"Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2000 жылғы 1 ақпанда N 1035 тіркеген

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2764. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24.  N 239  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметін реттеу және жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 2 ақпанда N 1035 тіркелген, (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125  бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 6 қыркүйекте N 1969 тіркелді, 2002 жылы 18 қыркүйектегі N 38 "Юридическая газета" газетінде, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 жылғы N 39, 700-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету қағидасында:

      14-тармақта "10 күннен асырмай" деген сөздер "3 жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      2) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      3) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (шектеулерді) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      4) тіркеуші орган растаған тіркеу ісі құжаттарының, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісі жоспарының (сызбасының) көшірмесін;
      5) жылжымайтын мүлкінің жоқ екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты берілген кездегі құқықтар туралы мәліметтерді; құқық иелері, олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдың өзге де ақпаратын қамтуы тиіс.".

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-1. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (шектеулерді) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу куәлік мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты берілген кездегі ауыртпалықтар (шектеулер), мәмілелер туралы мәліметтерді; құқық иелері, олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдан өзге де ақпаратты қамтуы тиіс.".

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Олардың іс жүргізуінде жатқан істерге қатысты құқық қорғау, сот органдарының сұраулары бойынша, сондай-ақ атқарушы органдардың заңдарда көзделген олардың құзыретіне сәйкес сұраулары бойынша тіркеуші орган сұрау салынған заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты өзге де ақпараттар бере алады.".

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте және басқа да ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.".

      2. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады