Банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 60 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4688 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктерді ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банктерді ерікті тарату ережесі бекітілсін.
      2. Мынадай нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1220 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережеcін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 16 наурыздағы N 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1833 тіркелген);
      3) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1220 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережеcін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2711 тіркелген).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А.Бахтиярова):
      1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

       Келісілді
      Қазақстан Республикасы 
      Ұлттық Банк Төрағасы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат
      министрлігінің Ақпараттар
      және мұрағаттар комитетінің
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау     
агенттігі Басқармасының    
2007 жылғы 30 наурыздағы N 60
қаулысымен бекітілген   

  Банктерді ерікті тарату ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-16974-4 бабына сәйкес (бұдан әрі - Банктер туралы заң) әзірленді және ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметінің ерекшелігін, ерікті таратылатын банктің кредиторлар комитетінің қалыптасуын және қызметін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту тәртібін, тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтауы бойынша талаптарын айқындайды.
      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшелігі осы банктер мен олардың құрылтай құжаттарын құру құралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) айқындалады.
      Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы  заңнамасымен айқындалған мәндерде қолданылады.

  1-тарау. Банкті ерікті тарату процесінің басталуы

      1. Ерікті тарату процесінің басталуы банктің тарату комиссиясының құрылу күні болып есептеледі.

      2. Банктің тарату комиссиясы банк акционерлерінің жалпы жиналысы арқылы банктің филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірмей құрылады.
      Банктің тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Банктің тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және банкті тарату процесі аяқталғанға дейін:
      1) ерікті таратылатын банк акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғалардың, оның ішінде банктің мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктерінің, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары осы Ережеде көзделгеннен басқа жағдайларда тоқтатылады;
      2) таратылатын банк атынан немесе таратылатын банк есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекет, егер оларды банктің тарату комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылды атқаруға төраға Қазақстан Республикасы  заңнамасымен ресімделген сенімхат берген тұлға жүзеге асырғанда ғана заңды күшке ие бола алады;
      3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі аяқталған болып есептелінеді;
      4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрі бойынша құнсыздық пен сыйақыны есептеу тоқтатылады;
      5) банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар банктің тарату комиссиясының төрағасының атына ғана ұсынылуы керек және осы Ережемен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаралады;
      6) таратылатын банктің мүлкін өтеуге байланысты барлық белгіленген заңнамалық шектеулер алынып тасталады.

  2-тарау. Тарату комиссиясы

      4. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап оған таратылатын банктің ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер көшеді.
      Тарату комиссиясы банктің ісін, оның ішінде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.
      Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет жасайды және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес бола алады.
      Тарату комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      5. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызмет етуіне дербес жауап береді.
      Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.

      6. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері болса, оларды сол жерде құрылатын банктің тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.
      Бөлімше құрамы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан қалыптасады және тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

      7. Бөлімшені тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға бұйрығымен тағайындалған басшы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басқарады.
      Бөлімше басшысы өзінің қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.
      Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      8. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясының тартылған қызметкерінің құқықтары мен міндеттері, еңбекақы төлемінің талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында анықталады.
      Жұмысқа қабылдау банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

      9. Тарату комиссиясының төрағасы шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысын және бөлімшенің қызметін бақылайды.

      10. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілікті алады.

      11. Банк акционерлері банктің тарату комиссиясының құрамына "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

      12. Тарату комиссиясы:
      1) әділеттің орталық органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кредиторлардың талап-шағымдарын (өтініштерін) ұсыну тәртібін, мерзімін және банк кредиторлары өз талаптарын ұсынуға құқылы мекен-жайларын міндетті түрде көрсетіп, банктің ерікті таратылатындығы туралы ақпаратты жариялайды.
      Талап-шағыммен өтінішті ұсыну мерзімі тарату туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс;
      2) банктің басшылығынан банктің құқықтық негізді құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, ақпараттың электронды тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, таратылатын банктің бланктерін және басқа да құжаттарын, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы тиісінше актіні жасау арқылы қабылдайды;
      3) банктің активтерін қабылдайды;
      4) таратылатын банктің кассасын дереу түгендейді, ақша қалдығын ағымдағы шоттарына аударады;
      5) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктің корреспондеттік шоттарына тексеру жүргізеді, оларды жабады және теңгеде және шетел валютасында таратылып отырған банктің ағымдағы шоттарын ашады;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісінше филиалдарына банк атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымды тұлғалардың қол қою үлгілерімен жаңа құжаттар ұсынады;
      7) уәкілетті органның банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімінің, банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімінің көшірмелерін банктің салымшыларына (кредиторларына) көрінетін көрнекі орынға орналастырады;
      8) тарату комиссиясын құрған күнге электронды түрде жасалған есеп-бухгалтерлік ақпаратты басып шығарады.
      Осы ақпарат электронды түрде болмаған жағдайда, негізге осы күнгі қағаз тасымалдағыштағы ақпарат алынады;
      9) толық материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар тобын, оның ішінде банктің бухгалтерлік есепті жүргізудің электрондық жүйесіне кіруге және қаржылық және өзге де есеп беруді өңдеуге рұқсаты бар тұлғаларды анықтайды;
      10) таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;
      11) банктің бағдарламалық қамтамасыз етудің сақталуын және ақпаратының электронды тасымалдағыштарын, сондай-ақ басқа да ақпаратын сақталуын қамтамасыз етеді;
      12) банк қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;
      13) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті қызметкерлерді жалдайды;
      14) кредиторлардың тізімін жасайды, бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдамалық есеп деректерімен салыстырады;
      15) банктің әрбір кредиторын банктің ерікті таратылатындығы туралы жазбаша хабарландырады;
      16) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, бар деректемелерді және жазбаша хабарландыру мүмкіндігі жоқтығының себептерін көрсетіп акт жасайды;
      17) таратылатын банк кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды бекітілген банктің аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
      18) банкті таратудың барлық кезеңінде банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің дебиторларынан берешектерді алу үшін шаралар қабылдайды;
      20) уәкілетті органға жасалған жұмыс туралы есепті, сондай-ақ тарату процесіне қатысты басқа да мәліметтерді береді;
      21) кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болу фактісі анықталған жағдайда, сотқа банкті банкрот деп тану туралы өтініш береді;
      22) тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оны банк акционерлерінің жалпы жиналысының бекітуіне ұсынады;
      23) банкті таратуды аяқтау барысында белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтау үшін құжаттарды береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді;
      24) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Таратылатын банктің теңгедегі және шетел валютасындағы ағымдағы шоты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісінше филиалындағы бас офисінің орналасқан жерінде ашылады.
      Тарату комиссиясының бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарындағы ағымдағы шоттарды мына мақсаттарда ғана ашады:
      1) таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына ақша аудару;
      2) тарату комиссиясы бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотынан келіп түсетін ақшаны қабылдау;
      3) кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотынан келіп түсетін ақшаны қабылдау.
      Таратылатын банктің барлық ақшасы осы Ережемен көзделген касса лимитін, оның ішінде филиалдарын не өкілдіктерін қоспағанда, таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына аударылады.
      Таратылатын банк берешегі жоқ клиенттерінің жазбаша талабы бойынша банкті ерікті таратуға рұқсат алғаннан кейін тарату комиссиясы жедел (талаптарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде) банкті ерікті таратуға рұқсат алғаннан кейін таратылатын банктегі клиенттердің банк шоттарына түсетін ақшасын олардың жаңа деректемелері бойынша қайтарады.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау немесе өзге құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, банктің тарату комиссиясы белгіленген тәртіп бойынша құқық қорғау органдарына немесе сотқа өтініш жасайды, сондай-ақ уәкілетті органды хабардар етеді.

      15. Тарату жоспарында және кестесінде белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, тарату комиссиясы он күндік мерзімде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелерімен қоса тиісті жазбаша түсініктеме, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы қайта бекіткен тарату жоспары мен кестесін ұсынуға тиіс.

  3-тарау. Тарату шығыстарының сметасын
қалыптастыру және бекіту

      16. Банкті ерікті таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің ғана қаражаты есебінен жасалады.

      17. Тарату өндірісіне байланысты, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жасалады.
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға жол берілмейді.

      18. Тарату комиссиясының қызметі кезеңіндегі таратылатын банктің шығыстарын ретке келтіру мақсатында тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.

      19. Тарату комиссиясы, кредиторлар комитеті таратылатын банктің тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту кезінде нақтылық, негізділік, мақсаткерлік және тарату шығыстарының шынайылық принциптерін басшылыққа алады.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу керектігін болжалдайды.
      Тарату шығыстарының негізділік принципі тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде болжанатын шығыстың объективті қажеттілігі деп түсінуге болады.
      Тарату шығыстарының мақсаткерлік принципі дегеніміз тарату комиссиясы жасаған шығындар қойылған мақсатқа сәйкес келеді, яғни тарату өндірісін және банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды аяқтауға бағытталғандығын білдіреді.
      Тарату шығыстарының шынайылық принципі тарату комиссиясының жасалған шығындарды құжаттамалық растауын білдіреді.

      20. Тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің қандай да бір кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтындығын негізге алады және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылып отырған банктің істерін аяқтау барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, банктің кредиторлары мен акционерлерінің есеп айырысулары бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

      21. Тарату шығыстары сметасында қажеттілікке байланысты мынадай шығын баптары көзделеді:
      1) қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;
      2) бюджетке аударым жасау;
      3) әкімшілік шығыстар;
      4) тарату өндірісін жүзеге асыру үшін қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар;
      5) іссапарлық шығыстар.

      22. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, таратылатын банктің бар филиалдарын ескере отырып, тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.
      Шығыстарда мынадай сомалар көрсетіледі:
      1) лауазымдық жалақы;
      2) мемлекеттік бюджетке аударылатын табыс салығы;
      3) міндетті зейнетақы жарналары.

      23. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған жеке еңбек шартына және жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрыққа негізделеді.
      Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы штат кестесіне сәйкес қалыптасады.

      24. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

      25. Әкімшілік шығыстар мыналар үшін көзделуі мүмкін:
      1) қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметі;
      2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншік және кепіл мүлікті) күзету және сигнализация қызметі;
      4) көлікті күзету қызметі;
      5) көлік үшін тұрақ ұсыну қызметі;
      6) көлікті тіркеу қызметі;
      7) көлікті техникалық жағынан қарау қызметі;
      8) көлікті сақтандыру қызметі;
      9) коммуналдық қызмет;
      10) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдық жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) бойынша жұмыстар;
      11) үй-жайды жалдау;
      12) тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет;
      13) мүлікті бағалау жөніндегі қызмет;
      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет;
      15) жылу жүйесін іске қосуға дайындық жасау қызметі;
      16) сантехникалық жұмыстар;
      17) мүлікті сақтау жөніндегі қызмет;
      18) мемлекеттік баж салығын төлеу;
      19) нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет;
      20) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет;
      21) терезе, есіктерге торкөз дайындау және қою жөніндегі жұмыстар;
      22) аукциондар өткізу жөніндегі қызмет;
      23) сараптама жасау жөніндегі қызмет;
      24) аудит өткізу жөніндегі қызмет;
      25) құжаттарды аудару жөніндегі қызмет;
      26) телефон нөмірлерін қою, ауыстыру және басқа жерге ауыстыру жөніндегі қызмет;
      27) акционерлердің тізілімін көкейтесті жай-күйде ұстау үшін қажет тіркеуші қызметі;
      28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізу;
      29) таратуды тіркеу үшін алым төлеу қызметі.
      Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бір жолғы сипатта болуы мүмкін.

      26. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі және қол жетерлік барынша төмен қорды құруға шығыстар, мыналар үшін арналған:
      1) жұмыс жағдайындағы офистік жабдықтарды қамтамасыз ету;
      2) көлік құралдарын қамтамасыз ету;
      3) үй-жайды қамтамасыз ету;
      4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алу.

      27. Тарату комиссиялары әртүрлі қызмет көрсетуді және тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға шығыстарды сметаға енгізу кезінде есеп айырысулар тиісінше өңірде белгіленген тарифтік сеткалар мен орта нарықтық бағалар негізінде жасалады.

      28. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.

      29. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы шарттармен, шот-фактуралармен, чектермен және өзге растаушы құжаттармен расталады.

      30. Тарату комиссиясы тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тарату шығыстар сметасын қалыптастырады.
      Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      31. Филиалдық желісі бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасына енгізу үшін тарату комиссиясының бөлімшелері бөлігінде тарату шығыстары сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
      Тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасы тарату комиссияның бөлімшелері бойынша шығыстар бөлігінде жасалады.

      32. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың бесінен кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігі бойынша жасалады.

      33. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың он бесінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және бекітеді.
 

      34. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы оны бекіткен күннің келесі күнінде уәкілетті органға ұсынады.

      35. Тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасына алдын ала міндетті түрде кредиторлар комитеті бекітетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

      36. Тарату шығыстарының сметасы бекіткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

  4-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті
сақтауға қойылатын талаптары

      37. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

      38. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды бұйрығымен анықтайды.
      39. Бір кассирі бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда, кассирдің міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      40. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      41. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау банктің қоймасында (сақтау орнында) немесе күзет, өрт және дабыл сигнализация құралдарымен бекітілген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтарымен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      42. Ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) қабырғалары, едені, төбесі - мықты жасалған, үй-жайдың барлық периметрлері бойынша торкөзі 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрі 16 миллиметр металл торкөзімен қапталған болуы тиіс;
      2) терезе ойықтары торкөзі 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрі 16 миллиметр металл торкөзімен бекітілуі тиіс;
      3) кіретін есіктер екі құлыпты металдан жасалған болуы тиіс (материалының қалыңдығы екі жағынан да 2 миллиметрден кем болмауы керек). Осы есіктің ойығында құлыпқа жабылатын торкөзі 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрі 16 миллиметр металл торкөзбен қапталған торкөзді есік болуы тиіс;
      4) үй-жай осы қызмет түріне тиісті лицензиясы бар күзет ұйымының орталықтандырылған пультіне қосылған үш қатарлы күзетпен, дабылмен және өрт сигнализациясымен жабдықталады.

      43. Тарату комиссиясының касса (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау орны) немесе ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бір жиынтығы кассирде, екіншісі - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында болатын кілттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.

      44. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебі Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті бекітілген ай сайынғы шығыстар сомасын негізге алып, мына сомалар шегінде анықталады:
      ай сайынғы шығыстар касса қалдығының бөлімшелердегі
      касса күн сайынғы лимиті
      қалдығының күн сайынғы лимиті

      5 миллион теңгеге дейін        -20 мың теңге  -20 мың теңге
      5-тен 10 миллион теңгеге дейін -40 мың теңге  -20 мың теңге
      10-нан 20 миллионға дейін      -100 мың теңге -20 мың теңге
      20 миллионнан жоғары           -150 мың теңге -20 мың теңге

      46. Осы Ереженің 45-тармағымен белгіленген әр күндік лимит сомасынан асып кеткен жағдайда, тарату комиссиясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу мақсатында алынған қолма-қол ақшаларды сақтау, қызмет көрсететін банкте ақшаны алған күнді есептемегенде кемінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

      47. Кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері және кассирі қол қойған кассалық кіріс құжаттары бойынша (қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөніндегі хабарландыру және кассалық кіріс ордері) жасалады және кассалық кіріс журналында күн ішінде жалпы сомасы көрсетіледі.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.

      48. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

      49. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

      50. Ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.

      51. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерінде көрсетілген тұлғаға ғана береді.

      52. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалса, онда ордер мәтініндегі ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін кассир ақшаны алуға сенім білдірілген адамның фамилиясы, аты-жөні көрсетіледі. Егер ақша ведомость бойынша берілген болса, онда ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир "Сенімхат бойынша" деп жазба жасайды.
      Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомоске қосылып тігіледі.

      53. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден өндіріп алынады.

      54. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері және тарату комиссиясының кассирі қол қояды, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қол қояды.

      55. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосі бойынша жасалады.

      56. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосінің бірінші бетінде (аты көрсетілген) қолма-қол ақшаның берілгендігі туралы рұқсат беру жазбасы, тарату комиссиясы төрағасының және тарату комиссиясы бас бухгалтерінің қолымен, қолма-қол ақшаны беру мерзімін және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

      57. Кассир жалақы төлеудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін:
      1) төлем жасалмаған тұлғалардың фамилиясының қарсы тұсына мөртабан қояды немесе қолымен "Депонирленген" деп белгі қояды;
      2) депонирленген соманың тізілімін жасайды;
      3) ведомостің соңында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосінің жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді;
      4) ведомостегі нақты төленген соманы және кассалық шығыс ордерінің нөмірін көрсетеді.

      58. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне қолма-қол ақша тарату өндірісіне байланысты мақсаттар үшін есепті түрде беріледі.
      Ақшаны есепті түрде берудің негіздемесі тарату комиссиясының бас бухгалтері және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептері, хаттамалары және басқалар) қажеттігін негіздейтін құжаттарды тиісті жағдайда ресімдеу болып табылады.

      59. Алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде есепті түрде берілген сомалар, іссапар мерзімі аяқталған күнгі іссапарлық шығыстар бойынша есепті тұлғалар алынған сомалардың қойылған мақсат бойынша жұмсалғанын растайтын құжаттарды береді (барлық растаушы құжаттар қоса берілген аванстық есептер, тауарлардың төлемі және көрсетілген қызмет туралы чектер).

      60. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшіру, түзетіс немесе түзету, тіпті келісілгендеріне де жол берілмейді.
      Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері және оған қоса беріліп отырған құжаттар атап көрсетіледі.

      61. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төленді" деген қолымен немесе мөртабанмен міндетті түрде жабылады.

      62. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген) талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды, және оның қорытындысын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирінің қолдарымен расталады.

      63. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебі үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша кассир қабылданған және берілген ақшаның (құндылықтардың) есеп кітабын (бұдан әрі - касса кітабы) жүргізеді, ол нөмірленуі, тігілуі және мөрмен жабылуы тиіс.
      Касса кітабындағы парақтар саны төрағаның, бас бухгалтердің және кассирдің қолдарымен расталады.

      64. Касса кітабында өшіруге және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. Қате түзетілген жағдайда "Түзетілді" деген жазба жасалады да, ол түзетілген күні көрсетіліп, тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирінің қолдарымен расталады.
      Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуіне бақылау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      65. Кассир күн сайын жұмыс күнінің аяғында касса кітабындағы күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарады, олар төрағаның, бас бухгалтердің және кассирдің қолдарымен расталады.

      66. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда, бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерін анықтау бойынша шаралар қолдану үшін дереу тарату комиссиясының төрағасына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      67. Кассир касса жинақталғаннан кейін касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Қалыптастыру кезінде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмірлеудің өсу ретімен) бойынша және кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірі бойынша іріктеледі - басында кіріс, содан кейін шығыс деп.

      68. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тігілген құжаттардың жиынтық деректері саналады және күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кіріс және шығыс ордерлерінің күн ішіндегі кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

      69. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде, қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады.
      Кассаны ревизиялау өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады.

      70. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын бірізділік бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда, актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

  5-тарау. Активтерді басқару және
талап-шағымдарды қарау

      71. Таратылатын банктің активтеріне банктің меншік мүлігі, заңды және жеке тұлғаларға ұсынған заемдар, сондай-ақ банктің басқа талаптары жатады және тарату массасын қалыптастыру үшін негізді құрайды.

      72. Тарату комиссиясы кідіріссіз, осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен банк мүлігінің (активтерінің), жеке шоттарының, шарттарының түгендеуін жүргізеді, сондай-ақ таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен баланстық шоттардың барлық қалдықтары мен меморандум шоттарын салыстыруды жүргізеді. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады.

      73. Барлық кредиттік істер, оның ішінде банктік заемдар шарттары және басқа шарттар бар құжаттарды қосып сипатталуға және сонан кейін есептік-тіркеу құжаттарымен салыстыруға жатады. Айырмашылық анықталған кезде не құжаттар болмағанда себептері аталып акт жасалады.

      74. Түгендеу жолымен анықталған таратылатын банктің барлық активтері тарату массасына енгізілуі тиіс.
      Уәкілетті орган банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімді қабылдаған күнде банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

      75. Тарату комиссиясы банктің мүлкіне баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып бағалауды жүргізеді.

      76. Егер таратылатын банктің ақшасы кредиторлардың және акционерлердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті іске асыру жоспарына сәйкес мүлікті жария сауда-саттықта сатуды жүзеге асырады.
      Таратылатын банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылатын банктің мүлігін сату жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға мәлімет үшін жіберіледі.

      77. Тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін мынадай талаптар мен мақсаттарды ескере отырып сатады:
      1) сатылатын мүлікке тиісінше өңірдегі мүліктің ұқсас түріне рыногтық бағасынан кем емес баға белгілеу;
      2) мүлікті мүмкіндігінше неғұрлым жоғары бағамен сату;
      3) мүлікті сату кезінде аз шығын болу.

      78. Берешектерін өтеу есебінде банктің мүлкін беру, оның ішінде берген күнгі мүлікті бағалау актісі болған жағдайда ғана сот шешімін орындау үшін жүзеге асырылады.

      79. Тарату массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
      Банктiң тарату массасына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.

      80. Тарату комиссиясы берілген заемдар бойынша кредиттік шарттарды банктің өз еркімен тарауы туралы рұқсатты беру күніне, орындау мерзімдері болмағандықтан, өтеудің нақтылығы мен перспективаларына, борышкерлердің мүліктік жағдайына талдау жасайды және кредиттік пакетті құрады, ол кейін мүліктік құқық ретінде иеліктен айырылуы мүмкін, немесе тепе-теңдік принципін сақтай отырып кезегі келгенде кредитордың талап етуіне көну бойынша берілуі мүмкін. Тарату комиссиясы кредиттік пакеттің талаптарын иеліктен айыру немесе талап етуді беру мәселелерін қарауды кредиторлар комитетінің қарауына шығарады.

      81. Мүліктік құқығы және заңды мүддесі банк ерікті тарату туралы шешім қабылдау нәтижесінде бұзылуы ықтимал заңды және жеке тұлғалар, банкпен дауларды тікелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына құжаттарды растайтын көшірмелерін қоса отырып жазбаша шағым-талап береді.
      Кредиторлардың шағымдарында талаптың негіздемесін және мөлшерін растайтын құжаттарын қоса отырып (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар), талаптың мөлшері (негізгі борыштың мөлшері туралы жеке, сыйақының, тұрақсыздық айыбының және өзге айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшері туралы) болады.

      82. Талап-шағым оны алған күннен бастап, егер басқа мерзімдер банкпен және оның кредиторы арасындағы жасалған шартпен келісілмеген болса екі апталық мерзімде қаралуы тиіс.

      83. Банктің тарату комиссиясы талап-шағымды қарау кезінде қойылған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.
      Егер талап-шағымға өтініш иесінің қойған талаптарын растайтын құжаттар қоса берілмесе, онда өтініш иесіне құжатты ұсынудың жолдағы почталық жіберілім уақытын қоспағанда, бес жұмыс күнінен кем болмауы тиіс мерзімін көрсете отырып сұрату жіберіледі.
      Талап-шағымда көрсетілген мерзімде талап етілген құжаттар алынбаған жағдайда, талап-шағым қолда бар құжаттар бойынша қаралады.

      84. Талап-шағымды алған тарату комиссиясы өтініш иесінің негізделген талаптарын мойындайды және оған талап-шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      Талап-шағымға берілген жауапта мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) жеке тұлғаның фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, заңды тұлғаның толық атауы, талап-шағым иесінің және жауапты жолдайтын банктің почталық деректемелері, жауап берілетін талап-шағымның күні және нөмірі;
      2) талап-шағым толық немесе ішінара мойындалған жағдайда, танылған сомасы, мерзімі және талап-шағымды қанағаттандыру тәсілі, егер ол ақшалай бағалауға жатпаған жағдайда;
      3) талап-шағым толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда - тиісті нормативтік құқықтық кесімдерге сілтеме жасап, бас тарту негіздемесі және талап-шағымнан бас тартуды негіздейтін құжаттар;
      4) жауапқа қоса берілген құжаттардың және өзге дәлелдемелердің тізбесі.

      85. Талап-шағым толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш иесіне талап-шағыммен бірге қабылданған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ талап-шағымнан бас тартуды негіздейтін құжаттар талап-шағым иесінде болмаған жағдайда оған жіберіледі.

      86. Жауап оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін тапсырысты немесе бағалы хатпен, басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      87. Талап-шағымды ұсыну мерзімі банктің ерікті таратылатындығы туралы баспасөзде хабарландыру жарияланған күннен бастап және талап-шағымды ұсыну мерзімі белгіленген күннен бастап есептеледі.
      Мерзім дәлелді себептермен жіберіліп алған жағдайда, тарату комиссиясы талап-шағымды Ереженің 81-85-тармақтарында белгіленген тәртіппен қарайды.

      88. Тарату комиссиясы талап-шағымды ұсыну мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ барлық ұсынылған талап-шағым қаралғаннан кейін, бір ай мерзім ішінде таратылатын банктің мүлігінің құрамы, кредиторлардың берген талап-шағымдарының тізбесі, оларды қарау нәтижесі және банк кредиторлары талап етпеген берешектері, кредиторлардың талап ету тізілімі туралы мәліметтер көрсетілетін өткізілген активтер мен міндеттемелерді түгендеу нәтижесін ескеріп, аралық тарату балансын жасайды.
      Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар банктің аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктерінің аралық тарату балансын ескере отырып жасалады.

      89. Егер талап-шағым (өтініш) жасаған кредитор бірмезгілде таратылатын банктің борышкері болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы талап-шағымдарды (өтініштерді) қарау кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің екеуінің бір тұлға болуына қарай өзара талап ету сынағын өткізу туралы мәселені қарайды және аралық тарату балансына пайда болған айырманы енгізеді.
      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейінгі өзара талап ету сынағы осы кредитордың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі тиісті кезегі келгеннен кейін ғана жасалады.

      90. Аралық тарату балансын және оның қосымшасын, оның ішінде кредиторлардың талап ету тізілімін тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің аралық тарату балансының, басқа да есептерінің, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы  N 419 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1698 тіркелген) белгіленген нысан бойынша жасайды және акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі. Тарату комиссиясы бекітілген қосымшалары бар аралық тарату баланстың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.

      91. Тарату комиссиясы кредиторлардың талап ету тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы Заңның  74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келуі тиіс.
      Кредиторлардың талап ету тізіліміне банк кредиторларының даусыз дұрыс болып табылатын кредиторлар талаптары енгізіледі.

      92. Сот шешімдері бойынша орындау құжаттар танылған талаптар болып табылады және олар аралық тарату балансында және кредиторлардың талап ету тізілімінде тиісті кезек бойынша орындалмаған сома мөлшерінде ескеріледі.
      Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша ерікті таратылып отырған банктің ағымдық шотына қойылған орындау құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.

  6-тарау. Ерікті таратылып отырған банктің
кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      93. Таратылып отырған банктің кредиторларымен есеп айырысуды тарату комиссиясы аралық тарату балансы және оның қосымшасы бекітілген күннен бастап жүзеге асырады.

      94. Тарату комиссиясы банк кредиторларының танылған талаптарын Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес қанағаттандырады.

      95. Әрбір кезектің талаптары осының алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін барып қанағаттандырылады.

      96. Кредиторлардың бір кезегінің талаптарын қанағаттандыру кезінде ақша (мүлік) олардың арасындағы қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең бөлінеді.

      97. Тиісті кезегі келген кезде кредитордың талабы оның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін тәсілдермен қанағаттандырылуы, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың теңбе-тең принципін сақтай отырып, мүлікті берудің заттай нысаны арқылы жасалуы мүмкін.
      Тарату комиссиясының талап-шағым ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін бірақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі ұсынылған кредиторлардың танылған талаптары белгіленген мерзімде ұсынылған кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған банк мүлкі есебінен қанағаттандырылады.

      98. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор банктің тарату балансы бекітілгенге дейін талап-шағыммен тарату комиссиясын сотқа беруіне болады.
      Белгіленген мерзімде берілген, соттың оларды қанағаттандыру туралы шешімі бар, бірақ тарату комиссиясы танымаған кредиторлардың талаптары кредиторлармен есеп айырысу бойынша белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
      Аталған талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін есеп айырысу жасалған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.

      99. Банкті ерікті тарату кезінде тарату комиссиясымен танылған және борышты нотариустың депозитіне енгізе отырып, кредиторлардың талаптары тізіліміне енгізілген талап-шағымы бар кредитор алдындағы міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 291-бабында белгіленген жағдайларда ғана мүмкін болады.

      100. Тарату балансы бекітілгенге дейін жарияланбаған кредиторлардың талап-шағымдары өтелген болып есептеледі.
      Тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары, егер кредитор шағым-талаппен сотқа арызданбаған болса және соттың шешімі бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартылған талаптар өтелген болып есептеледі.

      101. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі таратылып отырған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңында белгіленген тәртіппен акционерлер арасында бөледі.

  7-тарау. Ерікті таратылып отырған банктің кредиторлар
комитетінің қызметі және оны қалыптастыру
ерекшеліктері

      102. Банктің ерікті таратылуы кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында, кредиторлар комитеті құрылады.

      103. Ерікті таратылатын Банктің кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және бекіту үшін уәкілетті органға жіберіледі.

      104. Кредиторлар комитетінің құрамына Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген кредиторлардың әрбір санатынан бір өкілдің кредиторлар талаптарының тізімінде талаптарының ең жоғары сомасы бар кредиторлар енгізіледі.
      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері енгізілмейді.

      105. Кредиторлар комитеті мүшелері үш адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
      Кредитордың талабы толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады.
      Мұндай жағдайда тарату комиссиясы уәкілетті органға бекітуге кредиторлар комитетінің тізімін ұсыну арқылы кредиторлар комитетінің құрамына өзгерту енгізеді.

      106. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші мәжілісін өткізу орны мен күні жөнінде кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешіктірмей өткізіледі. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісте комитеттің төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

      107. Кредиторлар комитеті:
      1) таратылу өндірісінде жасалатын барлық құжаттармен танысады;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы жөнінде олардың шағымдары қаралуына қатысады;
      3) банк өндірісінің таратылуы барысында кредиторлардың құқықтары, мүдделері және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы жөнінде, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттемелерін орындамағандығы және (немесе) тиісті түрде орындамағаны жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді;
      4) тарату комиссиясының іс-әрекетіне байланысты сотқа және уәкілетті органдарға шағым береді;
      5) тарату комиссиясының мәжілісіне және мүліктерді өткізу жөніндегі сауда-саттықпен қоса, кез келген тарату рәсімдерін жүргізген кезде оған қатысуға құқығы бар кредиторлар комитетінің мүшелері арасынан кредиторлардың өкілдерін сайлайды;
      6) тарату комиссиясынан қаржылық жағдайы жөнінде ақпаратты талап етеді;
      7) таратылатын банктің дебиторлық берешегін өндіртіп алу мүмкін емес көлемін бекітеді;
      8) тарату комиссиясы ұсынған банк мүлкін сату жоспарын бекітеді;
      9) банктің қаржылық жағдайын ескеріп, тарату шығыстарының сметасын бекітеді;
      10) жекелеген кредиторларды хабардар ету мүмкін еместігі жөнінде тарату комиссиясының актісін бекітеді;
      11) қордың балансынан мүліктерді есептен шығару туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді;
      12) Осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  8-тарау. Ерікті таратылатын банктің құжаттарын
сақтауды және мұрағатқа өткізуді ұйымдастыруға
қойылатын талаптар

      108. Банктің тарату комиссиясы сақталуы тиіс құжаттарды есепке алу, ресімдеу және сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша банкке қойылатын барлық талаптарды орындауды, оның ішінде мұрағаттарды және құжаттарды басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты мәселелер бойынша қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етеді.

      109. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгергенде сақталуы тиіс істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелеріне) қабылдау-өткізу таратылатын банктің істерін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жүргізіледі.

      110. Банктің қызмет нәтижесінде пайда болатын құжаттардың тізбесін сақтандыру мерзімін көрсете отырып, уәкілетті орган бекітеді.

      111. Істер мен құжаттардың сақтау мерзімін есептеу іс жүргізу аяқталған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан басталады.

      112. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі тиісті органның сараптамалық-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін актімен ресімделеді.

      113. Құжаттарды тиісінше ресімдемей және келіспей жоюға, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімін бұзуға жол берілмейді.

      114. Таратылған банктің таратылуы толық аяқталу сәтінде сақтау мерзімі өтпеген уақытша сақталуы тиіс құжаттары уәкілетті органның аймақтық өкілдіктеріне қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      115. Таратылатын банктің тұрақты сақталуы тиіс құжаттары тиісінше ресімделеді және мұрағаттарды және құжаттаманы басқарушы уәкілетті мемлекеттік органына сақталуға беріледі.

      116. Істерді мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезінде құжаттардың есебі мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға олардың ресімделуінің, жасалуының дұрыстығын және таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес расталған істер санына тізімдемеге енгізілген істер санының сәйкестігін тексереді. Құжаттарды өткізу тізімдемелер бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.
      Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеудің жай-күйі және сапасы тиісінше жағдайға сай болмаса, онда тарату комиссиясы оны тәртіпке келтіруді ұйымдастырады.
      Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөніндегі шығыстар таратылатын банктің қаражаты есебінен жүргізіледі.

  9-тарау. Таратуды аяқтау

      117. Тарату комиссиясы таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысқаннан кейін, банк акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерімен белгілеген нысандар бойынша тарату балансы мен тарату жөніндегі есепті жасайды.

      118. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банкті тарату жөніндегі есеп бекітілгеннен кейін, жеті күндік мерзім ішінде оларды уәкілетті органға және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына ұсынады.

      119. Тарату комиссиясының өкілеттігі әділет органының банкті таратуды тіркеу туралы бұйрығын алғаннан кейін, мұрағатқа сақтау үшін банк құжаттарын өткізгеннен кейін және осы туралы уәкілетті органға хабарлама жасағаннан кейін тоқтатылады.

  10-тарау. Қорытынды ережелер

      120. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес шешілуі тиіс.

                                           Қазақстан Республикасында
                                            банктерді ерікті тарату
                                               ережесіне қосымша

        ____________________________________________________
                      Таратылатын банктің  атауы

        ____________________________________________________
       Кассир қабылдаған және берген ақшаларын (құндылықтарды)
                            есепке алу
                              Кітабы

                                       Басталды:  _________________
                                       Аяқталды: _________________  

Кітаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі

Кіріс

Ке.
ліп
түс.
кен
күні

Кімнен
қабыл.
данды
(фами.
лиясы,
аты,
бар
бол.
ғанда-
әкесі.
нің
аты)

Кіріс
құжат.
тарының
саны
(данамен)

Сомасы
цифр.
мен
(валю.
та
түрін
көрсе.
те оты
рып,
бір.
лік.
термен)

Сомасы
жазба.
ша

Мақ.
сатты
пайда
лану

Кас.
сир.
дің
қолы

Банк.
тің
тара.
ту
комис
сиясы
бас
бух.
гал.
тері.
нің
қолы

Банктің тарату комиссиясы Төрағасының қолы





































... күнгі жиынтығы









Шығыс

Беріл.
ген
күні

Кімге
беріл.
ді(фа.
милия.
сы,
аты,
бар бол.
ғанда-
әкесі.
нің аты)

Шығыс
құжат.
тарының
саны
(дана.
мен)

Сомасы
цифр.
мен
(валю.
та
түрін
көрсе.
те
отырып, бір.
лік.
термен)

Со.
масы
жаз.
баша

Мақ.
сатты
пайда
лану

Кас.
сир.
дің
қолы

Банк
тің
тара
ту
ко.
мис.
сия.
сы
бас
бух.
гал.
тері
нің
қолы

Банктің тарату комиссиясы Төрағасының қолы














































.. күнгі жиын.
тығы









                           Растау жазбасы

     20__жылғы "__"___________жазбаға арналған осы кітаптың жиынтығы
               (күні)  (айы)
_____________________________________________нөмірден бастап________
          (тартылатын банктің атауы)
нөмірді қосқандағы нөмірленген, тігілген және мөрмен жабылған
__________________________________________________парақтар бар.
           (саны жазбаша көрсетіледі)

      20__жылғы "__"_______________________

      Банктің тарату комиссиясының
      Төрағасы___________ (фамилиясы, аты-жөні)
                 қолы

      Банктің тарату комиссиясының
      бас бухгалтері______________ (фамилиясы, аты-жөні)
                         қолы

      Банктің тарату комиссиясының
      кассирі_____________ (фамилиясы, аты-жөні)
                  қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады