Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (3 сайланған 31 кезекті сессия).

Жаңа

Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 29/31 шешімі. Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 сәуірде N 85 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шiлдедегi "Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекiту туралы" N 62/32 шешiмiне (2 сайланған 32 кезектi сессия), (2003 жылғы 15 тамыздағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1999 болып тiркелген, 2003 жылғы 23 тамыздағы N 96 "Сарыарқа самалы", 2004 жылғы 17 наурыздағы N 11 "Версия" газеттерiнде жарияланған, 2004 жылғы 30 маусымдағы N 72/8, 2004 жылғы 22 қазандағы N 100/9, 2005 жылғы 5 қыркүйектегi N 78/15, 2006 жылғы 30 наурыздағы N 47/23, 2006 жылғы 10 шiлдедегi N 68/25 шешiмдерiмен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) төмендегідей өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Шешiм атауындағы және көрсетілген шешіммен бекітілген "Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасындағы" (бұдан әрі - Қағида) "тұрғын үй жәрдемақысы" сөздерi "тұрғын үй көмегi" сөздерiне ауыстырылсын;
      "Қағиданың" 15-тармағындағы "Павлодар қаласы тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы" сөздерi "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiне ауыстырылсын".
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi.  

      Сессия төрағасы                                О. Костенко

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                    В. Лебедь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады