті құжаттардың кезегінің сақталуы қатаң қадағалануы керек.

3. Бюджеттік несиелерді өтеу және қызмет
көрсету тәртібі

      6. Бюджет несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталған мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
      1) несиені алушы мақсатсыз пайдаланғаны үшін аудандық бюджет кірісіне мақсатсыз пайдаланылған соманы құяды, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланған соманың 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл сома одан кейін облыстық бюджетке қайтарылады:
      2) несие алушы оның қайтарылуы мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қарыз сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде аудандық бюджетке айыппұл төлейді.

4. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау

      7. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 31 тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады