Аудандық бюджет қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімиятының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 281 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 тамыздағы N 937 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 57 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2007.11.27 N 57 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңына "Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес және "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі 832 қаулысын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы бюджетінің қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттары бекітілсін. (қоса тіркеледі)
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тиындықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Бәйдібек ауданы әкімиятының
2003 жылғы 15 шілде N 281
"Аудандық бюджет қаражаты
есебінен кредит беру келісімінің
шарттарын бекіту туралы"
қаулысына қосымша

Бәйдібек аудандық бюджет қаражаты есебінен
кредит беру келісімінің
Шарттары

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Бюджет жүйесі туралы" Заңына 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына, "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөнінде қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі 832 қаулысына және "Облыстық бюджет қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттарын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 1 ақпандағы 57 қаулысына сәйкес әзірленді және Бәйдібек аудандық әкімиятының аудандық бюджет ақшасы есебінен бюджеттік кредит беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Осы Шарттарда мынадай түсініктер пайдаланылады:
      кредит беруші Бәйдібек ауданы әкімияты;
      бағдарлама әкімшісі Бәйдібек аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімі;
      бюджеттік несие мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында аудандық бюджеттен кредит берушілер ұсынатын ақшалар;
      заемшы-банк-заемшы немесе түпкі заемшы;
      банк заемшы банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, түпкі заемшыларды одан әрі несиелендіру үшін аудандық бюджеттен бюджеттік кредит алатын екінші деңгейдегі банк немесе ұйым;
      түпкі заемшы-банк-заемшы арқылы бюджеттік кредит алатын заңды немесе жеке тұлға.
      3. Аудан әкімиятының қаулысына сәйкес қайтарымды негізде аудандық бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелерін тіркеу үшін банктер-қатысушылар арасындағы конкурстық нәтижелері бойынша:
      кредитор мен банктер-заемшылар;
      банктер-заемшылар және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.
      4. Бюджеттік кредит беру оларды түпкі заемшыларға кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
      5. Аудандық бюджет ақшаларының есебінен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келісімдер) жасасу Бәйдібек ауданы әкімияты атынан аудан әкімі немесе оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
      6. Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар:
      шарт бойынша міндеттеменің қатысушылары кредитор және кредит алушы;
      кредитор және кредит алушының толық атауы. СТН және тараптардың мекен-жайы;
      бюджеттік бағдарламаның атауы;
      шарт жасасудың мақсаты;
      ақшалай міндеттеменің (кредиттің) мөлшері;
      бюджеттік кредиттер ұлттық валютада беріледі;
      сыйақы ставкасы- бюджеттік кредиттер сыйақының тіркелген ставкасымен беріледі, оның ішінде:
      банк-заемшының сыйақы ставкасы бюджеттік кредит беру бағдарламасына қатысушы банк-заемшыларды іріктеу жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша анықталады;
      аудандық бюджеттің сыйақы ставкасы ұлттық валютадағы жылдық өсімі 0,5 пайыз;
      борыштың негізгі сомасын өтеу мерзімі бекітілген өтеу кестесіне сәйкес өндіріледі;
      міндеттемелерді кредит алушылардың мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі туралы;
      кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету түпкі заемшының мезгілінде қайтара алмаған жағдайда, банктің қаражаты есебінен;
      шарт талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
      банк-заемшы мен түпкі заемшы арасында келісім жасалады;
      7. Жергілікті бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендірудің
негізгі бағыттары:
      жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру;
      экономикалық салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау;
      шағын кәсіпкерлікті аймақтық қолдау және микронесиелендіру бағдарламасын орындау болып табылады.
      8. Нысан бойынша берілетін бюджеттік несие:
      барлық бюджеттік несиенің сомасын біржолғы аудару арқылы ұсынылатын мерзімінен тыс несие;
      несиелік желілер аудару кестесіне сәйкес заемшының шотына бюджеттік несие сомасын кезеңдік аудару арқылы берілетін несие не оның төлем құжаттарын бір жолғы төлеу болып бөлінеді.
      9. Мерзімдеріне байланысты бюджеттік несиелерді беру:
      қысқа мерзімді-1 жылға дейінгі мерзімді несие;
      орта мерзімді-1 жылдан жоғары, бірақ 3 жылдан артық емес мерзімдегі несие;
      ұзақ мерзімді 3 жылдан жоғары мерзімдегі несие болып бөлінеді.
      10. Бағдарламалардың әкімшілері тізбеге сәйкес өтініш білдірген нақтылы бюджеттік мерзімін көрсете отырып бағдарламаларды іске асыру шеңберінде олардың несиелерді алуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің оз қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
      11. Конкурстың қорытындылары бойынша бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның тиісті шешімдеріне жобалар енгізеді. Несие берушілер нақтылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу шарттары мен дәрежелері анықталатын түпкілікті шешім қабылдайды.
      12. Жергілікті атқарушы органның оң шешім қабылдауы негізінде бағдарламалардың әкімшілерінің қатысуымен банк-заемшыларымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда несиелік шарттарды және оларға байланысты құжаттарды (кепіл, кепілдік туралы шарт, төлемдердің кестесі және басқалар) жасасуды жүргізеді.
      Несие беруші теріс шешім қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкімшілері қайта конкурс өткізуді ұйымдастырады.
      13. Жасасқан несиелік шарттар жасасқан күннен бастап үш күндік мерзімде тіркеуге жатады.
      14. Тараптардың бюджеттік несиелендіру кезінде туындаған барлық даулары мен пікір қайшылықтар жасасқан несиелік шарттардың талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
      15. Несиелік ресурстардан түпкі заемшылардың бюджеттік несиелерін банк заемшыларға беру қолданылып жүрген заңдарға, несие берушімен жасасқан несиелік шарттарға және банк заемшының ішкі несиелік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Банк-заемшы түпкі заемшының несиелік ұсыныстарына: түпкі заемшының төлем қабілетіне және өтелмеген бюджеттік несие тәуекелінің дәрежесіне талдау, жобаның экономикалық тиімділігіне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткіштеріне талдау, көздердің бар-жоғын және несиені өтеудің қамтамасыз етуіне тексеру жүргізу арқылы сараптама жүргізеді.
      17. Бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша банк-заемшылардың несиелік ұсыныстарының сараптамасы нәтижесінде түпкі заемшыны несиелендіру туралы шешім қабылданады, олармен несиелік шарттар және бюджеттік несиелерге байланысты басқа құжаттар жасасады.
      18. Несиелік шарттар және оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейін банкзаемшылар түпкі заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелік шарттарға сәйкес бюджеттік несиелердің сомасы есептеледі. Көрсетілген шоттан түпкі заемшының есеп-шотына ақшаны аудару арқылы несиелерді беру жүргізіледі.
      19. Негізгі борышты өтеуді және есептелген сыйақыны төлеуді жасасқан несиелік шартқа сәйкес заемшы жүзеге асырады.
      Бұл орайда, төлемдердің мынадай кезегі белгіленеді:
      есептелген айыппұлдар мен өсімдер;
      есептелген сыйақылар;
      негізгі борышты өтеу.
      20. Банк-заемшы несиелік шарттың талаптарын бұзған жағдайда несие беруші несиелік шартты мерзімінен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бірге несиенің іс жүзіндегі ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
      21. Несиелік шартты бұзбаған жағдайда бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану фактілері ашылса несие беруші несиелік шартта айтылған мөлшерде айыппұл ала отырып несиенің заңсыз пайдаланылған сомасын заемшыдан өндіріп алуға құқылы.
      22. Заемшы несиелік шартта белгіленген мерзімде негізгі борышты өтелмеген және/немесе бюджеттік несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақталған берешектерге айыппұл проценттері есептеледі.
      23. Бюджеттік несие бойынша заемшының берешектері пайда болған және несиелік шарттың талаптарымен анықталған мерзім ішінде ол өтелмеген жағдайда жергілікті бюджеттерден берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органы немесе банк-заемшы (түпкі заемшы жағдайында) берешектерді қайтаруды қамтамасыз ететін мынадай:
      заңдарда белгіленген тәртіппен заемшының берешектерін өтеу жөніндегі олардың міндеттемелерін орындауы туралы құжаттарды гарантқа (алушыға) жіберу;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепіл туралы шарттың негізінде заемшының салған мүлкін сату;
      заемшы несие берушінің не банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға заемшының талаптарын төлеуге ұсыну;
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейін сот тәртібінде өндіріп алу жүзеге асыру шараларын қолданады.
      24. Бюджеттік кредиттерді игеруге, мақсатты пайдалануға, уақтылы және толық өтеуге бақылау жасауды;
      жергілікті бюджеттерден берілген кредиттер бойынша жергілікті атқарушы орган;
      түпкі заемшыға байланысты жағдайда барлық бюджеттік кредиттер бойынша банк-заемшылар жүзеге асырады.
      Аудандық бюджет қаражаты есебінен берілген кредиттерді мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда заемшы мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражаттың сомасын қайтаратын және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың 25% мөлшерінде айыппұл төлейді.
      Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттің сомасына, сол сияқты бюджетке қайтарылуға жататын және заемшының осы Шарттарға сәйкес кредит шартында белгіленген игерілу мерзімінен кейін пайдаланған сомаларда жатады.
      25. Аудандық бюджет қаражаты есебінен берілген несие банк заемшы тиісті бюджетке негізгі борыштың сомасын қайтару және сыйақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа ілеспе төлемдерді толық көлемде төлеген жағдайда өтелген болып есептеледі.
      26. Кредит беруші бақылау мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен және банк-заемшылардан бюджеттік кредиттерге байланысты қажетті ақпаратты талап етуге құқылы.
      27. Бюджеттен кредит беруді есепке алу шартқа сәйкес оның негізгі сомасының бюджет қаражатын өтеу мен ол бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеуге жергілікті уәкілетті орган мен шартқа сәйкес тиісті жергілікті бюджеттік қаражаттарды алушы арасындағы шарт жағдайының сақталуын бақылау мақсатында жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады