"2003-2005 жылдарға арналған Алматы қаласындағы кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2002 жылғы 19 желтоқсандағы ХХІІ-ші сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2002 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласының әділет басқармасында N 501 болып тіркелген)

Күшін жойған

ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 1 қазанда N 554 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2010.04.12 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловтың кедейшілік деңгейі бойынша көрсеткіштерді нақтылау және 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету жөніндегі өңірлік бағдарламаларға кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтардың саны бойынша сандық көрсеткіштерді енгізу жөніндегі 25.06.2003 N 20-65/И-517 тапсырмасына және Алматы қаласының Әкімінің ұсынысына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. "2003-2005 жылдарға арналған Алматы қаласындағы кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы ХХІІ-ші сессиясының шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      - Мына тармақтар алынсын: "Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, принциптері мен басымдықтары" 4 тарауы "Бағдарламаны жүзеге асыру индикаторы" 3 бөлімінің 7 "Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны" тармағы, 8 "Кірісі ең төменгі күнкөріс дәрежесінен төмен халық қатарындағы әлеуметтік көмек алатындар үлесі";
      - 7 тармақ мына мазмұндағы жаңа редакцияда берілсін:


Өлшем бір
лігі

2000
жыл
нақты

2001
жыл
нақты

2002
жыл
нақты

2003
жыл
болжам

2004
жыл
болжам

2005
жыл
болжам

Кедейшiлiк мөлшерiнен төмен табыс
алатын тұрғындар
саны

Адам


21000

18806

15045

13036

9629

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау мәселелерi бойынша тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХХVII-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады