Маңғыстау облысының 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық демографиялық даму бағдарламасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 12 қыркүйектегі N№28/309 шешімі. Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 22 қыркүйекте N 1518 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Маңғыстау облысында 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық демографиялық даму бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                       Облыстық
                                            мәслихаттың хатшысы

Маңғыстау облыстық мәслихатының
"Маңғыстау облысының 2003-2005 жылдарға
арналған демографиялық даму бағдарламасы туралы"
2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 28/309
шешiмiмен бекiтiлген

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Маңғыстау облысының 2003-2005 жылдарға арналған демографиялық даму Аймақтық бағдарламасы»

Әзiрлеу үшiн негiз

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң«"Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 30 Қазандағы N№1380 Қаулысы

Негiзгi әзiрлеушi

Маңғыстау облысы бойынша күшi-қон және демография басқармасы

Бағдарламаныңнегiзгi мақсаты

Маңғыстау облысының демографиялық процестерiндегi келеңсiз үрдiстердi еңсеру үшiн кешендi шешiмдердi iске асыру және осы негiзде халық санының өсуiне қол жеткiзу

Бағдарламаныңнегiзгi мiндеттерi

Тууды тұрақтандыру және өсiру; өлiмдi азайту,  халықтың денсаулық жағдайын жақсарту; отбасы институтын нығайту; халықтың өмiр сүру жағдайын жақсарту

Қаржыландыру көздерi

Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын әлеуметтiк салаға арнап көзделетiн бюджет қаржысы есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылатын болады

Күтiлетiн нәтижелер

Табиғи өсiм және халықтың денсаулығын нығайту арқылы халық санының өсiмiн ұлғайту және тұрақтандыру барлық жас топтары арасында аурулар деңгейiн төмендету.
2003-2005 жылдары халық санының тұрақты өсуiнiң алғышарттары жасалды

Iске асыру мерзiмi

2003-2005 жылдары

КIРIСПЕ

      Маңғыстау облысының демографиялық даму Аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қазандағы N№1380 "Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысына  сәйкес әзiрлендi.
      Маңғыстау облысы демографиялық дамуының Аймақтық бағдарламасын әзiрлеу халықтың сандық та, сапалық та дамуына жағдай жасау үшiн, тұтас алғанда, мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының және қоғамның нысаналы, дәйектi қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi бiрыңғай стратегия әзiрлеу қажеттiгiнен туып отыр.
      Осынау проблеманың өзектiлiгi, ең алдымен оның экономикалық және әлеуметтiк-саяси қауiпсiздiкке ықпал ететiн факторлардың бiрi болып табылатындығына байланысты болып отыр. Онда мемлекеттiң, қоғамның және адамның өмiрлiк маңызды мүдделерi астасып жатыр. "Қазақстан-2030" Стратегиясында  күштi демографиялық саясат, елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң жетекшi басымдық дәрежеге шығарылған.
      Ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 4 сәуiрдегi Қазақстан халқына Жолдауында  елiмiз халқының санын ұлғайту мiндетi қойылған.
      Маңғыстау облысының демографиялық даму Аймақтық бағдарламасы облыс халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негiзгi үдерiстердi: халықтың өсiп-өнетiн денсаулық жағдайын жақсарту және тууды ынталандыру, өлiмiн азайту, және көшi-қонды реттеу жөнiнде шаралар алу жолымен тууды, өлiмдi және көшi-қонды реттеуге бағытталған.
      Осы бағдарламаны дайындауда негiз болған көздер:
      Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттер;
      Маңғыстау облысында 2003 жылдың ортасына шейiн қалыптасқан демографиялық және  көшi-қон үдерiстерi;
      Маңғыстау облысы экономикасының әртүрлi секторларының жай-күйi мен дамуы;
      орта мерзiмдiк келешектегi Маңғыстау облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағдарламалары мен жоспарлары.

1. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗIРГI ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ

      Облыстың соңғы жылдардағы демографиялық ахуалы туудың көбею, көшiп-келушiлер санының өсуi нәтижесiнде қолайлы деп бағаланады.
      Егер 1999 жылғы халық санағы нәтижесiнде Маңғыстау облысында халық саны 314669 адам болса, соның iшiнде қалалық жерде - 246848 адам /78,4%/, ауылдық жерде - 67821 адам /21,6%/, Маңғыстау облысының статистика басқармасының мәлiметi бойынша 2003 жылғы 1 маусымға облыс халқының саны 342,8 мың адам болды, соның iшiнде 264,1 мың адам /77,0%/ - қала және 78,7 мың адам /23,0%/ - ауыл тұрғындары.
      Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыры аралығында облыс бойынша туылғандар саны 3134 (2002 жылы - 2987), өлгендер саны 1119 (2002 жылы - 1067), некеге тұрғандар саны 1091 (2002 жылы - 1015), ажырасулар саны 366 (2002 жылы - 327) адам құрады.
      Ағымдағы жыл басынан берi облыста 1 жасқа дейiнгi 68 нәрестенiң шетiнегенi тiркелдi (2002 жылы - 71). Облыс бойынша нәресте өлiмiнiң коэффициентi 1000 тiрi нәрестеге шаққанда 21,74  сәби құрады (2002 жылы - 24,94).
      1 жасқа дейiнгi нәресте өлiмiнiң себебiнде басты салмақ үлесi (29,4%) тыныс алу мүшелерiнiң ауруларына, туабiттi ауытқулар және перинаталды кезеңде пайда болатын патологиялық жағдайларға келiп отыр. Өлiмнiң жалпы коэффициентi 2003 жылдың 1 маусымына 1000 адамға 7,91 адам құрады. Халық өлiмi арасында негiзгi себептiң басты салмағы (44,2%) қан айналымы жүйесiндегi аурулар алып отыр.
      Егер ағымдағы жылдан бастап облыс бойынша көшiп кетушiлер саны 272  адамды құраса, онда көшiп келушiлер саны 2390  адам құрап, нәтижесiнде көшi-қон сальдосы, 2118  адам құрады.
      2003 жылдың қаңтар-мамырында халықтың табиғи өсiмi 2016 адамды құрады, бұл 2002 жылдың тиiстi кезеңiнен 96 адамға көп.
      Көшi-қон үдерiстерiн реттеу демографиялық саясатта маңызды аспектiлер болып табылады. Маңғыстау облысының экономикалық және геосаяси жағдайындағы сыртқы көшi-қонды құрайтын көшiп келушiлiк құрайды. Тек қана 2003 жылдың 5 айында облысқа келушiлер саны 2390 адамды құрады. 
      Облыстың демографиялық жағдайына жергiлiктi ұлт өкiлдерi ағынының ұлғаюы оңды ықпал етуде. 2003 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша Маңғыстау облысы бойынша көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасында облысқа 1991 жылдан берi қоныс аударған 43890  оралман ресми тiркелген.
      Егер 2002 жылы облысқа 7236 адам қоныс аударса, онда ағымдағы жылдың 7 айында қоныс аударғандар саны 3546 адам құрады, соның iшiнде: 

     

Қай елден келгенi

Адам саны

01.01.2002 жылдан
01.01.2003 дейiн

01.01.2003 жылдан 01.08.2003 дейiн

Түркменстан

3522

1620

Өзбекстан

3613

1859

Р е с ей

87

62

Қ ырғызстан

2

0

Украина

3

4

Иран

9

1

Барлығы :

7236

3546

      1999 жылғы халық санағы бойынша соңғы он жылда облысымыздың ұлттық-этникалық құрамында елеулi өзгерiстер болды, қазақ тұрғындары 82500 адамға көбейдi /50%/, тұрғындардың жалпы санындағы үлес салмағы 50,9-дан 78,7 пайызға өстi. Орыстар 60200 адамға /56,3%/, украиндықтар - 6100 адамға /59,4%/, өзбектер - 500 адамға /58%/, немiстер - 600 адамға /51,2%/, татарлар - 2700 адамға /52,1%/, белорустар - 1100 адамға /63,9%/ азайды.

2. ОБЛЫСТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      Қалыптасып отырған жағдайға байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы  демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетiлген негiзгi мақсаты - облыс халқы санын, сапалық өсiру болып табылады.
      Бағдарламаның мақсаты - Маңғыстау облысының демографиялық үдерiстегi келеңсiз беталысын еңсеру үшiн кешендi шешiмдердi iске асыру және осының негiзiнде халық санының өсуiне қол жеткiзу, облыстың әлеуметтiк экономикалық одан әрi дамуы үшiн адам әлеуетiмен қамтамасыз ету болып табылады.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      ұрпақтар алмасуын қамтамасыз етiп, болашақта демографиялық өсiмге қол жеткiзу үшiн байқалып отырған бала туудың өсу беталысын сақтау;
      халық денсаулығын сақтау;
      облыс халқының өлу көрсеткiшiн одан әрi азайту, өмiрөұзақтығын арттыру;
      көшi-қон үдерiстерiн  реттеу;
      неке-отбасы қатынастары мен оның жалпы әлемдiк беталысына сәйкес үйлесiмдi дамуын нығайту және дамыту;
      облыс халқы өмiрiнiң сапалық деңгейiн арттыру және дамыту.

3. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

3.1. Тууды өсiру

      Маңғыстау облысында тууды өсiрудiң негiзгi бағыттары :   
      бала мен отбасы институты құндылықтарын насихаттау;
      жүктi, босанатын, босанған әйелдер мен  жаңа туған нәрестелердi қажеттi дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету;
      жүктi әйелдердi жатыр iшiндегi инфекциясына, шарананың өсiп жетiлуiндегi туабiттi ауытқуларына, жыныс жолымен берiлетiн инфекциясына бақылауды қамтамасыз ету.

3.2. Өлiмдi азайту

      Маңғыстау облысында өлiмдi азайтудың негiзгi бағыттары:
      Маңғыстау облысының 2003-2005 жылдарға арналған өкпе ауруымен күрестi күшейту» Аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру;
      облыстың мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн йодпен байытылған азық-түлiктердегi йод құрамын анықтау үшiн арналған жедел жинақтармен және реактивтермен жабдықтауды ұйымдастырумен қамтамасыз ету;
      сәбилердiң шетiнеуiн азайту мақсатында кiшкене балалардың тыныс алу ауруына, өкпе қабынуына және iш ауруына шалдығуына қарсы күрес жөнiндегi Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы бағдарламасын енгiзу;
      алғашқы медициналық санитарлық жәрдем ұйымдарында әсiресе ауылдық жерлерде телефон және көлiк байланысын жақсарту;
      мектеп оқушылары мен жас өспiрiмдердiң жол-көлiк апаттарынан жарақаттануын азайту мақсатында iс-шаралар әзiрлеу;
      барлық өндiрiстiк кәсiпорындарда қауiпсiздiк техникасы қызметтерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету арқылы жазатайым оқиғадан, өндiрiсте жарақат алудан халықтың өлiмiн азайту;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың салауатты өмiр салтын насихаттаудың пәрмендiлiгiн арттыру жолымен нашақорлықтың және маскүнемдiктiң таралуына қарсы күресу;
      қоршаған ортаның гигиенасы жөнiнде өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеу;
      Каспий теңiзi жағалауы бойынша ластану көздерiн жою жөнiнде жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
      "2003-2005 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту" кешендi бағдарламасын iске асыру;
      аналары ауыратын 1 жасқа дейiнгi балаларды тегiн тамақтандырумен қамтамасыз ету.

3.3. Неке-отбасы қатынастары

      Неке-отбасы қатынастарын дамытуда негiзгi перспективасы дәстүрлi отбасын нығайту болып табылады.
      Неке-отбасы қатынастарын дамыту саласының басымдық бағыттары, орташа - 2003-2005 жж., сонымен қатар ұзақ мерзiмдi келешекте мыналар болып табылады:
      зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшiн баспана құру;
      бұқаралық ақпарат құралдарында үлгiлi отбасы, этно-мәдени дәстүрлер мен нормаларды қайта жаңғырту, отбасының адамгершiлiк негiздерiн күшейту жөнiнде жұмыс жүргiзу;
      АХАЖ қызметiнде некеге тұру, отбасылық өмiрге және отбасылық жоспарлауға дайындау жөнiнде лекциялар өткiзудi жаңғырту.

3.4. Көшi-қон

      Маңғыстау облысында болып жатқан көшi-қон үдерiстерiне қатысты демографиялық даму бағдарламасының негiзгi бағыттары келесi шаралар болып табылады:
      көшi-қон квотасына сәйкес көшiп келген оралмандардың жанұяларын қабылдау мен орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
      белгiленген квотаға сәйкес 1992-1998 жылдар аралығында қоныс аударған 650 оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      Маңғыстау облысына квотадан тыс көшiп келген оралмандар жанұяларына мүмкiндiгiнше көмек көрсету;
      оралмандарды азаматтыққа қабылдау жөнiндегi материалдарды ресiмдеу үдерiсiнiң көлемiн ұлғайту және жеделдету жөнiнде шаралар қабылдау;
      оралмандарға арналған бейiмделу және iрiктелу орталығын құру;
      2003-2005 жылдарға арналған кедейшiлiктi төмендету және жұмыспен қамту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаның шеңберiнде қарастырылған, оралмандарды әлеуметтiк қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған, бағдарламалық көрсеткiштердi орындауға қол жеткiзу: кәсiптiк дайындықты ұйымдастыру; бiлiктiлiктi жоғарлату және қайта дайындау, өз iсiн ұйымдастыру үшiн оралмандарға басымдық негiзi шағын несиелердiң бөлiнуiн ескеру;
      жер учаскелерiн сатып алуға қаржы бөлу және шаруашылықтарын ұйымдастыруға ұзақ мерзiмге несиелермен қамтамасыз етумен оралмандарды қалалардан ауылдық елдi мекендерге көшiру тетiктерiн әзiрлеу;
      оралмандарға еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Республикалық деректер базасынан жұмысшы күшiне сұраныс туралы ақпараттар беру;
      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметтерiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк еңбек күшiн тартуға мекемелерге ұлықсат беруге бақылауды күшейту.   

3.5. Маңғыстау облысы халқының сапалық өсуi және оның экономикалық өсуi

      Маңғыстау облысы дамуының маңызды басым бағыты облыс халқының экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатындағы сапалық өсуi болып табылады.
      Осы бағытта орта мерзiмдi 2003-2005 жылдардағы перспективадағы негiзгi iс-шаралары мыналар болып табылады:
      жекеменшiк секторды дамыту есебiнен мектепке дейiнгi мекемелерi желiсiн дамыту және 5/6/ жастағы балаларды мектепке дейiнгi дайындықпен толық қамту;
      жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң, кәсiптiк-техникалық лицейлердiң, колледждердiң желiсiн ұлғайту;
      жаңа ақпараттық технологияларды Қолдана отырып бiлiм беру және басқару қызметiн автоматтандыру салаларында бiрыңғай ақпараттық кеңестiк құру.
      Тұтастай орта мерзiмдегi перспективада 2005 жылға дейiн жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, орта бiлiм беру ошақтарының, кәсiптiк-техникалық училищелер оқушыларының жинақталған құрамын көбейту. Облыстың бала-бақшаларында орын санын көбейту.
      Мәдениет саласында осы кезеңде әрекет үстiндегi мұражайлардың, филармонияның, мәдениет сарайларының, клубтар мен кiтапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
      Дене шынықтыру мен спорт саласында iс-шаралар Маңғыстау облысының 2005 жылдың аяғына дейiнгi дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасымен ұштастыралатын болады.
      Маңғыстау облысының демографиялық дамуы бағдарламасының маңызды бағыттарының бiрi оны Маңғыстау облысының экономикалық дамуымен, жаңа жұмыс орындарын құрумен, кедейшiлiкке қарсы күреспен ұштастыру болып табылады.
      Облыстың кедейшiлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрестiң бағдарламасына сәйкес жұмыс жасап тұрған кәсiпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылатын, жұмыссыздардың бiр бөлiгi қоғамдық жұмыстарға, кәсiптiк бiлiм беру курстарына тартылатын болады.

4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУҒА ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР МЕН ҚАРЖЫ КӨЗДЕРI

      Маңғыстау облысының демографиялық дамуы бағдарламасын iске асыруда негiзгi қаржы көздерi мыналар болып табылады:
      жергiлiктi бюджеттiң қаражаты;
      республикалыҚ бюджеттiң қаражаты;
      әртүрлi арнайы қорлардың қаражаты;
      инвесторлардың, кәсiпорындар мен облыс тұрғындарының қайырымдылық аударылымдары;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi.
      Бағдарламаны iске асыру кезiнде теледидарда, радиода, баспасөзде идеологиялық жұмыстар кеңiнен жүргiзiледi. Облыстың қала көшелерiнде, саябақтар мен алаңдарда, табиғат аясында т.б. салауатты өмiр салтын, дәстүрлi отбасын насихаттайтын жарнамалар орын алады.

5. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIГI

      Аймақтық бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-демографиялық саясат мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көздейдi Алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамыту, жастардың тұрғын үй саясаты, өмiр сүру қауiпсiздiгiн және салауатты өмiр салтын қалыптастыру жағдайын, таза тағам мен ауызсуды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шешiмдер қабылдануға тиiс. Халықтың өсiп-өну мәселелерi бойынша медициналық қызмет үлесiн ұлғайту жағына қарай медициналық көмектi қайта құрылымдау ұйымдастыру сипатындағы шаралар қабылданатын болады. 
      Бағдарламаны iске асыру үшiн iс-шаралар жоспары әзiрлендi, ол көзделген iс-шараларды кезең-кезеңiмен орындауды көздейдi, бұл - мемлекеттiк органдардың бағдарламаны орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiруге және бақылауға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыруӨдерiсiн оралымды  басқаруды Маңғыстау облысы бойынша көшi-қон және демография басқармасы қамтамасыз етедi.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ

      Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде облыс халқының саны 2005 жылы 362,4 мың адамға жетедi деп күтiледi.
      Осы Бағдарламаны iске асыру халықтың өлiмiн азайтып соның нәтижесiнде табиғи өсімнiң өсуiне ықпал етедi. Халық денсаулығының сапалық нығаюы, барлық жастағы топтардың арасында ауруға шалдығу деңгейi төмендейдi деп күтiледi.
      Бiлiм деңгейiн жоғарлату, бiлiктi кадрлар даярлау халық өмiрiнiң сапалық деңгейiне әсер етедi және өңiрiмiздiң экономикалық өсуiне ықпал етедi.     

7. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындау- шылар

Мерзiмi

Қаржыландыру көлемi және көздерi

Тууды ұлғайту

1.

Балалар мен отбасы институтының құн- дылығын насихаттау (жарнамалық проспектiлер, бүктемелер, жарқағаздар, т.б. жасақтау)

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ООжӘІЖК, ОДБ, ОКДБ (келiсiм бойынша)

Тұрақты

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

2.

Жүктi, босанатын және босанған әйел-
дер мен жаңа туыл-
ғандарды қажеттi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОДБ

Тұрақты

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

3.

Жүктi әйелдердi жа-
тыр iшiндегi инфек-
цияларға, шарана-
ның өсiп-жетi-
луiндегi ауытқуы-
на, жыныстық
жолмен берiлетiн инфекцияларға тексерiлуiн қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОДБ

Тұрақты

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

Өлiмдi азайту

4.

Облыстық мемлекет-
тiк санитарлық- эпидемиологиялық қызметiн йодпен байытылған азық-
түлiктердегi йод құрамын анықтауға арналған жедел жинақтармен және реактивтермен жабдықтауды ұйымдастыру

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

ОДБ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

5.

Маңғыстау облысында
2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрестi күшейту"» Аймақтық бағдарла-
масын әзiрлеу және iске асыру

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

ОДБ

2004-
2006 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

6.

2004-2005 жылдарға арналған "Диабет" Аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

ОДБ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

7.

Сәбилер шетiнеуiн азайту үшiн сәбилердiң тыныс жолы ауруларына, өкпе қабынуына және iш ауруларына шалдығуымен күрес жөнiндегi Дүние-
жүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы бағ-
дарламасын енгiзу

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОДБ

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

8.

Ауру аналары бар 1 жасқа дейiнгi балаларды тегiн тамақпен қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

9.

Алғашқы медициналық
-санитарлық жәрдем ұйымдарының,әсiресе
ауылдық жерлерде, телефон және көлiк байланысын жақсарту

әкiмдер шешiмi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОДБ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

10

Жазатайым оқиғадан,
өндiрiсте жарақат алудан тұрғындардың
өлiмiн азайтуға қол жеткiзу, барлық
өндiрiстiк кәсiп-
орындарда қауiп-
сiздiк техникасы қызметтерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

ЕжХӘҚМД (келiсiм бойынша)

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

11

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмiр салтын насихаттау жолымен нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрестi күшейту

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, АжҚКБ (келiсiм бойынша) ОДБ

Тұрақты

Қаржыландыруды қажет етпейдi

12

Каспий теңiзi жағалауының ластандыру көздерiн жою жөнiнде жобалар әзiрлеу және оны iске асыру

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОҚОҚБ (келiсiм бойынша) ОТЖБ (келiсiм бойынша) ОТБ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

13

Қоршаған ортаның гигиенасы туралы Аймақтық бағдарламаны әзiрлеу

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

ОҚОҚБ (келiсiм бойынша), ОТБ, ОДБ, ОТЖБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

14

"2003-2005 жылдарда
дене шынықтыру мен спортты дамыту" бағдарламасын әзiрлеу 20.06.2001ж
N 12/100

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОСжДМБ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

15

Жетiм балаларды, мүгедек балаларды, көп балалы отбасы-
нан шыққан балалар-
ды, толық емес жанұядан шыққан балалардың демалы-
сын қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОДБ,ОББ

Тұрақты

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

Неке-отбасы қатынастары

16

Үлгiлi отбасы, этно-мәдени дәстүрлер мен нормаларды қайта жаңғырту, отбасының
адамгершiлiк негiздерiн күшейту жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргiзу

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОКДБ (келiсiм бойынша) АжҚКБ (келiсiм бойынша)

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

17

АХАЖ қызметiнде некеге тұру,отбасын
өмiрге және отбасы-
лық жоспарлауға дайындау жөнiнде лекциялар өткiзудi жаңғырту

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОӘБ (келiсiм бойынша) ОББ, ОДБ

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

18

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшiн баспана құру

Әкiмдер шешiмi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ООжӘІЖК

2003-
2005 жылдары

Республика- лық бюджет

Көшi-қон

19

Көшi-қон квотасына сәйкес көшiп келген
оралмандардың жанұяларын қабылдау
мен орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру

Облыс әкiмi мен әкiмият актiлерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Республика- лық бюджет

20

1992-1998 жылдар аралығында белгiленген квотаға сәйкес
қоныс аударған 650 оралманның жанұясын
тұрғын үймен қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Республика- лық бюджет

21

Маңғыстау облысына квотадан тыс көшiп келген оралмандар жанұяларына мүмкiндiгiнше көмек көрсету

Әкiмдер шешiмдерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Жергiлiктi бюджет
2003 ж. - 11000000 т.
2004-2005жж.Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

22

Оралмандарды азаматтыққа қабылдау жөнiндегi материалдарды ресiмдеу үдерiсiнiң көлемiн
ұлғайту және жеделдету жөнiнде шаралар қабылдау

Облыс әкiмиятына ақпарат

IIБ

Жыл сайын

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

23

Оралмандарға арналған бейiмделу және iрiктелу орталығын құру

Облыс әкiмияты, әкiм актiлерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Республика- лық бюджет

24

2003-2005 жылдарға арналған кедейшi-
ліктi төмендету және жұмыспен қамту жөнiндегi Аймақтық бағдарламаның шеңберiнде қарасты-
рылған, оралмандарды
әлеуметтiк қорғауға
және қамтамасыз етуге бағытталған,  бағдарламалық көр-
сеткiштердi орын-
дауға қол жеткiзу: -кәсiптiк дайындық-
ты ұйымдастыру,
-бiлiктiлiктi жоғарлату және қайта даярлау;
-өз iсiн ұйымдасты-
ру үшiн оралмандар-
ға басымдық негiзi-
де шағын  несие-
лердiң бөлiнуiн көздеу

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОЕжХӘҚБ, ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

25

Оралмандарға еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Республикалық деректер базасынан жұмысшы күшiне сұраныс туралы ақпараттар беру

Облыс әкiмиятына ақпарат

ОЕжХӘҚБ

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

26

ҚР аумағында еңбек қызметтерiн жүзеге асыру үшiн шетел-
дiк еңбек күшiн тартуға ұлықсат берген мекемелерге бақылауды күшейту 

Облыс әкiмиятына ақпарат

ЕжХӘҚМД (келiсiм бойынша)

Тұрақты

Қаржыланды- руды қажет етпейдi

27

Жер учаскелерiн сатып алуға қаржы бөлу және шаруашы-
лықтарын ұйымдасты-
руға ұзақ мерзiмге несиелермен қамта-
масыз ету арқылы оралмандарды қалалардан ауылдық елдi мекендерге көшiру тетiктерiн дайындау

Облыс әкiмияты, әкiмi актiлерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОКДБ (келiсiм бойынша)

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

Маңғыстау облысы халқының сапалық өсуi мен оның экономикалық өсуi

28

Iлкiде жалға берiл-
ген  мектепке дейiн
гi балалар ұйымда-
рының ғимараттарын қайтару арқылы мектепке дейiнгi балаларөұйымдарының желiлерiн кеңейту және мектепке дейi-
нгi балалар ұйымы мекемелерi негiзiн-
де балаларды мектепке дейiнгi дайындық пен толық қамтылуын қамтамасыз ету   

Қалалар мен аудандар әкiмдерi- нiң шешiмдерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОББ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
бөлуге қара-
стырылған бюджеттiк қаражат

29

Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң санын, бiрiншi кезекте ауылдық жерлерде, барлық түрдегi интернаттық
мекемелердiң санын ҚРҮ белгiлеген желiнiң кепiлдiк нормативiне жеткiзу
соның iшiнде:
1. Маңғыстау ауда-
нындағы Ұштаған және Сай-Өтес село-
ларында мектептер салу;
2. Жаңаөзен қала-
сында мектеп салу;
3. Ақтау қаласының 22 ш/а мектеп салу;
4. Маңғыстау ауда-
нының Тиген  село-
сында мектеп салу

Қалалар мен аудандар әкiмдерi шешiмдерi

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОББ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
бөлуге қара-
стырылған бюджеттiк қаражат

 
Республика- лық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Тiкелей ин-
вестициялар
Жергiлiктi бюджет

30

Облыстық кәсiпорын-
дар мен мекемелердi
орта бiлiмдi кадр-
лармен мейлiнше қамтамасыз ету мақсатымен кәсiптiк
техникалық мектеп-
терге, кәсiптiк техникалық лицей-
лерге және колледж-
дерге оқушыларды қабылдауды ұлғайту

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОББ

2003-
2005 жылдары

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат шегiнде

31

Жұмыс жасап тұрған кәсiпорындарда жұмыс орнының санын
ұлғайту және қосым-
ша жұмыс орындарын құру

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОЕжХӘҚБ

Тұрақты

Жергiлiктi бюджет

32

Жалпы бiлiм беру мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Облыс әкiмиятына ақпарат

Қалалар мен аудан-
дардың әкiмдерi, ОББ

Тұрақты

Жергiлiктi бюджет

33

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының
туристiк экскурсия-
лық мүмкiндiктерi-
нiң жарнамалық турларын өткiзу

Облыс әкiмиятына ақпарат

Ақтау қаласының әкiмияты, ОСжДМБ

Жыл сайын

Тиiстi жылға
 бөлуге  қа-
растырылған бюджеттiк қаражат

      Пайдаланылған қысқартылған сөздер тізімі:

ОББ     - Облыстық бiлiм басқармасы
ООжӘІЖК - облыстық отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия
ОКДБ    - Маңғыстау облысы бойынша көшi-қон және демография басқармасы
ЕжХӘҚМД - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi
АжһКБ   - Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы
ОҚОҚБ   - Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
ОТБ     - Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалану басқармасы
ОТЖБ    - Маңғыстау облыстық төтенше жағдай жөнiндегi басқармасы
IIБ     - Маңғыстау облыстық iшкi iстер басқармасы
ОББ     - Маңғыстау облыстық бiлiм басқармасы
ОӘБ     - Маңғыстау облысы бойынша әдiлет басқармасы
ОЕжХӘҚБ - Облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы
ОСжДМБ   -облыстық спорт және дене мәдениетi басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады