Миссионерлiк қызметтi жүзеге асырушы шетел азаматтарын есептiк тiркеуге алуды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімиятының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 183/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 11 қыркүйекте N 2027 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы N 64/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.03.2014 N 64/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi туралы" N 136 қаулысын орындау мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыс аумағында миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын (қосымша), дiни-ағарту құралдары арқылы уағыз айту және дiни iлiмдi тарату құқығын беретiн шетел азаматын есептiк тiркеу куәлiгiнiң нысаны бекiтiлсiн.
      2. Облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабекова миссионерлiк қызметтi жүзеге асырушы шетел азаматтарын есептiк тiркеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң  
2003 жылғы 3 қыркүйектегі
"Миссионерлiк қызметтi
жүзеге асырушы шетел 
азаматтарын есептiк тiркеуге
алуды ұйымдастыру туралы"
№ N 183/8 қаулысына қосымша

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМДIГI

МИССИОНЕРЛIК ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ
ШЕТЕЛ АЗАМАТЫН ЕСЕПТIК ТIРКЕУ ТУРАЛЫ

К У Ә Л I К

      Тiркеу N _______

      Павлодар қаласы                 2003 жылғы "____"___________

      Тегi, аты - жөнi:___________________________________________

      Төлқұжаты:__________________________________________________

      Азаматтығы:_________________________________________________

      ұстанатын дiнi______________________________________________

      __________________________________________дiни бiрлестiгiнде        (атауы, заңды тiркелуi туралы куәлiгiнiң нөмiрi) миссионерлiк        қызметтi жүзеге асыру үшiн шақырылды.

      Куәлiк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28  қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасын        да болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi              туралы" N 136 қаулысына сәйкес дiни-ағарту құралдары           арқылы ___________ аумағында 2003 жылғы "___" ________дейiн (өтiнiш бойынша) уағыз айту және діни iлiмдi тарату құқығын бередi.

      Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары,
     дiни бiрлестiктермен байланыс
     жөнiндегi Кеңестiң төрағасы

      МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады