"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
1. Маңғыстау облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Облыстық
мәслихаттың хатшысы
"Маңғыстау облысында шағын
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық
бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 30 шілдедегі N 27/285
шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарлама
Атауы |
Маңғыстау облысында шағын бизнестi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы |
Әзiрлеу үшiн негiздеме |
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы"» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N№131-1 Заңы |
Әзiрлеушi мемлекеттiк орган |
Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы |
Мақсаты |
Экономиканың өндiрiстiк және басқа да салаларында шағын кәсiпкерлiктi орнықты дамытуды, жаңа жұмыс орындары санын көбейтудi, қоғамның орта табының негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң бұқаралық жiгiнiң рөлiн күшейтудi қамтамасыз ету. Шағын кәсiпкерлiктiң серпiндi де сапалы дамуын қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiктi қолдау саясатын жетiлдiру |
Мiндеттерi |
Несиелiк ресурстарға қолжетiмдiлiгi бойынша шағын бизнестiң мүмкiндiгiн кеңейту;
|
Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiктерi |
Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту;
|
Қаржыландыру көздерi |
Көрсетiлген мақсатқа қарастырылған қаржы шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, бюджеттен тыс мақсатты қаражат, халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары, сондай-ақ кәсiпкерлердiң және олардың ұйымдарының өз қаражаты есебiнен |
Күтiлетiн нәтиже |
Шағын кәсiпкерлер субъектiлерiнiң өндiретiн саны 16500 бiрлiкке дейiн;
|
Бағдарламаны iске асыру мерзiмi |
2003-2005 жылдар |
Маңғыстау облысында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын, Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылға арналған негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында
және "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N№827
Жарлығымен
бекiтiлген, Үкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасында қойылған мiндеттердi орындау мақсатында, облыстық iскер топтары, облыстық басқармалар мен департаменттер өкiлдерiнiң ұсыныстарын есепке ала отырып кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының белсендi қатысуы жағдайында облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы әзiрледi.
Шағын кәсiпкерлiк мемлекет экономикасының өз ерекшелігі бар маңызды секторы болып табылады. Шағын бизнес шағын кәсiпкерлiк дағдыларын дамытуды ынталандырады, бәсекелестiк ортаны қалыптастырады, базардағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерiстерiне тез бейiмделедi, жаңа жұмыс орындарын құрады және базарды отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерiмен толықтыруға ықпал етедi. Шағын кәсiпкерлiк қоғамның орта табын қалыптастырудың көзi болып табылады және халықты жұмыспен қамту проблемасын шешуге ықпал етедi.
Бағдарлама "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы
N№131-1
және "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы
N№135-1
заңдарына, "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N№3398
Жарлығына
сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама облыста шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асырудың негiзгi мақсатын, осы мақсатқа қол жеткiзудiң негiзгi жолдары мен құралдарын қалыптастырады.
Бағдарлама "Қазақстан - 2030"
Стратегиясының
ережелерiне негiзделiп әзiрлендi.
Аймақтық бағдарламаның басты мақсаты - шағын кәсiпкерлiктiң серпiндi де сапалы дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз етуге, мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру болып табылады.
3. Шағын кәсiпкерлiк дамуының ағымдағы ахуалын талдау
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын бизнестi құру үдерiсi табиғи жолмен жүз жыл бойына жүргiзiлдi. Қазақстанда, оның iшiнде облысымызда экономиканың осы секторы iс жүзiнде өткен онжылдықта қалыптасты. Қоғамның жiгерлi де iскер бөлiгiнiң бастамашысы мен кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың белсендi саясатының арқасында өткен жылдар өз жемiсiн беруi оған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өсу қарқыны мен олардың осы жылдар iшiнде экономикаға қосқан үлестерi дәлел бола алады. "Маңғыстау облысында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын"»iске асыру шеңберiнде бұл жылдары облыста мынадай нәтижелерге қол жеткiзiлдi:
№ |
Көрсеткiштер |
01.07.2002ж. |
01.07.2003ж. |
1 |
ШКС саны (бiрлiк), барлығы: |
13249 |
13453 |
|
Кәсiпорындар саны (заңды тұлға): |
2890 |
3387 |
|
оның iшiнде жұмыс iстеп тұрғандары: |
2543 |
2864 |
2 |
Шағын кәсiпкерлiкпен айналысатындар саны (адам) |
30811 |
33753 |
|
оның iшiнде шағын кәсiпорындарда айналысатындар саны (заңды тұлға) |
14500 |
16100 |
|
Облыстық экономикалық белсендi тұрғындарының жалпы санына шағын кәсiпкерлiкпен қамтылғандар үлесi (%) |
20,8 |
23,1 |
3 |
Өндiрiлген өнiм көлемi (жұмыстар, қызмет көрсетулер), (млн. теңге) |
4451,9 |
5904,5 |
4 |
Салық төлемдерiнiң көлемi (млн. теңге) |
2140,0 |
2940,0 |
Өндiрiлген тауар өнiмдерi мен қызмет көрсетулер, салық түсiрiлiмдерi көлемiнiң өсу қарқыны, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары қарымды мүмкiндiгi бар екенiн дәлелдейдi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау қауымдастығы, бизнес-инкубатор, шағын кәсiпкерлiктi дамыту орталығы және т.б. шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының объектiлерi желiсiнiң құрылуы жалғасуда.
Орта таптың рөлiн күшейту қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты арттырудың стратегиялық мiндеттерi болып табылады. Осынау мiндеттердi шешу шағын кәсiпкерлiктi серпiндi дамыту үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар туғызуды талап етедi. Экономиканың нарықтық құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ете отырып, шағын кәсiпкерлiк барлық деңгейдегi бюджеттердiң салық салу базасын ұлғайтады.
Негiзгi көрсеткiштер экономиканың осы саласының қарқынды дамуын сипаттайды, алайда соған қарамастан шағын кәсiпкерлiктiң дамуын тежейтiн мынадай проблемалар бар:
шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымдары жұмысының белсендiлiгiнің төмендігі;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi заңнамалық базалардың жетiлмегені;
шағын бизнес субъектiлерi үшін қаржы ресурстарының шектеулi болуы;
бастапқы капитал мен өз айналым қаражатының болмауы;
жергiлiктi тұтыну базарының шағындығы;
орын-жайларды алуға байланысты қиындықтар мен жалдау ақысының тым жоғарылығы.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - экономиканың өндiрiстiк және басқа да салаларында шағын кәсiпкерлiктi орнықты дамытуды қамтамасыз ету, шағын кәсiпкерлiктi қаржылай қолдауды, жаңа жұмыс орындарын көбейтудi, қоғамның орта табының негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң бұқаралық жiгiнiң рөлiн күшейтудi және шағын кәсiпкерлiктi насихаттауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаның мақсаттарын iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
шағын бизнестiң несиелiк ресурстарға жету мүмкiндiгiн кеңейту;
шағын кәсiпкерлiк секторының экономикалық белсендiлiгiн өсiру, жұмыспен қамту тетiгiн дамыту;
мемлекеттiк билiк органдары мен кәсiпкерлер арасындағы өзара iс-қимылды нығайту;
шағын кәсiпкерлiктi әдiстемелiк, ақпараттық, кеңес берушiлiк, оқу-бiлiм берушiлiк қолдауды жетiлдiру;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың инфрақұрылымын бірте-бірте дамытып, жетілдіру;
шағын кәсiпкерлiктi дамытудың жаңа құралдары мен озық қаржылық технологияларды әзiрлеу және енгiзу;
облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қолбайлау болып жүрген кедергiлердi жою жөнiндегi кәсiпкерлердiң ұсыныстарын талдау және қорыту.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiктерi
Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту.
Инфрақұрылымдарды дамыту және жетiлдiру. Облыстың кәсiпкерлер Кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру.
Шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау.
Облыстың қалалары мен аудандарында шағын кәсiпкерлiктi дамыту.
5.1. Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және
инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту
Қазiргi кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық қолдау қажеттiгi, шағын бизнестiң қажеттiлiгiнiң өсуiне, экономиканың өндiрiстiк секторының жандануына және қаржы ресурстарына жетудің шектеулiгiне байланысты болып отыр. Соңғы бiрнеше жылдар бойына шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржылық-несиелiк ресурстарға қол жеткізу проблемасы, Қазақстанда шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi келтiру проблемаларының тiзiмiнде жетекшi орындардың бiрiне ие.
Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде шағын бизнес субъектiлерiн жеке және бюджеттiк қаражат есебiнен, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының бағдарламалық қарызға алу қаражаты есебiнен тiкелей қаржыландыруды кеңейту қажет. Несиелеудiң басым бағыттары өңдеушi өнеркәсiп, тұтыну тауарларын өндiру, қызмет көрсету саласы болмақ.
Қазiр "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы"»Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы
Заңының
12 бабында көзделгендей, жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылу, сонымен қатар жеке инвестициялық ресурстарды барынша жандандыруды қамтамасыз ететiн, қаржы технологияларын құру қажеттiлiгi туындап отыр.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық қолдау саясаты, өндiрiстiк сектордың кәсiпорындарында бөлiнетiн қаржылық-несиелiк ресурстардың абсолюттiк көлемiн өсiруге сыйақының жеңiлдiк мөлшерлемесiн қолдана отырып, ұзақ мерзiмдi және орта мерзiмдi несиелеу үлесiн көбейтудi қамтамасыз етуге бағдарлануға тиiс. Осыған байланысты негiзгi шаралар инвестициялық тетiктердiң институциялдық дамуына, ол бюджеттiк ресурстар мен тартылған қаражатты барынша тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн, қаржыландырудың жаңа технологияларын енгiзуге ықпал етуге тиiс.
5.2. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту және жетiлдiру
Шағын бизнестi ойдағыдай дамытуды айқындайтын басты жағдайлардың бiрi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн, жақсы дамыған әрi инфрақұрылымның тиянақты жұмыс iстейтiн элементтерiнiң болуы болып табылады.
Шағын бизнестiң ойдағыдай дамуы үшiн бағдарламада облыста инфрақұрылымның барлық элементтерiн қалыптастыруды жүзеге асыру көзделген.
Қазiргi кезде облыста шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың тиiмдi құралы болып табылатын, Жаңаөзен қаласында бизнес-инкубатор мен "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту Орталығы" ұйымдастырылған, алайда олардың дамып келе жатқан шағын бизнес үшiн әзiрше беретiн қызмет көрсету кешенi жеткiлiксiз болып отыр. Өнеркәсiп саласында шағын кәсiпкерлiктi жандандыру, бизнес-инкубаторлар қызметiн одан әрi жетiлдiруге ықпал ететiн болады.
Аймақтың шағын кәсiпкерлiгiн дамыту жөнiндегi бағдарламалық мiндеттердi iске асыруда, құрылып отырған облыс кәсiпкерлерiнiң Кеңесiне айырықша орын берiледi, ол шағын бизнестiң барлық қоғамдық ұйымдарының және Маңғыстаудың iскер тобының мүдделерiн бiрiктiретiн болады.
5.3. Шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық
қамтамасыз ету және насихаттау
Шағын бизнестi ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсiпкерлiктiң идеялары кеңейтiлетiн және насихатталатын болады. Шағын кәсiпкерлiктiң дамуын ақпараттық қамтамасыз ету, оның өзiнде бизнестi дамыту проблемалары мен оларды шешудiң жолдарын, жеке кәсiпкерлiктiң сабақтарын, шетелдiк тәжiрибенi, мемлекеттiк сатып алу бойынша тендерлер, кәсiпкерлiк мәселелерi (құқықтық, экономикалық, технологиялық және басқалары) бойынша кеңес беру туралы ақпаратты жазып көрсету кiретiн болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту Орталығында жаңа бастаған кәсiпкерлердi оқыту жүргiзiлетiн болады, сондай-ақ кәсiпкерлер қауымдастығы мен кәсiпкерлердiң өздерiнiң қалалық және аудандық кездесу - семинарлары мен дөңгелек үстелдерi өткiзiлетiн болады. Кәсiпкерлiкпен айналысқысы келетiндерге ақпараттық түсiнiк көмегi көрсетiлiп, тiркеу, қаржыландыру және салық салу мәселелерi бойынша кеңестер берiледi.
5.4. Облыстың қалалары мен аудандарында
шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Қалалар мен аудандарда шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытуды iске асырудың негiзi шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың қалалық және аудандық бағдарламалары болуға тиiс.
Бағдарлама жұмыстың мынадай бағыттарын қамтиды:
одан әрi дамуы үшiн базасы бар шағын кәсiпорындардың өсу келешегi;
облыстық және аудандық деңгейде шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын нығайту жөнiндегi шаралар;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен айналысатын фермерлер мен басқа да құрылымдарды қолдау;
облыстық қалалары мен аудандарындағы жеке бизнес өкiлдерi тарту үшiн мемлекеттiк тапсырыстарды шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласына орналастыру;
мемлекеттiк билiк органдары мен кәсiпкерлiк арасындағы өзара iс-қимылды нығайту;
шағын бизнес субъектiлерiнiң несиелiк ресурстарға жету мүмкiндiгiн кеңейту;
облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi болып отырған жайттарды жою жөнiндегi кәсiпкерлердiң ұсыныстарын талдау және қорыту;
Қалалық және аудандық әкiмияттар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы ай сайын шағын бизнестiң даму мониторингiн және мәслихат қабылдаған "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының"»қалаларда (аудандарда) орындалуын, осы бағыттағы облыс қалалары (аудандары) әкiмдерi қызметiнiң рейтингтiк бағасын жүзеге асыратын болады.
6. Ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Маңғыстау облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Аймақтық бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетiлген мақсатқа жыл сайын көзделетiн жұмсалатын қаражат шегiнде, жергiлiктi бюджеттiк қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламада көзделген iс-шаралар жоспарын iске асыру үшiн жыл сайын облыстық бюджеттен 107,0 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламада белгiленген iс-шаралардың кезең - кезеңмен орындалуы көзделген, шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыс орындарының санын 2003 жылы 34750 адамға дейiн, 2004 жылы 35890 адамға дейiн, 2005 жылы 37125 адамға дейiн көбейтуге мүмкiндiк береді, яғни 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шағын кәсiпкерлiкте айналысатындардың үлесi халықтың экономикалық белсендi тобының 24,8% құрайтын болады. Бағдарламаның iске асырылу мерзiмi iшiнде, экономиканың осы секторы арқылы сатып өткiзiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемiн 26 млрд. теңгеге дейiн, бюджетке салық түсiрiлiмдерiн 13 млрд. теңгеге дейiн ұлғайту көзделiп отыр.
Бағдарламаның дәйектi түрде iске асуы шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жаңа серпiн беруге және оның одан әрi орнықты дамуын қамтамасыз ете алады.
8. "Маңғыстау облысында шағын кәсiпкерлiктi дамыту
мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық
бағдарламасын" iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
№ |
Атауы |
Орындау мерзiмi |
Орындалуына жауаптылар |
Қаржыландыру көздерi |
2003-
|
Аяқта нысаны |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
||||
1. Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк және инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту |
||||||||||
1) |
Басым бағыттағы тауар өндiру мен қызмет көрсету саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнес-жобаларын қайтарым негiзiнде
|
Жыл сайын |
Облыстық
|
Облыстық бюджет
|
100,0
|
ОШКҚБ ақпараты |
||||
2) |
Шағын кәсiпкерлiк-
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, екiншi деңгейдегi банктер |
Екiншi деңгейдегi банктердiң қаражаты, халықаралық қаржы инсти-
|
|
ОШКҚБ, екiншi деңгейдегi банктердiң
|
||||
3) |
Облыс әкiмиятының "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеу кезiнде кепiлдiктi қамтама-
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi Департаментқалалармен аудандардың әкiмдерi |
|
|
|
||||
4) |
"Шағын кәсiпкерлiктi
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, облыс әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия |
«Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының қаражаты |
|
|
||||
5) |
Шағын бизнес субъектiлерiнiң мемлекеттiк тапсырыстарды орындауға қатысуын қамтамасыз ету |
Ұдайы |
ЭӨСБ, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, ОШКҚБ |
|
|
ЭӨСБ, қалалар мен ау-
|
||||
6) |
Облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнес-жобаларын қаржыландыруға арнап бөлiнген несиелiк ресурстарын
|
Тоқсан сайын |
ОШКҚБ, қаржы басқармасы, екiншi деңгейдегi банктер |
|
|
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның тексеру кесiмi мен ақпараты |
||||
2. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту және жетiлдiру |
||||||||||
1) |
Облыстық "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту орталығының"
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, «"ШКДО" МКК |
Облыстық бюджет-тiң қаражаты, халықаралық қаржы институттарының гранттары |
|
ОШКҚБ, «Шағын кәсiп-
|
||||
2) |
Жаңа бастаған кәсiпкерлердi қолдау үшiн Жаңаөзен
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, Жаңаөзен қаласының әкiмi, Жаңаөзен бизнес-
|
Өзiн-өзi қаржыландыру, Жаңа-
|
|
Жаңа-
|
||||
3) |
Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен кездесулер мен "дөңгелек үстелдер" өткiзу |
Тоқсанына 1 рет |
ОШКҚБ, кәсiпкерлер қауымдасты-ғы |
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
4) |
Жеке тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткiзу |
Жылына 1 рет |
ОШКҚБ, қаржы басқармасы, қалалар мен
|
Облыс-
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
5) |
Облыс аудандары мен қалаларында қолөнер iсмерлiгiн қайта түлету жөнiнде жұмыстар жүргiзу |
Ұдайы |
ОШКҚБ, қалалар мен
|
|
|
қалалар мен аудан-
|
||||
6) |
Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның жұмысын жандандыру |
Тоқсан сайын |
ОШКҚБ |
|
|
ООШКҚБ ақпара-ты |
||||
7) |
Маңғыстау облысы кәсiпкерлерiнiң Форумын өткiзу |
Жылына
|
ОШКҚБ, кәсiпкерлер Кеңесi |
|
|
ОШКҚБ, кәсiпкерлер Кеңесi |
||||
8) |
Шағын бизнес субъектiлерiне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндiрiстiк мақсатқа пайдалануға бос тұрған орын-жайлар мен тоқтап тұрған жабдықтарды берудi қамтамасыз ету |
Тоқсан сайын |
КМБЖД, ММБЖАК |
|
|
КМБЖД, ММБЖАК |
||||
3. Шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау |
||||||||||
1) |
"Республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ - мен бiрлесiп кәсiпкерлердi менеджмент пен маркетинг негiздерiн оқытуды жүргiзу |
Ұдайы |
ОШКҚБ, "ШКДО"МКК, "РАКО" ЖАҚ |
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
2) |
Кәсiпкерлiкпен айналыс-
|
|
ОШКҚБ,
|
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
3) |
Облыста "Кәсiпкер күнiн" өткiзу |
Жылына бiр рет |
ОШКҚБ, қаржы бас-
|
Облыстық бюджеттiң қаражаты және басқа да көздер |
|
қалалармен ау-
|
||||
4) |
Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында шағын кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша тұрақты айдарлар жүргiзу |
Ұдайы |
ОШКҚБ, облыстық және аудандық газеттер, облыстық телерадиокомпания, қалалар мен аудан-
|
|
|
Бұқара-лық ақпарат құралдарының айдарлары |
||||
5) |
Бақылаушы органдармен бiрлесiп, жеке кәсiпкердiң iстерiне араласпау жөнiнде және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ҚР қолданыстағы заңнамасын
|
тоқсанына 1 рет |
СК (к.с.),
|
|
|
СК, КБ, ҚПБ,
|
||||
6) |
Халықтың қалың тобы пайдалануы үшiн шағын кәсiпкерлiк бойынша әдебиет қоры мен басқа да көздерiн жасау |
Ұдайы |
ОШКҚБ, "РАКО"ЖАҚ, "ШКДО" МКК |
|
|
ОШКҚБ, "РАКО"» ЖАҚ |
||||
7) |
Облыстың Веб-сайт беттерiне облыста шағын кәсiпкерлiктiң дамуы жөнiнде ақпараттар орналастыру |
Ұдайы |
ОШКҚБ, "РАКО"ЖАҚ, "ШКДО"МКК, кәсiпкерлер Кеңесi, СБ (к.б.) |
|
|
ОШКҚБ, СБ |
||||
8) |
Шағын бизнес кәсiпорын-
|
Жылынабiр рет |
ОШКҚБ, СБ (к.б.) |
|
|
СБ ақпараты |
||||
9) |
Жаңадан құрылған шағын кәсiпкерлiк субъектiле-
|
Жарты
|
ОШКҚБ, СК |
|
|
СК ақпараты |
||||
10 |
Шағын бизнес мәселелерi
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, "РАКО"ЖАҚ«"ШКДО" МКК |
|
|
ОШКҚБ, "РАКО" ЖАҚ ақпараты |
||||
4. Облыстық қалалары мен аудандарында шағын кәсiпкерлiктi дамыту |
||||||||||
1) |
Облыстық қалалары мен аудандарында мейлiнше маңызды жобалар бойынша деректер банкiн толықтыру жөнiнде жұмыс жүргiзу |
Ұдайы |
ОШКҚБ, қалалар мен аудан-
|
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
2) |
Облыстық қалалары мен аудандарында шағын кәсiпкерлiктiң
|
Ай сайын |
ОШКҚБ, қалалар мен аудан-
|
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
3) |
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi қалалар мен аудандар әкiмдерi қызметiнiң рейтингiсiн өткiзу |
Тоқсан сайын |
ОШКҚБ |
|
|
ОШКҚБ ақпара-ты |
||||
4) |
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өндiретiн өнiмдерi-
|
Ұдайы |
ОШКҚБ, "РАКО"ЖАҚ, "ШКДО"МКК, қалалар мен аудан-
|
|
|
қалалармен ау-
|
||||
5) |
Облыстың қалалары мен аудандарында "Шағын кәсiпкерлiктi
|
Тоқсан сайын |
қалалар мен аудан-
|
|
|
қалалар мен аудандардың әкiмдерiнің ақпара-ты |
Пайдаланылған қысқартылған сөздер тізімі:
МКК - Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын
ЖАҚ - Жабық акционерлiк қоғам
ОШКҚБ - Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы
КМБЖД - Коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi Департамент
ЭӨСБ - Экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы
ММБЖАК - Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитет
"РАКО" ЖАҚ - "Республикалық ақпараттық-көрме орталығы" Жабық акционерлiк қоғам
"ШКДО" МКК- "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту орталығы" Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын
СК - Салық комитет
к.б. - келiсiм бойынша
КБ - Кеден басқармасы
ҚПБ - Қаржы полициясы басқармасы
ӘБ - Әдiлет басқармасы
СБ - Статистика басқармасы
ЖРБЖК - Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет
СҚТҮКЖШД - сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы Департаментi