Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.11.07 № 4/910 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-ІІ "Мүмкіншілігі шектелген балаларға әлеуметтік және дәрігерлі-педагогикалық түзетушілік қолдау көрсету туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының "Халықты әлеуметтік қорғау. Мүмкіншілігі шектелген балаларға әлеуметтік қызметті үйде көрсету. Қызмет көлемі." Мемлекеттік стандартын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Мүмкіншілігі шектелген балаларға әлеуметтік қызметті үйде көрсету туралы" Ережесі бекітілсін (қосымша 1).
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (А.Ж. Нұрланов):
1) бекітілген Ережеге сәйкес мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері құрылсын (қосымша 2);
2) мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік қорғауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдалануын қамтамасыз етсін;
3) осы қаулының Алматы қалалық Әділет басқармасында Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;
3. Денсаулық сақтау Департаменті (В.Н. Девятко):
1) психолого-дәрігерлік-педагогикалық кеңеске жолдау үшін мүмкіншілігі шектелген балаларды анықтау мақсатында, оларды ерте жасынан тексеруден өтуін қамтамасыз етсін;
2) психофизикалық дамуына ауытқушылықтары бар балаларды дәрігерлік түзетушілік және бейімдеумен қамтамасыз етсін;
4. Білім Департаменті (Г.Е. Есімбаева):
ақыл-ойының даму ерекшеліктерін анықтау, білім түрі мен нысанын және әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық қолдау көрсеткіштерін таңдап алу үшін мүмкіндіктерді белгілеу мақсатында мүмкіншілігі шектелген балаларды түбегейлі де кешенді психолого-дәрігерлік-педагогикалық тексеруін жүргізуді, жекелік бейімдеу бағдарламасын құрастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев) қала бюджетінде халықты әлеуметтік қорғау мақсатында көзделген қаржы шегінде, мүмкіншілігі шектелген балаларға әлеуметтік қызметті үйде көрсету бөлімшелерін күтіп ұстауға бюджеттік қаражат қарастырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының Әкімі А.Қ. Бижановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы 17 қарашадағы
N 5/684 қаулысына 1 қосымша
Мүмкiндiгi шектеулi балалардың үйлерiне
әлеуметтiк қызмет көрсету туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Мүмкiндiгi шектеулi балалардың үйлерiне әлеуметтiк қызмет көрсету туралы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тұрғыдан оңалуын қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және "Халыққа әлеуметтiк көмек көрсету. Мүмкiндiгi шектеулi балалардың үйлерiне әлеуметтiк қызмет көрсету. Қызмет көлемi" Мемлекеттiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ережеде мына терминдер тиiстi анықтамалармен пайдаланылады:
1)Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық өкiлеттi орган: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
2) Мүмкiндiктерi шектеулi балалар: Денесiнiң кемiстiгi бар және (немесе) жүйкесi бұзылған, тумасынан, мұрагерлiк жолмен берiлген аурулар немесе белгiленген тәртiппен айғақталған жарақат салдарынан тiршiлiгi шектелген 18 жасқа дейiнгi балалар;
3) Мүмкiндiктерi шектеулi балалардың әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық оңалуын қолдау: Мүмкiндiгi шектеулi балалардың тiршiлiк шектеулiлiгiн жою, өтеу үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн арнайы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм қызметтерiн көрсететiн бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
4) Әлеуметтiк бейiмдеу: Әлеуметтiк орта жағдайларына мүмкiндiгi шектеулi балаларды белсендi бейiмдеу;
5) Оңалту: Ағзаларының қызметi қатты бұзылуына орай, денсаулықтың сырқаттануынан туындаған тiршiлiк шектеулiлiгiн жоюға немесе барынша толық өтеуге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар жүйесi;
6) Әлеуметтiк қызметкерлер: Тiкелей әлеуметтiк көмек көрсететiн немесе мүмкiндiгi шектеулi адамдарға көмектi ұйымдастыратын және мүмкiндiгi шектеулi адамдарға әлеуметтiк, құқықтық және көмектiң өзге түрлерiн көрсететiн органдар, мекемелер мен ұйымдардың штатында тұрған әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандар;
7) Әлеуметтiк тексеру: Дене тәуелсiздiгiнiң, жинақылықтың, үйреншiктi қызметпен шұғылдану қабiлетiнiң, қоғамға тартылу қабiлетi мен экономикалық дербестiктiң шектелуінен туындауы мүмкiн әлеуметтiк кемшiлiк деңгейiн тиiстi жастағы балаларға арналған нормативтердi ескере отырып, анықтау;
8) Әлеуметтiк қызмет көрсету: Әлеуметтiк қолдау, әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтiк-құқықтық қызметтердi және материалдық көмектi көрсету, бөтен адамдардың көмегiне мұқтаж, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк бейiмдеудi жүргiзу бойынша әлеуметтiк қызметтер атқаратын жұмыс.
3. Үйлерге әлеуметтiк қызмет (бұдан әрi - қызмет көрсету) Психологиялық-медициналық, педагогикалық консультацияның (бұдан әрi - ПМПК) қорытындысы және медициналық-санитарлық сараптама бөлiмi бойынша мүгедектер қатарынан мүмкiндiгi шектеулi, басқа адамның күтуiне мұқтаж балаларға көрсетiледi.
4. Мүгедектер қатарындағы мүмкiндiгi шектеулi, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тұрғыдан жетiлу үшiн қолдауға мұқтаж балаларға қызмет көрсетудi әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi жүзеге асырады (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек бөлiмшесi). Олар Алматы қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау қалалық орталықтарының құрылымдық бөлiмшесi, Зейнеткерлерге әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы, Алматы қаласы Әуезов ауданы Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы ретiнде құрылады.
Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi жаңадан құрылған аумақтық орталықтарда құрылуы мүмкiн.
5. Қызмет аумағы - Алматы қаласы.
6. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталықтарының, Аумақтық орталықтардың ғимаратында немесе санитарлық-гигиеналық нормалар мен өрттен қорғау талаптарына сай болуға тиiс қажеттi коммуналдық көрiктендiру кешенi бар өзге де бөлiнген ғимараттарда орналаса алады.
7. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге нормативтiк құқықтық актiлерге, әкiмшiлiктiң қаулысына, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы Орталық өкiлеттi органның және бiлiм, денсаулық сақтау саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың нұсқаулық материалдарына, Аумақтық орталықтар бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
8. Бөлiмше жұмысына жедел басшылықты еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталығының бастығы, Аумақтық орталық директоры жүргiзедi.
Әлеуметтiк көмек бөлiмшесiне ұйымдық-әдiстемелiк көмек көрсетудi және олардың қызметiне бақылауды Департаменттiң еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталықтарының бастықтары және Аумақтық орталықтардың директорлары көтередi.
9. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi өз жұмысын бiлiм және денсаулық органдарымен, сондай-ақ өзге ұйымдармен тығыз қатынаста жүргiзедi.
10. Медициналық қызмет сапасына, әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнде санитарлық-мiндетпен күрес режимiнiң сақталуына, сырқат балаларға дәрiгерлiк-арнайы медициналық көмектi көрсетуге бақылауды белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау мекемелерi жасайды.
2. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға (мүгедектерге) әлеуметтiк көмек бөлiмшесi көрсететiн қызметтiң мақсаты мен мәнi
11. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi көрсететiн қызметтiң мақсаты:
1) жеке оңалту бағдарламасына негiзделген мүмкiндiктерi шектеулi балаларға кешендi әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық оңалуын қолдау жолымен мүмкiндiгi шектеулi балаларға (мүгедектерге) үйлерiнде әлеуметтiк қызмет көрсету;
2) мүмкiндiктерi шектеулi, басқа адамдардың күтуiне мұқтаж балаларға қажеттi әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер көрсету, оның iшiнде:
отбасыларында тәрбиеленетiн мүмкiндiгi шектеулi балаларға оларды тәрбиелеу, күту мәселесiн, тұрмысын, демалысын, психоэмоционалдық дамуын ұйымдастыруға көмектесу;
мемлекеттiк әлеуметтiк, медициналық, кеңестiк және өзге көмектi алуға жәрдемдесу;
арнайы әлеуметтiк, әлеуметтiк-тұрмыстық және өзге қызмет түрлерiн көрсету;
мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселесiн шешуге қатысу;
әлеуметтiк, құқықтық мәселелер бойынша кеңестiк қызметтердi ұйымдастыруға көмектесу.
12. Көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн үйге әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау, бiлiм органдарымен бiрге мүмкiндiктерi шектеулi, арнайы әлеуметтiк қызметтердi алуға мұқтаж балаларды анықтау және есепке қою;
2) мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк зерттеу, олардың мүдделерi мен мұқтажын анықтау мақсатында баланың шағын ортасын зерттеу;
3) Психологиялық-медициналық педагогикалық консультацияның (ПМПК) және медициналық-әлеуметтiк сараптама (МӘС) мамандары әзiрлеген жеке бағдарламаны ескере отырып, көмектiң нақты түрлерi мен нысандарын анықтау, карта жасау;
4) оңалту iс-шараларын iске асыру және баланы отбасына бейiмдеу мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргiзу;
5) баланы өз өзiне қызмет көрсету, мiнез-құлық, өзiн-өзi бақылау мен пiкiрлесу дағдыларына, сауаттылық пен есеп негiздерiне үйрету;
6) мүмкiндiгi шектеулi балалардың ойын-сауығын ұйымдастыру (ойындар, кiтап оқу, оларды талқылау, кiтапханалық қызметтi ұйымдастыру және т.б.);
7) бала мен ата-аналарына психологиялық көмек көрсету;
8) балалардың ата-аналарын сырқат балаларды жалпы бағып-күтудiң практикалық дағдыларына, баланың дамуына ықпал ететiн әдiс-тәсiлдерге үйрету;
9) жеке және топтық шараларды ұйымдастыру арқылы (семинарлар, тренингтер және т.б.) мүмкiндiгi шектеулi балалар ата-аналарымен ағарту-алдын алу жұмыстарын жүргiзу;
10) қажеттi арнайы медициналық көмектi алуға және медициналық қызметтi ұйымдастыруға, атап айтқанда дәрiгердi үйге шақыруға жәрдемдесу, емханаға бiрге бару, тосын жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
11) протез-ортопед бұйымдарымен, техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
12) ерекше бiлiм қызметтерiн, оның iшiнде тар мамандықтар қызметтерiн көрсетуге жәрдемдесу (дефектолог, логопед, психолог, сурдопедагог және т.б.);
13) кеңестiк көмектi, оның iшiнде мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны, жәрдемақының өзге түрлерiн беру мәселесi бойынша көрсету;
14) қамқоршыны, асыраушыны анықтау, жәрдемақы тағайындау, мектеп-интернатқа бекiту және өзге көмек түрлерi үшiн құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдесу;
15) бiлiм ұйымдарында оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк материалдармен қамсыздандыруға жәрдемдесу;
16) тұрмысы нашар, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелейтiн отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек алуға қайырымдылық қорлар, демеушiлер, өзге көздер қаражаты есебiнен iзгiлiктiк көмектi бөлуге құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдесу;
17) Қызыл жарты ай қоғамы комитеттерiмен және өзге халықаралық қоғамдық ұйымдармен оларды мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелейтiн отбасыларға жәрдем көрсетуге тарту мақсатында байланыс орнату.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң
құқықтары
13. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнiң құқықтары:
1) Баланың денсаулық жағдайына, қозғалу белсендiлiгiне байланысты әлеуметтiк көмек бөлiмшесi көрсететiн қызмет көлемiн белгiлеу және әлеуметтiк қызметкер жүктемесiн анықтау;
2) ұжымдық педагогикалық оңалтуды дамыту процесiн жүргiзу үшiн күндiз болатын топтарды құру;
3) өкiлеттi және атқарушы органдар мен ұйымдарда мүмкiндiгi шектеулi балалар мен олардың отбасыларының құқықтарын және мүдделерiн қорғауға жәрдемдесу;
4) әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстың мiндетiн, нысанын, әдiсiн, жеке және әлеуметтiк мәселенi шешу тәсiлiн анықтау;
5) мүмкiндiктерi шектеулi балалар және олардың отбасыларының мұқтажына байланысты ақпарат жинау, диагностикалық тексерiс жүргiзу;
6) Департаменттiң және еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталықтар, аумақтық орталықтар басшыларының қарауына мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк қолдау бойынша жұмыстың жай-күйiн қарауға ұсыну;
7) әлеуметтiк қорғау бойынша арнайы жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге, бекiту мен жүзеге асыруға қатысу;
8) мүмкiндiгi шектеулi балаларға және олардың отбасыларына жеке және әлеуметтiк мәселелердi шешу туралы өтiнiшпен қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттiк мекемелерге ресми сауал жасау;
9) мүмкiндiгi шектеулi балаларға материалдық және өзге көмек көрсету мәселесi бойынша меншiк нысанына қарамастан, ұйымдар басшыларына қолдаухат жiберу.
4. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесiн ұйымдастыру,
жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбi
14. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi қызмет көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi 80 және одан артық бала болған кезде құрылады.
Әлеуметтiк қызметке мұқтаж, мүмкiндiгi шектеулi балалар саны бөлiмше құруға мүмкiндiк бермеген жағдайда, мүмкiндiгi шектеулi баланы күтетiн әлеуметтiк қызметкер лауазымы жалғызбасты қарттар мен мүгедектердiң үйлерiне қызмет көрсететiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталықтарының немесе аумақтық орталықтардың штатына енгiзiледi.
Мүмкiндiгi шектеулi балаларға әлеуметтiк көмек жеке немесе топтық, яғни олар күндiз болатын бөлiмшелерде болуы мүмкiн.
15. Әлеуметтiк көмек бөлiмшесiн Алматы қаласының Еңбек және және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бұйрығымен тағайындалатын бөлiм меңгерушiсi басқарады.
16. Бөлiм меңгерушiсi бөлiм жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз мiндеттерiнiң жүзеге асырылғандығы үшiн жеке жауапкершiлiк көтередi.
17. Босалқы бөлiм меңгерушiсiнiң лауазымы қызмет көрсету үшiн 80 және одан кем емес мүмкiндiгi шектеулi бала (мүгедекке) болғанда енгiзiледi.
18. Әлеуметтiк қызметкерлердiң штаттық бiрлiгiнiң саны 6 баладан аспайтын көлемде бiр әлеуметтiк қызметкер есебiмен белгiленедi. Жекелеген жағдайда, бала дамуындағы ауытқу мен қозғалыс белсендiлiгiн ескере отырып, әлеуметтiк қызметкер жүктемесi 4-5 баланы бағып-күту болуы мүмкiн.
Егер отбасыда қызмет көрсетуге мұқтаж екi немесе одан артық бала болса, әрбiр бала жеке адам болып есептеледi.
19. 160-тан артық балаға қызмет көрсететiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесiне жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен автомобиль бөлiнуге тиiс жүргiзушi қызметi енгiзiледi.
20. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында Орталық өкiлеттi органы мамандықтар тiзбесiн және оған бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi, әлеуметтiк жұмыскерлерiнің білiктiлiгiн көтеру және қайта даярлықтан өтуiн ұйымдастырады.
21. Жұмыс кестесiн, қызмет көрсетiлетiндер санын, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды күту бойынша әлеуметтiк қызметкер көрсететiн қызмет көлемi мен бару еселiгiн халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталығының немесе аумақтық орталықтың басшысы белгiлейдi.
Әлеуметтiк қызметкердiң бiр қызмет көрсетiлетiн баланы күтуi үшiн баруы аптасына кемiнде 2-3 рет жүргiзiледi.
22. Әлеуметтiк қызметкер өз жұмысы мен оның нәтижелерiне жүйелi есеп жүргiзедi.
Үйге әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң iс қағаздары мынадай қажеттi құжаттаманың болуын қарастырады:
мүмкiндiктерi шектеулi баланы әлеуметтiк оңалтудың жеке бағдарламасы;
баланың және оның отбасының әлеуметтiк паспорты;
мүмкiндiктерi шектеулi балалар ата-аналарымен үйге қызмет көрсету туралы шарт;
мүмкiндiктерi шектеулi балалар отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актiсi;
әлеуметтiк жұмыс бойынша маман шараларының күнтiзбелiк жоспары;
кеңестер журналы;
мүмкiндiгi шектеулi балалардың үйлерiне қызмет көрсететiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнiң есеп журналы;
үйдегi орындалған жұмыс туралы әлеуметтiк қызметкердiң есебi;
әлеуметтiк қызмет көрсететiн бөлiмшенiң қызметi туралы құрама есеп.
23. Әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру жұмыс жоспарымен және кестелермен тәртiптеледi.
Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiндегi iс қағаздары мен жұмыс есебiнiң жай-күйiне, дұрыс жүргiзiлуiне бөлiм меңгерушiсi жауап бередi.
24. Бөлiм меңгерушiлерi, әлеуметтiк қызметкерлер мен консультанттар жалпы пайдаланылатын қоғамдық көлiкте жүру үшiн жол билеттерiмен немесе оның құны көлемiндегi ақша өтемiмен қамтамасыз етiледi.
5.Үйге қызмет көрсетуге қабылдау шарттары
25. Үйге қызмет көрсетуге бөтен адамның күтуi туралы Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы және медициналық-әлеуметтiк сараптама бойынша мұқтаж, мүмкiндiгi шектеулi балалар қабылданды.
Мүмкiндiгi шектеулi балаларды үйiнде қызмет көрсетуге қабылдау аумақтық орталық директорының, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық орталығы бастығының шешiмi бойынша қабылданады.
Балалардың үйлерiне қызмет көрсетуге қабылдау үшiн мына құжаттар негiздеме болып табылады: ата-аналар өтiнiшi, басқа адамның күту қажеттiгi туралы ПМПК қорытындысы, медициналық карта, медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмiнiң анықтамасы (МӘС) (мүгедектiгi болған жағдайда), материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актiсi.
26. Үйге қызмет көрсетуге қабылдауға болмайтын жайттар: жұқпалы, терi, карантиндiк аурулар, бактерияны алып жүру, туберкулездiң белсендi түрi, арнайы денсаулық мекемелерiнде емдеудi талап ететiн өзге өте асқынған аурулар.
27. Қызмет көрсетуден алу ата-аналардың жеке өтiнiшi бойынша немесе бала үй-интернатқа бекiтiлгенде және өзге себептер бойынша жүргiзiледi.
28. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға қызмет көрсету психологиялық-медициналық педагогикалық консультация мамандарының қатысуымен әзiрленетiн жеке бағдарлама бойынша жүргiзiледi.
29. Мүмкiндiгi шектеулi балаларды күтетiн әлеуметтiк қызметкер көрсететiн қызметтер әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмше мен балалардың ата-аналары арасындағы шарт негiзiнде тегiн көрсетiледi.
Шарт 2 дана болып жасалады, оның бiр данасы ата-аналарға берiледi, екiншi данасы әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде қалады.
30. Әлеуметтiк қызметкерлер флюорографиялық тексеру мәлiметтерi, дерматолог пен терапевт қорытындысының мәлiметтерiн тапсырып, медициналық тексерiстен өтедi. Әлеуметтiк қызметкерлер медициналық тексерiс мерзiмдiлiгi балалар ұжымдары мекемелерiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшiн белгiленген тәртiппен өтедi.
6.Ата-аналардың (олардың орнын басқан адамдардың)
құқықтары мен мiндеттерi
31. Ата-аналардың баланың мұқтажы мен қажеттiгiн анықтауға қатысуға және әлеуметтiк оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асыруға, жасалған шарт шегiнде көрсетiлетiн әлеуметтiк қызмет көлемi мен сапасын бақылауға құқығы бар.
32. Ата-аналар жеке оңалту бағдарламасында жоспарланған шараларды орындауға баланы тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтiк бейiмдеу процесiн жүзеге асыру үшiн тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға мiндеттi.
7. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмiн
қаржыландыру
33. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстарындағы заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы 17 қарашадағы
N 5/684 қаулысына 2 қосымша
Аталуы |
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
Барлығы |
|
1. |
Бөлімше саны |
6 6 |
4 4 |
3 3 |
13 13 |
Әкiмшiлiк хатшысы