Иттерді, мысықтарды және жыртқыш хайуандарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2003 жылғы 18 шілдедегі № 174 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 4 тамызда № 2405 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 210 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 05.11.2009 № 210 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi № 339 "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 311 бабының3 бабының 2 тармағына сәйкес және әзiрленген ереженi ескере отырып Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Иттердi, мысықтарды және жыртқыш хайуандарды күтiп-ұстау Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).

      Он бесiншi сессия
      төрағасы

      Аудандық мәслихатты
      хатшысы

Қарабалық аудандық         
мәслихаты екiншi шақырылған
он бесiншi сессиясының     
2003 жылғы 18 шiлдедегi    
№ 174 шешiмiмен бекiтiлдi  

Иттер, мысықтар және жыртқыш хайуандарды күтiп-ұстау
ЕРЕЖЕСI

      1. Елдi мекендерде иттердi тек қана оқшаулау аумақтарда (жақсы қоршалған аулада немесе торлы қорада) немесе байлап ұстау.
      2. Жалпы пайдалану орындарында асхана, коридор, басқыш алаңы, төбеде, жер қабатында итпен мысықтарды коммуналдық пәтерлерде тұратындар ұстамайды және пәтерлерде жануарларды ұстауында бекiтiлген Ереженi сақтау.
      3. Иттердi оқшау тұрған үйлерден және аумақтардан жалпы аулаға немесе далаға қысқа немесе томағамен шығару. Томағасыз иттердi тек қана қора-қора мал мен табын жанында ұстау, айтақтау кезiнде, аңшылықта, оқу жаттықтыру алаңдарында, арнайы ұйымдармен шапша орындағанда рұқсат етiледi.
      4. Иттер (мысықтар) өлуi және аурулары туралы ветеринарлық мекемелерге тез хабарлансын. Ал адамдарды немесе малдарды ит (мысық) тiстеген жағдайда медициналық-ветеринарлық мекемелерге хабарлансын.
      5. Ветеринарлық қызметiнiң нұсқауы бойынша иттердi (мысықтарды) құтыруға қарсы және емдеудiң алдын-алу өңдеуiн егу және тексеру үшiн ұсыну.
      6. Иттердi сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау республикамыздың басқа облыстарына барлық көлiк түрлерiмен ветеринарлық куәлiк көп дегенде он екi ай құтыруға қарсы вакцинация өткiзiлгенi туралы белгi бар болғанда рұқсат етiледi (және шығарарда кем дегенде отыз күн).
      7. Иттердi олардың тұқымына қарамастан және көшеде, нарықта, бақшаларда, бульварда, қала көлiгiнде және басқа қоғам орындарында иесiз, сондай-ақ үйсiз мысықтар қаңғыма болып саналады және ұстап алуға жатады.
      8. Иттердiң иелерi оларды байлап күтiп-ұстауы мiндеттi және қақпада "Абайла, ит" деген мiндеттi түрде тақпаша болуы керек. Иттердi серуендеуге шыққанда үй жануарлары мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi қажет.
      9. Адамдар мен малдарды тiстеп алған иттер (мысықтар) және басқа жануарлар иелерiне немесе он күн iшiнде карантинмен тексеру үшiн ветеринарлық мекемелерге қаңғыма иттер мен мысықтарды ұстап алу бойынша арнайы бригадаға тез жеткiзiледi. Адамдарды екiншi рет тiстеп алған иттер (мысықтар) күтiп-ұстау Ережесiн сақтамау салдарынан алып қойылады.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 311 бабына сәйкес азаматтарға немесе лауазымды тұлғаларға осы Ереженi бұзғаны үшiн ескерту немесе айыппұл салуға әкелiп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады