Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада N 2040 тіркелген "Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік мешік құқығы жөніндегі Комитеті Төрайымының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 7-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2707. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 № 223 Бұйрығымен.

      "Патент заң ", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада N 2040 тіркелген "Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылғы N 2 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау және тіркеу ережесінде:
      59-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында.";

      60-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Патенттік сенімді өкілдің осы Ереженің 59-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылған қызметі осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталғаннан кейін қайта басталуы мүмкін.".

      2. Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға да таралады.

      Төрайым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады