"Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2674. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 362 Бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы  N 362  Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  17 бабының  13) тармақшасына және 7 бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы бұйрық ресми түрде баспадан шыққан күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

"Медициналық ұйымдардың    
қалдықтарын жинауға, пайдалануға,
зарарсыздандыруға, тасымалдауға, 
сақтауға және көмуге қойылатын   
санитарлық-эпидемиологиялық    
талаптар туралы" санитарлық-   
эпидемиологиялық ережелері және  
нормаларын бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрінің м.а.     
2004 жылғы 13 қаңтардағы   
N 19 бұйрығымен бекітілген   

  "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.

      2. Осы санитарлық ережелер талаптарын сақтауды медициналық ұйымдардың бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) медициналық қалдықтар - денсаулық сақтау  ұйымдары қызметтің үрдісі барысында пайда болатын қалдықтар;
      2) зиянсыздандыру - қалдықтарды адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіз жағдайға келтіру.

  2. Медициналық қалдықтардың жіктемесі

      4. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) өз қызметін жүргізу барысында құрамы және эпидемиологиялық, улану және радиациялық қауіптілік дәрежесі  бойынша әртүрлі қалдықтарды түзеді. Қалдықтар төмендегідей кластарға бөлінеді (осы санитарлық ережелерге қосымша ):
      1) А класы - қауіпсіз қалдықтар;
      2) Б класы - эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және өте қауіпті қалдықтар;
      3) В класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға жақын қалдықтар;
      4) Г класы - радиоактивті қалдықтар.

  3. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және тасымалдау
жүйесін ұйымдастыру

      5. Жататын класына байланысты  қалдықтардың айналыс үрдісі мыналардан тұрады:  медициналық ұйым ішіндегі қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, оларды контейнерлерге қайта тиеу, ұйым аумағында уақытша сақтау, тасымалдау, зиянсыздандыру, полигондарға көму (қатты тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қалдықтарды).

      6. Әрбір ұйымда медициналық қалдықтардың айналым жасау сызбасы дайындалуы керек. Қалдықтардың сандық және сапалық құрамын тексерудің негізінде бір жолғы пайдаланылатын қораптарға, контейнерлерге, қалдықтарды сақтауға арналған ыдысқа деген қажеттілік, зарарсыздандырғыш құралдарға және зарарсыздандырғыш ерітінділерге арналған ыдыстарға деген қажеттілік есептеледі.

      7. Әрбір бөлімшеде бұйрықпен медициналық ұйым аумағында қалдықтарды жинауға, оларды сақтауға, және контейнерге дейін тасымалдауға жауапты адам тағайындалады.

      8. Ұйымның қызметкері қалдықтарды қауіптілік класына сай қорғанатын киіммен қамтамасыз етілуі, жұмысқа қабылданар алдында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен алдын ала және кезеңді медициналық тексеруден өтуі керек.

  4. Қалдықтарды жинау тәртібі

      9. Қалдықтардың қауіптілік класына байланысты оларды жинауға, уақытша сақтауға және тасымалдауға әртүрлі талаптар қойылады. Қалдықтарды жинаудың, сақтаудың және тасымалдаудың барлық сатыларында түрлі класқа жататын қалдықтарды араластыруға болмайды.

      10. А класына жататын қалдықтар ұйымның палаталық бөлімшелерінде (жұқпалы ауруларды, тері-венерологиялық, туберкулезді емдейтін, микологиялық бөлімшелерден басқалары); әкімшілік-шаруашылық қызмет жүргізетін үй-жайларда; бөлімнің ас үйінде; буфеттерінде (жұқпалы, тері-венерологиялық, туберкулезді емдейтін, микологиялық бөлімшелерден басқалары); ұйым территориясында түзіледі.

      11. А класына жататын қалдықтарды көп рет пайдаланатын ыдыстарға немесе бір рет пайдаланылатын қапшықтарға жинайды. Қалдықтар көп рет пайдаланылатын ыдыстардан оларды жинауға және әкетуге арналған контейнерлерге, ал бір рет пайдаланылатын қапшықтар контейнерлерге қалдықтардан босатылмай-ақ тиеледі. Көп рет пайдаланылатын ыдыс қалдықтан босатқаннан кейін жуылуы, ал тағамдық қалдықтарын жинауға арналған ыдыстар жуылып, зарарсыздандырылуы керек.

      12. Б класына жататын қалдықтар ота жасайтын, реанимациялық, ем шара жүргізетін, және диагностикалық үй жайларда, жұқпалы ауруларды емдейтін, тері-венерологиялық, патологоанатомиялық бөлімдерінде және зертханаларда түзіледі.

      13. Б класына жататын қалдықтар тығыз жабылған қақпағы бар (темірден жасалған, пластмассалық) ыдысқа салынып, бір рет пайдаланылатын пластикалық қапшықтарда, немесе бір рет пайдаланылатын қатты герметикалық ыдыста жиналады. Бір рет пайдаланылатын ыдыстың төрттен үш бөлігі толғаннан кейін, ол тұмшаланып, байланады.

      14. Қалдықтарды зиянсыздандыруға арналған арнайы қондырғыға келіп түсетін қалдықтардан, көмуге жататын жұқпалы емес науқастан түзілетін, органикалық ота жасаудан түзілген қалдықтардан басқа Б класының барлық қалдықтарын жинау алдында алдын ала зарарсыздандыру керек.

      15. Бір рет пайдаланылатын медициналық құрал саймандар (піспектер, инелер, ұштықтар, жүйелер және басқа керек-жарақтар) олардың бүтінділігін бұзбай-ақ, бір рет  пайдаланылатын қатты қапшыққа салып және алдын ала зарарсыздандырмай-ақ арнайы қондырғыларда күйдіреді немесе зиянсыздандырады.

      16. Медициналық керек жарақтарды зарарсыздырғаннан кейін пайдаға асырылуы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен іске асырылады.

      17. Жұқпалы материалмен немесе науқаспен жанасқан ірі габаритті қалдықтардың бетін және агрегаттарды зарарсыздандыру керек.

      18. Арнайы қондырғыларда күйдіруге немесе зиянсыздандыруға жататын қалдықтардан басқа бір рет пайдаланылатын қапшықтарда жиналған Б класының қалдықтарын аумақтағы контейнерге тиеледі. Б класына жататын сұйық қалдықтар зарарсыздандырылғанан кейін канализацияға құйылады.

      19. Медициналық бөлімшеден тыс жерлерге Б класына жататын қалдықтардың барлық түрлерін тасымалдау оны тұмшалағаннан кейін бір рет пайдаланатын қапшықтар арқылы жүзеге асырылады.

      20. А класының қалдықтары диагностикалық бөлімшелерде; химиялық ем жасайтын бөлімдерде; патологоанатомиялық бөлімдерде, фармацевтикалық цехтарда, дәріханаларда, қоймаларда; химиялық зертханаларда; әкімшілік-шаруашылық қызмет жүргізетін үй жайларда түзіледі.

      21. В класына жататын қалдықтың әрбір түрінің уыттылық дәрежесі қалдықтардың қауіптілік класы жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде анықталады.

      22. Қалдықтарды сақтау және тасымалдау кезінде пайдаланыста болған люминесценттік шамдарды, құрамында сынабы бар құралдарды және жабдықтарды сынуды болдырмайтын аузы жабық қораптарда жинау керек. Люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар құралдар және жабдықтар сынған жағдайда, олар тұмшаланған қораптарда жиналады. Пайдаланылған люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар құралдар мен жабдықтары бар қораптарды уақытша сақтау ұйымның қосымша үй жайларында жүргізу керек, қалдықтарды мамандандырылған ұйымға әкету Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      23. Қауіптілігі 1-2 кластары қалдықтарға жататын цитостатикалық дәрмектерді жинау, сақтау өнеркәсіптік қалдықтардың уыттылық жіктемесіне және қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сай жүзеге асырылуы керек.

      24. Өнеркәсіптік қалдықтардың уыттылық жіктемесіне сай қауіптілігі 2-3 кластарына жататын В класының қалдықтары қатты қорапқа, ал 4 класқа жататын қалдықтар жұмсақ қорапқа салынып, жиналады.

      25. Г класына жататын қалдықтар диагностикалық зертханаларда (бөлімдерде), радиоизотопты зертханаларда және рентгенге түсіретін кабинеттерде түзіледі. Г класына жататын қалдықтарды жинау, сақтау радиоактивті заттармен және басқа иондағыш сәуле көздерімен жұмыс жасау тәртібі талаптарына, радиациялық қауіпсіздік нормаларына және радиоактивті заттармен жұмыс жасауды реттейтін басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай жүргізіледі.

      26. Б класына жататын қалдықтарды бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыруға, кез келген қалдықтарды қолмен тығыздауға, оларды қолғапсыз жинауға болмайды.

  5. Құрал-саймандарға және қалдықтар мен оларды
жинайтын ыдыстарға зарарсыздандыру жүргізу тәртібіне
қойылатын талаптар

      27. Б класындағы қалдықтарды зарарсыздандыру үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
      1) ыстықпен (қайнату, автоклавпен өңдеу, камералық өңдеу);
      2) бір рет қолданылатын қаптамаға жинап салу алдында арнайы бөлінген зарарсыздандыратын ерітіндіге батыру;
      3) сұйық қалдықтарға зарарсыздандыратын құрғақ заттар себу;
      4) басқа әдістер (өте жоғары жиілікте сәуле көзімен, гамма сәуле көзімен).

      28. Б класындағы қалдықтарды зарарсыздандыру патогендігі 1-4 топтағы қоздырғыштармен жүргізілетін жұмыс режиміне сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар, оларға қосылып берілген нұсқаулықтарға сәйкес қолданылуға тиіс.

      29. А класына жататын тағамдық қалдықтарды жинауға арналған бірнеше рет қолданылатын ыдыстарды зарарсыздандыру жұмыстары ұйымның күшімен күнделікті жүргізіледі.

      30. Б класына жататын қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді зарарсыздандыруды қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік ұйымдары аптасына кем дегенде бір рет жүргізеді. Апатты жағдай орын алғанда, Б класында жататын қалдықтардың контейнердің ішінде немесе автокөлікте қаптамасыз жатқаны анықталғанда контейнерлердің іші және автокөлік тез арада зарасыздандырудан өткізілуі керек.

      31. Қалдықтарды жинауға арналған бір рет қолданылатын пакеттер немесе сыйымдылықтар тығыз жабылуға тиіс және арнайы белгісі немесе түсті бояулармен белгіленуі керек.

      32. Қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің қақпағы тығыз жабылып, алаңда немесе оқшау үй-жайларда орналасуға тиіс. Контейнерлерді орналастыруға арналған алаңдардың бетінде су өтпейтін қабаты (асфальт, бетон) болып, автокөліктің келіп, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болып, емдеу корпустарынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасуы керек.

      33. Медициналық қалдықтарды жинау және жоюдың негізгі жүйесі, жинағыштарды "алмастыру" жүйесі болып табылып, бұл жағдайда медициналық қалдықтар, олар тасымалдауға арналған контейнерлермен жабдықталған автокөліктермен шығарылады.

      34. Б класындағы қалдықтар жинақталған жерінде бір тәуліктей ғана, ал арнайы алаңшалардағы контейнерлерде немесе қалдықтар бар ыдыстарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктей сақталуға тиіс. Б класындағы биологиялық қалдықтар және тамақ қалдықтары плюс 5 о С-тан аспайтын температурада сақталуы тиіс. Қалдықтарды аумақтан әкету контейнердің үштен екі бөлігі толған кезде, алайда кемінде үш күнде бір рет жүзеге асырылуға тиіс.
       Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 262   бұйрығымен .

      35. Қалдықтарды жинайтын ыдыстарды уақытша сақтауға арналған үй-жай төмендегідей жабдықталуға тиіс: кранмен жабдықталған қолжуғыш, ағынды су ағатын жолмен, бактерия жойғыш сәуле көзімен, желдеткішпен, биологиялық және тағамдық қалдықтарды сақтауға арналған салқындатылатын қондырғылармен.
      Үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарға шыдамды, кеуексіз материалдардан жасалуға тиіс.

      36. В класына жататын қалдықтарды сақтау осы мақсатқа арнайы бөлінген қосымша үй-жайларда жүргізіледі.

  6. Қалдықтарды тасымалдауға, зиянсыздандыруға және
орналастыруға қойылатын талаптар

      37. Ірі медициналық ұйымдарда қалдықтар салынған пакеттер мен ыдыстарды аумақтағы контейнерге дейін жеткізуді орталықтандыру үшін шағын механикалық құралдарды қолдану керек (арбалар, доңғалақты қондырғыларға орналасқан бактар, жылжымалы контейнерлер).

      38. Б класына жататын қалдықтарды медициналық ұйымдардан тыс жерлерде тасымалдау, қоқыс шығарумен айналысатын автокөлікпен, контейнерлер тығыз жабылған жағдайда жүргізілуге тиіс. Қолданылатын көлік жол жүргенде қоқыстардың шашылуын және қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, тиеу-түсірудің ыңғайлы жағдайын қамтамасыз ету керек.

      39. В класына жататын қалдықтарды тасымалдау, зиянсыздандыру және көму уытты өнеркәсіптік қалдықтарды тасымалдау, зиянсыздандыру және оларды көмуге қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      40. Г класына жататын қалдықтарды тасымалдау, зиянсыздандыру және оларды көму қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      41. А класына жататын қалдықтарды көму қатты тұрмыстық қалдықтарды көметін кәдімгі полигондарда жүргізуге болады.

      42. Б класына жататын қалдықтар түрлеріне қарай:
      1) арнайы қондырғыларда зиянсыздандырылып, содан кейін қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын полигондарға шығарылуы керек. Арнайы қондырғыларға медициналық қалдықтарды зиянсыздандыруға мүмкіндік тудыратын, өртеу арқылы, автоклав арқылы,  қысқа толқынды және плазмалық өңдеуді қажет ететін, химиялық әсер арқылы және басқа әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін қондырғылар жатады;
      2) қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын полигонға шығарылуы керек (материалдар және құрал-саймандар, пациенттерден бөлінген заттар, осы санитарлық ережелердің 5-бөліміне сәйкес жүргізілген зарарсыздандырудан кейінгі микробиологиялық зертханалық қалдықтары);
      3) арнайы бөлінген қорымдарда көмілуі керек (отаудан кейінгі органикалық қалдықтар (органдар, тіндер), жұқпалы аурулардан кейін жүргізілген зарарсыздардырылғын, жұқпалы емес аурулардан кейінгі зарарсыздандырылмаған, қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес зиянсыздандырылған патологоанатомиялық қалдықтар).

      43. Б класына жататын қалдықтарды арнайы қондырғыларда зиянсыздандырудың орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған әдістері арқылы жүзеге асырылуы керек.

      44. Орталықтандырылған әдісті пайдаланғанда медициналық қалдықтар қоқыс өртейтін зауыттардың пешінде, крематорияларда немесе арнайы қондырғыларда зиянсыздандырылады. Көрсетілген зауыттардың орналасуы, пайдалану жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету деңгейі тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

      45. Қалдықтарды зиянсыздандыратын арнайы қондырғыларды емдеу ұйымдардың немесе денсаулық сақтау ұйымы орналасқан ұйымның аумағында орналастыру (орталықтандырылмаған) аумақтық  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысына және аталған қондырғының нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

"Медициналық ұйымдардың    
қалдықтарын жинауға, пайдалануға,
зарарсыздандыруға, тасымалдауға, 
сақтауға және көмуге қойылатын   
санитарлық-эпидемиологиялық   
талаптар" туралы санитарлық   
ережелер және нормаларға қосымша 

Қалдықтарды жіктеу

__________________________________________________________________
А класы    | Б класы                 |В класы       |  Г класы
Қауіпсіз   | Эпидемиологиялық қауіпті|құрамы        | радиоактивті
қалдықтар  | қалдықтары              |бойынша       | қалдықтары
___________|_________________________|              |
           |қауіпті  |   өте қауіпті |өнеркәсіптік  |
           |         |               |қалдықтарға   |
           |         |               |жақын         |
           |         |               |қалдықтар     |
___________|_________|_______________|______________|_____________
Пациенттер. Жұқпаға   Аса қауіпті жә. Мерзімі өткен  Құрамында ра.
дің және    күдікті   не карантинді   дәрі-дәрмектік диоактивті ком.
жұқпалы ау. қалдық.   жұқпалы ауру.   заттар         ненттер бар
рулардың    тар       лармен жанас.                  қалдықтың бар.
биология.             қан материал.   Дәрі-дәрмек.   лық түлері
лық сұйық.  Аурудан   дар             тердің және
тықтары     бөлін.                    диагностика.
мен жана.   ген       Патогенді 1-2   лық препарат.
суда бол.   заттар.   топқа жататын   тардың қал.
маған       мен       микроорганизм.  дықтары
қалдықтар   және      дермен жұмыс
            биоло.    істейтін зерт.  Қолдануға
Уытсыз      гиялық    ханалардың      болмайтын,
қалдықтар   сұйықтық. қалдықтары      мерзімі өткен 
жұқпалы     тар                       зарарсыздан.
оның        мен лас.  Фтизиатрлық,    дырғыш заттар
ішінде      танған    микологиялық    
тері-ве.    мате.     ауруханалар.    Цитостатисти.
нероло.     риалдар   дың қалдық.     калық және
гиялық      және      тары            басқа химия.
және        құрал.                    лық препарат.
фтизи.      дар                       тар
атрлық,
миколо.     Патоло.   Анаэробты       Құрамында сы.
гиялық      гоана.    жұқпасы бар     набы бар құ.
бөлім.      томия.    аурулардың      рал-саймандар
шелері.     лық қал.  қалдықтары      және жабдық.
нен бас.    дықтар                    тар
қа ұйым.
нан шық.    Жұқпалы   
қан қал.    стацио.   
дықтар.     нарлар.   
дан бас.    дың       
қа тағам.   (бөлім.
дық қал.    шелер.
дықтар      дің)
            барлық
Жиһаз.      қалдық.
дар, құ.    тары
рал-сай.
мандар,     Патоген.
құра.       ділі
мында       3-4 топ.
уытты       тағы
элемент.    микро.
тер жоқ     орга.
істен       низмдер.
шыққан      мен жұ.
диагнос.    мыс іс.
тикалық     тейтін
жабдық.     микро.
тар         биоло.
Жұқпа.      гиялық,
сыз қа.     вирусо.
ғаздар,     логия.
қалдық.     лық сол
тар         сияқты
            сероло.
            гиялық
            биохи.
            миялық
            және
            клини.
            ко-ди.
            агнос.
            тика.
            лық
            зерт.
            хана.
            лардың
            қалдық.
            тары
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады