Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1220 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережеcін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2711. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 60 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 60  қаулысымен.
______________________________

      Банктерді ерікті таратуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережеcін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1220 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 14-27 тамызда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 наурыздағы N 89  қаулысымен  бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1833 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережеcінде:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже банктерді тарату ерекшеліктерін, сонымен қатар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібін, ерікті түрде таратылатын банктің тарату комиссиясы (бұдан әрі - тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын банктің кредиторлар комитетін (бұдан әрі - кредиторлар комитеті) қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктерін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.";

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығында" деген сөздер "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында " деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тараудың атауында, 5-7, 10-12-тармақтарында, 26-тармақтың 19) тармақшасында, 28-тармақта, 29-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемінде және үшінші абзацында, 30, 31, 39, 48, 57-2, 57-8, 57-12, 57-13, 57-14, 59, 60-тармақтарында "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның банкті ерікті таратуға рұқсат беру және лицензияны қайтарып алу туралы шешімі өтініш беруші осы шешімді алған күннен бастап күшіне енеді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Банк ерікті таратуға рұқсат алған кезде банк операцияларын жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бұл жөнінде бірінші басшының не оның орынбасарының қолы қойылған дәлелді шешім шығарып, банкке жіберуге тиіс.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Уәкілетті органның ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енгеннен кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысы бес жұмыс күні ішінде филиалдар мен өкілдікті ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.

      13. Ерікті тарату ісінің басталуы ретінде банктің тарату комиссиясын құру күні есептеледі.";

      16-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      24-тармақта "заңдарында" деген сөз "заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақта:
      8) тармақшаның "Ұлттық Банк Басқармасы қаулыларының" деген сөздер "уәкілетті органның шешімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) банкті тарату аяқталған кезде құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды;";

      27-тармақ алынып тасталсын;

      29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Таратылатын банктің ағымдағы шоты оның бас офисі орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалында ашылады. Ерекше жағдайларда уәкілетті органның рұқсатымен басқа банктерде таратылатын банктің ағымдағы шотын ашуға жол беріледі.";

      32-тармақтың:
      бірінші абзацында "Ұлттық Банктің" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      38-тармақтағы мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "Ұлттық Банк Басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысын" деген сөздер "уәкілетті органның банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48-тармақтың бірінші және үшінші абзацтарында және бұдан әрі мәтін бойынша "кредиторлар тізіліміне", "кредиторлар тізілімін" және "Кредиторлар тізілімі" деген сөздер тиісінше "кредиторлар талаптарының тізіліміне", "кредиторлар талаптарының тізілімін", "Кредиторлар талаптарының тізілімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50-тармақтың екінші абзацында "жұмсауға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тарату комиссияларына еңбекақы төлеуге арналған қаражатты екі айдан астам мерзімге резервке алуға." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, ерікті таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Б.Жәмішевке жүктелсін. 

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады