Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010.10.11 N 225-4/28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы "Қазақстан Республикасының тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңдарына сәйкестi аудандық Мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрғын үй жәрдем ақысын беру ретiнiң қоса бекiтiлiп отырған қағида, күтiп ұстаудың және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiнiң төлем ақысының нормалары бекiтiлсiн (1 қосымша).
2. Тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау жөнiндегi сәйкес комиссия құрамы бекiтiлсiн (2 қосымша).
3. Тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi және осы құжаттарды беретiн мекемелердiң, кәсiпорындардың тiзiмi (3 қосымша), тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн қажет құжаттардың тiзiмi (4 қосымша) бекiтiлсiн.
Аудандық Мәслихаттың
сессиясының төрағасы Ж.Опанова
Аудандық Мәслихаттың
хатшысы Г.Машкова
Аудан Мәслихатының
II-сайланған, XXIV-сессия
"Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын
үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық
қызметтердi төлеуге, тұрғын үй
жәрдем ақысын берудiң ретi туралы"
2003 жылғы 23 сәуiрдегі N 205/24
шешiмiне N 1 қосымша
Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге, тұрғын үй жәрдем ақысын берудiң ретi туралы ҚАҒИДА 1. Тұрғын үй жәрдем ақысы
1. Тұрғын үй жәрдем ақысы, тұрғындардың аз қамсызданған топтарына тұрғын үйдi күтiп ұстауға, тұтынған тұрғын үй-коммуналдық қызметiне және мемлекеттiк үй қорындағы үй жалақысына төлемақы.
Тұрғын үй жәрдем ақысы заңнамаларда белгiленген жеңiлдiктермен қатар азаматтардың жеке санаттары үшiн тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiнiң төлемдерi бойынша тұрғындарды әлеуметтiк қорғаудың бiр нысаны болып саналады.
2. Егер де шығын тұрғын үйдi күтiп ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметiн тұтынуға төленетiн төлем тұрғын алаң нормасының шектiгiнде, өтемақы шараларымен және тұрғын үй-коммуналдық қызметiн тұтыну нормативiмен қамтамасыз етiлген шығындар осы мақсатқа жұмсалатын отбасы бюджетiнiң шектiк шығынынан артса, онда тұрғын үй жәрдем ақысы ауданда тұрақты тұратын пәтер меншiк иелерi немесе жалдаушылары саналатын тұлғаларға берiледi, азаматтығы есепке алынбайды.
Тұрғын үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық қызметтегi тұтынуға төленетiн төлемнiң шектiк ұйғарымды шығысының үлесi отбасының жиынтық табысының 30 пайыздық мөлшерiне белгiленедi.
Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтi тұтынуға төленетiн төлемдердiң белгiленген нормадан асқан төлемдерi ортақ негiзде жүргiзiледi.
3. Өтемдi шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын алаң нормасы, әрбiр отбасы мүшесiне тұрғын үй заңнамасымен белгiленген тұрғын үй беру нормасына эквивалентi. Коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативiн (су жабдықтау, газ, канализация, электр, жылу қуаты, қоқыс шығару), осылармен қамтамасыз етiлетiн осы аумақтың тұрғындарына аудан әкiмi белгiлейдi.
Тұрғын алаң нормасына, өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлген, әрбiр отбасының мүшесiне 18 шаршы метр пәтердiң (үйдiң) пайдалы алаңы қабылданды және 30 шаршы метр жалғызiлiктi тұратын азаматтар үшiн.
Егер де барлық отбасыларының нормативтiк алаңы нақтыдан асса, есепке нақты алаң алынады (тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтер төлемi қосымшада қаралған).
4. Тұрғын үй жәрдемақысы аудандық тұрғындарын әлеуметтiк қорғау бөлiмi арқылы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етiлген үйлердi тұратын тұрғындарға берiледi.
Тұрғын үй жәрдемақысы Железинка ауданында тұрақты тұратын және бiр тұрғын үйдiң меншiк иесi саналатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Егерде отбасында бiреуден көп тұрғын үйлерi болса, онда жәрдемақы бiр бiрлiкке тағайындалады. Коммуналдық қызметтерiмен қамтамасыз етiлген үйлерде тұрақты тұратын және осы тұрғын үйдiң меншiк иесi саналмайтын тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын қолдарында жалдау шарты болғанда алуға құқылы.
5. Егерде отбасында жұмысқа қабылеттi тұлғалар (еркектер, әйелдер) болып, олар жұмыс iстемесе, оқымаса, әскери қызмет атқармаса және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмесе, онда төменде аталған отбасыларынан басқалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқысыз:
1) аяғы ауыр әйелдер, жетi жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен немесе тәрбиесiмен қамтылған әйелдер;
2) 50-ден асқан жұмыс iстемейтiн әйелдер, ал еркектер 55-тен;
3) 3 топтағы мүгедектер;
4) 1, 2 топтардағы мүгедектерге, күтiмге мұқтаж деп танылған мүгедек балаларға күтiм жасайтын тұлғалар;
5) 80-сен жастан асқан қарияларға күтiм жасайтын тұлғалар.
6. Жанжал, айтыс-тартыс немесе басқадай стандарттан тыс жағдайлар туындағанда тұрғын үй жәрдемақысының тағайындалу туралы мәселенiң шешiмi, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың өкiлдерiнен құрылатын арнаулы комиссияның қарауынан шығарылуы мүмкiн.
7. Тұрғын үй жәрдемақысы, тұрғын үй жалдаушысына (меншiк иесiне) тұрғын үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге есептелген төлемдi төмендету ретiнде олардың есеп-шотына аудару арқылы жүргiзiледi.
Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үйге және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге есептелген нақты төлемнен асырылмайды.
8. Тұрғын үй жәрдемақысының ең төменгi мөлшерi айлық есеп көрсеткiшiнiң 0,5 мөлшерiнде, ал ең жоғарғы мөлшерi бiр отбасына есептегенде 2 айлық есеп көрсеткiшiнен асырылмайды. Тұрғын үй жәрдемақысы ай сайын өтiнiш түскен айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушыларды қайта тiркеу, алғашқы қажеттi құжаттармен рәсiмдеу процедурасына сәйкестi.
Отбасының тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлейтiн шектi ұйғарымды шығындарының үлесiнiң, отбасы табысының және тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң ставкалары мен тарифтерiнiң өзгеруiне байланысты тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау қызметтерi ертеде тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргiзедi.
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылары 10 күндiк ағымда өз үйлерiнiң меншiктiк нысанының қандай да болмасын өзгерiстерi, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы жәрдемақының дұрыс есептелмеу жағдайлары туралы жәрдемақы тағайындау қызметiне ақпарат берулерi қажет.
Егерде жалдаушы (меншiк иесi) тұрғын үй жәрдемақы қызметтерiне, алдын ала көтерме немесе заңсыз өтемақы тағайындайтын қиыс деректер берсе, онда олар жәрдемақы алу құқығынан бiр жылға айырылады, ал заңсыз алынған жәрдемақы белгiленген заңнамалық ретте кейiн қайтарылады.
10. Отбасының барлық тұрақты тұратын мүшелерiнiң тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқылары бар. Тұрақ-жай иесiнiң отбасының мүшелерi болып, оның жұбайы, балалары, ата-аналары саналады. Басқа да адамдар отбасы мүшесi болуы мүмкiн, егерде олар меншiк иесiмен бiрге тұрып ортақ шаруашылық жүргiзсе. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда отбасы мүшелерiне уақытша оқуға кеткен және әскер қызметiн өтiп жатқан тұлғалар жатады. Бiрге тұратын немерелерi, жиендерi отбасы мүшелерiне жатпайды, оларға ата-аналарының табыстары туралы анықтама тапсыру қажет. Егер отбасының құрамы толық болмаса, отағасы бұл пәтерде тiркеуде болмаса, жеке тұрса, сот шешiмiмен айырылмаса, онда оның табыстары туралы анықтама-деректер қажет.
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
11. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешiм жалдаушының (меншiк иесiнiң) өтiнiшiнiң негiзiне және оған қосымша берiлген отбасы құрамы, пайдалы тұрғын алаң мөлшерi, тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердi шығындары жөнiндегi төлемдер, отбасының жиынтық табысы туралы құжаттарға сай қабылданады.
Тұрғын үй жәрдемақысының есебi соңғы тоқсанның (оның алдындағы тоқсанның) табыстары және тарифтерi бойынша жүргiзiледi.
12. Егерде тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш түсiрушi сот шешiмiмен айырылған болса, бұрынғы жұбайынан алимент алуға шағым түсiрмесе немесе жұбайы бiрге тұрып сот арқылы айырылмаса, онда жәрдемақы жылыту кезеңiнiң үш айының ағымында тағайындалады. үш айдың ағымында тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш түсiрушi айырылысуға құжаттар тапсыруы қажет. Немесе алимент алуға шағым түсiруi қажет. Егерде ол оны iстемесе жәрдемақыны тағайындау және төлеу тоқтатылады.
13. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi тексерiс қорытындылары бойынша жәрдемақының есептелiп тағайындалған сомаларына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
14. Жәрдемақы алу құқығын анықтағанда отбасының бiр мезгiлдегi құрамы мен табыс жиынтығы алынады.
15. Егерде жұбайы өлген зейнеткерлер тұрғын үйдi өзiне қайта рәсiмдемесе, онда тұрғын үй жәрдемақысы тұрақты түрде жалғызiлiктi зейнеткерлерге есептелгендей жүргiзiледi.
16. Ортақ иелiктегi пәтерден басқа зейнеткерлер тiркеуден шығып онда тұрмаса, онда қалған зейнеткерлерге тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi әлеуметтiк нормалар бойынша анықталады.
17. 2, 3, 4 бөлмелi пәтерлерде тұратын зейнеткерлер және 1, 2 топтағы мүгедектер үшiн жылыту кезеңiнде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бекiтiлген нормалардың иесiнде жүргiзiледi, нақты есептелген коммуналдық қызметтер есепке алынбайды.
18. Меншiк иесiнiң қомақты себептермен жоқтығында (хабар-ошарсыз жоғалуында, алимент төлеу бойынша iздестiрудегi) қайтыс болған жағдайда (тұрғын үйдi қайта рәсiмдеуге қаражат жоқтығында) отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы туралы актi бойынша тұрғын үйдiң ортақ иелiк мүшелерiне жәрдемақы есептеледi.
19. Оқу мекемелерiн бiтiрiп (мектеп, институт және т.б.) жыл ағымында жұмысқа орналастырылмаған тұлғаларға жиынтық табысты есептегенде екi айлық есеп көрсеткiшiн есептеу арқылы жүргiзiледi.
20. Отбасының жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасының 2001 жылы 12 маусымда қабылданған "Салықтар және бюджетке төленетiн басқада мiндеттi төлемдер туралы" кодексiне және 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi енген өзгерiстерге сәйкестi салық салуға жататын барлық табыстардың түрлерi есепке алынады.
21. Бұдан басқа, отбасының жиынтық табысының құрамына қосымша келесi табыс түрлерi енедi:
1) зейнетақының барлық түрi;
2) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының барлық түрi;
3) стипендиялар;
4) есептеу кезеңiнде төлемдi оқудың сомасы (жоғары оқу орындары, гимназиялар, колледждер және т.б.) отбасының табысынан төлемдi құжаттармен қуатталмаған жағдайда;
5) материалдық көмек, аз қамсызданған отбасыларына материалдық көмек;
6) дивидендтер;
7) кәсiпкерлiк қызметтiң табыстары.
22. Жерлеуге, бала туғанда, мейрамдарда берiлген материалдық көмек сомалары табысқа жатпайды.
23. Отбасы мүшесiнiң алатын алиментi отбасының жиынтық табысына есептеледi, ал отбасы мүшесiнiң төлейтiн алиментi оның табысынан шығарылады.
24. Отбасының жиынтық табысының құрамына жеке қосалқы шаруашылықтан, саяжай учаскесiнен түсетiн табыстан айына екi айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiндегi табыс қосылады.
25. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша отбасымен шарт жасалады, оған жәрдемақының есептелген есебi енгiзiледi. Шарт екi данада әзiрленедi, оның бiр данасы жалдаушыда (меншiк иесiнде) сақталады.
Көрсетiлген шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшiн негiз болып саналады.
26. Ақпараттың дұрыстығына сенiмсiздiк туындаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысының қызметi ақпарат сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер тұлғаның табыстары туралы ақпарат беруге мiндеттi.
Жалдаушы (меншiк иесi).
Отбасының барлық мүшелерi тұрғын үй жәрдем ақысын алуға өтiнiш бередi.
Заңды және жеке тұлғалардан тұрғын үй жәрдемақысын беру үшiн олардың табыстары туралы деректер алуға, табыстары туралы ақпаратты таратуға болатыны жөнiнде арнаулы рұқсатқа қол қоюлары қажет.
27. Жәрдемақы жалдаушының (меншiк иесiнiң) төлемдi шаралармен қамтамасыз етiлген нормалардың шектiгiнде тұрғын үйдi және тұрғын үй-коммуналдық қызметтi тұтынуға жұмсаған нақты төлемiнiң және отбасының осы мақсатқа жұмсаған шығынының шектi жiберiледi деңгейiнiң айырықшылығы мөлшерiнде есептеледi.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзi
28. Барлық меншiктiк нысандардағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақысының төлемiн қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
29. Тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiне шығатын есептiк-нормативтiк шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi аумақтық департаменттердiң және басқада өкiлеттенген атқарушы органдардың бақылауымен жүргiзiледi.
30. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi пәтер жалдаушылардың және меншiк иелерiнiң тiзiмдерiн құрастырады, оларға берiлген жәрдемақының сомасын көрсетедi және ай сайын жиналған борышты өтеу үшiн қаржы органдарына ол жөнiнде деректер бередi.
31. Қаржы органдары борыштар туралы берiлген деректердiң негiзiнде жергiлiктi бюджетте қаражаттан төлемдi қайтаруды жүргiзедi.
32. Аудандық қаржы органдары жылына бiр реттен кем емес, бастапқы құжаттар бойынша тұрғын үй жәрдемақысына төленген бюджет қаражатының дұрыс жұмсалғанына тексерiс жүргiзедi.
33. Дұрыс рәсiмделмеген құжаттар бойынша тұрғын-үй жәрдемақысы тағайындалса, осыған кiнәлi лауазымды тұлғалар белгiленген заң ретiнде жауап бередi.
Тұрғын үйдi күтiп ұстаудың және тұрғын үй-коммуналдық қызметiнiң төлемiнiң нормалары
Көрсетiлетiн қызметкер атауы | Өлшем бiрлiгi | Жеңiлдiк нормасы | Ескерту |
---|---|---|---|
Суық су |
теңге |
70 |
|
Пайдалы алаң |
ш.м. |
18 |
|
Жалғызiлiктi тұрушыларға |
ш.м. |
30 |
|
Босатылатын газ |
Бiр адамға кг/ай |
5,5 |
Төлем құжаты ұсынылмайды |
Электр қуатын тұтыну |
кВт отбасына |
4,5 |
Аудан Мәслихатының
II-сайланған, XXIV-сессия
"Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын
үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық
қызметтердi төлеуге, тұрғын үй
жәрдем ақысын берудiң ретi туралы"
2003 жылғы 23 сәуiрдегі N 205/24
шешiмiне N 2 қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiндегi
комиссияның құрамы
Ахметов |
- әлеуметтiк саясат басқармасының бастығы, комиссия төрағасы |
Нұрғалиева |
- аудан тұрғындарын әлеуметтiк қорғау бөлімінің бастығы, төраға орынбасары |
Оспанова Қазира Қайырқызы |
- аудан тұрғындарын әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: |
|
Ворошилова Людмила Владимировна |
- аудандық салық комитетi төрағасының орынбасары |
Доскереев Қайыржан Бекқайырұлы |
- қаржы және экономика бөлiмiнiң бастығы |
Жапарова Мәриям Қабнасырқызы |
- денсаулық сақтау бөлiмiнiң Бастығы |
Падалко |
- Железинка селолық округ әкiмiнiң орынбасары |
Сағнаев |
- жұмыспен қамту бөлiмiнiң бастығы |
Оралов |
- бөлiмiнiң бастығы,төраға орынбасары |
Аудан Мәслихатының
II-сайланған, XXIV-сессия
"Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын
үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық
қызметтердi төлеуге, тұрғын үй
жәрдем ақысын берудiң ретi туралы"
2003 жылғы 23 сәуiрдегі N 205/24
шешiмiне N 3 қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн қажет құжаттардың тiзiмi
Жер комитетi
Жер және мүлiктiк пайларды пайдалану туралы (сату-сомасын көрсету, жалға беру - қай мерзiмге және бағасы, жерге меншiктiлiк құқығын пай ретiнде немесе салым ретiнде өндiрiстiк кооперативтерге және т.б.).
Салық инспекциясы
Комитет анықтамасы бойынша жер және мүлiк пайларын пайдаланудан табыстар және басқа да табыстар туралы, табысының жоқтығы туралы.
Тұрғындарды жұмыспен қамту бөлiмi
Жұмыссыз статусын белгiлеу туралы, қай мезгiлден, жәрдемақы мөлшерi.
Ауылдық округ әкiмдерi
Отбасы құрамы, тұрақты тұрақ орны туралы анықтамалар. Кәсiпкерлiк қызметi, жұмыспен байланысы. қамқоршылық белгiлеу туралы, жеке жағдайларда отбасын зерделеу актiсi.
Аудандық сот
Алимент белгiлеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi. Алимент белгiлеуден бас тарту туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi.
Аудандық ЗАГС бөлiмi
Жалғыз басты аналардың балаларына әкелiк белгiлеу туралы, баланың әкесi туралы деректер, аудан бойынша өлгендердiң тiзiмi.
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аудандық бөлiмi
Алатын зейнетақы мөлшерi, мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар.
Аудан тұрғындарын әлеуметтiк қорғау бөлiмi
Әлеуметтiк жәрдемақылардың және басқа да төлемдердiң мөлшерi туралы.
Жеке меншiк кәсiпкерлерiнiң кәсiпорындары, ұйымдары
Еңбекақысы (ай сайынғы) туралы анықтама. Ақшадай саналған, заттай берiлген табыстары туралы анықтама. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.
Аудан Мәслихатының
II-сайланған, XXIV-сессия
"Аз қамсызданған азаматтарға тұрғын
үйдi күтiп ұстауға және коммуналдық
қызметтердi төлеуге, тұрғын үй
жәрдем ақысын берудiң ретi туралы"
2003 жылғы 23 сәуiр N 205/24
шешiмiне N 4 қосымша
Отбасы мүшелерiнiң жиынтық табысына енгiзiлетiн табыстардың түрлерiнiң тiзiмi
1. Еңбекақы ретiнде алынатын табыстар
2. Кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыстар
3. Мүлiктiк табыс
4. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемдер (АСП-ден басқа, тұрғын-үй жәрдем ақысынан басқа)
5. Балаларға және басқа да асыраудағы жандарға алынатын алименттер
6. Жасалған мүгедектiкке немесе басқа да денсаулыққа жасалған зақымдыққа өтемақы ретiнде алынатын бiршаралық сомалар
7. Ақшалай және заттай нысандағы ұтыстар
8. Жеке қосалқы шаруашылықтан, екi есеп көрсеткiшi мөлшерiнде (соның iшiнде үй жануарлары, саяжай учаскесi) түсетiн табыстар