Абай ауданы әкімиятының қаржы резервін пайдалану Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 09/03 қаулысы. Қарағанды облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 20 тамызда N 1272 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 14/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 01.06.2007 N 14/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 сәуірдегі № 357-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімияты қаулы етеді.

      1. Абай ауданы әкімиятының қаржы резервін пайдалану Қағидасы бекітілсін (№ 1 қосымша).

      2. Осы қаулының орындалуын қағадалау аудан әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Н.В. Сергееваға жүктелсін.

      А.Т. Әбдіханов

      Келісілді

      Ш.Қ. Тәнкебаев
      Қ.О. Мүслімова
      Б.Қ. Есмағамбетов

  "Абай ауданы әкімиятының
резервтегі қаражатын пайдалану
қағидасын бекіту туралың Абай
аудандық әкімиятының 2003 жылғы
10 шілдедегі № 09/03 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
№ 1 қосымша

Абай ауданы әкімиятының резервтегі қаражатын пайдалану ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына 1999 жылғы 01 сәуірдегі № 357-1, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II және "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 05 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Абай ауданы әкімиятының резервіндегі қаражатын бөлу және пайдалану ретін белгілейді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      аудан әкімиятының резерві – тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;

      көзделмеген шығыстар – ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;

      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімиятының резерв құрамындағы қаражат – аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бөлетін қаражат;

      аудан әкімиятының резервінен қаржы алушы – аудандық бюджет бағдарламасының әкімшісі, немесе аудан әкімі.

      2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көзделмеген шығыстарға келесі шаралар жатады:

      1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:

      төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;

      зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;

      шұғыл қимыл жасайтын авариялық – құтқару және авариялық – қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша толықтыру;

      төтенше жағдай аумағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету;

      2) сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;

      3) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалынатын өзге де көзделмеген шығыстар жатады.

2. АУДАН ӘКІМИЯТЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

      3. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді, аудан әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіпте жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.

      4. Аудан әкімиятының резерв қаражаты міндеті түрде арнаулы мақсатқа пайдаланылады және осы Қағида мен аудан әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.

      5. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар есепке алынады:

      1) жергілікті бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;

      2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.

      6. Әкімият резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысы, аудан әкімиятының тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.

3. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ҚАРАЖАТ БӨЛУ

      7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудан әкімиятының резерв қаражаттары есебінен қаржыландырылуы тиісті.

      8. Төтенше жағдайлардың салдарын, оның ауқымы мен таралу аймағын жою үшін, аудан әкімиятының резервінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қаржыландыру ауданның жергілікті атқарушы органдарында қаражаттар мен ресурстар жетіспеген жағдайда жүзеге асады.

      9. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде аудандық қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын аудан әкімиятының мәжілісіне тапсырады.

4. АУДАН ӘКІМИЯТЫ МЕН АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ӨТЕУГЕ ҚАРАЖАТ БӨЛУ

      10. Сот шешімдерді бойынша аудан әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

      Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.

      Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.

      Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылдаған актілері үшін, сондай-ақ, өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойыншы бөлінген ақшамен жауап береді.

      11. Аудан әкімиятының міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.

      12. Атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен аудандық қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және аудан әкімиятына тапсырады.

5. ӨЗГЕ ДЕ КӨЗДЕЛМЕГЕН ШЫҒЫСТАРҒА ҚАРАЖАТ БӨЛУ

      13. Аудан әкімиятының резервінен өзге де көзделмеген шығыстарға, оның ішінде төтенше жағдайлардың орнын алуға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.

      14. Аудандық қаржы бөлімінің өтініші негізінде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Ауданда қаржы жылы ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қараған кезде, аудан әкімиятының резервінен өзге де көзделмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25 пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте аудан әкімиятының резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.

      15. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда аудан әкімиятының резервінен өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен аудандық қаржы бөлімімен келісіп осы жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды.

      16. Аудан әкімінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда аудан әкімиятының резервінен өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.

6. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК

      17. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар Қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және уақытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.

      18. Қаржы бөлімі аудан әкімиятының резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы аудан әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.

      19. Аудан әкімиятының резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.

      20. Аудан әкімиятының резервінен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады