Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі N 425, 2001 жылғы 17 тамыз)

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 365 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 қыркүйекте N 1008 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010 жылғы 29 қаңтарда N 74 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.01.29 N 74 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының37-бабының 8-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру рәсімдерін тәртіпке келтіру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысымен бекітілген (тіркеу нөмірі N 425, 2001 жылғы 17 тамыз), 2001 жылғы 30 тамыздағы N 35 (745) "Трибуна" газетінде жарияланған Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсету шартына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) кіріспе сөзбасындағы "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" сөздері "Петропавл қаласының әкімдігі" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Автобустардың (шағын автобустардың) саны ____________ бірлік";
"Автобустың (шағын автобустың) тұрпаты (сынып) ____________".
"Жолаушылар тасымалдау тарифі ____________ теңгені құрайды және заңмен белгіленген тәртіпте қайта құрылуы мүмкін".
      3) 2.1.7.тармағындағы автобустарда, троллейбустарда" сөздері алынып тасталсын;
      4) 2.1.9.тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"2.1.9. Жүру құжаттарын (билеттерді) жолаушыларға сату бақылаушылар арқылы (автобустар үшін) және/немесе тікелей жүргізушімен, көлік құралын басқарушымен (шағын автобустар үшін) жүзеге асыру, жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушылармен жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету (аялдамаларды хабарлау, жүру ережелерін еске алу");
      5) мынадай мазмұндағы 2.1.13.тармақпен толықтырылсын:
"2.1.13. Жолаушылардың жүру құжаттарын (билеттерді) уақытында сатып алуларына бақылауды жүзеге асыру";
      6) 2.2.3.тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдары арқылы" сөздері алынып тасталсын;
      7) мынадай мазмұндағы 2.2.5.тармақпен толықтырылсын:
"2.2.5. Нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жағдайда Мердігерге өтемақы төлеу, егер белгіленген тариф тасымалдау шығынын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді жеңілдетілген жағдайда немесе тегін тасымалдағанда";
      8) 5.3.тармақтағы "және маршрут желісін ұстауға айлық соманы алдын ала төлеу" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы әділет органында міндетті түрде тіркеуге жатады және оны ресми жариялаған күннен бастап күшіне енеді.

      Қала әкімінің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады