Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 2674 тіркелген Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2774. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 2674 тіркелген "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 19  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларында:

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Б класындағы қалдықтар жинақталған жерінде бір тәуліктей ғана, ал арнайы алаңшалардағы контейнерлерде немесе қалдықтар бар ыдыстарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктей сақталуға тиіс. Б класындағы биологиялық қалдықтар және тамақ қалдықтары плюс 5 о С-тан аспайтын температурада сақталуы тиіс. Қалдықтарды аумақтан әкету контейнердің үштен екі бөлігі толған кезде, алайда кемінде үш күнде бір рет жүзеге асырылуға тиіс".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады