II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 20 ақпандағы "Алматы қаласы аумағында сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Мәслихатының ІІ сайланған ХХV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 20 маусымда N 536 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 164 шешімімен

       Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008.12.22 N 164 шешімімен .
      
      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңының 7 бабына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:
      II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 20 ақпандағы "Алматы қаласы аумағында сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы" шешiмiнiң 3 тармағына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      - "Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Қ. Нұрпейiсовке," сөздерiнен кейiнгi ","Алматыжарнама" коммуналды мемлекеттiк кәсiпорнының директоры М.Т.Ерманға" сөздерi алынып тасталсын;
      - "экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясына (Шелипанов А.И.), " сөздерiнен кейiн "Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.З.Мурзинге," сөздерiмен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

      ІI-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХV-шi сессиясының
      төрағасы
 
      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады