Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 1/257 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 мамырда N 529 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 4/1119 қаулысымен

      Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.
      Аса мұқтажды азаматтарға бiр жолдық материалдық көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру және бюджеттiк қаражатты үнемдi пайдалану мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жергiлiктi басқару туралы"  Заңының 37-шi бабына сәйкес, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" Қағида бекітілсін.<*>
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

      2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) бұл мақсаттарға Алматы қаласының бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын шығындардың қаржылауын уақытында жүргiзсiн.

      3. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (А.Ж.Нұрланов):
      1) осы қаулының Алматы қалалық Әдiлет Басқармасында заңмен белгiленген тәртiпте тiркеуге алынуын қамтамасыз етсiн;
      2) Қағидамен бекiтiлген Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмектiң көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн;
      3) бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жұмсалуына бақылау жасасын.
      4. Алматы қаласы әкiмiнiң 2000 жылы 24 наурыздағы N 301 (Алматы қалалық Әдiлет басқармасында 21.04.2000 жылы N 114 тiркелген, 2000 жылы сәуiр айында "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарыққа шыққан) "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы" шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.<*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
 

         Алматы қаласының Әкімі
 
             Әкiмшiлiк хатшысы      

Алматы қаласы Әкімшілігінің
2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257
қаулысымен бекітілген

Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды
азаматтарға бір жолдық материалдық
көмек көрсету тәртібі туралы
Қағида <*>

       Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

1. Жалпы ереже

      1. Бір жолдық материалдық көмек тұрмыстың ауыртпашылығын шеккен (өрт, су тасқыны, табиғат апаты, ауырудың аса ауыр түрлері, тұрмыс деңгейінің төмендігі және тағы басқалары) Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды тұрмыс жағдайы төмен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетіледі.
      2. Бір жолдық материалдық көмек әрбір адамға жылына бір-ақ рет көрсетіледі.
 

     2. Қаржылау көзі

      3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету қаражаты Алматы Қаласының бюджетінде қарастырылады.
 

     3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі

      4. Бір жолдық материалдық көмек көрсету азаматтың белгіленген үлгіде (қосымша N 1) берілген жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда өтінішке дәрігерлік мекемеден емделудің қажеттігі туралы анықтама (стационарға жолдама), өрт, апат, қайғылы оқиға туралы актілері және басқа да құжаттар қосымша берілуі тиіс.
      5. Өтініш беруші, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, өтініште көрсетілген мәліметтердің толық және рас болуына жауапты болып табылады.
      6. Материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш қажетті құжаттарымен қоса тұрғылықты жердегі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығына беріледі. Ұсынылған құжаттардың негізінде тұрғылықты жеріне барып өтініш берушінің материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі құрастырылады (қосымша N 2). Аталған акт Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментіне (әрі қарай - Департамент) бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы мәселесін шешуге  ұсынылады. Кейбір жағдайларда аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы (зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аумақтық орталық) ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуі мүмкін.
      7. Департаментпен бір жолдық материалдық көмек көрсету, Алматы қаласының бюджетінде бұл көмектің түріне қарастырылған қаражат шегінде жүргізіледі.
      8. Өтінішті қарау нәтижесі түскен күнінен бір айлық мерзімінен кешіктірмей өтініш иесіне хабарланады.
 

     4. Бір жолдық материалдық көмектің мөлшері

      9. Бір жолдық материалдық көмек Департамент бастығының бұйрығымен материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне сүйене отырып айлық бес есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
 

     5. Бір жолдық материалдық көмек төлемі

      10. Материалдық көмек төлемі "Қазақстан Халық жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына ақшалай  қаражатты аудару жолымен жүргізіледі.
 

     6. Қаржылау тәртібі

      11. Департамент Қалалық қаржы басқармасына, бекітілген кестеге сәйкес, қаржылауға тапсырысты және материалдық көмекті алушылардың тізімін ұсынады.
      12. Қалалық қаржы басқармасымен несиелеуді ашу ұсынылған мәліметтерді тексергеннен кейін кесте бойынша жүргізіледі.
 

         Әкімшілік хатшысы      

"Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық көмек
көрсету туралы" Қағидасына
N 1 қосымша <*>

       Ескерту. 1 қосымша өзгерді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

_____________аудандық еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
орталығының бастығы
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
      өтініш берушінің аты-жөні  
Мекен-жайы ___________________
________________________ауданы
тел___________ СТН____________
Жеке басы куәлігінің N________
зейнетақылық куәлік___________
Халық Банкінің филиалы________
дербес шотының N _____________

ӨТІНІШ

       Сіздің маған (менің отбасыма)_____________________
      ___________________________________________________
      ___________________________________________________
      ___________________________________________________
      байланысты бір жолдық материалдық көмек
      көрсетуіңізді сұраймын.
      Отбасым ________ адамнан тұрады.
      Мынадай табысым бар:
      1. зейнетақы (жәрдемақы) _______ теңге
      2. арнайы мемлекеттік жәрдемақы ______ теңге
      3. арнайы қалалық жәрдемақы ________ теңге
      4. жалақы _______ теңге
      5. басқа табыс ________ теңге
 
             Өтінішке қосымша: _________________________________
      _______________________________________ тапсырамын.
      Жалған ақпарат пен күмәнді (жасанды) құжаттарды
      ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту
      жасалды.
 
             "___" ___________ ____ жылы   _____________________
              дата                  өтініш берушінің қолы
 

  "Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық көмек
көрсету туралы" Қағидасына
N 2 қосымша

       Ескерту. 2 қосымша өзгерді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

Азаматтың материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру
АКТІСІ

                             "___"___________ _____ жылы

      Аты-жөні__________________________________________
      __________________________________________________
      __________________________________________________
                  (мекен жайы, телефон, аудан)
      __________________________________________________
      туған жылы, жеке бас куәлігінің (ораламандарға -
      мәртебесін растайтын құжат)
      ______________________________
      зейнетақы кітапшасының N
      __________________________________________________
      мүгедектік тобы; санаты: жеткен жасы бойынша,
      мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған
      жағдайы бойынша зейнетақы жәрдемақы алушы, Ұлы Отан
      соғысының мүгедегі, көп балалы ана және т.б.
      __________________________________________________
      банк филиалы          дербес шоты           СНТ
      Арыз берушінің өтініші ___________________________
      __________________________________________________
                        (мұқтаждығы)
      Зейнетақы жәрдемақы мөлшері теңге
      Арнайы мемлекеттік қалалық жәрдемақы мөлшері теңге
      Барлығы теңге
      Отбасының құрамы адам
      Бірге тұратындар__________________________________
                       (туыстық қатысы, аты-жөні, туған 
      __________________________________________________
       жылы,табысы)
      __________________________________________________
      __________________________________________________
      __________________________________________________
      __________________________________________________
      Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері теңге
      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшері теңге
      Отбасының жиынтық табысы теңге
      Жан басына шаққандағы орташа теңге
      Азаматтың тұрмыс
      жағдайы __________________________________________
                     Бөлме саны, жалпы тұрғын көлемі
      Суды есептеуіш құралдары _________________________
      Отын түрі______________________________
      Коммуналдық қызмет төлемдерінің сомасы____________
      Коммуналдық қызмет қарыздарының бар-жоқтығы_______
      Жұмыспен қамту орталығының мәліметтері____________
      __________________________________________________
      Материалдық көмек алуға __________________________
      __________________________________________________
            (мұқтаждығы немесе мұқтаж еместігі)
      Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
      орталығының бастығы ______________________________
                              қолы            Аты-жөні
      Зейнеткерлерге қызмет көрсету жөніндегі аумақтық 
      Орталығының директоры ____________________________
                              қолы            Аты-жөні
      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі жұмыскер ______________
                                         қолы   Аты-жөні
 
             М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады