"Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 387 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1879) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2784. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2016 № 1122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аса қауіпті қылмыскерлерді айдап алып жүру мен күзетудің кейбір мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 387 бұйрығына (12 маусым 2002 жылы 1879 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының нормативтік құқықтың актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 5-6) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Тәртіпте:

      36-тармақта:

      екінші сөйлем мынадай мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын: "Айдап алып жүру қауіпсіздігінің үш деңгейі белгіленеді: кәдімгі, күшейтілген, ерекше.";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) ерекше айдауыл:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмысы үшін айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру анықталып қылмыстық жауапкершілікке тартылған;

      олардың әрекеттерін сот аса қауіпті қылмыстың рецидив деп таныған;

      ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған қашуға, айдауылдар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;

      үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау кезінде.

      Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесе әзірленеді және облыстардағы және көліктегі ІІББ-ІІБ-нің басшыларымен келісіледі.

      Айдауыл бір айдауылданушыға кемінде 4 айдауыл есебінен тағайындалады (уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторларына, тергеу амалдарын жүргізуге, медициналық мекемелерге, сотқа, айырбастау пункттеріне және олардан кері қарай басқа сезіктілер мен айыпталушылар тобымен қосып айдауылдау рұқсат етілмейді).

      Ерекше айдауыл бастығы (аға айдауыл) офицерлік құрам қатарынан полиция қызметкерін тағайындайды. Айдауыл құрамы міндетті түрде бронежилетпен жарақтанады; атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнайы құралдары: газды қару, кісендер, резина таяқтар, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанция); белгі беру тапаншасы, металліздегіш болуы тиіс. Айдауылдау қызметтік иттерді пайдалану арқылы жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Айдауылданушының еркін жүріп-тұруына шек қою үшін: кәдімгі айдауылдау кезінде "Нежность-1", "Нежность-2" кісендері; күшейтілген айдауылдау кезінде "Нежность-2", "Букет" кісендері пайдаланылады; ерекше айдауылдау кезінде айдауылданушының қозғалысын шектеу қажет болғанда "Букет", "Прикол" типтес шынжыр кісендер, қолдарды қозғалту мен аяқ басып жүруді шектеу үшін аяқ-қолға салынатын аралас біріктірілген шынжыр кісендер мен білезіктер пайдаланылуы мүмкін.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі генерал-майоры полиция Қ.Б.Өскембаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

Министр


КЕЛІСІЛДІ:


Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының орынбасары


2004 жылғы 26 ақпан


Қазақстан Республикасы


Көлік және коммуникация министрі


2004 жылғы 15 ақпан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады